«ДНЕПРДІҢ» дүмпуі немесе зәһардың зәрін татқан біледі.
2006 жылдың 27 шілдесінде 1 сағат 43 минутта Байқоңыр ғарыш кешенінен Беларусьтің «БелКА» жер серігі бастаған 18 ғарыш аппаратын арқалай ұшқан «Днепр» зымыран ұшырғышы жақын орбитаға енуге 10 секунт қалғанда, яғни, ұшудың 73-інші секунтында Сарыарқа үстін басып өтетін траекториясынан ауытқып, Сыр өңірінің 189.6 шақырым қашықтығында жатқан Тәйімбет Көмекбаев атындағы және Қуаңдария ауылдарының шағылды аумағына құлап түсті.
Апаттың орнын алдымен тапқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай министерлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жедел тобы диаметрі 60-65 метр, тереңдігі 15 метр қазаншұңқырға тап келді. Жарылыс қуаты 450-500 метр төңіректегі сексеуілдерді толайым қопарып, айналасы 8 гектар жерде өсіп тұрған жусан, жантақ, ажырық сияқты өсімдіктерді тып-типыл еткен. Әр жерде серейіп дала тышқандары өліп жатқан. Демек, табиғат торқасына күйе түскені анық. Қызылдың құмын мойнын қылтитып «Қызыл кітапқа» орап қойған қара құйрықтар мекендейді. Олардың қаншасының мерт болғанын бір құдай біледі ?!
Ал біздің республикамыз бойынша зымыран ұшырғыштар құлауға жоспарланып қойылған 53 аймақ бар. Соның ішінде Сыр өңірінің экологиялық ахуалы сын көтергісіз. Арал теңізінің табиғи зардабы мен Байқоңыр ғарыш кешенінің техногендік тепешерін бастан кешіп отырған тұрғындадың 98% жергілікті ұлтты құрайтын облысымызда іштен кеміс болып туып жатқан нәрестелер, арылмас дертке ұшыраған аналар қаншама. Онкологиялық аурулар жас талғамайтын болды. Баяғыда біреу қылтамақ науқасына ұшырапты десе, әзірейіл келгендей көретін халық қазір онкологиялық сырқатты тұмау тигендей мүсіркейді де қояды. Қынадай қырылып жатқанға етімз үйреніп кетті ме ?
Деректерді сөйлетсек, былтырғы жылдың қортындысы бойынша ана өлімінің деңгейі 100 мың жағдайға шұыққанда, республикалық деңгейден 20.5 % өлімінің деңгейі 1.8 есеге, жіңішке ауруының бөлім деңгейі 4.5 есеге аурушаңдық көрсеткішінің деңгейін 10778 жағдайға артуын немен дәлелдеуге болады?
Сыр өңірінде соңғы 22 жыл бедірінде халықтың қатерлі ісікпен науқастану көрсеткіші артып, 100мың адамға шаққанда – 1980 жылы 127, 2000жылы 149, 2002 жылы 195,1-ге жеткен. Жыл сайын осы дертпен 850-900 науқас есепке алынып,600-670 адам айрықпастан пәниден өтеді.Сондай-ақ жүйке ауруымен ауыратындардың да саны өсіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |