593-бап. Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын
аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi
тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол
жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы
1. Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және
жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру
кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн, мотоциклдердi басқару және олармен жолаушыларды
тасымалдау кезiнде мотошлемдердi пайдалану, көлiк құралдарын сүйрету, тәулiктiң қараңғы
мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн кезде жарық беретiн аспаптарды пайдалану қағидаларын
сақтамау –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не
мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi
тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының арнайы рұқсатсыз, салмақтық параметрлерді
асыра отырып, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы
тiркелетiн жүрiп өтуi –
жол берілетін салмақтық параметрлер бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке
тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде, бес тоннадан он тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға –
бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне
– екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, он
тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сегіз жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ірі көлемді автокөлiк құралдарының көлемдік параметрлерін асыра отырып, арнайы
рұқсатсыз, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы
тiркелетiн жүрiп өтуi –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының арнайы рұқсатта
көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып не маршруттан немесе мерзімдерден ауытқи
отырып жүрiп өтуi –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Барынша рұқсат етiлген массасы Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген автокөлiк құралының жол берiлген жалпы массасынан асып түсетiн өзi
аударғышпен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүктердi тасымалдау –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген, жол берілген салмақтық және көлемдiк
параметрлерді асыруы –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
594-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе
жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту
1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге
(кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың
жүру бөлігін кесіп өту –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын
көлік құралына жол беру талабын орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,
жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
595-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе
тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру
–
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 594-бабының екінші бөлігінде және 598-бабында көзделген
жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын
көлік құралына жол беру талабын орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
596-бап. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру,
қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын
бұзу
1. Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен
немесе тротуарлармен жүру –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе жолдың
жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу,
сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан
орын алу –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру
бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу –
бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
Достарыңызбен бөлісу: |