Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі


Заңымен 240-2-баппен толықтырылды 240-2-бап



жүктеу 4,79 Mb.
бет28/69
Дата21.11.2018
өлшемі4,79 Mb.
#22792
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69
Заңымен 240-2-баппен толықтырылды

240-2-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау

1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау, -



лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған және (немесе) қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен ұштасқан iс-әрекеттер, -



лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің қырықтан елуге дейiнгi мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрып не онсыз екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұруына қатысты бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады.



Ескерту: Егер табиғат пайдаланушыға экологиялық рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының табиғат пайдалану шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша тоқтатыла тұрады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 241-бап өзгертілді



241-бап. Экологиялық ластану зардаптарын жою жөнiнде шаралар жүргiзуден жалтару

Ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi, егер бұл iс-әрекеттер адам немесе қоршаған орта үшiн ауыр зардаптарға әкеп соқтырмаса, -



жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 242-бап өзгертілді



242-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру туралы хабарламау

Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңдарының орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға басқа да зиянды апаттық әсерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпарат беру, -

лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 243-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 243-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 243-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



243-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі не экологиялық рұқсаттың болмауы

Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -



жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға эмиссиялар көлемін асырып жібергені үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкасының бір мың проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 243-1-баппен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



243-1-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып түсу

Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып түсу, -

заңды тұлғаларға басқа табиғат пайдаланушылардан сатып алынған квоталардың бірліктерімен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 243-2-баппен толықтырылды



243-2-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы

Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы,-

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 244-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен   (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 244-бап өзгертілді



244-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау

Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 245-бап өзгертілді



245-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткізу туралы заңдар талаптарын орындамау

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткізу туралы заңдар талаптарын немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында айтылған талаптарды орындамау, сол сияқты мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 246-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 246-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 246-бап өзгертілді



246-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көлік және басқа да жылжымалы құралдарды шығару

1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден асып кететін автомобильдерді, ұшақтарды, кемелерді және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 247-бап өзгертілді



247-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану

1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде туғызатын шуылдың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды жеке тұлғалардың пайдалануы, -



жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 248-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен   (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 248-бап өзгертілді



248-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі заңнаманы бұзу

1. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін жаңа және қайта жаңғыртылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді пайдалануға қабылдау, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін жаңа және қайта жаңғыртылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді пайдалану, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 249-бап өзгертілді



249-бап. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсіздiгi жөніндегі талаптарды сақтамау

Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерiн бұзу, аталған қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсіздiгi жөніндегі талаптарды сақтамау, -



ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 250-бап өзгертілді



250-бап. Жердi бүлдiру

1. Сату немесе оны басқа адамдарға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын жою немесе заңсыз алу, бұлай алу топырақтың құнарлы қабатының біржола жоғалуын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердiң өсуiн күшейтетiн дәрiлермен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бірақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған ластау, -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 251-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 251-бап өзгертілді



251-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбау

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 252-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 252-бап өзгертілді



252-бап. Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын орындамау

1. Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын орындамау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, (әрекетсіздік) -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 253-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 253-бап өзгертілді



253-бап. Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау

Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 254-бап өзгертілді




жүктеу 4,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау