Жұмыс мақсаты: Сатылы біліктің дәлдік көрсеткішін өлшеу тәсілімен танысу; ИЗВ-2 оптикалық ұзындықөлшегіш және әмбебеп өлшеуіш құралдар көмегімен жұмыс барысын бақылау.
Теориялық бөлімі
Білік дәлдігінің көрсеткіштік мінездемесі және өлшеу тәсілдері.
Өңдеу дәлдігі немесе техникалық дәлдік ыдырау аумағына сәйкес жіберілетін бұйым мөлшерінің шын ауытқу дәрежесімен бағаланады. Өлшеулер түсінігіне сызықтық және бұрыштық биіктіктер, пішіннің ауытқуы және бетте орналасуы жатады.
Кез келген бұйымның геометриялық ауытқу параметрлері, сонымен қоса сатылы білікті де келесідей түрлерге бөлуге болады.
өз өлшемінен ауытқуы
беттік қабатта орналасу бойынша ауытқуы
беттік пішіннің ауытқуы
толқынды беттер және кедір – бұдыр беттер.
Өлшемді ауытқуда біліктің жеке мойындарының диаметрі және беттердің арасындағы қашықтық т.б. ауытқулар бақыланады. Осыған қатысты терминдер мен анықтамалар МЕСТ 25347 (СТ СЭВ 144-75) пен орнатылған.
Біліктің беткі қабаттық орналасуы бойынша ауытқуында көбінесе біліктің цилиндрлы бетінің бірөстілік ауытқуынан жеке остеренің жалпы остерге қатысы бақыланады. Көрсетілген ауытқу 1 тетіктің екі соңғы қиылысында екі өлшеуіш бастар көмегімен 2 өлшенеді. (1 сурет). Бақыланатын бетті өлшегенде бірдей уақыт аралығында екі пышақ тәрізді призмалық тіректер 3 плитаға орнатылады. Біліктің әр бір мойнындағы біростілік ауытқуының биіктігі өлшеуіш бастың жартылай есеп шкаласы бойынша білік өз осін толық бір рет айналуымен анықталады.
Бірөстілік ауытқуда біліктің мойнына орталық остер қатынасы берілген кезде, деталь орталыққа орнатылады (1-ші суретте олар штрихты сызықтармен берілген). Ауытқуларды өлшеу және биіктіктерді анықтау әдісінде бұл ауытқулар алдында берілген мысалдарға ұқсас мысалдармен көрсетілген. Негізгі беттік қабатта орналасу бойынша ауытқу түрлеріне қатысты терминдер мен анықтамалар МЕСТ 24642 (СТ СЭВ 301-76) мен орнатылған.
Біліктің пішіні бойынша ауытқуында, заң бойынша оның цилиндрлы бетте көлденең қимасының және ені бойынша қиылысуында пішін ауытқуы бақыланады. Дөңгелек ауытқу шын профиль нүктесіне жақын дөңгелекке дейінгі ең көп арақашықтықпен анықталады (2.а сурет). Жіберу дөңгелегі Т дөңгелек ауытқуында рұқсат берілген мәндермен анықталады. Ауытқудың жеке түрлеріне сопақтық және огранка жатады. (2.б, 2.в суреттер).
1 сурет – Бірөстілік ауытқуын өлшеу схемасы
Достарыңызбен бөлісу: |