Егемен елдің кемеңгер басшысы Мемлекет тарихындағы айтулы күн


Мемлекет тарихындағы айтулы күн



жүктеу 184,28 Kb.
бет2/2
Дата01.12.2017
өлшемі184,28 Kb.
#2463
1   2

Мемлекет тарихындағы айтулы күн

Бүгін еліміз алғаш рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтуде. Бұл жай ғана мерекелік күн емес, бұл – мемлекет тарихындағы, ұлттық мемле­кет­тігіміз үшін маңызы зор айтулы күн болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Отаны мен халқы үшін бар ынта-ықыласын салып, адал әрі жан­кешті қызмет етудің нышанына айналды. Барша қазақстандықтар – еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін Тұңғыш Президентті елі үшін сіңірген зор еңбегі, әкелік қамқорлығы үшін Елбасы деп атап кеткен. Осы ұғымның мән-мағы­насы – жаңа мемлекет құрып, қазақ хал­қының ұзақ ғасырлар бойғы арманын орындағаны, әлемнің жетекші елдерімен терезесін теңестірген тәуелсіз Қазақ­стан­ның жаңа буынын тәрбиелеп өсір­гені үшін халқымыздың Н.Назарбаевқа деген үлкен сүйіспеншілігі, құрмет­теу­ші­лігі және ризашылығы деп білеміз.

Әлемдік тәжірибеде ұлы саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері өз елі­нің тағ­ды­рында алған орнына байланысты та­рих­тағы өшпес ізін қалдырғаны белгілі. Мысалға, Франклин Рузвельт АҚШ-ты ұлы экономикалық тоқыраудан құтқарған президент ретінде тарихта қалды. Герма­нияның экономика минис­трі Людвиг Эрхард неміс экономикалық кереметі деген атаумен белгілі ең тиімді экономикалық реформаның авторына айналды. Махатма Ганди Үндістанның ұлт-азаттық қозғалы­сының жетекшісі мен идеологы болды.

Ал Қазақстан Президенті Н.Назар­баевтың қызметі және оның Қазақстан тарихындағы рөлінің санқырлылығы сон­шалық, оның елдің саяси, экономи­ка­лық және әлеуметтік негіздерін құрудағы үлесін жарқын бейнелейтін бір-ақ қы­рын бөліп көрсету мүмкін емес.

Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында біздің еліміз бар-жоғы екі онжылдық мерзімде кеңестік экономикалық жүйе­нің жай ғана қосымшасынан – халық­ара­лық сахнада өзін-өзі көрсете білген, қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекетке айналды. Тек саяси ерік-жігері айрықша тұлғаның жетекшілі­гі­мен ғана сан алуан ұлыстар мен дін өкілдері өмір сүріп жатқан елде мұндай ауқымдағы реформаларды ешбір күйзе­ліс­сіз жүзеге асыруға болады.

Қазақстан басшысының саяси стилі­нің басты ерекшелігі – оның әрқашанда дамуға, тек қана алға нық сеніммен қа­дам басуға әзірлігі. Сондықтан да Елба­сы­мыздың болашаққа деген бағдары, замандастарының көпшілігінен жасырын қалған оқиғалар мен құбы­лыс­тар­дың алдын алу қабілеті – бұл болашақты болжай білетін саясаткер ретінде Н.Назарбаевтың ішкі күш-қуатының басты көзі болып табылады.

 

Тарихи таңдау

Елдің Тұңғыш Президенті күні – бұл нағыз қазақстандық отансүйгіштікті жар­­­­­қын бейнелейтін аса маңызды оқиға. Се­бебі, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің көп­­­шілігінде тарихтағы маңызды даталар, өткен шақ пен бүгінгі күннің көр­некті сая­си фигураларының бейнелері арқылы қоғамдық ауызбіршілік құралын іздес­­тіріп жатқан кезде, қазақстандық қоғам 1 желтоқсан күнін әлемдік дең­гейдегі тұлға – Н.Назарбаевқа, сондай-ақ тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан­ның жетістіктерінде ай­рық­ша орын алатын президенттік инс­ти­тутқа деген құр­мет пен ризашылық күні ре­тінде белгі­леп, өзінің маңызды тарихи таңдауын жасады.

Қазақстандықтардың егеменді елдің Тұңғыш Президенті етіп Нұрсұлтан Назарбаевты таңдағаны – ел тарихы мен тағдырындағы нағыз шешуші қадамы болып табылады. 1991 жылғы 1 жел­тоқ­санда Қазақстандағы алғашқы прези­дент­тік сайлауда Н.Назарбаев сайлаушылар даусының 98 пайызынан астамын алған болатын. Халық Елбасына өз тағ­ды­рын, ел тағдырын сеніп тапсырды. Еліміздің ең шешуші әрі жауапты ке­зеңінде билік тізгіні саяси ерік-жігері жоғары, елге қатысты аса маңызды ше­шімдер үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктей алатын адам – Нұрсұлтан Әбішұлының қо­лын­да болғаны біз үшін үлкен сәттілік.

Бүгінгі күні барша қазақстандықтар үшін Елбасы Н.Назарбаев гүлденген Қа­зақстанның басты нышанына айналып отыр. Сондықтан да 2011 жылы өткен соңғы президенттік сайлауда Қазақстан халқының басым көпшілігінің Елбасын қолдауы заңды құбылыс. Демократия­лық әрі ашық сайлауда қазақстан­дық­тардың 95 пайызынан астамы өз дауыс­тарын ел Президенті Н.Назарбаев үшін беріп, осылайша тек мемлекет басшы­лы­ғының әлеу­меттік-экономикалық бағыт-бағда­ры­на сенім білдіріп қана қоймай, сондай-ақ елде жүзеге асырылып отыр­ған рефор­малардың басында тұрған тұл­ға үшін бірауыздан дауыстарын берді. Қазақ­стан­дықтар шынайы Көшбасшыға қолдау көр­­сетті, себебі, тек оның есімі­мен, еңбе­гі­­мен ғана бүгінгі жетістіктер өмірге келді.

Ұлыбритания үкіметін ұзақ уақыт бо­йы басқарып келген қазіргі заманның бел­ді мемлекет қайраткері Маргарет Тэтчер өз сөздерінің бірінде Нұрсұлтан Назарбаев барша болашақ ұрпақтың жақсы өмі­рінің іргетасын қалап отырғанын атап өт­кені кездейсоқтық емес. Бірен-саран мем­­лекеттер мен мемлекет басшылары ғана мұндай жоғары бағаға ие болған еді. Бұл Елбасының стратегиялық бағыт-бағ­дары­ның дұрыстығы мен мемлекеттік бас­­­­қару моделінің тиімділігінің нақты дәлелі.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде Н.Назарбаев жүргізіп келе жатқан саясаты өзінің бірізділігімен және нәтижелілігімен ерекшеленеді. Сон­дықтан да біздің еліміз өз дамуының әсерлі жетістіктеріне қол жеткізе алды. Бастапқы жағдайымыз ең жақсы болма­ғанымен (12-орын), біз посткеңестік республикалардың ішіндегі алғашқысы болып 1990 жылғы деңгейден астық. Бүгінгі күні Қазақстан ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалар үшті­гін­де. Орталық Азияның жалпы табысының үштен екі бөлігі елімізге тиесілі. Басқа елдердің он мыңдаған азаматтары жыл сайын елімізге табыс табу үшін келеді, ал Еуропа мен Ресейде еңбек мигранттары арасында қазақстандықтар жоқ.



Реформалардың мақсаты – қарапайым адамның мүддесі

Ядролық қарусыз Қазақстан, этнос­­аралық және конфессияаралық келісім­нің ұлттық моделі, жаңа Астана, «Қа­зақ­стан-2030» Стратегиясы, «Дағдарыс кіл­­­ті» және «Бесінші жол» тұжырымды жұ­­­мыстары, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қо­ға­мына қарай 20 қадамда» бейнеленген әлеу­меттік жаңғырту стратегиясы – осы­ның барлығы өзгерістердің кезең-кезе­ңі­мен, рет-ретімен әрі сабақтастық жағ­да­йында жүзеге асырылуын қамта­масыз еткен Н.Назарбаевтың дана бас­шылы­ғымен еліміз жүріп өткен үлкен жолдың аса маңызды кезеңдері болып табылады.

Нұрсұлтан Әбішұлының саяси бағ­дарының басты элементі – реформа­лар­дың адами өлшемі. Дәл осы себептен Қазақстан өзгерістердің басында әрқа­шанда адам мен оның қажеттіліктері мен мақсаттары тұрған әлемдік деңгейде танылған мемлекетке айналды. Тәуел­сіздікті құру және нығайтудың барлық кезеңдерінде мұндай көзқарас Елбасы­мыздың негізгі ұстанымы болған еді. Ең қиын жағдайларда, тәуелсіз Қазақ­стан­ның қазіргі заманғы тарихындағы әр­түрлі кезеңдерінде Елбасымыз айқын­даған басты жол – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, қазақстандықтардың өмір сапасын жүйелі түрде жақсарту құндылықтары өзгеріссіз қалып отырды.

Мемлекет басшылығы қабылдайтын барлық стратегиялық шешімдер дәл осы мақсатқа тәуелді. Бұл – Елбасы Н.На­зар­баевтың ұстанымы. Елбасымыздың жасампаз жұмысының нәтижесі айқын әрі даусыз, себебі ол халықпен бірге, оның мүдделеріне сай іске асырылып келеді.

2002-2011 жылдар арасындағы кезең­нің өзінде Қазақстанның ішкі жалпы өнімі жеті есеге, яғни 3 триллион 776,2 миллиард теңгеден 27 триллион 334 миллиард теңгеге дейін өсті. 2016 жылға қарай Қазақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ-ні 15 мың долларға дейін арттырып, жоғары табыс табатын елдер қата­рына кіретін болады. Адами капиталды дамыту жөніндегі жұмыстың нәтижелері де айтарлықтай жоғары. ЮНЕСКО мәліметтеріне сүйенсек, Білім даму индексі бойынша Қазақстан 129 елдің ішінде төртінші орынды иеленуде.

Елбасымыз адами капиталды дамыту жай ғана экономикалық өсім факторы емес, экономиканы жаңарту жоспары­ның мақсаты болып табылатыны туралы түсінікті айқын тұжырымдап берді. Президенттің барлық стратегиялық мақ­саттары мен бастамаларының нәтижесі адами капитал сапасын арттыру болып табылады. Оның негізі – білімі жоғары, денсаулығы мықты, бастамашыл, жауапты, кәсіби деңгейі әрі мәдениеті жоғары адам болып қала бермек.

 

Елбасы және оның партиясы

Барлық бастамалар мен реформаларды іске асырудағы Елбасының негізгі ті­ре­гі – «Нұр Отан» халықтық-демо­кра­тия­лық партиясы. Президентіміздің пі­кір­лес­терінің одағы ретінде 1999 жылы құрыл­ған партия, бүгінгі таңда Елба­сы­ның ба­ғытын қолдаушы жалпыұлттық қозғалыс­қа айналды. «Нұр Отан» пар­тиясының өсіп келе жатқан беделі мен ықпалы, бірінші кезекте, қазақстан­дық­тардың өз Көшбасшысына деген шынайы сенімімен байланысты. Сондықтан «Нұр Отан» – бүгінгі таңда ең алдымен, Тұң­ғыш Президен­ті­міздің саясатының төңі­регіне еліміздің азаматтарын бірік­ті­ретін Елбасы партиясы. Партия Төраға­сы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы партия­лықтарды, бірінші кезекте, өзекті мә­селелерді шешуге және қа­рапайым қа­зақ­стандықтардың күнделікті тіршілігіне тұрақты бағыттап отырады.

Сондықтан халықты қобалжытып отыр­ған өзекті мәселелерді шешу ісіне белсенді қатысу, мемлекеттік және ұлт­тық даму бағдарламаларын тиімді іске асыру, бюджет қаражатының шығында­луына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету «Нұр Отан» партиясының басты мис­сиясы және міндеттері болып табылады. Осы міндеттерді партия Парла­мент­тегі және мәслихаттардағы «Нұр Отан» фракциялары, Партиялық бақылау комитеті, еліміздің барлық аймақта­рын­да жұмыс істеп жатқан жемқорлықпен күрес жөнін­дегі қоғамдық кеңестер мен партия кураторлары институты арқылы шешеді.

Халық пен мемлекеттік органдардың өзара әрекетінің тағы бір маңызды ме­ханизмі – партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері. Осы жерге күніне мыңдаған қарапайым азаматтар өз мәселелерін шешу үшін және кәсіби заңгерлік көмек алу үшін үміттеніп келеді.

Барлық бастамаларын, озық ойлары мен елімізді дамытудағы стратегиялық міндеттерін іске асыруда өз Көшбас­шы­сына көмектесе отырып, партия бүгінгі күні де Президент саясатының алдыңғы қатарында одан әрі болуға дайын.

Жастарға сенім

Елімізді дамытудың жаңа жоспарлары мен жаңа жобаларының барлығы, ең алдымен, жастарға бағытталғанын Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткен болатын. Алдағы жаңарулар мен стра­те­гиялық ойлардың жемісін қазақстан­дықтардың жас буыны көретін болады. Шын мәнінде Елбасы реформаларының басты идеясы, міне, осы.

«Сендердің бүгіндерің мен ертеңің­­нің қамы әрқашан менің саясатымның мәні болып келді» – Н.Назарбаевтың «Жас Отан» жастар қанатының екінші съезінде айтқан бұл сөзі Елбасының қазақстандықтардың жас буынына деген көзқарасын айқын бейнелейді. Бұған қоса, Нұрсұлтан Әбішұлы өз ісімен қазіргі әлемде шаблондық емес, жасампаз әрекеттер маңызды екенін көрсетіп келеді. Мұндай өнеге қазақстандық жас­тар арасында жылы қабылдануда. Мысалы, президенттік «Болашақ» бағдар­ламасын ашу, оны сәтті жүзеге асыру елдің болашағы үшін маңызы зор «жұм­­­салып жатқан капитал» болып табылады. Яғни, еліміздің ХХІ ғасырға үдемелі қозғалысын қамтамасыз ете отырып, бүгіннің өзінде-ақ «білім экономикасын» жасап жатқандарға капитал жұмсау.

Н.Назарбаевтың есімі инновациялар тұрғысынан алдыңғы қатарлы білім беру жобасы – Назарбаев Университеті ие­ленді. Бұл жоба ел Президентінің нұс­қауларына сәйкес «қазақстандық ұқсас­тық, үздік халықаралық білім беру мо­делі, ғылыми тәжірибені» үйлесімді байланысатын ұлттық брендке айналды. Бұл – жай ғана университет емес, базасында жоғары оқу орнының инновациялық моделі қалыптасатын, еш баламасы жоқ бірегей ұлттық жоба. Өз елдері үшін Гарвард, Сорбонна немесе Оксфорд сияқты Назарбаев Университеті де дәл сондай ұлттық брендке айналады.



Ұлттық құндылықтар

Елді дамытудың рухани-ізгілік негіз­дерін ұдайы іздестіру Н.Назарбаевтың тағы бір айрықша қасиеті. Қоғамды дамытудың негізгі кезеңдерінің барлы­ғында Елбасы ұлттық идеологияның негізгі идеологемалары мен басты формаларын қалыптастырып келеді.

Қазақстан тарихындағы жаңа дәуір­дің басталуын белгілеген Елбасының осындай маңызды жұмыстарының бірі – «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақа­ла­сы. Бұл еңбегінде Елбасы жаңа ғасыр жағдайында қазақстандық қоғам қандай болуы тиіс және әлеуметтік қорғауда әлеуметтік прогреске көшу үшін не істеу керектігі туралы ой өрбітеді. Қоғамды жаңартудың жаңа идеологиясы қазақ­стан­дықтардың өмір салты мен мента­литетін өзгертуге бағытталған.

Патернализм психологиясы мен әлеу­меттік инфантилизмді тудырушы тұты­нушылықтың орнына Елбасы Жапыға Ор­тақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынады. Бұл идеяның мәні – еңбекке деген ай­рық­ша көзқарасты жаңғырту, өз тағды­рын ше­­ше алатын еңбек адамы салтын қал­ып­тас­тыру. Президенттің осы жобасы да сәт­ті жүзеге асырылатынына еш күмән жоқ.

Осы заманның бірегей саяси философы ре­тінде қордаланған проблемаларды осы за­манғы әлемнің бет-әлпетін ай­қын­дайтын экономикалық және қаржы жү­йесі элементтерінің бірінің кемістігін талдау аясынан шыға отырып, әлдеқайда кең қарастырады. Оның түсінігінде құн­ды­лықтар бағытын жоғалту – бұл бүкіл әлемдік өркениет үшін жаһандық сынақ, жалған мотивтерді дамыту басымдық­тары ретінде таңдау жасау қаупі.

Сөз жүзінде ғана емес, ең алдымен, өзі­нің күнделікті саяси тәжірибесінде Н.На­зарбаев таза есептеулерге негізделген тә­сілдерге балама құрастырып келеді. «Мо­ральдық-рухани құндылықтардың әлем­дік дағдарысы қарқындай түсуде. Көп­теген қоғамдарда жалған еркіндік орнатылып, насихатталып жатқанын көр­меу мүм­кін емес. Адами қарым-қа­тынас таби­ғатына бұрмаланған көзқарас­т­арды осы заманғы қоғам нормалары ретінде көр­се­туге тырысады, қара жұ­мысқа уәждеме кез келген айла-тәсілдің арқасында шұ­ғыл олжаға ұмтылумен алмастырылуда. Мұндай жал­ған көзқарас көп жағдайда шындық деп дәріптеледі», – дейді Қазақстан Прези­ден­ті Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі көшбас­шы­ларына жолдаған үндеуінде.

Бұл – тек фактіні көрсету ғана емес. Тәуелсіздік жылдары қазақстандық қо­ғамда қалыптасқан моральдық климат мүлдем басқа бастамаларға негізделген. Ол – шынайы құндылықтарды, яғни ын­тымақты, төзімділік пен өзара сыйлас­тық­ты құрметтеу. Қоғамның моральдық ден­саулығын нығайтуға және номад дәс­түр­лерін, қазақ халқының мәдени тамырын сақтауға бағытталған Қазақстан Пре­зи­ден­тінің жеке үлгісі қаншалықты әсер етіп отырғанын біз осы тұста көре аламыз.

Қоғамды рухани, патриоттық тәрбие­леу ісіне, ұлттық тарих пен тілді, мәдени дәстүрлерді сақтап, оның жаңа қырла­рын ашуға Елбасының тынымсыз назар аударуы үлкен жасампаздық жолға бас­тайды, қазақстандық қоғамның тұтас­ты­ғы мен ынтымағын қамтамасыз етеді. Өз баян­да­маларының бірінде Елбасымыз Қазақстан жастарына арнап айтқан­дай, «Мен өзімнен «болашақ қазақ­стан­дық» қандай болады» деп жиі сұраймын. Бүгін сендерге қарап, мен оны көріп отырмын. Оның көздері жаңашыл білі­м­ге деген құштарлықтан жанып тұруы тиіс. Оның білімі ең күрделі міндеттерді шешуге дайын болуы тиіс. Оның жүре­гінде Отанға деген зор сүйіс­пеншілік оты жанып тұруы тиіс».

Біздің елімізде 140-тан астам этнос және көптеген конфессиялар өкілдері өмір сүреді. Бірақ олардың әрқайсысы үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімі бірлік пен ынтымақтың нышаны болып табылады. Этносаралық және кон­фессияаралық келісімнің қазақстан­дық моделін әзірлеп, енгізуші Елбасы. Бұл модельді ұлттық мемлекеттілікті тұрақты дамытудың іргетасы деп айта аламыз.

Көптеген елдерде этностық және кон­фессиялық нышандарына қарай шие­леністер болып жатқан уақытта, біздің қоғамымыздағы ішкі келісімді сақтауды қамтамасыз еткен еліміздің Президенті. Тәуелсіздік жылдары қасиетті қазақ жерінде татулық, қоғамдық тұрақтылық және этносаралық келісім орнап келді. Қазақстан халқының бірлігінің арқасын­да біздің еліміз табыстарға және әлемдік қоғамдастықтың мойындауына қол жет­кізді. Бұл, бірінші кезекте, Елбасының еңбегі. Қазіргі таңда біздің ұлттық келі­сім моделі ең тиімділердің бірі болып саналады және оған барлық әлем қызы­ғушылық танытып отыр. Еуропа елде­рінің өзі біздің тәжірибемізбен бөліс­кен­ді қалайды. Біздің тәсілдің табысты­лығы, ұлтаралық келісім институтының бірегейлігі, Қазақстан хал­қы Ассамблеясы – осының барлығы ЕҚЫҰ-ға біздің төрағалық етуімізге негіз болды, ал оның шарықтау шегі – Аста­надағы Саммит. Нұрсұлтан Әбішұлының орасан зор еңбегі – осы саладағы қазақ­стандық реформаларды жаһандық деңгей­де тара­туға оның ықпал етуінде. Елбасы бірегей үнқатысу үлгісіндегі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съе­зін өткізу бастамасын жасады.

 

Өз заманының сөзсіз көшбасшысы

Халықаралық жетекші сарапшылар Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ха­лықаралық аренадағы ел табысының символына, Қазақстан мемлекетінің бей­не­сіне және қазіргі заманның беделді және танымал саясаткерінің біріне ай­нал­ғанын бірауыздан айтып отыр.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап өткен жолымызды еске түсіре отырып, Қазақ­станның әлем мен еліміздің тағдыры үшін маңызды ядролық қарудан бас тарту шешімін, ЕҚЫҰ-ның еуразиялық түрі – АӨСШК сияқты сапалы жаңа үнқа­тысу алаңын құру, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның дағ­дарысқа қарсы бастамасы, оның арасында ерекше орын алып отырған G-global-ды еске алуға тиіспіз. Көп жағдайда Қазақ­стан Президентінің жеке беделінің арқа­сында біздің еліміз 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға сайланып, халық­аралық аренада таңғаларлық жеңіске қол жеткізді. Астана қаласында өткен осы ықпалды халық­аралық Ұйымның Сам­миті ерекше оқи­ғаға айналды және ол қауіпсіздік сала­сындағы жаңа еуразия­лық стратегияның пішінін белгілейтін тарихи құжат – Декларацияға қол қою­мен аяқталды.

Осы бастамалардың барлығы Қазақ­станның бүгінімен және ертеңімен ғана байланысты емес, ол аймақтық саясат­тың аясынан шығып, халықаралық қаты­настардың ең негізгі аспектілеріне әсер етеді. Қазіргі заман ғаламдық сынақ­тар­ды жеңудің оңтайлы тәсілдерін іздеу үстінде және бұл нақты факт болып табылады. Сол себепті, Қазақстан През­и­дентінің стратегиялық халықаралық бастамалары әлемдік қауымдастықты әді­летті және үйлесімді өмір сүруіне әке­летін айқын жолды табуына ықпал ететін интеллектуалды және тәжірибелік маңызды үлес ретінде қаралуда.

Н.Назарбаевтың барлық халық­ара­лық қызметі теңқұқылы ынтымақтастық принциптерін сақтауға және бекітуге, интеграциялық жобаларды дамытуға бағытталған. Қазақстанның Ұлт көшбас­шысы – көптеген интеграциялық баста­малардың авторы, ол бастамалар қазіргі таңда экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықтың тығыз және табысты дамуына көмектесіп отыр.

Бұл жағдайды халықаралық арена­дағы Қазақстанның ұстанымын анық­тайтын маңызды фактор ретінде есепке алу қажет. Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті күнін мерекелеу елде ғана емес, елімізден тыс жерлерде конференция, дөңгелек үстел пішіндерінде атап өті­леді. Осы іс-шараларда халықаралық сарапшылар Қазақстан басшысының фено­мені туралы мәселені қайта көтеретін болады.



Астана – Тәуелсіздіктің жүрегі

Астана – айналдырған он жыл ішінде Қазақстанның негізгі символдарының біріне айналған тамаша қала, Қазақстан халқының жетістіктерінің жарқын үлгісі, Елбасының «өз туындысы» және орын­дал­­­ған арманы. Әрине, мемлекетіміздің бас қаласында осы мерекенің маңыз­ды­лы­ғы ерекше байқалатыны да сондықтан.

Астана тәуелсіз Қазақстанның брен­діне айналды, біздің болашақтағы таң­қа­ларлық жетістіктеріміз бен ұмты­лысы­мыз­дың символы. Біздің елорданың EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күрес­те­гі жеңісі – бұл шынымен де Ас­тананың әлемдегі жетекші елорда­лар­дың бірі болып танылуы. Елбасының саяси жігері мен көрегендігі болмағанда, қа­зақ­тың кең даласында салынған тамаша қала да болмас еді.

Елбасы Қазақстан елордасының 10 жылдығына арналған салтанатты оты­рыс­та атап өткендей: «Әр мемлекеттің өз символы бар, оны айтқан кезде азамат­тардың жүректері жиі соға бастайды, жанын абырой мен мақтаныш кернейді».



Осы сүйіспеншілікке толы тамаша сөздерге қазақстандықтардың жасампаз­дығымен қатар, тек бір нәрсені ғана қоса аламыз, Н.Ә. Назарбаев қазақстандық мемлекеттіліктің және оның жаңа, тамаша елордасының шынайы негізін қалау­шы. Елорда – еліміздің барлық азаматтары үшін Отанын шексіз беріліп сүюдің символы және Отанына қызмет етудің үлгісі.

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұң­­ғыш Президентінің күні. Бұл – тек ме­ре­келік күн емес, сонымен қатар, елі­міздің қол жеткізген барлық жетіс­тік­терін тағы да атап өту мүмкіндігі және барлық қазақстандықтардың гүл­денуі мен өсіп-өркендеуін қамтама­сыз ететін жүйелі жаңғырту жолы бойынша алға жылжудың бағдарын белгілеу.

Еліміздің саяси және экономикалық жүйесінің тұрақты дамуының басты кепілі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылады.
жүктеу 184,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау