|
| ЭКОНОМИЧЕСКИЕ НАУКИ
|
УДК 331.5(574)
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Н.С.Таубекова
Бүкіләлемдік қаржы дағдарысы жағдайында жергілікті жерлер-дегі атқарушы органдардың алдындағы атқарылатын басты міндет-тер аймақ экономикасында қол жеткізген нәтижелерді сақтап қалу, өнеркәсіп үрдістерін тұрақтандыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты кәсіпорындардан жұмыстан шығып қалған жұмысшыларды әлеуметтік қорғау болып табылды.
Еңбек нарығында халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты реттеу нарық қатынасына өтудегі қиын әлеуметтік-экономикалық мәселелердің бірі.
Жұмысбастылық сферасындағы жағдайға Қазақстан Республикасының және оның аймақтарында әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан болып жатқан қиын-дықтар, өндірістің құлдырауы, инфляция сияқты факторлар әсер етеді. Батыс эконо-мистерінің айтуынша жұмыссыздық экономикасы дамыған елдердегі басты мәселе-лердің бірі. Американдық зерттеушілер егер адам бір жыл жұмыссыз отырса онда оның өмірі бес жылға азаяды деген тұжырым жасаған. Сонымен бірге жұмыстан айырылып, тағдыр тәлкегіне түскен адам қоғамға қандай қауіп төндіретіні де айтпаса да түсінікті. Сондай-ақ оларға жұмыссыздықтың ауыр салдары да белгілі: нашақор-лықтың өсуі, қылмыс санының көбеюі, адам тұрмысының және денсаулығының нашарлауы.
Осыған байланысты нарықтық қатынастар жағдайында жергілікті жерлердегі жұмыссыздықтың себеп-салдарын алдын-алудың және жұмыспен қамтудың жаңа бағыттарын іздестіру аса маңызға ие болып отыр.
Еңбек нарығы туралы оқудың теориялық негізін алғашқы және зерттеу обьектісінің кеңірек көлемі, еңбек ресурсы нарығы өзіне, экономикалық ғылымның классикалық мектебінің өкілдері марксистік әдебиетте «жұмыс күшінің нарығы» термині қолданылады, ал жұмыс күші деп адамдардың еңбекке қабілеттілігін айтады. Басқа өндіріс факторларына карағанда еңбектің негізгі ерекшелігі бар. Ең бастысы еңбек адамнан, жұмыс күшінен бөлінбейді. Маркстік тұжырым бойынша, еңбек болашақ күннің кайнар көзі, сол себепті оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелдейді.
Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады. Нарық-тык экономикада «еңбек нарығы» термині қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.
Еңбек нарығының қызмет атқаруын кейнсиандықтар мен монетаристер басқа-ша түсіндіреді. Неоклассиктерден олардың айырмашылығы, еңбек нарығын тұрақты және фундаментальды теңсіздік ретінде қарастырады. Кейнсиандық үлгі (Дж. М.Кейнс, кейіннен Д.Гордон және басқалары) жұмыс күшінің бағасы (енбекақы) қатаң белгіленген және өзгермейді (әсіресе азаюы жағына карай) деп тұжырымдайды. Бұл тұжырым бойынша баға (еңбекақы) нарықтың реттеуіші болып табылмайды, реттеуіш сырттан болу керек деп қорытады. Мұндай рөлді мемлекетке береді, мем-лекет жиынтық сұранысты азайтып немесе көбейте отырып, теңсіздікті жояды. Ай-талық салықты қысқарта отырып, мемлекет сұраныс пен тұтынудың өсуін ынталан-дырады. Ал бұның өзі өндірістің өсуіне, олай болса, жұмыспен камтылудың өсуіне әкеледі.
Д.Кларк, К.Менгер, Н.Бем-Баверк, және Ф.Визер., тепе-теңдік бағасы жұмыс күшінің коғамдық бағасына жауап бере отырып, шекті еңбек өнімділігінің жұмыс күші қызметінің ұсыным жағдайларымен келісілген деңгейінде қойылады деп түсіндірді.
Жұмыс күшіне қойылатын бағаның қатаңдығын мойындай отырып, монетарис-тер жұмыссыздықтың табиғи нормасы жағдайында қосымша жұмыс орындарын жасауға жұмсалатын мемлекеттік шығындардың өсуі нарықтың теңсіздендірілуіне әкеледі деп қарастырады. Олардың пікірінше, мемлекеттің ең төменгі еңбекақы деңгейін тағайындауы, бос жұмыс орны мен жұмыс күшінің резерв қоры туралы қажетті ақпараттың болмауы нарықтық теңсіздікті күшейтеді.
Еңбек нарығының қалыптасуы оның сегменттелуі арқылы іске асырылады, яғни оның бөлінуі мен жекеленуі қатар жүреді, өйткені еңбек нарығынның қажетті элементтері жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы құрамдас бөліктері болып табылады.
Еңбек нарығының сегменттелуі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде жеткілікті түрде зертелмеген, дегенмен, нарықтық қатынастардың қалыптасуымен бірге оның қандайда бір белгілері айқындалуда. Еңбек нарығын реттеудің маңызды қағидасы тұрғындардың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарындағы еңбек әлеуетін қалыптастыру мен қолдануда жекелеген қадам жасап, олардың өзіндік ерекшеліктерін ескеру. Бұл ерекшеліктер енбек нарығына қатысушылардың жас-жынысына, мекен-жайына, білім деңгейі мен кәсібіне байланысты анықталады. Еңбек нарығын бөлуде осы ерекшеліктер көрініс табады және еңбек нарығын құрамдас бөліктерге бөледі: әйелдердің еңбек нарығы, мамандық бойынша еңбек нарығы, жастардың еңбек нарығы, ауылдағы еңбек нарығы.
Еңбек нарығының сегменті-бұл бір тектес сипаттағы тұрғындар тобынын жиынтығы. Әр түрлі сегмент өкілдерінің арасында бәсекенің болмауы, олардың бір сегменттен екінші сегментке өтуі мүмкін еместігінен туындайды. Бәсеке жеке сегменттің ішінде болады. Мамандық бойынша еңбек нарығын бөлуде бәсеке мамандықтар мен кәсіптерді өзара алмастыра алатын топтар арасында болуы мүмкін.
Еңбек нарығын сегменттеу жіктемесін бірінші және екінші кезектегі еңбек нарығы тарапынан қарастырсақ, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы еңбек нарығы екінші кезектегі еңбек нарығына жатады. Өйткені осы сегменттен жұмыссыздар қатары көбірек шығады.
Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс бірқатар факторлар жиынтығы бойынша анықталады: елдегі қалыптасқан жұмыс орнының жиынтығы, оның ұдайы өндіріс құрылымы, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекеттік немесе басқа да кәсіпорындардың жағдайларының нашарлауы, экономикалық факторлар.
Еңбек нарығының негізгі қызметі жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының теңдестірілуі, мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы мен саяси қауіпсіздігі негізінде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Халықтың еңбек ұсынысы, сарапшылардың бағалауы бойынша, жұмыс күшіне сұраныстың жандануы экономикалық өсімнің айтарлықтай жоғарғы қарқынын қолдау және ұлттық экономиканы қамтамасыз ету мүмкіншілігіне тәуелді.
Еңбек нарығының жағдайы және оның жақсы жұмыс істеуі көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалына байланысты. Қазақстан нарығындағы жағдайдың өзгеруіне әсер ететін сыртқы факторларға мыналар жатады: еңбектің халықаралық бөлінуі; шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасы; халықаралық көші - қон; жасырын еңбек көші - қоны.
Қазақстандық еңбек нарығына тікелей әсер ететін ішкі факторларына мыналар жатады: тұрақты экономикалық өсу; индустриялық - инновациялық даму; экономика-ның қайта құрылымы; шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы; жастарына байланыс-ты экономикалық тұрғыдан белсенді халық; жұмыскерлердің білім деңгейі және жұмыс күшін кәсіби дайындау; өңірлердегі еңбек нарығының жағдайы; жұмыс күшінің облыстық, салалық және кәсіби аспектілеріндегі бейімділігі.
Сапалық жағынан жұмысбастылық құрылымы жұмысшылардың жасы, жыныс-тық құрамымен, олардың білім деңгейімен, кәсіби дайындығымен, біліктілігімен сипатталады. Жұмысбастылық құрылымының қалыптасу процесі тұрғындардың жұмыс орындарына деген қажеттіліктерінің динамикасына тікелей байланысты.
Жұмыспен қамту мәселелерін шешудің қазіргі заманға сай жолдары мемлекет-тік меншіктің жекешелендіру процестерін, өнркәсіптік өндірістің шоғырлануын және оның республика аумақтары бойынша орналасу ерекшеліктерін ескеру қажет. Корпорациялық, индивидуалдық, ұжымдық жеке меншіктің дамуы жұмыспен қамтылудың қайта құрылуына түрткі болды. Республиканың жоспарлы реттелінген экономикасында орын алған толық жұмыспен қамтылу жүйесінен еңбек нарығына өту кезеңі күрделі және қарама-қайшылықта болып отыр.
Еңбек сфераларының нарықтық қайта құрылуын жүзеге асырып жатқан елдер үшін еңбек нарығының қазіргі заман талабына сай тұжырымдамасы қажет. Жұмыс-пен қамтылу саласында нарықтық қатынастардың орнауының классикалық моделіне қарағанда, мұнда еңбек нарығының субъектілері - еңбек құралдарының иесі мен жұмыс күші иесінің құрылуына, жұмыспен қамтылудың және оның негізгі форма-ларының, ел экономикасы құрылымының және жекешенлендіру ерекшеліктерін ескеріп, қалыптасуына жаңа тұжырымдамалық жолдар негізделу керек. Еңбек нарығының жаңа тұжырымдамасы экономиканың нарықтық өзгерістер динамика-сына сәйкес жұмысбастылықтың жүйелі қайта құрылуына бағытталған жұмыспен қамту саясатының жүзеге асырылуын талап етеді.
Қазақстандық еңбек нарығының қалыптасуы аймақтық нарықтардың пайда болуымен, олардың демографиялық және әлеуметтік белгілер бойынша сегменттелуі-мен сипатталады. Сонымен қатар, қазақстандық еңбек нарығының жаңа моделінің қалыптасуы көбінесе жұмыспен қамтылудың икемді формаларына өту мүмкіндіктері-мен негізделеді. Икемді еңбек нарығының тұжырымдамасы Халықаралық еңбек ұйымының мамандарымен жұмыспен қамтуды реттеудің жаңа бағыты мен сенімді механизмі ретінде қарастырылады.
Жұмыспен қамтылу - адам потенциалын сақтау және дамытудың маңызды факторы болып табылады. Сондықтан, жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру,әсіресе, нарықтық экономикаға өту кезеңінде күрделі мәселе болып отыр. Қазақстандық еңбек нарығының қалыптасуының негізгі бағыттыры мен даму перспективалары оны реттеудің құқықтық, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастыру тетіктерінің құрылуымен, басым бағыттырының анық-талуымен, халықты жұмыспен қамту саясатымен анықталады. Жұмыспен қамту сая-саты экономиканың нарықтық секторының динамикасына сәйкес бағыттылуы керек.
Жұмыс күшінің нарығы - адамның қызмет түрін еркін таңдауын, кәсіпкер-лердің жұмыскерлерді жалдаудағы еркіндігін, азаматтардың енбек мүддесін заңды түрде қорғайтын жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың әсерінен пайда болатын жұмыс күшін ұсынушылар мен оны сатып алушылар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы.
Жұмысбастылықтың нарықтық концепциясы еңбек рыногындағы нарықтық жүйелер шаруашылығының айрылмас атрибуты болып табылады дегенді дәлелдейді. Демек, жұмыссыздық - әр елдегі нарықтық процесс категориясы, еңбек рыногы қыз-мет етуінің және дамуының объективті салдары. Олар, ең бірінші, капиталдың қорла-нуымен, өндіріс құрылысының өзгеруімен, өндірістік күштердің дамуымен бай-ланысты.
Еңбек рыногында белсендi түрде жұмыс iздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудiң негiзгi өлшемi - бос қызмет орындары банкiн қалыптастыру, ұлғайту және пайдалану болып табылады. Белсендi жұмыс iздеудiң нақты қадамдарына: халықты жұмыспен қамту жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органдарда немесе жеке меншік агенттiктерде тiркелу, жұмыс берушiлерге өтiнiш жасау, бұқаралық ақпарат құралдарына жұмыс iздеу туралы хабарландыру беру, өзiнiң жеке iсiн ұйымдастыруға әрекет ету немесе еңбек рыногындағы сұраныстарды ескере отырып, кәсiби даярлықтан өту жатады.
2011 жылы Жамбыл облысы еңбек нарығында экономикалық белсенді халық-тың саны өсуінің тенденциясы байқалуда. Мұның негізгі себебі экономикада жұмыс-пен қамтылған халық санының өсуі мен жұмысссыздықтың төмендеуімен байланыс-тырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тұрақты әрі жемісті жұмыспен қамту арқылы халық табысын арттыруға бағытталған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарлама-сын әзірлеп, қабылдады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін өңірлерде 204 халықты жұмыспен қамту ор-талықтары құрылып, олар 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Бағдарлама аясындағы іс-шараларға қатысуға ниет білдірген азаматтардан өтініш қабылдауды бастаған.
Бағдарламаның жүзеге асырылуын ақпарат арқылы тарату мақсатында «Еңбек нарығы» атты автоматтандырылған ақпарат жүйесі негізінде «Жұмыспен қамту» қосалқы жүйесі құрылған, ол Бағдарлама ұсынған жаңа тетіктерге бейімделеді және бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жасауға мүмкіндік береді.
2012 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, әлеуметтік келісімшарттарға қол қойғандардың 22,3% өзін-өзі жұмыспен қамтыған, 75,6% - жұмыссыз, 2% - әлеумет-тік аз қамтылған санаттағы азаматтар болып табылады.
2012 жылдың 3 айында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысуға ниет танытқан азаматтар ішінде 17 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 10,6 мың адам немесе 3 айда өтініш білдіргендердің 62,4% әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алған.
Сондай-ақ, 2 мың адам немесе өтініш білдіргендердің 11,8% бос жұмыс орындарына, 2,4 мың адам немесе 14,2% жастар тәжірибесіне, оқуын аяқтаған 2 мың адам немесе 11,8 % тұрақты жұмыс орындарына жолдама алды.
Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатынын үнемі айтып келе жатқан Елбасы биылғы Жолдауында да халықты тұрлаулы жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Әлемдік дағдарыс келеңсіздіктерінің еліміздің экономикасына тигізер әсерін азйту мақсатында өзінің былтырғы Жолдауында Президент Үкіметке халықты еңбекпен қамту жөнінен қағидатты түрде жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырып, Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бекітілген болатын.
Соған сәйкес біздің облысымызда да өткен жылдың екінші жартыжылдығында пилоттық режимде бағдарламаның 1-ші және 2-ші бағыттары бойынша 656,6 млн.теңге бөлініп, осы қаржының 628,5 млн.теңгесі немесе 95,7% игерілді. 2012 жылдың 1 қаңтарына Бағдарлама бойынша жалпы қайырылғандардың саны 7007 адамды құрап, оның ішінен Бағдарламаға қатысуға нақты 745 адам өтініш білдіріп, олар Бағдарлама қатысушылары құрамына енгізілді, олардың барлығымен, яғни 745-мен әлеуметтік келісімшартқа қол қойылды.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында жалпы құны 136,6 млрд. теңгеден асатын 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар жүзеге асырылса шамамен 4,1 мың жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 6 жоба (жалпы құны 104,3 млрд. теңге, 1,8 мың тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейтін) республикалық Индустрияландыру картасына және 17 жоба (жалпы құны 32,3 млрд. теңге, 2,35 мың тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейтін) аймақтық Индустрияландыру картасына жатады. 2010-2011 жылдары Жамбыл облысында жалпы құны 78,9 млрд. теңге болатын және 3,0 мың жұмыс орны ашылған Индустрияландыру картасының 17 жобасы іске асқан.
2011 жылы «АК Алтыналмас» АҚ құрамында алтыны бар кен өндіретін «Ақбақай кластері» жобасын жүзеге асырды. Жобаның құны - 9 млрд. теңге. Кәсіпорында 450 жұмыс орны ашылған.
Талас ауданында іске асырыла бастайтын «ЕуроХим-Тыңайтқыш» жобасының бірінші кезеңінің өзі 800 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асырудың қорытындысы бойынша шамамен 4 мың жұмыс орны құрылады.
Осы аталған бағдарламаларды іске асыру белгілі бір дәрежеде жұмыссыздық-тың деңгейін азайтып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға ықпал етті. Шын мәнінде жұмыспен қамту саясатының ауқымы еңбек нарығындағы саясаттан анағұрлым кең, ал еңбек нарығындағы саясат болса жоғарыда аталған бағдарлама-дағы сапалық көрсеткіштерден ауқымды. Жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану жұмыс күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру және оның құнын арттырып сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекеттік реттеу шеңберінде болып келеді.
Ел экономикасының алға ілгерілеп дамуымен қатар еңбек нарығы да жылдан-жылға дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азайып, халықтың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылуда
Алдағы жылдар басты міндеттердің бірі - Қазақстанның барлық азаматтары-ның өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтар-дың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету екенін атап өткен Елбасымыз, мемлекеттік әлеуметтік саясаттағы біздің негізгі басымдығымыз халықты жұмыспен қамту болып табылатынын жеткізді.
Сондықтан да Президент 2020 жылға жұмыссыздық деңгейін 5 %дан, ал табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін 8 %дан асырмауды атқарушы билікке қадап тапсырды.
Әдебиет
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы»: Қазақстан Республика-сының 1999 жылғы 10 желтоқсандығы заңы// «Егемен Қазақстан», 1999, 24 желтоқсан.
Пигу А. Экономическая теория благосостояния.Т1-2. -М., 1993.
Жұмамбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы.: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ Уни-
верситеті, 2003.
Рынок труда. Учебник/Под.ред.проф. В.С.Буланова и проф.Волгина.-М.: Экза-мен, 2000
Никифирова А.А. Рынок труда:занятость и безработица. - М.: Международные отношения, 1991
2005 - 2007 жж. ҚР Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы, 2004 жылдың 28 қаңтарынан
Шайдильденова Д. Активные формы содействия занятости населения// Труд Казахстана. 2007, №4, с.1-4
Притворова Б.А. Особенности современной политики занятости в Казахстане// Саясат, 2007, № 9-10
Усенова Г. Особенности рынка труда в Республике Казахстан и регионах// Труд в Казахстане. 2006, - №3, с.8-9
«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндік-тері» ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2010 жылғы 29 қаңтар // Ақжол, 2010 жыл 30 қаңтар
Кошанов А.К. Обновление концепции занятости и рынка труда в условиях устойчивого экономического развития страны// Саясат. 2008. № 3.- 9
«Дағдарыстан дамуға» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2009 жылғы 6 наурыз // Ақжол, 2009 жыл 7 наурыз
Алшанов Р., Әшімбаева Ә. Жаһандық экономика және Қазақстан // Егемен Қазақстан, 2007 жыл 3 наурыз
Статистический сборник. Под ред. С.У.Мадиева. -Тараз: Управление статистики Жамбылской области, 2011
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз
РЫНОК ТРУДА И ОПИСАНИЕ ЗАНЯТОСТИ НАСЕЛЕНИЯ
ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ
Н.С.Таубекова
В условиях всемирного финансового кризиса главная задача стоящая перед местными органами сохранить достижения в экономике региона, не дать росту безработицы, социально защитить работников оставшихся без работы в связи с сокращением производства.
AREA OF ZHAMBYL LABOUR-MARKET AND PEOPLE
GENERAL BY DESCRIPTION SCOPE BY WORK
N.S.Taubekova
In the conditions of world financial crisis a main task standing before local organs to save achievements in the economy of region, not to give unemployments to the height, socially to protect the workers of remaining out of employment in connection with a decline in a production.
Достарыңызбен бөлісу: |