1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет:
Кеңесбаева Шынар Сакеновна, доцент м.а., ф.ғ.к.
Кафедра: Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасы
Кафедраның мекен-жайы: Глинки, 20; 913 дәрісхана
Ақпараттық қатынас: телефон: 36-02-25 (1)
Сабақ өтетін орын: 801 аудитория
Кредит саны: 3
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
Қазақ тілі пәні ресми тілді топтарға мектептен алған білімдерін жетілдіру үшін арналған. Курс барысында студент болашақ мамандығына байланысты мәтіндерді еркін аударып, еркін сөйлеу үшін жағдай жасалады.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, кеңселік қатынас құралы ретінде ғана біліп қоймай, халықпен қарым-қатынас жасау барысында ұтқыр ойды шешен тілмен жеткізе білуге, жергілікті халықтың ұлттық мәдениетін тануға, ұлттық таным ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландыру.
Мемлекеттік тілді ынталы студеттер үшін «қазақ тілінің түрлі стильдегі әлеуметтік-мәдени болмыстағы аясын» «тілдік тұнық орта» қалыптастыру арқылы ұйымдастыру».
Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік азаматының ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫН қалыптасыру.
Достарыңызбен бөлісу: |