29.09.2014 жылғы редакциясында
Жарияланған: Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат; "Егемен Қазақстан" 1999 жылғы 19 ақпан N 35.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы
Өсімдіктер карантині туралы
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Заңның бүкіл мәтіні бойынша "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметі", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызмет", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметтің", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметке", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметтен", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметінің", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметті" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органы", "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға", "уәкілетті органнан", "уәкілетті органының", "уәкілетті органды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.02.18 N 293, мәтiнде сөздер ауыстырылды - 2004.12.20 N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi). Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөтен текті түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;
2) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер;
3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) карантинге жатқызылған өнiм (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) (бұдан әрі - карантинге жатқызылған өнiм) - карантиндi объектiлердi (карантинді зиянды организмдерді) тасығыштар болуы және (немесе) олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар;
4-1) карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі - өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі;
5) карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;
6) карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;
7) карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;
8) карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
9) карантиндік шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім;
10) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі;
12) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
13) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
15) фитосанитариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;
16) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
17) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау;
18) фумигациялық отрядтар - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органның нұсқамаларына сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша газбен дезинсекциялау әдісімен залалсыздандыруды жүзеге асыратын, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бөлімшелері.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;
2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру принциптерi
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұру және мүлiктi сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік бақылау мен қадағалау және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау;
4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шараларды орындауға белсене қатысуы;
5) өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.02.18 N 293, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы
мемлекеттік реттеу
5-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, аумақтық бөлімшелері, оның ішінде фитосанитариялық бақылау бекеттері бар ведомствосымен қоса алғанда уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер:
республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар;
жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер;
республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы;
4) фитосанитариялық зертханалары және фумигациялық отрядтары бар өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын кіреді.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді;
2) өсімдік карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрады;
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
1. Уәкiлетті орган:
1) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады және iске асырады;
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
3) үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
4) карантиндi объектiлермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейдi және бекітеді;
5) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлейді және бекітеді;
6) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
8) өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
9) екі немесе одан көп облыс аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді әрі олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
10) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
11) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
12) өздеріне қатысты өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетін және жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер тiзбесiн айқындайды;
13) Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады және мүдделi тұлғаларға ақпарат бередi;
14) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ереженi әзірлейді және бекiтедi;
15) өсімдіктер карантині жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн әдiстердi, әдiстемелердi, ұсынымдарды бекітеді;
16) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, халықаралық нормалардың талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттары негiзiнде карантиндiк шараларды әзiрлейдi және жеке және заңды тұлғалардың оларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
17) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар лауазымдарына орналасуға бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi;
18) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
19) карантинге жатқызылған өнiмдер транзитiнiң шарттарын айқындайды;
20) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
21) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құрады;
22) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
23) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiмдi, көлiк құралдарын, қол жүгi мен багажды тұрақты бастапқы карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және әкелiнетiн әрі транзиттiк карантинге жатқызылған өнiмге карантиндiк құжаттарды қарайды;
24) әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм келiп түсетiн соңғы пункттерде осы өнiмдi тұрақты қайтадан карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерiн, баратын пунктiн, сондай-ақ карантиндi объектiлерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды ескере отырып, үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндiк құжаттарды қарайды;
25) әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмдi тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда – үлгiлерiн алу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргiзедi;
26) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетiлетiн және транзиттiк карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк құжаттарының болуын және дұрыс ресiмделуiн тұрақты негізде қарайды;
27) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнiмдi тұрақты жете тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
28) өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi;
29) мынадай:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды;
30) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
31) интродукциялық-карантиндiк питомниктерде импорттық себетін материал және отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлер және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
32) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттар бередi;
33) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
34) өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
35) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
36) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
37) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы, ал оның орынбасары - Қазақстан Республикасының Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары болып табылады.
Ведомствоның облыстық, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшелерінің басшылары тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
3. Уәкiлеттi орган өз қызметiн шекаралық, кедендiк, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
4. Уәкiлеттi органның өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмi лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
5. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары уәкiлеттi органның өзiне жүктелген мiндеттердi шешуiне жәрдемдесуге мiндеттi.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары
1. Республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды.
2. Жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер тексеруге келіп түсетін импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды.
3. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды.
Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiкмонополия
1. Карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою мемлекеттік монополияға жатады және оны өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызмет карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі қызметпен технологиялық байланысты болып табылады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 7-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
8-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:
1) карантинге жатқызылған өнім мен өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау және қадағалау объектілерін тексеріп қарау, қарап тексеру, фитосанитариялық сараптама жүргізу және қажет болған жағдайда, залалсыздандыру кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе олар фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртуге;
1-1) басқа мемлекеттерден әкелінетін, өзінің фитосанитариялық жай-күйі туралы мәліметтер зерттелмеген карантинге жатқызылған, сондай-ақ, тиiстi халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты және басқа мемлекеттер қабылдап жатқан фитосанитарлық шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негiзiнде ғылыми негiздеме жеткiлiксiз болған жағдайда өнімге қатысты уақытша карантиндік шаралар қолдануға (енгізуге);
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға;
3) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеп алуға;
4) жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарың лауазымды адамдарына карантинді объектілердің таралу ошақтарында және көлікте өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу туралы нұсқамалар шығаруға;
5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.07.2014 № 236-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
6) карантинді объектілер анықталған ерекше жағдайларда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметін сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арызды міндетті түрде ұсына отырып, тоқтата тұруға құқығы бар. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.29 N 488, 2002.02.18 N 293, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
8-1-бап. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры
1. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналады және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады.
3. алынып тасталды.
Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.03 N 463, өзгерту енгізілді - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-бап. Қызметі карантинге жатқызылған өнімдермен байланысты тұлғалардың міндеттері
Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдi өндiруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдау мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын және уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамаларын сақтауға және орындауға;
2) Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың талап етуi бойынша карантинге жатқызылған өнiм мен карантиндi объектiлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтердi табыс етуге;
3) егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған қолда бар өнiмдi тексеру және сараптамадан өткiзу үшiн ұсынуға;
4) карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге мiндеттi.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
9-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
1-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;
3) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдайды;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10 N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерістер енгізілді - 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-2-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы
Достарыңызбен бөлісу: |