Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



жүктеу 156,72 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі156,72 Kb.
#4105
түріНұсқаулар




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Орындаушылық өнер кафедрасы

050106-«Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне арналған

«Хорд жүргізу» пәні бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ

Павлодар


Теориялық курстың мазмұны

1,2 тақырып.Қазақстандағы хор мәдениетінің дамуы.

Қазақстандағы хор мәдениетін өркендетушілер, ұйымдастырушылар. Орта Азиялықтардың ән салу дағдылары. Ән жанры мен хор мәдениетінің тұтастығы. Халықтық стиль. Қөркем өнерпаздар коллективінің пайда болуы. Профессионалды, академиялық хорлар, балалар хор мәдениетінің өсуіне туысқан мектептердің әсері.

Коллективпен жұмыс жүргізудегі хор мәдениетін ұйымдастыру.

3,4 тақырып. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие берудегі хордын алатын орны.


Музыкалық өнердің тәрбиелік мәні. Өнердің бір саласы хор. Халықтық дәстүрдегі жұмыстары,оның мақсаты,мазмұны. Бесік жыры, айтыс, жар-жар

т.б.


5,6 тақырып.Хор өнерін өркендету шаралары және көрнекті хор дирижерлары, композиторлары.

Көрнекті дирижерлар: А.А.Юрлов, К.Б.Птица, В.Н.Минин, Г.Струве, В. Соколов, т.б. Қазақстанның хор өнеріне үлесін қосқан хор дирижерлары және

басқарушылары. Хорға арналған шығармалар жазушы композиторлар: Қ.Қуатпаев, И. Нүсіпбаев, Б. Байқадамов т. б. Халық әндерін хорға лайықтаушы және өндеуші композиторлар.

9-10 тақырып.Хор жанрлары


Академиялық хорлар, халық хорлары .Халықтық хорлардағы ұлттық формалар. Қазақ халқының әдет-ғұрпына байланысты хор коллективтерінің құрылу ерекшеліктері. Көркем өнерпаздар ұйымы. Оқу саласындағы хор үжымының жұмыстары. Опера хорының ерекшеліктері. Филармониядағы хор капелласы. Капелланың репертуар ерекшеліктері. Балалар хор коллективіне шолу. Ән-би ансамбілдері. Көркем-өнерпаздар үйымы.

13-14 тақырып.Вокалды-хор ұйым.

Хор партитураларының қалыптасуы. Дауыс аппаратының қызметі туралы негізгі түсінік.(тыныс алу, дыбыстың пайда болуы, резонаторлар).

Регистр. Әншінің дауыс ерекшелігіне байланысты регистрдің шығу өлшемі.Примарлық зона. Диапазон (дауыс көлемі жалпы және жұмыс кезіндегі).Тесситура. Дауыстың тесситурасына байланысты кездесетін қиындықтар (төмен, жоғары).

Хор партитураларын құру.Дауыстардың түрлеріне қарай ерекшелеу



17-18 тақырып. Вокалды-хор техникасының элементтері

Ән салу – күрделі, тұтас процесс. Есту мен дауыстың байланысы

Дауыс аппаратының құрылу ерекшеліктері және оның негізгі бөліктері: дем алу, жұтқыншақ, артикуляциялық аппарат және олардың қызметі.

Дауыс аппаратының регистрі. Примарлы зона.

Вокалды хор тәсілдері. Ән салу қалпы. Демді алу. Демді ұстап тұру және шығару (жіберу). Хордағы тізбекті дем алу ерекшеліктері. Шығармаларды орындауға бағытталған көркемдеу жолы және тыныс алу.

21,22,23 тақырып. Ансамбль және хордағы строй

Ансамбль туралы түсінік. Хормен орындаудағы көркем-мәнерліктің негізгі амалы-ансамбль екенін дәлелдеу.Сыртқы және ішкі жағдайдағы ансамбльдің шығуы (орны, акустика,әншілер).

Жеке ансамбль- партиялардың ансамблі: ритмикалық, динамикалық, темптік, тембрлік ансамбльдер. Жалпы ансамбль-тутас хордың ансамблі. Жеке ансамбль мен жалпы ансамбльдің байланысы.

27,28 тақырып. Хордағы көркем-мәнерлікпен орындаудың амалдары

Хордағы музыкалық тіл элементі: әуен, гармония құрылысы, метрі, ритмі, нюанс, тембр, т.с.с.

Әуен (мотив), фразалар, сөйлемдер, бөліктер, (период), олардың композициялық бір – бірімен байланысы.

Көркем-мәнерліктің амалы: ритм, хор музыкасындағы ритмнің қызметі.


Зертханалық жұмыстың мазмұны

  1. Көрнекті хор дирижерлары.Халық әндерін хорға лайықтаушылар, өндеушілер. Балалар хорына үлесін қоскан композиторлар.

Көрнекті дирижерлар: А.А.Юрлов, К.Б.Птица, В.Н.Минин, Г.Струве, В. Соколов, т.б. Қазақстанның хор өнеріне үлесін қосқан хор дирижерлары және

Басқарушылары. Хорға арналған шығармалар жазушы композиторлар: Қ.Қуатпаев, И. Нүсіпбаев, Б. Байқадамов т. б. Халық әндерін хорға лайықтаушы және өндеуші композиторлар.

Мәдени-ағарту салалары: мәдениет сарайы, театр,оқушылар сарайы, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындары, мектеп, әртүрлі қоғамдық ұйымдар,т.б. Дәстүрлі жиындар, республика аралық байқаулар, конкурс,концерт, фестиваль, олимпиада,оқу бағдарламасы, тематикалық конкурстар т.б.

2. Мәдени-ағарту салалары: театр, оқушылар сарайы, мектеп, әртүрлі қоғамдық ұйымдар.Дәстүрлі жиындар: конкурс, фестиваль, олимпиада,т.с.с.

3. Хорлардың түрлері. Капелланың репетуар ерекшеліктері. Оқушылар хорын ұйымдастыру.

Академиялық хорлар, халық хорлары .Халықтық хорлардағы ұлттық формалар. Қазақ халқының әдет-ғұрпына байланысты хор коллективтерінің құрылу ерекшеліктері. Көркем өнерпаздар ұйымы. Оқу саласындағы хор үжымының жұмыстары. Опера хорының ерекшеліктері. Филармониядағы хор капелласы. Капелланың репертуар ерекшеліктері. Балалар хор коллективіне шолу. Ән-би ансамбілдері. Көркем-өнерпаздар үйымы.



4. Интонация, интервалдың орындалу ерекшеліктері.Строймен жұмыс жасауда дирижердің ролі.

Строй және есту қабілеті. Хор әншілерінің гармониялық және мелодиялық есту қабілеті жетілдіру. Алдын ала аккордтарды есту тәсілдерін үйрету. Стройдың вокалдық элементтерімен байланысы.

Строймен жұмыс жасауда дирижердің ролі. Строймен жұмыс жасау кезінде фортепиано (аспапты) пайдалану.

Балалар хорындағы строймен жұмыс. Ладты негізінде балалардың естуін жетілдіру. Жұмыс кезіндегі хор жетекшісінуң таза айтуды көрсетіп баулуы. Хор коллективінің белсенділігі арттыру. Хорда строй жасауда ән салу ережесін пайдалану



5. Хор партитураларын құрау, дауысқа бөлу. Резонаторлар және регистрлер.

Хор партияларының тесситуралық жағдайына байланысты ансамбльдер (нақты және жасанды). Аккордтар. Шығарманың фактуралық құрылмына байланысты хордағы ансамбль. Гармониялық және гомофонно-гармониялық құрылымдағы ансамбль.

Дыбыстың бірқалыпты болуына, жоғарғы позицияда дыбысталудың қалыптасуына, әрбірхор топтарың дауыс диапазонының кеңсюіне, және дауысты дыбыстар тегістігіне, принциптері.

6. Көп дауысты шығармалар. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып топтастыру.Мутациялық кезең. Есту қабілеті.

Көп дауысты шығармалар. Операдағы көп сценалы хорлар.

Хор партитуралары. Партиялардағы хор дауыстарының орналасуы. Хор артистерінің вокалдық қабілеті. Олардың саны.

Нота кілті мен парнтиялардың жазылуы.Хор партитураларға бөлініп жазылу ерекшеліктері

Балалар дауыс құрылысының және физиологиялық, анатомия ерекшеліктері. Әр топтағы балалар: мектепке дейінгі, төменгі класс оқушылары, жас жеткіншектер (төменгі және жоғарғы клас оқушыларына) балалар дауысына сипаттама.Әрбір топтағы дауыс қурылысы. Примарлық зона, фальцет, балалар дауысындағы кеуде регистрі.

Мутация, алдынғы және мутациялық, мутациядан кейінгі кезең.

Қыздардың мутациялық кезендегі ерекшеліктері.

7. Камертонмен жұмыс істеу. Дем алу ерекшеліктері. Жаттығу жасаудың мақсаты.Дауысты, дауыссыз дыбыстар.Дикция, артикуляция.

Тесситура мен дикция. Хормен орындаудағы негізгі мақсатының бірі тындаушыларға сөз текстін мәнерлеп жеткізу.

Жаттығу жасау, декламация, вокализация, скороговорка,(тез сөйлеу).

Орындаушының шеберлігі, сөз текстінің оймен ұштасып келуі.

Хор жаттығуларын тандай білу, принциптері: жай және күрделі жаттығулар.

Тембрлік бояуына сәйкес әрбір хор тортарымен жеке жұмыс жасау



8. Ансамбль туралы түсінік.Балалар хорындағы ансамбльдің ерекшеліктері. Хордағы музыкалық тіл элементтері.

Поэтикалық текст. Нюанстер.Музыкалық темптер.
Көркем образдың дәл шығуына ансамбльдің әсері.

Жеке ансамбль- партиялардың ансамблі: ритмикалық, динамикалық, темптік, тембрлік ансамбльдер. Жалпы ансамбль-тутас хордың ансамблі. Жеке ансамбль мен жалпы ансамбльдің байланысы.

Хор партияларының тесситуралық жағдайына байланысты ансамбльдер (нақты және жасанды). Аккордтар. Шығарманың фактуралық құрылмына байланысты хордағы ансамбль. Гармониялық және гомофонно-гармониялық құрылымдағы ансамбль.

Полифониялық шығармадағы ансамбль.

Мелодиялық желісіне сай қолданылатын тәсілдер. Жеке дауыс пен хор ансамблі. Хор мен оркестр арасындағы ансамбль.

Шығармадағы әртүрлі топтар: хор негізгі дауыс, хор мен оркестр, хор мен аспаппен қатар болғандағы, хордың негізгі музыкалық желісін атқаратын кезеңіндегі ансамбль ерекшеліктері.



Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1) Ансамбль туралы.

2) Музыкалық строй және интонация.

3) Дауысты және дауыссыз дыбыстардың хорда орындалуы.

4) Нюанстер.

5) Вокалды хор техникалары.

6) Хор шығармаларын талдау.

7) Хор партияларымен жұмыс.

8) Хор жаттығулары.

9) Хор партияларының диапазондары.

10) Музыкалық терминдер.

11) Шығармалардың қөркемдік идеясын ашу.

12) Хор әдебиеттерін оқу: П.Чесноков, В.Соколов және т.б.

13) К.Әсембекова «Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері», А., Жалын,1979ж.

14) Н.Кетегенова «Композиторы и музыковеды Казахстана»,А.,1973ж.

15) Ж.Рсалдин «Әннен-операға».,А.,Жазушы,1971ж



Негізгі әдебиеттер:

1.Асафьев Б.А. Хоровая литература. В сб.Русская музыка XIX и начала XX в. Л.,1968г

2.Вопросы хороведения на музыкально-педагогическом факультете.1981

3.Дмитревская К.Н. Русская советская музыка. М.,1974

4.Ерзакович Б.Г., Қоспаков З.Қ. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. Ғылым басп.1986

5.Қазақстанның музыка мәдениеті. Құр.Аравин И.В.,Ерзакович Б.Г.,Алматы,Мектеп басп.1957

6.Ерзакович Б.Г. Народная музыка Казахстана.Алматы.,Жазушы.,1975

7.Соколов В. Работа с хором.1967

8.ЖубановА.К. Ән сапары. А.,1975

9.Струве Г. Музыкальное воспитание.М.,1978

10.Дмитревская А.Г.,Черноиваненко Н.М. Методика музыкального воспитания в школе., М.,1989

11.Жаңғырған салт-дәстүрлер. Қүр.Қазбеков м.,Алматы.1991

12.Табылдиев Ә. Халық педагогикасы және тәрбие. Журнал «Бастау мектеп»ғ.12.,Алматы .1991

13.Жакеева Б.К. Хор үйермесінен жұмыс. Алматы. Өнер.1988

14.Әбуова К. Хор жүргізу.Алматы.1993., Респ. Баспа кабинеті

Қосымша әдебиет:

1.Краснощеков В.И. Вопросы хороведения.М., 1969

2.Попов С.В. организационные и методические основы работы самодеятельного хора.М.,1961

3.Полтавцев И.,Светозарова М.Курс чтения хоровых партитур.чI,II., 1962,1693

4.Хрестоматия по дирижированию.Сост.БарановБ.Б.,М.,1967

5.Безбородова Л.А.Дирижирование. М.,1960

6.Қазақ халкының музыкалық творчествасы. Мет.нұсқау.А.,1989

7.Төлебаев М. Әндер,хорлар. Мектеп.А.,1960

8.Омаргазиева Б.Т.Өнер тәрбиелейді.Алматы.Білім.,1988

9.Нұғыманова Ә.Қазақтың әншілік дәстүрі.Алматы.,1975



10.Балаларға арналған хрестоматия.НұрымбетовТ.,

МамизеровВ.,А.,1999
жүктеу 156,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау