Тақырып 14. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау
Кәсіпорын қызметін бағалау және талдау үшін көрсеткіштер жүйесі:
салық органдары үшін;
б) несие беруші банктер үшін;
в) келісім шарттар бойынша әріптестер үшін.
а) Салық органдары үшін ең маңыздысы кәсіпорынның салық төлеу қабілеттілігі. Сондықтан да олардың ең бірінші қызықтыратыныкәсіпорынның баланстық пайдасы, себебі ол салық төлеудің бір бөлігінің көзі болып саналады.
Сондықтан салық органдарының көз қарасы бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі көрсеткіштер болпып табылады:
баланстық пайданың жалпы сомасы
активтердің рентабельділігі
өткізу рентабельділігі
баланстық пайда=түсімнен шығындарды алып тастағандағы.
б) Кәсіпорынның қызметін бағалау мен талдау үшін несие беруші банктер ең бірінші қарастыратыны кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттілігін көрсететін көрсеткіштер.
Төлем қабілеті-кәсіпорынның несие беруші банктерге бережақ ақшаларын тоқтаусыз өтей алу мүмкіндігі.
Өтімділік және төлем қабілетінің негізгі көрсеткіштеріне мыналарды жатқызады:
жалпы жабу коэффициенті;
аралық жабу коэффициенті;
абсолюттік өтімділік коэффициенті;
жалпы төлем қабілетінің коэффициенті;
ағымдағы жойылу коэффициенті.
Жалпы жабу коэффициенті (Коп) қандай ағымдағы несие мен есептеу бойынша міндеттерді өтеуге болатынын анықтайды. Жалпы жойылуға тиіс материалдың және ақшалай айналым қорлардың сомасының қысқа мерзімді міндеттеріне шаққанда анықталады.
Аралық жабу коэффициенті (Кпп) материалдық айналымдағы қаржыларды тартпай-ақ қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен есеп шоттағы қаржы арқылы кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттерін жоба алатының көрсетеді.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті ағымдағы активтердің неғұрлым өтімділеу мен қысқа мерзімді бережақтардың салыстыра арқылы анықтайды.
Ағымдағы жойылу коэффициенті жойылуға тиісті айналымдағы қорлардың жалпы бағасын жедел төлеу міндеттеріне қысқа мерзімді банк несиесі түрінде қарыздар немесе әртүрлі кредиторлық бережақтарына шаққандағы.
Жалпы төлеу қабілетінің коэффициенті нақты активтер бағасын жалпы қарызды қаржылар бағасына шаққанда анықталады.
в) Келісім шарттар бойынша әріптестерді банктер секілді кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі қызықтырады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін көрсеткіштерді үш топқа бөлуге болады:
1. Айналымдағы құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:
кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылуы;
материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы;
айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициенті.
2. Негізгі құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:
мүліктің нақты бағасының коэффициенті;
тұрақты актив коэффициенті (индекс);
тозуды жинақтау коэффициенті;
ұзақ мерзімді қарызды қаржыларды қатыстыру коэффициенті.
3. Кәсіпорынның жалпы қаржылау тұрақтылық дәрежесін көрсететін көрсеткіштер:
- автономия коэффициенті;
- қарызды және өзіндік қаржылардың қатынас коэффициенті.
Кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылу коэффициенті (Кс) кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті өзіндік айналымдағы қаржылардың болуы. Кәсіпорындағы бар айналымдағы қаржыларды олардың нақты бағасына өндірістік қорлар мен шығындар, ақшалай қаржылар, дебиторлық бережақьар және басқалай айналымдағы активтер түрінде шаққанда анықталады.
Материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы (Ко) бірінші коэффициентің кездейсоқ жағдайы ретінде қарастырады. Жеке айналымдағы құралдар сомасының материалдық қорлар көлеміне қатынасы ретінде есептеледі. Мұнда жеке көздер арқылы кәсіпорынның материалдық қорлары қаншалықты жабылатынын көрсетеді.
Айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициенті (Км) жеке айналым құралдар сомасын кәсіпорынның жеке қаржылар көздер сомасына бөлу арқылы есептеледі.
Тақырып 15. Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою
Қайта ұйымдастыру мәні және түрлері
Банкроттау түсінігі, себептері
Банкроттау процесі
Кәсіпорынның жоюулы
Қайта ұйымдастыру мәні және түрлері
Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру дегеніміз оның қызметін жалғастырушы басқа адамдарға құқығы мен міндеттерінің берілуі. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес қайта ұйымдастырудың бес түрін қарастырады:
Біріктіру (екі немесе бірнеше заңды тұлғалардың біреуге айналуы);
Тіркестіру (бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды басқаға тіркестіру);
Қайта құру (бір түріндегі заңды тұлғалардың басқа түрдегі заңды тұлғаларға айналдыруы);
Бөлу (бір заңды тұлғаның екіке немесе оданда көпке бөлінуі);
Айырып шығару (бөлінген бірақ қызмет етуші заңды тұлғалардың құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды айырып алу).
Қарастырылған қайта ұйымдастыру түрлері (біріктіру, тіркестіру, қайта құру) заңмен қарастырылған немесе заңды тұлғаның өз еркіндігі бойынша жүзеге асады. Кейбір жағдайда ғана біріктіру, тіркестіру, қайта құру мемлекеттік өкілетті органдар келісімімен жүзеге асады. Қалған қайта ұйымдастырудың екі түрі (бөлу, айырып шығару) заңды тұлғаның құрылтайшыларының еркіндігі бойынша немесе оған өкілетті құжаттармен рәсімделген өкілетті орган шешімімен немесе соттың шешімімен жүзеге асады.
Банкроттау түсінігі, себептері
Банкротқа ұшырау заұды тұлғаның жойылу негізі болып табылады. ҚР-ның «Банкроттық туралы» Заңнын 1- Статьясында және ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 52 - Статьясында банкроттауға мынадай анықтама берілген «Банкроттық – борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі». Борышқордың мұлкін басқару сот қауылысы несие берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Бакроттық туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолдану мерзімі біткен облигацияларды сатып алу қабілетсіз корпорациялардың бұрынғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгеруіне рұқсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және қарызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының орны мемлекеттік жәрдемақы есебінен толтырылады. Кәсіпорынның шығынға ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс әстеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. әдетте, ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды.
Банкроттау процесі
Банкрот жүйесінің өркендеген түріне тек кәсіпорындар және олардың әр түрлі міндеттемелер бойнша әріптестері ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары кіреді. Мемлекеттік өкімет органдары банкрот жүйесіне болған жағдайында, олар ұйымдық, құқықтық және әлеуметтік қамту атқарымдығын қамтамасыз етулері тиіс.
Банкрот жүйесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер оның әдіс және әдістемелік біртұтас жүйесін жасау талабын қойып отыр.
Талдамалы әдісті пайдалану (қаржы, өндірістік-техникалық жақсарту, басқарудың тиісті бағдарламалары мен инвестиция жоспарын жасау, сыртқы басқару, конкурстық өндіріс, санация) қаржылық жағдайға ұқыпты талдау жүргізуге, кәсіпорынды басқару жүйесіне, оның өндірістік және маркетингалық қызметтерін жандандыруға мүмкіндік береді.
Даярлау және қайта даярлау әдістемесін қолдану басқарма құрамын тағайындауда (төрелік және конкурстық басқарма) және таңдауда, сонымен қатар кәсіпорынның басқа да қызметкерлерін іріктеуде, оларды басшы органдарда жұмыс ұсыну процесінде айырықша рөл атқарады.
Кәсіпорынның жоюулы
Кәсіпорынның банкротқа ұшырауы жөнінде шешім қабылдағаннан кейн конкурстық өндіріс жүзеге аса бастайды. Оның мақсаты кредиторлардың талаптарын орындауға бағытталған. Конкурстық өндірісті жүргізу мерзімі алты айдан аспауы қажет. Конкурстық басқарма арызы бойынша кредиторлар комитетінің рұқсатымен осы мерзімді үш айға ұзартуға болады. Конкурстық өндіріс қатысушылары: сот, кредиторлар комитеті, банкрот, конкурстық басқарма, өкілетті орган және де басқалай қызығушы адамдар болуы мүмкін.
Конкурстық өндірісте соттың мынадай құқықтары бар:
конкурстық өндіріс жөнінде шешім қабылдау және тоқтату;
заңды тұлғаның банкрот болуы жөніндешешім қабылданғаны жөнінде әділет органдарына хабар беру;
конкурстық басқарманы тағайындау;
кредиторлар комитетін бекіту;
конкурстық өндіріске қатысушылар арасындағы түсінбеушіліктерді шешу;
заңда қарастырылған бойынша кредиторлар комитетінің шешімін бекітеді.
6.СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Апта
|
Тақырып атауы
|
Сағат көлемі
|
1
|
Кәсіпкерлік: ұғымы және оның негізгі түрлері
|
1
|
2
|
Кәсіпкерліктің іскерлік ортасы
|
1
|
3
|
Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару
|
1
|
4
|
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
|
1
|
5
|
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
|
1
|
6
|
Кәсіпкерлік құпия
|
1
|
7
|
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдіктер
|
1
|
8
|
Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестіктермен келісім-шарттық қарым-қатынасы
|
1
|
9
|
Материалдық ресурстарды сатып алу және өнім өткізу бойынша коммерциялық қызмет
|
1
|
10
|
Кәсіпкерліктегі әріптестік байланыстар
|
1
|
11
|
Лизингтік қызметтерді ұйымдастыру
|
1
|
12
|
Шағын бизнес: мәні және қазіргі жағдайы
|
1
|
13
|
Ішкіфирмалық есеп
|
1
|
14
|
Кәсіпкерлік қызметті талдау және тиімділігін бағалау
|
1
|
15
|
Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою
|
1
|
|
Барлығы:
|
15
|
7. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Лабораториялық и практикалық (семинар) жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар
Тақырып 1. Кәсіпкерлік: түсінігі және оның негізгі түрлері
Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік және кәсіпкер түсініктерімен танысу; кәсіпкерлік қалыптасуының кезеңдерін оқып білу; кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілерімен танысу; кәсіпкерлік түрлері мен оның ерекшеліктерімен танысу
Семинар сұрақтары:
Кәсіпкерлік және кәсіпкер түсінігінің эволюциясы
Кәсіпкерлік қызметтің объекті және субъектілері
Кәсіпкерлік қызмет түрлері және олардың ерекшеліктері
Тапсырма 1. Берілген анықтамалардың ішінен тапсырмада келтірілген ұйым формаларына сәйкес сипаттамаларды таңдаңыз.
I. Түсінігі:
Кәсіпорын
Экономиканың негізгі звеносы ретінде кәсіпорын .... сипатталады
Кәсіпкерлік
Заңды тұлға түсінігі
Заңды тұлға белгілері
Коммерциялық ұйымдар
Коммерциялық емес ұйымдар
II. Анықтамасы:
а) Қызметі пайда табуға бағытталған кәсіпорындар
б) белгілері:
- мүліктік ерекшеленуі;
- өзіндік мүліктік жауапкершілігі;
- шаруашылықтық айналымда өз бетімен өз атынан сөз сөйлеуі;
- ұйымдық бірлік;
в) соңғы мақсаты пайда табу болмайтын ұйымдар;
г) қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру және қызмет көрсету үшін заңмен қарастырылған ретте пайда болған, өз бетімен басқарылатын субъект;
д) жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлік) басқару құқығына негізделген, тауарларға деген сұранысты қанағаттандыру арқылы (жұмыстар, қызмет көрсетулер) таза пайда табуға бағытталған, меншік формаларына тәелді емес азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамалық қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігіне сай жүзеге асады.
е) меншігінде, шаруашылықты жүргізуінде немесе оперативті басқаруында ерекшеленген мүлігі бар, өз міндеттеріне осы мүлікпен жауап беретін, барлық аттардан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алып, жүзеге алатын ұйым;
ж) белгілері:
- кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыс, қызмет көрсетулер жүргізіледі;
- кәсіпорын- бұл әрбір адам мен түгелдей қоғамның тіршілігін ұйымдастыру формасы;
- кәсіпорын экономикалық қатынастардың басты субъектісі болып табылады;
- кәсіпорын- тек экономикалық емес, сонымен қатар әлеуметтік ұйым, өйткені оның негізін еңбек етуші ұжым құрайды;
Әдістемелік ұсыныстар
Тапсырманы келесі түрдегі кестеде орындаңыз:
Түсінік
|
Анықтамасы
|
Кәсіпорын
|
г, ....
|
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,15,19,24,29
Тақырып 2. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасы
Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларын, олардың айырмашылықтарын, келесі заңдар мен нормативтік актілер негізінде артықшылықтары мен кемшіліктерін оқып білу:
1. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, 13.05.2003 №415-11
2. Заң күші бар ҚР Президентінің «Өндірістік кооперативтер туралы» Жарлығы, 05.10.1995 №2486
3. ҚР «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңы, 22.04.1998 №220-1
4. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы, 31.01.2006
Семинар жоспары
Іскерлік ойын «Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық формалары және олардың мәні»
Тапсырма 1.: Коммерциялық кәсіпоындардың ұйымдық- құқықтық формаларының белгілерін анықтаңыз
Формалары
|
Түсінігі
|
Қатысушылар
мәртебесі
|
Қатысушылар
саны
|
Уставтық
капиталдың
аз мөлшері
(АМК есебінде)
|
Өндірістік кооператив
|
|
|
|
|
Коммандитті серіктестік
|
|
|
|
|
Жаупкершілігі шектеулі серіктестік
|
|
|
|
|
Қосымша жауапкершілікті серіктестік
|
|
|
|
|
Акционерлік қоғам
|
|
|
|
|
Халықтық акционерлік қоғам
|
|
|
|
|
Өндірістік кооператив
|
|
|
|
|
Мемлекеттік кәсіпорын
(шаруашылықтық басқару құқығындағы)
|
|
|
|
|
Есеп 1.
Толық серіктестіктің үш қатысушысы болды, олардың үлестері қоймалық капиталдың 15%, 35% және 50% құрады. Үлесі 15% серіктес қатысушылар қатарынан шығып кетті, дегенмен серіктестік жұмысы жалғасуда.
Қоймалық капитал мөлшері өзгереді ме және қалған қатысушыларға қандай үлес тиетінін анықтаңыз.
1-тапсырма. Дұрыс жауабын көрсетіңіз.
1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:
а) кәсіпкерлік іс-қызметтің бағыттары мен құрамын анықтайтын заңдар мен заң актілерінің жиынтығы
б) іскер адамдармен өзінің қызметтерінің белгілі факторларына сәйкес іске асырылатын территориялық тұтастық шеңберінде
в) қоғамдағы өтіп жатқан кәсіпкерлік құрылымдық процесстерге мемлекеттің қатынасы
г) бәсеке және баға қалыптастыру жағдайы, салық салу және міндетті төлемдер шарты
д) мемлекеттің фискальды саясаты
2. Заң талаптарын орындау қажеттілігін адамдардың түсінуі не өздерінің кәсіби қызметінде орындамауы
а) заң талаптарын орындаушылар және орындамаушылар
б) заң талаптарын орындаушылар және одан босатылғандар
в) заң талаптарын орындаудан босатылғандар және орындамайтындар
г) заң талаптарын орындамайтындар және құқықтық еркіндік
д) құқықтық еркіндік
3. Әлемдік тәжірибеде жаңа кәсіпорынды құруда қандай тәртіптер қолданылады?
а) рұқсат етілген және өтініш етілген
б) рұқсат етілген және тим салынған
в) рұқсат етілген және құрылтайшылық
г) құрылтайшылық және өтініш етілген
д) өтініш етілген және құрылтайшылық
4. ҚР жаңа кәсіпорынды құрудың … тәртібі заңды түрде анықталған
а) рұқсат етілген
б) өтініш етілген
в) тыйым салынған
г) тыйым салынған
д) құрылтайшылық
5. Жаңа кәсіпорынды ресми тіркеуден бас тартқан жағдайда сотқа шағымдануға бола ма?
а) жоқ
б) иә
в) мүмкін
г) болатын шығар
д) жоқ шығар
Әдебиеттер: 1,2,,6,7,8,19,27,35
Тақырып 3. Кәсіпорын персоналы
Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік қызметте персоналдарға қажеттілікті анықтау білу, оның құрамын және басқаруын ұйымдастыра білу
Семинар жоспары:
Ресурс ретіндегі жұмыс қүшінің ерекшеліктері.
Кәсіпорын персоналы, оның құрамы.
Персонал қажеттілігін аныңтау және персоналды басқару.
Есеп №1
Келесі берілгендерді қолданып негізгі және көмекші жұмысшылар санын есептеу керек.Цехта 240 станок жұмыс істейді.Жұмысшылар 2 ауысыммен жұмыс істейді.
Жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді көмекші жұмысшылар атқарады.
Қызмет көрсету нормасы 20 станок. Берілген жылдың өндірістік бағдарламасы бойынша техникалық еңбек сыйымдылығы 800 мың норма сағат.Бір жұмысшының жұмыс уақытының пайдалы қоры – 1860 сағат.Уақыт нормасын орындау коэффициенті 1,1 пайыз.
Есеп №2
Бір сағатта 15 бөлшек жасалынады. Жаңа технология енгізгеннен кейін еңбек шығыны 20%- ға төмендеді. Еңбек өнімділігі қалай өзгеретінін анықтаңыз.Дұрыс жауапты көрсетіңіз.
А) Өзгермейді
В) 20%- ға ұлғаяды
С) 25%- ға ұлғаяды
Д) 20 % - ға төмендейді
Әдебиеттер: 9,11,15,19,26,34
Тақырып 4. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Сабақтың мақсаты: Жоспарлаудың негізгі принциптерімен танысу; жоспарлаудың негізгі кезеңдері мен әдістерін оқып білу; бизнес-жоспар жасауды білу
Семинар сұрақтары:
Жоспарлау: мәні және маңызы
Стратегиялық жоспарлау
Шұғыл және тактикалық жоспарлау
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау әдістері
Есеп 1.
Өндірістік, қаржылық және өндірістік-қаржылық леверидж көрсеткіштеріне сүйене отырып, бизнес-жобаның тәуекел деңгейін бағалаңыз. Бастапқы берілгендер: өнім сатудан түскен пайда- 200 мың теңге; өнімді өткізу рентабельділігі- 2%; шартты- тұрақты шығындар мөлшері- 40%; баланстық түсім- 250 мың теңге; таза пайда- 145 мың теңге.
Есеп 2.
Кәсіпорын техникалық қайта жарақтандырумен байланысты екі бес жылдық инвестициялық жобаны қарастырады, мың дол.:
Жоба Х
|
Жылдар
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
V
|
Салым
|
100
|
100
|
|
|
|
Кіріс
|
|
|
250
|
360
|
500
|
Жоба Y
|
Жылдар
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
V
|
Салым
|
50
|
|
|
|
|
Кіріс
|
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Дисконт нормасы - 0,1:
Әр инвестициялық жоба бойынша анықтаңыз:
1) таза дисконтталған кіріс;
2) кірістілік индексі;
3) өзін өзі ақтау мерзімі.
Алынған көрсеткіштерді салыстыру жолымен инвестициялық жобаны талдаңдар.
1-тапсырма. Әр түсінікке сәйкес анықтамасын келтіріңіз. Жауабын кестеге жазыңыз.
Түсінік:
Міндет
Басқару
Болжамдау
Жоспарлау
Шаруашылықтық стратегия
Тауарлы стратегия
Өндірістік бағдарлама
Өндірістік қуат
Бизнес-жоспар
Анықтама:
а) берілген номенклатура, ассортимент және сапаға сай өнім өндіру бойынша жоспарланған тапсырмалар жүйесі;
б) өндірілетін өнім ассортименті, сұраныс пен ұсыныстың дамуға беталысы мен жағдайын талдаудан туындайтын оның жаңару қарқындылығын оңтайландыруды ұйғаратын кәсіпорынның жалпы стратегиялық бөлігі;
в) дамудың берілген параметрлеріне жету мақсатында техникалық құралдар мен әдістер жүйесі көмегімен белгілі бір технология бойынша жүзеге асатын басқарушы жүйенің басқарылушы объектіге (кәсіпорын, цех, сала) технико-экономикалық және әлеуметтік-ұйымдық әсер ету процесі;
г) түрлі уақыт кезеңдеріне сай кәсіпорын қызметінің бағытын, қарқындылығын, пропорциясы мен нәтижелерін анықтайтын басқару бойынша мамандар мен жетекшілер қызметінің жиынтығы;
д) болашақтағы мақсаттарға жетуді көздейтің алға қойылған даму бағыттары, ұзақ мерзімді, ірі масштабты әрекеттер мен шешімдер жиынтығы;
е) қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырушы кәсіпорынның негізгі мақсат-міндеттері мен тағайындалуы;
ж) қолда бар негізгі өндірістік қорлар, айналым құралдары, еңбек және қаржы ресурстарының ең толық және рационалды қолданылуы арқылы мүмкін болатын өнім өндірудің максималды көлемі;
з) кәсіпорын қызметінің нысаны болып табылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер тобы бойынша табыстар мен шығындардың өсу/төмендеуіне әсер ететін факторлар, тауарлардың жеткізілуі мен сатып алынуы, тасымалдануы, сақтандырылуы және өңделуінің жүзеге асу шарттары, нарық құрылымы, сыймдылығы, баға саясаты анықталған; шаруашылық қызмет заты, негізгі мақсаттары, стратегиясы, бағыттары мен географиялық аймақтары қалыптастырылған бизнестің алдағы кезеңдегі даму жоспары;
и) өндірістік процестің тиімді ұйымдастырылуы және жұмыс орындары мен өндірістік қуаттың рационалды жүктелуіне бағытталған, толық детальді ассортиментте квартал бойынша бөлінген келер жылдағы өнім өндіру жоспары.
Әдебиеттер: 10,16,18,19,20,23,32
Тақырып 5. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Сабақтың мақсаты: Инвестициялаудың негізгі формаларымен танысу; франчайзинг, лизинг және факторинг мәнін түсіну; инвестициялық жобалардыэкономикалық бағалау әдістерін оқып білу және бизнесті инвестициялаудың тиімділігін анықтай білуі
Семинар сұрақтары:
Кәсіпорынның қаржылық ортасы
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
Инвестициялау тиімділігі: бағалау әдістері
Есеп 1.
Инвестицияның кірістілігін анықтау жолымен инвестициялық жобаға салынған салымның мақсаттылығын – келесі мәліметтер негізінде дисконттауды есепке ала отырып және есепке алмай анықтаңдар: дисконттау коэффициенті — 0,15; жобаны жүзеге асырудың нолдік жылы инвестиция 600 мың тенге; үш жыл ішінде жобаны жүзеге асырудан түсетін нәтиже: 1 жылы — 210 мың теңге., II — 220 мың теңге, III — 400 мың теңге
Әдебиеттер: 4,6,8,13,19, 21,23,31
Тақырып 6. Кәсіпкерлік құпия
Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік құпия түсінігімен танысу; кәсіпкерлік ақпараттардың құндылығын анықтаудың негізгі критерияларымен; кәсіпкер жауапкершілігінің түрлерімен танысу
Семинар сұрақтары:
Кәсіпкерлік құпия мәні
Кәсіпкерлік ақпаратты салыстырмалы қорғаудың маңызды сұрақтары
Коммерциялық шпионаж
1-тапсырма. Дұрыс жауабын көрсетіңіз.
1. Кәсіпкерлік ұйымға экономикалық және моралдік зиян, оның іскерлік жағдайына әсер ету мүмкін кез келген мәлімет
а) кәсіпкерлік құпия
б) кәсіпкерлік мәліметтер
в) кәсіпкерлік ақпараттар
г) кәсіпкерлік жауапкершілік
д) кәсіпкерлік материалдар
2. Кәсіпкерлік ақпарат құндылығын анықтаудың негізгі критериялары
а) пайдалылығы, мүдделігі, маңыздылығы
б) пайдалылығы, ғылымилығы, құндылығы
в) пайдалылығы, өз уақытындағы , сенімділігі
г) пайдалылығы, табыстылығы, жоспарлығы
д) пайдалылығы, тең маңыздылығы, құпиялылығы
3. Ұйымдық мәліметтер (жарғы,құрылтай құжаттары, тіркеу куәлігі, лиценция, патенттер) коммерциялық құпияны құрай ма?
а) құрайды
б) құрауы мүмкін
в) құрамайды
г) болуы мүмкін
д) жоқ дегеннен гөрі иә
4. Штат және қызмет жағдайы жөніндегі мәліметтер коммерциялық құпияны құрай ма?
а) құрауы мүмкін
б) құрайды
в) құрамайды
г) болуы мүмкін
д) жоқ дегеннен гөрі иә
5. Салық аударымы және төлеу жөніндегі құжаттар коммерциялық құпияны құрай ма?
а) құрайды
б) құрай алмайды
в) құрауы мүмкін
г) жоқ дегеннен гөрі иә
д) болуы мүмкін
6. Кәсіпкерлік құпия – жариялануы ... кез келген мәлімет
а) кәсіпкерлік ұйымға әріптестер табуға көмектесуі мүмкін
б) ұйымға іскерлік кездесулер, жәрмеңке, көрмеге әкелу мүмкін
в) кәсіпкерлік ұйымның имиджін көтеруі мүмкін
г) кәсіпкерлік ұйымға экономикалық және моралдік зиян, оның іскерлік жағдайына әсер ету мүмкін
д) мемлекеттік статистикалық есептілікке жататын
7. Жарнамалық ақпарат коммерциялық құпия болып табыла ма?
а) болып табылады
б) болып табылуы мүмкін
в) жоқ дегеннен гөрі иә
г) болып табылмайды
д) мүмкін
8. Өзге тұлғалар алуынан жасырылған құнды ақпараттарды жинауға немесе ұрлауға бағытталған белсенді әрекет
а) «ұрлық»
б) «бәсеке»
в) «шпионаж»
г) «тонау»
д) «бүлдіру»
9. Экономикалық шпионаждың ішкі түрлері
а) өнеркәсіптік, әлеуметтік-психологиялық, ғылыми-техникалық
б) өнеркәсіптік, өндірістік, ғылыми-техникалық,біріккен
в) өнеркәсіптік, өндірістік, ғылыми-техникалық, коммерциялық
г) өнеркәсіптік, демографиялық, өндірістік, коммерциялық
д) өнеркәсіптік, экологиялық, ғылыми-техникалық, коммерциялық
10. Өнеркәсіптік (коммерциялық) шпионаж субъектілері ... болуы мүмкін
а) ҚР азаматтары, жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар
б) ҚР азаматтары,зейнеткерлер
в) ҚР азаматтары, шетелдік азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар
г) Тұлғалардың экономикалық белсенді бөлігі
д) Экономикалық белсенді емес тұлғалар
Әдебиеттер: 1,2,13,15,28,33
Тақырып 7. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел
Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік тәуекел түрлерін; кәсіпкерлік қызметтегі жоғалтулар түрлері; тәуекелді төмендету тәсілдері мен әдістерін оқып білу
Семинар сұрақтары:
Кәсіпкерлік тәуекел: мәнімен маңызы
Тәуекел және жоғалтулар түрлері
Тәуекел деңгейін бағалау әдістері
Есеп 1.
Өндірістік, қаржылық және өндірістік-қаржылық леверидж көрсеткіштеріне сүйене отырып, бизнес-жобаның тәуекел деңгейін бағалаңыз. Бастапқы берілгендер: өнім сатудан түскен пайда- 200 мың теңге; өнімді өткізу рентабельділігі- 2%; шартты- тұрақты шығындар мөлшері- 40%; баланстық түсім- 250 мың теңге; таза пайда- 145 мың теңге.
Әдебиеттер: 6,8,15,18,20,28,35
Тақырып 8. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестіктермен келісім-шарттық қарым-қатынасы
Сабақтың мақсаты: коммерциялық мәмілелер мәнін; мәмілелерді жүзеге асыру әдістері мен коммерциялық келісім шарттар дайындау әдістемесін оқып білу
Семинар сұрақтары:
Коммерциялық мәмілелер мәні және түрлері
Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асару әдістері, олардың ерекшеліктері, артықшылығы және жетіспеушіліктері
Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру технологиясы
Коммерциялық келісім шарттың құрылымы. Келісім шарттың негізгі бөлімдерінің сипаттамасы
Әдебиеттер: 8,14,17,21,29,30
Тақырып 9. Материалдық ресурстарды сатып алу және өнім өткізу бойынша коммерциялық іс-қызмет
Сабақтың мақсаты: Критериялар бойынша жеткізушілерді таңдауды оқып үйрену; материалдық ресурстарды жеткізу шарттарымен танысу; өнім ассортиментін және өнім өткізуді доспарлай білу
Семинар сұрақтары:
Сатып алу қызметінің мәнімен маңызы
Тауар қоюшылармен шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру.
Тауар қоюшылардың жіктелуі
Есеп 1.
Сіздің фирмаңыз иіс сабын өндіріп сатады. Сіздің фирманың тауарына риза тұтынушылар, есепті тұтынушылар, практикалық – модалық тұтынушылар және мода провинциалдары қандай талаптар қояды?
Әдебиеттер: 9,10,15,18,21,25,27
Тақырып 10. Кәсіпкерліктегі әріптестік байланыстар
Сабақтың мақсаты: Әріптестермен әріптестіктің негізгі бағыттарын; өндірістік кооперациялаудың, лизингтің, франчайзингтің, бартерлік операцияның, факторингтің мәнін оқып үйрену
Семинар жоспары
Өндіріс саласындағы әріптестік:
Біріккен кәсіпкерлік
Өндірістік кооперация
Франчайзинг
Концессия
Толлинг
Тауар алмасу саласындағы әріптестік :
Бартер
Коммерциялық триангуляция
Сауда саласындағы мәмілелер
Қаржылық қатынастар саласындағы әріптестік:
Факторинг
Коммерциялық трансферт
Әдебиеттер: 3,5,8,12,16,19,31,33
Тақырып 11. Лизингтік қызметтерді ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: лизингтік төлемдер мәнімен танысу; лизингтік мәмілелер қатысушыларымен танысу; лизингтік төлемдерді есептеу әдістемесін оқып үйрену
Семинар сұрақтары:
Әлемдік экономикадағы лизинг дамуының тәжірибесі
Қазақстандағы лизинг енгізу проблемалары мен тәжірибені талдау
Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері
Есеп 1.
Амортизациялық төлем мөлшері- 20 мың теңге; несиелік пайыз- 50 мың теңге; лизинг берушінің қосымша қызмет көрсетулері үшін төлемдер- 17 мың теңге; қосымша құн салық мөлшері- 20 мың теңге, лизинг мерзімі-5 жыл және төлемдер ай сайын төлегендегі лизингтік жарнаның мөлшерін анықтаңыз.
Әдебиеттер: 2,4,6,9,11,18,19,23,32
Тақырып 12. Шағын бизнес: мәні және қазіргі жағдайы (Бизнеске дербес жол)
Сабақтың мақсаты: Шағын кәсіпкерлік мәнін оқып білу; шағын бизнестің қызметін реттейтін заңдылықтармен, шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себептермен танысу.
Семинар сұрақтары:
Шағын және орта: мәні және шектері
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы
Батыс Қазақстан облысындағы шағын бизнестің жағдайы (талдау)
Тапсырма: Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңдар
Артықшылықтары
|
Кемшіліктері
|
|
|
|
|
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,8,11,15,23,32
Тақырып 13. Ішкіфирмалық есеп
Сабақтың мақсаты: Шаруашылық есептің мәні мен принциптерін, олардың өзара әрекеттері мен негізділігін оқып білу, ішкі фирмалық есептеуді ұйымдастыру тәртібімен танысу
Семинар сұрақтары:
Шаруашылық есеп: түсінігі, мәні және ұстамдары
Шаруашылық есептің өзара әрекеті және нарықтық қатынастар жүйесі
Ішкіфирмалық есеп: мәні және ұйымдастыру
Әдебиеттер: 10,17,23,25,26
Тақырып 14. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау
Сабақтың мақсаты: Кәсіпорынның қызметін талдау және бағалау көрсеткіштерімен танысу; осы көрсеткіштерді қолдана отырып кәсіпорынның қаржылық-шаруашылықтық қызметіне талдай жасай білу
Семинар жоспары
Кәсіпорын қызметін бағалау және талдау қажеттілігін негіздеу
Кәсіпорынның қызметін салық органдарының бағалауы (көрсеткіштер)
Кәсіпорынның қызметін несие беруші банктердің бағалауы (көрсеткіштер)
Кәсіпорынның қызметін әріптестердің бағалауы (көрсеткіштер)
Есеп 1.
Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің болжамды балансын жасаңдар және келесідей ақпараттар негізінде сыртқы қаржыландыру қажеттілігін анықтаңдар.
Есепті кезеңдегі сату көлемі 200 мың теңге.
Кәсіпорын балансындағы запастардың бөлігі – бұл шикізаттар мен материалдар.
Компания сату көлемінің артуын 20%-ке, дебиторлық бережақтардың жеделдетілуін 5%-ке, өнім бірлігіне шаққанда материалдық шығындардың төмендеуін 2% көлемінде күтеді.
Сатудың физикалық көлемінің негізделген өсімімен сату көлемінің артуы.
Болжамды балансқа таза пайда бойынша сатудың рентабельділігі деңгейі В прогнозный баланс закладывается 10-проценттік деңгейде және таза пайданы дивидендтерге төлеу нормасы 45 %-көлемінде салынады.
Сату көлемінің артуы айналымнан тыс активтердің өсімін талап етпейді.
Баланстық есеп
мың.теңге
Актив
|
Жыл аяғында
|
Пассив
|
Жыл аяғында
|
Ақша қаражаттары
Дебиторлық бережақ
Запастар
|
30
35
50
|
Кредиторлық бережақ
Қысқа мерзімді қарыздар
Ұзақ мерзімді қарыздар
Жеке капитал
Бөлінбеген пайда
|
90
10
30
80
25
|
Ағымдағы активтер
|
115
|
Айналымнан тыс активтер
|
120
|
БАЛАНС
|
235
|
БАЛАНС
|
235
|
Әдебиеттер: 6,12, 18,21,23,32
Тақырып 15. Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою
Сабақтың мақсаты: Кәсіпорынның банкроттығының себептері мен белгілерін оқып үйрену; кәсіпорынды банкроттау және жою процесімен танысу
Семинар сұрақтары
Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру: мәні және түрлері
Банкроттау сипаттамасы
Банкроттау процесі
Банкроттық туралы істі қарау нәтижесі
Есеп 1. Мына берілгендер бойынша «Береке» АҚ кәсіпорнының өтімділік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін есептеңіз.(мың теңге).
№
|
Көрсеткіш
|
2005ж
|
2006ж
|
1
|
Қолда бар ақша құралдары
|
300
|
450
|
2
|
Құнды қағаздардың бағасы
|
460
|
850
|
3
|
Дебиторлық қарыз
|
1900
|
2000
|
4
|
Тауарлы-материалық қорлар
|
3000
|
2700
|
5
|
Активтердің жылдық орташа құны
|
9345
|
9700
|
6
|
Қысқа мерзімді міндеттемелер
|
2530
|
2500
|
7
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
|
2700
|
2700
|
8
|
Акционерлік капиталдың жылдық орташа құны
|
4115
|
4500
|
Есеп 2.Автономия коэффициенттерін, несиелік және меншікті құралдардың арақатынасын, меншікті құралдармен қамтылуын есептей отырып, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықын анықтаңыз.
№
|
Актив
|
Жалпы саны,мын
теңге
|
№
|
Пассив
|
Жалпы саны,мын
теңге
|
1
2
|
Айналымнан тыс активтер
Айналымдағы активтер
|
8000
5000
|
3
4
5
|
Капитал және қорлар
Ұзақ мерзімді пассивтер
Қысқа мерзімді пассивтер
|
9800
400
2800
|
|
Барлығы
|
13000
|
|
Барлығы
|
13000
|
Әдебиеттер: 1,3,5,9,11,18,21,23,36
ОСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау
Апта 1. Кәсіпкерлік: түсінігі және оның негізгі түрлері
Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік және кәсіпкер түсініктерімен танысу; кәсіпкерлік қалыптасуының кезеңдерін оқып білу; кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілерімен танысу; кәсіпкерлік түрлері мен оның ерекшеліктерімен танысу
СОӨЖ жоспары
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық формалары:
А) жеке кәсіпкерлік
Б) заңды тұлғалар:
- шаруашылық серіктестіктері
- акционерлік қоғам
- өндірістік кооператив
СОӨЖ жоспары
Американдық ғалым профессор Роберт Хизрич кәсіпкерлікке қандай анықтама береді?
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі субъектілері
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері
Кәсіпкерлік қызметтің принциптері
Өндірістік кәсіпкерліктің мазмұны қандай?
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны қандай?
Қаржылық кәсіпкерліктің мәні неде?
Кеңес беру кәсіпкерлігінің негізгі бағыттары?
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары
Кәсіпорын бірлестіктерінің ұйымдық-құқықтық формалары
Тапсырма 1.
Келесілерді өз беттеріңмен оқуларың қажет:
1. ҚР «Акционерлік қоғам туралы» заңы, 13.05.2003 ж. №415-11
2. ҚР Президентінің заң күші бар «Өндірістік кооперативтер туралы» Жарлығы, 05.10.1995 ж. №2486
3. ҚР «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестік жөніндегі» заңы, 22.04.1998 ж. №220-1
4. ҚР «Жеке кәсіпкерлік жөніндегі» заңы, 31.01.2006ж
Тапсырма 2:
Экономикалық қызметтің түрлі сфераларына неғұрлым ыңғайлы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларын негіздеу.
Есеп 1.
АҚ 20 млн теңгеге тең жарғылық қорға ие (20000 акция 1 мың теңгеден). Пайданың бір бөлігін (5 млн теңге) акция санын өзгертпей жарғылық капиталды арттыруға бағыттауға шешім қабылданды.
Жарғылық қорды ұлғайтқаннан кейін акцияның номиналын анықтаңыз
Әдебиеттер: 1,4,5,,8,15,19,23
Апта 2. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасы
Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерліктің сыртқы және ішкі ортасымен танысу
СОӨЖ жоспары
Кәсіпорын: түсінігі және белгілері
Кәсіпорынның орналасу жері
Кәсіпорынды құру
Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі
Іскерлік ортаны құрайтын негізгі факторлар
Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының құқықтық факторының мәні?
Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының әлеуметтік факторының мәні?
Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының саяси факторының мәні?
Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының экономикалық факторының мәні?
Әлемдік практикада жаңа кәсіпорындар құруда қандай тәртіптер қолданылады?
СОӨЖ жоспары
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлім, 102-110, 119 баптарын өз беттеріңмен оқыңдар
1-тапсырма. Дұрыс жауабын көрсетіңіз.
1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:
а) кәсіпкерлік іс-қызметтің бағыттары мен құрамын анықтайтын заңдар мен заң актілерінің жиынтығы
б) іскер адамдармен өзінің қызметтерінің белгілі факторларына сәйкес іске асырылатын территориялық тұтастық шеңберінде
в) қоғамдағы өтіп жатқан кәсіпкерлік құрылымдық процесстерге мемлекеттің қатынасы
г) бәсеке және баға қалыптастыру жағдайы, салық салу және міндетті төлемдер шарты
д) мемлекеттің фискальды саясаты
2. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасын құрайтын негізгі факторлар:
а) құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық
б) саяси, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық
в) саяси, әлеуметтік, экономикалық
г) құқықтық, саяси, әлеуметтік, психологиялық
д) құқықтық, саяси, әлеуметтік, бағалық
3. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының құқықтық факторының мәні:
а) кәсіпкерлік қызметті анықтайтын, реттейтін және регламенттейтін заңдар мен заң актілерінің жиынтығы
б) қоғамдағы болып жатқан кәсіпкерлік процестерге мемлекеттің қарым-қатынасы және оларға мемлекеттің әсер етуінің бағыттары
в) негізгі жағдайдағы бәсеке және баға қалыптастыру
г) салт-дәстүр, ұлттың қалыптасу деңгейі, мемлекет пен қоғамның кәсіпкерлікке қарым-қатынасы, инфрақұрылымның бар болуы және оның сапасы
д) белгілі бір қоғамда әрекет ететін нормалар мен ережелердің жиынтығы
4. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының әлеуметтік факторының мәні:
а) кәсіпкерлік қызметті анықтайтын, реттейтін және регламенттейтін заңдар мен заң актілерінің жиынтығы
б) салт-дәстүр, ұлттың қалыптасу деңгейі, мемлекет пен қоғамның кәсіпкерлікке қарым-қатынасы, инфрақұрылымның бар болуы және оның сапасы
в) қоғамдағы болып жатқан кәсіпкерлік процестерге мемлекеттің қарым-қатынасы және оларға мемлекеттің әсер етуінің бағыттары
г) негізгі жағдайдағы бәсеке және баға қалыптастыру
д) кәсіпкерлік ортаның шарттары және факторлары
5. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының экономикалық факторының мәні:
а) кәсіпкерлік қызметті анықтайтын, реттейтін және регламенттейтін заңдар мен заң актілерінің жиынтығы
б) қоғамдағы болып жатқан кәсіпкерлік процестерге мемлекеттің қарым-қатынасы және оларға мемлекеттің әсер етуінің бағыттары
в) негізгі жағдайдағы бәсеке және баға қалыптастыру
г) салт-дәстүр, ұлттың қалыптасу деңгейі, мемлекет пен қоғамның кәсіпкерлікке қарым-қатынасы, инфрақұрылымның бар болуы және оның сапасы
д) қоғамдағы нормалар мен қағидалар
Әдебиеттер: 5,6,7,8,19,28,35
Апта 3. Кәсіпорын персоналы
Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік қызметте персоналдарға қажеттілікті анықтау білу, оның құрамын және басқаруын ұйымдастыра білу
СОӨЖ жоспары
Персоналды басқару әдістері.
Есептер шығару
СОӨЖ жоспары
Өз бетіңізбен ҚР-ның “Еңбек Кодексімен” 15.05.2007 ж. танысыңыз.
Тест тапсырмасы:
1. Жұмыс күшінің тауарға айналу себептері:
азат, адамның басқа адамдарға жалдануы;
Тіршілік ету құралдары жоқ;
жауапкершілігінің жоқтылығы;
жеке басының жалқаулығы;
Жұмыс күші санының артуы;
2. Жұмыс күші – тауардың құны мен тұтынушы құны ерекшелігі:
еңбек және еңбек қабілетінің мәндері;
Жұмыс күні және қажетті жұмыс уақыты жұмыс күнініің айырмасы;
қажәтті және қосымша жұмыс уақытының қайшылықты бірлігі:
Баға өзгерісімен тауар таратылуы;
Түсімнен шығындарды шегергендегі нәтиже;
3. Қажетті жұмыс уақыты деп нені айтамыз?
өмір сүруді қамтамасыз ететін тіршілік заттарын өндіруге жұмсалған орташа жұмыс уақыты;
Жалпы жұмыс күнін;
жеке шаруашылықтағы еңбекті;
үй шаруашылығындағы еңбекті;
еңбекпен айналыспаған уақыт;
4. Жұмыссыздықтың басты себептері:
тауарға сұраныстың болмауынан өндірістің қықартылуы;
Еңбек рыногындағы бәсеке;
капитал органикалық құрылымының өсуі;
халықтың табиғи өсімінің артуы;
берілетін жалақыға еңбектенгісі келмеуі;
5. Толық жұмыспен қамтылу:
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
Нольдік жұмыссыздық;
цикльдік жұмыссыздықтан өзгесі;
Жұмыссыздықтың жасанды деңгейі;
әлеуметтік жұмыссыздық;
6. Экономикалық дамудағы жұмыссыздық:
төмендейді;
көбейеді;
өзгермейді;
тұрақтанады;
болмайды;
7. Ішкі жалдамалы жұмыс күшіеің көздері қандай:
кәсіпрынның ұйымдастыруымен кадырлар дайындау;
Жұмысқа кәсіпорын қызметкерлерінің таныстары мен туыстарын қабылдау;
қызметкерлерді еңбек биржасы арқылы қабылдау
Мемлекеттік тапсырыспен алу;
Шетелден шақырту;
8. Сыртқы жалдамалы жұмыс күшінің көздері қандай?
кәсіпорынның ұйымдастыруымен кадырларды дайындау;
Жоғары оқу орындарды бітіргендердің есебінен мамандарды жалдау;
қызметкерлерді еңбек биржалары арқылы қабылдау;
жұмысқа кәсіпорынның тікелей өзіне келген адамдарды қабылдау;
жалға жәрдемдесунің мемлекеттік агентігіне;
9. Тұрақты қызметкерлердің жылжуы көпшілігінде мына принціпте іске аспайды:
Бос уақытындағы хоббиі;
Стаж мөлшері;
шеберлік;
қолдампаздық;
Еңбек ақы деңгейі;
10. Экономикалық активте емес халық:
еңбекке жармаайтын адамдар;
Жұмыс ісемейтін балалар, жаөспірімдер, зеинеткерлер.;
жұмыс істемейтін мүгедектер, аурулар;
жұмысты қажет етпейтін адамдар.
Зейнеткерлер
СОӨЖ жоспары
Кәсіпкерлік шешімдерді негіздеу
Таңдалған идеяларға салыстырмалы талдау жасау
Кәсіпкерлік шешімдерді қабылдау технологиясы
Шығындарды басқару негізінде кәсіпкерлік шешімдерді негіздеу
Кәсіпкерлік шешімдер типтері
СОӨЖ жоспары:
Тәуекелді төмендетудің тәсілдерін жазып алыңдар:
диверсификация;
сақтандыру;
лимиттендіру;
жоспарланған шығындардың орнын толтыру үшін қаржының қорлануы;
тәуекелдің таралуы;
алдағы таңдау мен нәтиже жөнінде көбірек мәлімет алу.
Әдебиеттер: 6,9,11,15,18,19,23,36
Апта 4. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Сабақтың мақсаты: Жоспарлаудың негізгі принциптерімен танысу; жоспарлаудың негізгі кезеңдері мен әдістерін оқып білу; бизнес-жоспар жасауды білу
Достарыңызбен бөлісу: |