Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет96/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   192

iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      9. Теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының 
Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын:
 
      1) ғимараттың және (немесе) ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз 
коммерциялық мақсатты көздемейтін ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру;
 
      2) балалар мен жасөспірімдердің дене, психикалық, имандылық, моральдық және рухани 
дамуына зардабын тигізуі мүмкін телебағдарламаларды тарату;
 
      3) телерадио хабарларын тарату операторларының және теле-, радиокомпаниялардың 
адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік 
сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы 
халықты хабардар ету сигналын, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық 
тәртіпті қорғау мүдделерінде сигналды уақтылы таратпауы;
 
      4) телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық 
құралдарын пайдалану;
 
      5) радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына жерүсті 
спутниктік жеке қабылдау құрылғылары арқылы бөгеуіл жасау;
 
       6) телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке, қайта 
есепке қойылмаған теле-, радиоарналарды таратуы түрінде жасаған бұзушылығы 

 
      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер 

 
      лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      453-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты
 
                өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының
 
                аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау,
 
                тарату
 
      1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның 
тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, 
нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, 
зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған 
мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн Қазақстан 
Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау 

 
      бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, 
лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның 
тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, 
нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе 
үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, 
сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары 
мен тактикасын ашатын мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары 
өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық 
жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, 

 


      бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, 
лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

 
      бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, телевизиялық 
бағдарламаларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөнiндегi 
қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке 
тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның 
тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, 
нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, 
зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған 
мәлiметтер мен материалдар қамтылған, бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де 
өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, 
егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, 

 
      өнім тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз 
елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза 
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 

 
      телевизиялық хабарларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру 
жөніндегі қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала 
отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      454-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, теле- және
 
                радиохабарлар материалдарын тiркеудiң, сақтаудың
 
                мiндеттi тегiн даналарын беру тәртiбiн бұзу
 
      1. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, сондай-ақ теле- және радиохабарлар 
материалдарын тiркеу мен сақтаудың мiндеттi тегiн даналарын бермеу 

 
      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат 
құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп 
соғады.
 
      455-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы
 
                заңнамасын бұзу
 
        1. Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың 
(жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және 
пайдалану 

 
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау