1.6 Бөлшек бетінің кедір – бұдырлығын бағалау
Бөлшек бетінің кедір – бұдырлығын сапалы анықтау, үлгілердің немесе үлгілі бөлшектердің көзбен немесе қолмен салыстыру арқылы жүргізіледі. МЕСТ 9378 механикалық өңдеумен алынған, үлгінің кедір – бұдырлығын тағайындауда гальванопластика бойынша оң іздерді алу және пластмасса іздерін бетке жағу қолданылады. Әрбір үлгіде өңдеу түрімен параметр өлшемі мкм мен көрсетіледі. Беттің кедір – бұдырлығын көзбен анықтауда, дәлдігі жоғары болу үшін салыстырмалы түрде микроскоп, лупа қолданады.
Беттерді өңдеу тәсілдері
2б
2 сурет − Беттің кедір – бұдырлық құрылымының белгіленуі
Отандық өндірісте шығарылатын бір типтік құралдардың сипаттамасы 1- кестеде көрсетілген.
Кесте 1 − Беттің кедір – бұдырлығын анықтауда бір типті құралдардың негізгі метрологиялық сипаттамасы
Құрал типі
|
Атауы
|
Анықталатын параметрлері
|
Өлшеу шегі
|
Өлшеу қателігі %
|
Өлшеу ерекшелігі
|
МС 51
|
Салыстыру микроскопы
|
−
|
−
|
−
|
Үлгімен салыстыру, байланыссыз
|
МИС–11
|
Ауыспалы обьективі бар қос микроскоп
|
Rz; Rmax
S, Sm
|
0,8-80
|
6-32
|
Жарықтық қима, байланыссыз
|
ОРИМ-1
|
Растрлық
микроскоп
|
Rz, Rmax
|
0,4-40
|
16
|
Муаровты кесінділер
|
253
252
|
Профилометр,
Профилограф
сандық есептеуіші бар
|
|
2,5-0,04
250-0,02
60-0,05
|
10
10
|
Индуктивті түрлендіргішпен,
байланыссыз
|
Осы жұмыста тетіктің беттің кедір-бұдырлығының анықтау үшін ауыспалы объективтермен МИС−11 микроскобы қоданылады. Объективтердің сипаттамаларды 2 кестеде келтірілген.
2 кесте
Кедірбұдыр-лықты бойынша
өлшеу аумағы, мкм
|
Объектив
шифрі
|
Фокустық
арақашықтық
F, мм
|
Микроскоптың бөлік құны, Е
|
Объектив
үлкеюі
|
Өлшеу қателігі, %
|
80−10
|
ОС−39
|
25,9
|
0,13
|
5,9
|
6−22
|
20−6,3
|
ОС−40
|
13,9
|
0,30
|
10,6
|
10−25
|
10−3,2
|
ОС−41
|
8,2
|
0,37
|
18
|
12−30
|
3,2−1,6
|
ОС−42
|
4,3
|
0,50
|
34,5
|
25−32
|
2 МИС – 11 микроскоптың бейнелеуі
МИС – 11 микроскобының жұмыс істеу принципі зерттелетін беттің профилін алуда, көлбеу түскен жарық шоғының түсуіне негізделген. 4 суретте оптикалық микроскоптың принципті сызбасы көрсетілген. Жарық шоғы саңылау арқылы диафрагма (1), содан кейін обьективке (2) түсіп, бетті жарықтандырады. Зерттелген бетке түскен (3) жарық шоғы 45° түседі. Беттің тегіс еместігі, жарық сәулелері жарық бетке түскенде ығысады. Жолақтын формасы зерттелетін профиль формасына тең. Қисайған жарық жолағы микроскоптағы обьективте (4) көрініп, окулярдің фокальді жазықтықтығына (5) түсіріледі. Микроскоп төрт ауыспалы, үлкею шегі 5,9-34,5 дейін жететін обьективі бар. Микроскоп көмегімен зерттелетін бетті суретке түсіруге мүмкіндік береді. Суретке түсіру үшін фотоотырғызу қолданылады. МИС – 11 оптикалық микроскобының көру аймағы кіші диаметрлі стандартқа сәйкес емес ұзындыққа тең.
МИС – 11 оптикалық микроскопының жалпы көрінісі 5 суретте көрсетілген. Микроскоп ауқымды негізге (1), вертикальді бағыттаушы білік бекітіліп (2), бұрандамасымен (4) кронштейнге (3) орнатылады.
Кронштейнге өткізуші (5) жалғанып, бақылау микроскобымен (6) жарықтандыру микроскобы (7) бір − бірімен 45° бұрышта орналасуына мүмкіндік береді. Бақылау микроскобында екі микрометрлік бұрама (9) отырғызу орналасқан. Бұрама микроскоптың орын ауысуына көмектеседі. Микроскоп негізінде денені қоятын үстелді (11), микрометрлі бұрама (12,13) көмегі мен екі бағытта қозғауға болады. Ауыспалы жарық сүзгісі бар лампа микроскоп комплект жиынына кіреді де, зерттелетін бөлшекті жарықтандыруына қызмет етеді. Микроскоптың жарық лампасы трансформатор мен 220 В желіден қоректенеді.
3 Жұмысты орындау тәртібі
3.1 МИС – 11 оптикалық микроскоптың құрылысы мен танысу және есеп беру парағына (1.2) негізгі мәліметтерді жазу.
3.2 Желіге микроскопты қосып, өткізгіш (5) қозғалысының көмегімен, үстелге (11) қатысты окулярдың көрінісін саңылаудан алу.
3.3 Сүзгісі бар жарықтандыру лампасын желіге қосып, бұйымды жарықтандыру арқылы көрінісіне жету.
3.4 Жарық саңылауындағы бес шығыңқы және бес ойық нүктеде өлшеу жүргізіп, мәліметтерді кестеге жазу.
3.5 Өлшеуден кейін МИС – 11 құрылғысын желіден өшіру.
3.6 Формула бойынша Rz параметрінің нақты өлшемін анықтап, 3 кестеге жазу.
3.7 Беттің кедір − бұдырлық үлгісі бойынша бөлшектің кедір − бұдырлығын анықтап, кестенің сәйкес бөлігіне енгізу.
3.8 Үлгімен жұмыс істеп біткен соң, үлгілерді қораптың сәйкес ұяшығына салу.
3.9 МИС – 11 микроскоптан алынған нәтижені оқытушы берген мәліметпен салыстыру.
3.10 Нәтиже бойынша бұйымның жарамдылығын анықтап, нәтижені оқытушыға көрсету.
3 кесте
Көрсеткіш атауы
|
Сандық мәні
|
Жарық саңылуының шығыңқы нүктесінің биіктігі,
|
|
Жарық саңылуының ойыс нүктесінің биіктігі ,
|
|
Жарық саңылуының орташа тегіс емес өлшемі,
|
|
Бөлшек бетінің нақты профильнің биіктігі, Rz, мкм, (МИС−11)
|
|
Бөлшек бетінің нақты профильнің биіктігі Rz, мкм
(кедір-бұдырлығының үлгілері)
|
|
Бөлшектің бетінің керекті мәні,
Rz, мкм
|
|
4 сурет МИС – 11 оптикалық микроскоптың принципиалды сызбасы
5 сурет МИС−11 микроскоптың жалпы көрінісі
Достарыңызбен бөлісу: |