Әдістемелік ұсыныстары мен нұСҚаулар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 318,76 Kb.
бет2/2
Дата02.03.2018
өлшемі318,76 Kb.
#10992
түріНұсқаулар
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих, археология және этнология кафедрасы

Қосалқы тарихи пәндер пәні бойынша

050203 Тарих мамандығының студенттеріне арналған

Курстық жұмысына


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛАР

Павлодар




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_________ п.ғ.д., проф. Н.Э.Пфейфер

20__ж. «___»________


Қ ұрастырушы: аға оқытушы Каскабасова А А


Тарих, археология және этнология кафедрасы
Қосалқы тарихи пәндер пәні бойынша

050203Тарих мамандығының студенттеріне арналған

Курстық жұмысына

әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Мамытова С Н 20__ж. «____» ________

Тарих және құқық ОӘК мақұлданды20__ж. «___»______________

№____ хаттама
ОӘК төрағасы Батталов К.К. 20__ж. «____» ________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ хаттама



Курстық жұмыстың мақсаты мен мазмұны

І. Курстық жұмыстың мақсаты мен мәселесі.

Қосалқы тарихи пәндер бойынша өзекті мәселелері бойынша студенттердің білімін нығайту, тереңдету және кеңейту.

Студенттерден өзекті мәселелерді шешу жолын қалыптастыру, жұмыстарынан ерекшеліктері мен нәтижесін сын көз қараспен бағалау қабілеттерін қалыптастыру.

Теорияны тәжірибеде қолдану икемдерін қалыптастыру, ғылыми материалдарды талдап және жалпылауға үйрету, берілген ғылыми мәселеге қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Өздік зерттеу жұмысында икемдері мен дағдыларын дамыту, түп деректердің сындық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

Ғылыми өзге әдебиетпен жұмыс істеу икемдерімен дағдыларын дамыту, түп деректерді дұрыс пайдалану қабілеттері қалыптастыру.

Әдебиеттің тарихнамалық шолуын жасау дағдыларын берілген курстың тақырып бойынша өзекті мәселелерді зерттеудегі икемдерін қалыптастыру.

Курстық жұмысты орындаудағы жалпы әдістемелік талаптар мен ұсыныстар. Курстық жұмыстың жазылу мәселесі өздік ғылыми зерттеу жұмыстың бұл мәселе бойынша дағдыларды қалыптастыруында негізделеді.. Қазіргі уақыттағы тарихи ілімнің методология негізінде студенттер тарихи түп деректі анализ жасай білуі керек. Бұл үшін алдын ала түп деректер мен жұмыстың әдістемелік жалпы ережелермен танысу керек. Студенттер берілген курстың жұмыс бойынша әдебиеттерді сынға салып, зерттеп, оқытылу тарихын жазу керек ( тарихнамалық шолу). Түп дерек материалдарын жинастырып оларды анализдеп, сонымен қатар бұл тақырып бойынша әдебиетпен танысып, студент жоспардың соңғы вариантын құрастырып курстық жазуға кіріседі.

Курстық жұмыстың білімдері қойылған мақсатпен сәйкес тақырыпты ашуға бағытталуы керек (негізгі бөлім).




Кіріспе.

І Кіріспе бөлімінде тақырыпты таңдаудағы дұрыстығы және мақсаты ашылады. (мәселенің өзектілігі, мәселені зерттеу тарихы бепріледі, тарихнама мәселесі). Курстық жұмыстың мақсаты мен мәселелері сипатталады. Бұл мәселенің шегіндегі хронологиялық және географиялық шеңберлері көрсетіледі. Қорытындысында бұл мәселе бойынша негізгі қорыту ойлары мен және қолданылған әдебиет тізімі қосымша беріледі.



Курстық жұмыстардың тақырыбының мазмұны:

ІІ.Курстық жұмыстың тақырыбын таңдаудағы әдістемелік ұсыныстар.

Курстық жұмыс тақырыптары кафедрамен белгіленеді, мұнда берілген пән бойынша курстық жұмыстарды ғылыми басқаруы іске асады. Курстық жұмыстардың тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Мүмкіндігі бойынша ол кафедра мамандары және ғылыми жетекшінің зерттеу мәселелерімен байланысты болуы керек, бұл ғылыми ізденісте оқушылар мен студенттердің жақындасуына себеп болады және студенттердің таңдалған мәселенің шешу қызығушылығы ұлғаяды. Курстық жұмыстардың тақырыбыын анықтай отыра болмақ мұғалімнің мамандығын ескеру керек. Жыл сайын бір тақырыпқа жазудан алшақ болуы керек және соңғы талаптарға сай курстық жұмыстардың орындалуын іс жүзінде қарастыру керек. Ежелгі және ортағасыр кезеңдері ғылыми соңғы талаптарға сай тарихи жұмыс істелу керек. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдағанда осындай шарттарға сүйену керек, бұльтақырып бойынша әдебиеттердің нақтылығы және ғылыми негізі ескерілу керек.
ІІІ.Курстық жұмыстарды ғылыми басқару.

Курстық жұмыстарды ғылыми басқаруды ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізетін оқытушыларға беру керек.

Ғылыми жетекшінің міндетінің негізгі ерекшеліктері:

1) Студенттерге жұмыстың тақырыбы мен көлемін анықтауға көмектесу, зерттеу жұмыстарының шектерін анықтау ( бір тұтастық проблемалық бағыттарының негізгі аспектілері): Ғылыми жетекші мақсатты, мәселелерді, зерттеу әдісін таңдауға және анықтауға көмектеседі. Мұнда ғылыми жетекші ғылыми зерттеудің методологиясына ерекше назар аударады, себебі студенттер курстық жұмыстарды жазғанда тақырыптың тек методикалық мәселелерін қарастырумен шектеледі.

2) Курстық жұмыстарды бастау алдында студенттер лекция оқып методология мәселелері бойынша консультациялар беріледі зерттеу әдісінің методикасы бойынша, жалпы талаптар анықталып және нақты ұсыныстар курстық жұмыстар бойынша жасайды. Методология лекциясында ғылыми жетекші алдындағы жағдайға студенттердің назарын аударып оларды ежелгі және ортағасырдағы тарихи дамудың заңдылықтарын терең түсінуге бағыттайды. Зерттеуші мәселені ашу үшін ұзақ және жүйелі жұмыс қажет ( жыл бойы немесе семестр бойы). Бұған жоспар , график сәйкес келеді, яғни студенттердің курстық жұмыстарының кезең бойынша уақытпен шектелген , зерттеу әрекетінің әрбір кезеңімен тығыз байланысты болып келеді.

3) Кейін ғылыми жетекші студенттерді әдеби деректермен таныстырады, материалды жинау әдісіне үйретеді, кейбір жағдайда жұмыс бағдарламасын құруға көмектеседі. Ғылыми зерттеудің әдістерін талданған тақырып бойынша ғылыми жетекші сараптайды. Картотеканы енгізу, ғылыми материалды жинау, түп деректердің анализі, ғылыми жетекші студенттерге таңдалған тақырып бойынша мәселені және айқын ашатын мәдениетті ұсынады. Студенттерге тақырыпты талдағанда тақырып бойынша әдебиеттерді табу қиынға түседі. Сондықтан жетекші түп деректерді топқа мақсат бағытымен жинастайды: монографиялар, статистикалық жинақтар, ғылыми кітаптар периодикалық баспалар.

4) Жетекші студенттердің ісіне тәжірибелік көмек көрсете отыра, жұмыс барынша жүйелі бақылау жасайды: есептер бойынша коесультацияларға шақырады, тақырып бойынша жиналған материалды қарастырады, дайындалған дәрежелері бойынша топтарға бөліп студенттердің әрекеттерінің этаптық ара қатынасын іске асырады.

5) Ғылыми жетекші курстық жұмыстарды тексеріп резензия жасайды, кафедраға студенттің жұмыстарының деңгейі бойынша есеп береді, қорғауды ұйымдастырады.

Студенттің курстық жұмыс бойынша жұмысының әдістемесі. Курстық жұмысты орындау үшін студенттер ғылыми- тарихи зерттеудің жүйелігін және қалыптасуын анықтайды, сонымен қатар басты тарихи мәселені анықтау және шешу, түп деректердің негізгі анализін жолдау керек. Курстық жұмыс бойынша әдістемелік жұмыс мынадай шарттарды қарастырады: жұмыс бойынша жұмыстың жоспары. Мұнда жұмыстың барлық кезеңдері бейнеленіп олардың мерзімдері анықталады.

2.Әдебиетті жүйелеу және жинастыру. Жұмыстың барысы дұрыс жүру үшін картотекалар құрастырып, мұнда тек кітаптардың, мақалалардың атауы емес, сонымен қатар басты ойлар, идеялар, цитаталар енеді. Барлық түпдеерктерді мақсаттап топтарға бөлу:

а) кітаптар

б) мақалалар

в) жинақтар, энциклопедиялар

г) архивтық түпдеректер

д) периодикалық баспалар т.б.

3 Әдебиетті жүйелеуден кейін тарихнамамен жұмыс басталады. Бұл үшін барлық ғылыми әдебиетпен танысу керек. Сын анализ беріп әдебиетке мінездеме беру керек. Әдебиеттің мазмұнына мінездеме бере отыра, кітаптар мен мақалалардың авторларына сілтеулер жасау керек.

4.Келесі кезең мәселенің өзектілігімен жұмыс (тақырыпты талдаудағы ғылыми негізін анықтау керек. Ежелгі және ортағасырлар тарихында тақырыптың маңызын анықтау керек). Үшінші және төртінші кезеңдер курстық жұмыстың кіріспесіне енеді, яғни ең басты бөлігі болып есептелінеді және жұмыстың көрсеткіші болып табылады, студенттің ойының деңгейі ғылыми мәселені белгілеу икемі көрінеді.

5.Кейін студент курстық жұмыстың негізгі бөліміне көшеді- курстық жұмыстың мазмұнын анықтайды. Бұл үшін негізгі бөлімнің жоспарын құрастыру керек. Ең қолайлылығы негіізгі бөлімді екі бөлімге бөлсе, ал бөлімдер параграфтарға.

6.Осыдан кейін барлық қолданылған әдебиеттің тізімімен негізгі материалды құрастыру керек. Мұнда мазмұнда материалды басты мәселелерді жазып, маңызы аз қосымша ойларды қайталау керек.

7.Осыдан кейін ғана негізгі бөлімді мазмұндауға көшірсе болады немесе жүйелі түрде материалды көшіру (осындай барлығы черновой вариатта жазылады).

9.Кіріспе мен негізгі бөлімді аяқтаған соң қорытынды жазылады, яғни жауапты және шешуші, мұнда жалпы қорытындылар кіріспе мен негізгі бөлімнен ғылыми тұжырымдар , сонымен қатар әрмен зерттеу бағыттары байқалады.

9.Курстық жұмысқа әртүрлі таблицалар , анкеталық, сурет , бейнелік, қосымша материалдар (суреттер, портреттер), қосымша толықтырылады.

10. Бастапқы нұсқаны жазып болған соң, студент ғылыми жетекшіге жұмысты ұсыну алдында өзінің жұмысының стиліне назар аудару керек. Мақсат бойынша бірнеше рет жұмысты оқып, стилистикалық қателерді жойып, қайталау, күрделі ойларды білдіру сияқты жою керек. Мәтін таза және сауатты жазылуы керек, яғни грамматикалық немесе орфографиялық қателіктер болмауы керек. Курстық жұмысты бейнелеу және құрылымы:

а) курстық жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан құрастырылады.

Кіріспеден тақырыптың өзектілігі, негізгі мәселелері мен мақсаттары анықталады, зерттеудің хронологиялық және географиялық шеңберлері байқалады.

Бұл бөлім ғылыми теориялық теориялық тұрғысы материалды тәжірибелік жалпылауларын қысқаша қорытындылауды қамтиды. Курстық жұмысқа таблицалар, анкеталар, әдістемелік бағдармалар қосымша дерек ретінде құрастырылады.

Қол жазбаның соңында қолданылған әдебиеттер библиографиялық ережелер бойынша беріледі.

б) Курстық жұмысты бейнелеу. Курстық жұмыс жаңа қысқартусыз жазылу керек. Жұмыс қағаздары бірақ бетінде ғана жазылады. Сол жақтан поля қалдырылады. Барлық беттер нөмірлену керек.

Қолданылған әдебиет цитаталалар түрінде статикалық тәжірибелік материал түрінде келтіріледі. Цитаталар тырнақшада келтіріліп,, түп деректер сілтеу ретінде келтіріледі.

Келтірілген цитаталармен бірге басқа материалдарды келтіргенде сілтеулерде автордың инициалдары мен фамилиялары келтірілуі керек. Еңбектің атауы, орны, баспаға басу жылы, бететрі сілтеулер беттерінің соңында.

Түп деректің номері қойылып қолданылған әдебиеттер тізімінде беттер ұсынылады. Мысалы жақшада (5, 152) жазылмауы. Бұл цитата келтірілген әдебиет 5 номермен 152 бет келтіріледі. Курстық жұмыс папкада келтірілуі керек. Титулдық бетінде (сыртқы бетінде) университет, кафедра, жұмыс атауы, курс, топ, фамилия авторының инициалдары, ғылыми жетекшінің инициалдары, жұмысты аяқтау уақыты ( айы, жылы).


ІV Курстық жұмысты орындаудың көлемі мен шарты

«Қосалқы тарихи пәндер» курсынан студенттер міндетті түрде курстық жұмысын жазып, тапсыруы керек.

Жұмысты жақсы орындап, тапсыруы үшін, олар міндетті түрде өздігінен бір курс бөлімінің теориялық материалдарын білуі керек, сонымен қатар тәжірибешілік тапсырмаларға көңіл бөліп, қазіргі заманғы мәдени-философиялық зерттеулермен таныс болуы керек.

Берілген материалдардың мәселелерін түсініп, дайындау үшін, курстық жұмыстың тақырыбын ең алдымен оқу құралдары мен қосымша әдебиеттерді оқып, жазуы керек. Келесі тапсырма осы материалды сатылап, ойлы түрде нақты ұсынуы тиіс.

Терминологияны дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана нақтылық болады, ойлау – бұл сұрақтарды сатылып қарастыру, осыдан кейін бірінен соң бірі шыға беретін мәселелер, жалпы осының өзі бір жүйені құрайды, сенімді аргументерді пайдаланған да ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Курстық жұмыстың өзін қолмен таза, мәдениетті орындаудың өзіне көңіл бөлінеді. Оның орташа қолмен жазылғандағы көлемі 40 беттен болуы керек, міндетті түрде ақ жол болуы керек. Курстық жұмыстың өзі титулдық беттен басталады. Мәтіндегі жұмысты қайта оқып шығып, тексеріп, табылған қателерді білдіртпей түзетулері керек.

Курстық жұмысты тексерген кезде қаралатын мәселе:



  • мазмұнның ғылыми-теориялық деңгейі;

  • мәтін құрудағы дағдылардың қалыптастыруы: өздігінен әдебиеттермен жұмыс істеуі, бастыларын сүзіп алуы, сараптау, библиографияны сауатты жеткізуі;

  • сараптамаға өздігінен және шығармашылық жақындық керек;

  • курстық жұмысты уақытынды тапсыру және дұрыс дайындау.

Бюджет времени.

Студенттердің өздік жұмысының уақыт бюджеті жұмыс бағдарламасына сәйкес СӨЖ бойынша сағаттар көлеміне байланысты құралады:



V Мазмұнына және ресімделуіне қойылатын талаптар

Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар ПМУ ӘН 4.01.3-09 анықталған


1 Жалпы міндеттер

1 Мәтіндік құжаттарды, негізінде тұтас мәтіннен тұратын (рефераттар, есептер, түсіндірме жазбалар және т.б.) және кестелерге бөлінген мәтіні бар құжаттарға бөледі (сипаттізімдер, ведомостар, кестелер және т.б.).

2 Мәтіндік құжаттарды А4 форматты қағаздың бір жақ бетінде (210х297 мм) МЕМСТ 2.301 қажет болғанда, кестелер мен суреттемелерді (297х420мм) А3 форматты парақта орындайды.

3 Мәтіндік құжаттардың түпнұсқаларын келесі тәсілдердің бірін қолданып орындайды:

- қолжазба - әріптер мен сандардың биіктігі 2,5 мм кем емес. Сандар мен әріптерді бір түсті тушьпен, сиямен немесе түйіршікті қаламмен ( көк, күлгін, қара) құжат бойы анық жазу қажет. Басқа түсті пасталарды, сияларды, тушьтарды қолдануға және астын сызуға рұқсат етілмейді;

- ЭЕМ-нің баспа және графикалық құрылғыларын қолданып машиналық тәсілмен. Шрифт – Times New Roman, қалыпты, кегль 14 тармақ, жоларалық интервал – бірлік.

4 Машиналық тәсілде дайындалған мәтіндік құжаттарға жеке сөздерді, формулаларды, шарттық белгілерді (қолжазба тәсілмен) жазуды және де, суреттемелерді қара сиямен, пастамен немесе тушьпен орындау керек.

5 Парақтың барлық 4 жағында мәтіннің ақ жиегі болуы тиіс. Ақ жиектің сол жақ өлшемі – 30 мм, оң жағының –10 мм, жоғарғы және төменгі ақ жиегінің өлшемдері – 20 мм.

Мәтінде азат жолдарды қолжазба мәтінінің 15-17 мм тең немесе машиналық мәтіннің (1,25 см) бес белгісіне тең шегінуден бастайды. Азат жол шегінісі мәтін шегінде бірдей болуы тиіс.

Қолдан жазылған мәтін жолдары негіздерінің арасындағы ара-қашықтық 10 мм болуға тиіс.

Мәтіндік құжатты орындау үлгісі А қосымшасында келтірілген.

6 Құжатты орындау барысында табылған қате, жаңылыс және графикалық дәлсіздіктерді сол жерде түзету және түсіру немесе түзетілген мәтіннің (бағанның) жол арасына машинамен басу тәсілімен немесе қара сия, тушьпен, қол жазба тәсілімен түзету қажет.

Бір параққа бес түзетуден артық рұқсат етілмейді.

Парақтардың бұзылуы, түзетілген жерлер, бұрынғы мәтіннің (графиканың) толық жойылмаған іздері болмауы тиіс.

7 Оқу құжаттамасына келесі құрылымдық элементтер:

- титул парағы (Б-Л қосымшалары);

- тапсырма (КЖ-с/КЖ-а, ДЖ-с/ДЖ-а үшін);

- аңдатпа (ДЖ-с/ДЖ-а үшін);

- мазмұны;

- нормативтік сілтемелер (қажет болған жағдайда);

- анықтамалар (қажет болған жағдайда);

- белгілер және қысқартулар (қажет болған жағдайда);

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

қосымшалар (қажет болған жағдайда) кіреді.

Мәтіндік құжатың ерекшеліктеріне байланысты «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Қосымшалар» атты құрылымдық элементтері қажет болған жағдайда құжатқа қосылады. Мәтіндік құжаттарға қосымша құрылымдық элементтер қосылуы мүмкін.


2 Суреттемелер мен қосымшаларды ресімдеуге қойылатын талаптар

Суреттер саны баяндалған мәтінді түсіндіру үшін жеткілікті болуы тиіс. Суреттемелер құжат мәтіні бойынша да (мүмкін мәтіннің сәйкес бөлімдеріне жақын), олар бірінші рет айтылатын тікелей мәтіннен кейін де, немесе келесі парақта орналастырылуы мүмкін. Суреттеулер КҚБЖ стандартының талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. Қосымшалар суреттеулерінен басқа суреттеулерді араб сандарымен өтпелі нөмірлеу керек. Егер сурет біреу болса, онда ол “1-сурет” деп белгіленеді.

Егер графикалық материал бір параққа сыймаса, онда оларды басқа параққа ауыстыру рұқсат етіледі.

Құжат мәтінін толықтыратын материалды қосымшаларда орналастыруға болады. Қосымшаларға, мысалы, графикалық материал, үлкен форматты кестелер, есеп, құрылғылар мен аспаптарды сипаттау, ЭЕМ және т.с.с. шығарылатын есептердің алгоритмдары мен бағдарламаларын сипаттау жатады.

Қосымшалар дәрежесі бойынша міндетті, анықтамалық немесе ұсынылатын болуы мүмкін.

Қосымшаны оның келесі парақтарында осы құжаттың жалғасы ретінде ресімдейді немесе жеке құжат түрінде шығарады.

Құжат мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшаларды құжат мәтінінде, оларға берілген сілтемелер тәртібінде орналастырады.

Әрбір қосымша жаңа парақтан басталады. Мұның өзінде қосымшаны парақтың жоғары жағына ортасына қарай жартылай қалың қаріппен “Қосымша” сөзін жазады және оның белгісін көрсетіп, біріншісі бас әріппен, қалғандары кіші әріппен жазылады. Олардың астыңғы жағына "міндетті", "ұсынылатын" немесе "анықтамалық" деген сөздерді пайдалана отырып, қосымшаның дәрежесі көрсетіледі. Егер оларды бір парақта толық баяндау мүмкін болса, онда бір парақта екі (немесе одан да көп) реттілікпен орналасқан қосымшаларды орналастыруға рұқсат етіледі.

Қосымшада жеке жолда бірінші әрпі бас әріптен бастап мәтінге симметриялы жазылатын тақырыбы болуы тиіс.

Қосымшаларды Ё, З, Й, Щ, Ч, Ы, Ъ, Ь әріптерін қоспағанда, орыс әліпбиінің бас әріптерімен А дан бастап белгілейді. “Қосымша” сөзден кейін оның тізбектілігін белгілейтін әріп қойылады.

Қосымшада I және О әріптерін қоспағанда, латын әліпбиінің әріптерімен белгілеуге рұқсат етіледі.

Орыс және латын әліпбиінің әріптерін толық пайдаланған жағдайда қосымшаларды араб сандарымен белгілеуге рұқсат етіледі.

Егер құжатта бір қосымша болса, онда «А қосымшасы» деп белгіленеді.
3 Кестелер құрылымына қойылатын талаптар

Кестелерді араб сандарымен өтпелі нөмірлеу арқылы нөмірлеу тиіс. Кесте қосымшалары бұған жтпайды.

Әр қосымшаның кестелерін араб сандарының алдына қосымша белгілерін көрсетіп, жеке нөмірлеу арқылы нөмірлейді.

Егер құжатта бір кесте болса және ол В қосымшасында келтірілсе, онда ол “1-кесте” немесе “Кесте В.1” деп белгіленуі тиіс.

Кестелерді бөлім шегінде нөмірлеу рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кесте нөмірлері нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен кестенің реттік нөмірінен тұрады.

Құжаттардың барлық кестелерінде құжат мәтінінде сілтемелер келтірілуі тиіс, сілтеме жасаған кезде “кесте” сөзін және оның нөмірін көрсетіп жазу керек.

Баған тақырыптары мен кесте жолдарын бас әріптен бастап жазу керек, ал егер бағандардың тақырыпшаларын тақырыппен бір сөйлем құрастырса, онда оларды кіші әріптен бастап жазу керек, немесе егер оларда дербес мағына болса онда бас әріптен бастап жазу тиіс.

Кестелердің тақырыптары мен тақырыпшалар аяғында нүкте қоймайды. Кестені оң, сол және төменгі жақтарын, әдеттегідей, сызықшалармен шектейді.

Бүйір мен бағандардың тақырыптары мен тақырыпшаларын диогонал сызықтармен бөлуге рұқсат етілмейді.

Егер кесте жолдарын шектейтін көлденең және тік сызықтардың жоқтығы кестені пайдалануға кедергі жасамаса, онда оларды сызбауға болады.

Әдеттегідей, баған тақырыптарын кесте жолдарына параллель жазылады. Қажет болған жағдайда баған тақырыптарын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі.

Кестенің басы кестенің басқа бөлігінен cызықпен бөлінуі тиіс.

Кесте жолының биіктігі 8 мм кем болмауы керек. Қарпі – Times New Roman, қалыпты кегль 10 тармақтан кем емес, жоларалық интервал – бірлік.

Кестені, оның өлшеміне байланысты, оған бірінші рет сілтеме берілген мәтін астына, немесе келесі парақта, ал қажет болған жағдайда құжаттар қосымшасында орналастырады.

Кестелерді құжат парағының ұзын жағына бойлай орналастыруға рұқсат етіледі.

“Кесте” сөзін кестенің бірінші бөлігінің үстіне сол жақта бір рет көрсетеді, басқа бөліктерінің үстіне кесте жалғасуы немесе аяқталуына байланысты, 2 және 3 суретке сәйкес кестенің нөмірін (белгісін) көрсете отыра “Кесте жалғасы” немесе “Кесте соңы” сөздерін жазады.

Егер парақтың аяғында кесте үзілсе және оның жалғасы келесі парақта берілсе, онда кестенің бірінші бөлігінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызықты жүргізбейді.
4 Титулдық парақты рәсімдеу

Титулдық парақ құжаттың алғашқы бірінші беті болады.

Титулдық бет А4 форматында орындалады, А қосымша негізінде;

1 жолы – Министірліктің атауы, бұл жүйеге жоо-ы кіреді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі);

2 жолы – ЖОО –ның атауы (С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті);

3 жолы – кафедраның жалпы атауы, (тапсырма бойынша) дайындалған құжат;

4 жолы – сол жағында – келісім грифі, оң жағында – бекіту грифі (керек кезінде толтырылады);

5 жолы – құжат атауы (үлкен шрифпен), титулды бет жазылады. Құжаттарға, студенттер дайындаған, көрсетіледі (керек кезінде) тақырып атауы мен пәннәі атау;

6 жолы– оң жағында – құжат дайындағандардың қолы, сол жағында – баға қойылады. Студенттердің дайындаған құжаттарына міндетті түрде қабылдап алған жетекшінің қолы тұруы керек;

7 жолы – құжаттың дайындаған жылы ( «жыл» деген сөз керек емес немесе «ж»).

Жұмысты орындалу көлемі мен шарттары, уақыт бюджеті;

Өздігінен білім алатындардың білімдері мен дағдыларын бекіту үшін жасалынады.



№ және курстық жұмыстың мазмұны мен тақырыптары

Уақыт, орындалатын сағат

1Курстық жұмыс бағыты бойынша әдебиеттер тізімін жинақтау

5

2Кіріспе

5

3 Негізгі бөлім

15

4 Қорытынды

5

5 Рәсімдеу мен қорғау

5

Жалпы:

35

Курстық жұмыстардың тақырыптары




  1. Қосалқы тарихи пәндер тарих ғылымы саласында алатын орны

  2. Қосалқы тарихи пәндердің ғылым ретінде қалыптасуы

  3. Қазақ сфрагистикасының өзекті

  4. Қазақ нумизматикасының өзекті мәселелері

  5. Қазақ генеалогиясының өзекті мәселелері

  6. Қазақ фалеристикасының өзекті мәселелері

  7. Қазақ тарихи антропологиясының өзекті мәселелері

  8. Қазақ тарихи метрологиясының өзекті мәселелері

  9. Қазақ тарихи ономастикасының өзекті мәселелері

жүктеу 318,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау