Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 450,62 Kb.
бет2/2
Дата10.12.2017
өлшемі450,62 Kb.
#3720
түріНұсқаулар
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы
Адам экологиясы пәні бойынша

050608 Экология мамандығының студенттеріне арналған

зертханалық сабақтарды орындауға арналған
Әдістемелік Нұсқау

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






ПМУ ҰС Н 7.18.3/41




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор ___________ Н.Э.Пфейфер

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: аға оқытушы Есимова Д.Д.
Биология және экология кафедрасы
Адам экологиясы пәні бойынша

050608-Экология мамандығының студенттеріне арналған


Зертханалық сабақтарды орындауға арналған

Әдістемелік Нұсқау

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Исимбеков Ж.М. 20__ж. «____» ________
ХТжЖ факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________№____ хаттама


ОӘК төрағасы _______________Буркитбаева У.Д. 20__ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________Варакута А.Д. 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ хаттама



1 Пәнді оқытудың мақсаты – адамдық қоғамда өтетін процесстер мен адамның өмірлік ортасын оңтайландыруды жүзеге асыруға көмектесетін ақпаратпен қоғамды қамтамасыз ету.

Пәнді оқытудың міндеті

  1. Адамның әлеуметтік жағымды және зиянсыз, экологиялық таза ортасын жасау

  2. Халыққа табиғи, әлеуметтік және тұрмыстық факторлардың мәдениетің, дәстүрдің, діннің әсерінің заңдылықтарын оқып үйрену.

  3. Экологиялық-әлеуметтік-демографиялық процесстердің салдарын, бағытын анықтап, олардың түзілу себептерін айқындау.

Пәнді игеру барысында студенттер міндетті:

Түсініктері болуы керек:

- Адамның қоршаған ортаға әсерінің деңгейі туралы;

  • Қоршаған орта сапасын реттеу мәселелері туралы;

  • Адам экологиясы – антропологиясының биологиялық аспектілерін;

  • Адам экологиясының әлеуметтік аспектілерін;

  • Антропологияның практикалық бағыттарын.

Студент істей білуі керек:

- алған теориялық және практикалық білімдерін қызметте қолдана білу;

- антропогенді факторлардың әсерінен адам өмірінің ұзақтығын өзгеруін анықтай білу;

- ортаның ластану деңгейін бағалау (атмосфералық ауа мысалында);

- тамақ өнімдерінде ластану заттарының мөлшерін анықтай алу (нитраттар мөлшерін және т.б.).
Зертханалық сабақтардың мазмұны
5 Тақырып. Қоғамдық денсаулық экологиясы. Халықтың өмір сапасы мен тіршілік түрі.

Зертханалық жұмыс №1 Студенттердің денсаулық күйін анықтау

Жұмыс мақсаты: студенттердің денсаулық күйін қарапайым әдістермен анықтау

Тапсырмалар:


  1. Артериялық қысымды өлшеу, қанның систоликалық көлемін есептеу әдісімен, қанның минуттық көлемін өлшеу

  2. Бойларының жастық ерекшеліктерін – салмақтық қатынас арқылы:

Әр студенттің бойын ростомер немесе сантиметрлік лента арқылы өлшеу; салмағын өлшеу; әрбір студенттің параметрлерінің бой-салмақ қатынастар таблицасына сәйкестігін анықтау.

Идеалды салмақ есептеулерін мына формулалар арқылы есептеу:



  • Бойы (см) – дене салмағы (кг) = 105 тен 115 ке дейін

  • Бойы (см) / дене массасы (кг) = 2,3 тен 2,8 ке дейін– норма, 2,5 – 2,6 – идеал

  • Дене салмағы (кг) / бойы (м2) = 21

  • Бойы (см) – 100 (немесе 110) = қалыпты салмақ шектері

  1. Тамақтанудың күндізгі рационын жасау

Азық-түліктің калориялық кестесін пайдалана отырып, студенттің физикалық белсенділігіне сүйеніп, тамақтанудың рационын жасау.

Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады. Ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.



Ұлпа сұйықтығы Ұлпа сұйықтығы түссі, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.

Лимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады.

Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады.

Қан плазмадан (55%) – жасуша аралық заттың сұйықтығы мен форменді элементтерден (45%) – эротроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит) пластинкаларынан тұрады.

Қан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл  негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады.

Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.



Қанның қызыл түйіршіктері немесе эротроциттер –бұл ядросыз екі жақты ойыс пішінде қан жасушалары, оның диаметрі 7,5 мкм.

Қанның 1 мм3 көлемінде 5 млн эротроцит болады. Бір адамның эротроциттер мөлшері 3800 м2. Олардың негізгі қызметі - өкпеден ұлпаға оттегін өткізу болып табылады.  Эротроциттер қызыл сүйек майында пайда болады. Олар 3-4 ай бойы тіршілік етеді. Көне эротроциттер көк бауырда ыдырайды. а) сау адамның эритроциттері; ә) ауру адамның гемоглобинінің эритроциттері.Америкалық ғалым Л.Полинг 1951 жылы үлкен жаңалық ашты. Медицинада “орақ пішінді клеткалық анемия” дейтін ауру белгілі. Бұл аурумен ауырған адамдардың қанындағы эритроциттер “орақ” пішінді болады. Аурудың аты осыған байланысты аталған. Орақ пішінді эритроциттер оттекті тасымалдау қасиетінен айырылады немесе өте нашар тасиды. Л.Полинг осы аурумен ауыратын адамның клеткасы мен дені сау адамның клеткасының гемоглобиндерінің бірінші  деңгейіндегі молекулалық құрылымын зерттеген. Ауру адамның гемоглобинінің құрамындағы амин­қышқылдарының тізбегіндегі алтыншы орында тұрған “глутамин қышқылының” орнын “валин” басатынын анықтаған.

а) сау адамның гемоглобинінің тізбегі; ә) ауру адамның гемоглобинінің тізбегі.

Міне, бұл аурудың себебі гемоглобин құрамындағы бір ғана аминқышқылының орын ауыстыруына байланысты екендігі осы тізбектен көрініп тұр. Сонымен қатар, Л.Полинг пептид молекула­сының берік­тігі оның құра­мын­дағы оттек пен азот атомдарының сутектік бай­ланыспен байланысуына негізделген деген қорытынды жасады. Бұл еңбектері үшін Л.Полинг 1954 жылы Нобель сыйлығына ие болды.



Қанның  ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер – ядросы бар және белменді амеба тәрізді  қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.

Олардыңтіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер  қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.



Қанның пластинкалары немесе тромбоцит – ұсақ (2-5 мкм диаметрінде) ядросыз денешіктер 1 мм3 көлемінде 250-400 мың тромбоцит болады, олар қан ұю процесіне қатысады.

Қанның қызметі

Қан келесі қызмет атқарады:



  1. асқорту– қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

  2. бөліп шығару– қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдері шығарады;

  3. тыныс алу - өкпе мен ұлпалардыңарасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

  4. регуляторлық  - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді)

  5. қорғаыш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар -  антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады.

  6. терморегуляторлық– қан организмнің тұрақты дене қызуын сақтайды.

Қан ұю

Қан ұю – күрделі прцесс, ол фибриноген белоктың ерімейтін фибринге айналу барысында жүреді. Сол кезде пайда болған ұйыған қан – тромб фибрин талшықтарынан және қан жасушалардан құралады, ол қан тамырын тығындайды да қан кету тоқтатады. Қан ұю процесіне қажетті жағдайлар:плазма құрамында кальций тұздары және тромбоциттердің болуы. Кальций тұздары протромбин ферментін белсендіреді, ал тромбоциттерден (олардың қабы бұзылғанда) плазмаға протромбинді ферментің белсенді фибринге айналдырады, ол фибриногенді фибринге айналдырады да қан ұю жүреді. Қан ұю – организмнің өте маңызды бейімделуі, ол қан кетуден сақтайды. Гемофиля ауруымен ауырғандарда қан ұю қасиеті болмайды.

Қан құю

Қан кету өмірге қауіп тудырады, себебі организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын бұзады, қан қысымын төмендетеді және гемоглобиннің саны азаяды. Қан құю ертеден белгілі, бірақ қан құюдың амалдары көбінесе өліммен аяқталған. Тек 1901 жылы адамның қанының тобы аңықталғанмен, бір адмның қаны екінші адамның қанына кейде сәкес келмегендіктен аңықталды. Оны К. Ландштейнер деген ғалым ашты.  Эротроциттердің желімдеу (агглютинация) себеп болатын донорлық  эротроцит құрамындағы зат – агглютинин ( немесе/және ) заттары. Желімдеу тек бір жағдайда болады, егер агглютиноген А, агглютинин  және агглютиноген В, агглютинин  кездесе ғана жүреді. Адамдардың қаны төрт топқа бөлінеді, олардың құрамында  А агглютиноген және агглютинмен ал  В агглютиногені агглютинмен кездескенде ғана эротроциттер жойылуы байқалады:



Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу

Медициналық генетиканың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі — тұқым қуалайтын аурулардың биохимиялық механизмдерін анықтап, соның негізінде оларды емдеудің жолдарын іздестіру. Мысалыға, қантты диабет ауруын алайық. Бұл ауру ұйқы безінің гормоны — инсулиннің түзілмеуіне байланысты болады, оны рецессивті ген анықтайды. Қантты диабетті организмге инсулин енгізу арқылы ғана емдейді. Бұл жағдайда тек ауру ғана, яғни “зиянды” геннің фенотиптік көрінісі емделеді. Емделіп жазылған адам ол генді өзінде сақтап, келесі ұрпағына береді. Қазіргі кезде көптеген тұқым қуалайтын аурулардың биохимиялық механизмдері анықталған. Соның бірі шизофрения ауруының бір түрі — фенилкетонурия. Бұл аурудың биохимиялық негізін зерттегенде белок құрамына кіретін фенилаланин аминқышқылы триптофанға айналуы керек. Оған арнайы фермент қатысады. Ал ол ферменттің қызметін белгілі бір ген бақылайды. Егер ол ген өзгеріске ұшыраса, аталған биохимиялық алмасулар дұрыс жүрмейді, яғни фенилаланин триптофанға айналмайды. Сондықтан оның концентрациясы артып кетеді. Мұндай жағдайда адамның миы мен жұлыны зақымдалып,  психикалық ауруға ұшырайды. Осындай механизмдері анықталғаннан кейін фенилкетонурияны емдеудің де жолдары табылды. Ол үшін құрамында фенилаланин аминқышқылы аз тағамдармен тамақтану керек немесе қажетті ферментті организмге егу қажет. Адамда жақсы зерттелген мәселелердің бірі — қан топтарының тұқым қуалауы. Соның ішінде резус-факторды алайық. Резус-фактордың қанның құрамында болуын анықтайтын ген екі түрлі жағдайда болады: біреуі оң резус “+”, екіншісі теріс резус “—”. Резусы “теріс” әйел, резусы “оң” ер адаммен некелескенде оң резус болуды анықтайтын геннің доминантты болуына байланысты ұрық әкесінен осы қасиетті алады. Сөйтіп анасының қанына ерекше зат — антиген жасап шығарады. Ал анасының организмінде оған қарсы антиденелер түзіледі. Олар ұрықтың қан жасалу жүйесін бұзады. Нәтижесінде ана организмі мен ұрық уланады. Бұл ұрықтың өліміне апарып соғады.


Бақылау сұрақтары:

1. Организмнің ішкі ортасына не жатады?

2. Қанның қызметі не болып табылады?

3. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу қалай жүргізіледі?


Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Прохоров Б.Б. Экология человека. М.: Academa, 2003

  2. Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. М.: Владос, 2003

  3. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов-на-Дону: Феникс, 2005

Қосымша


  1. Черняховский Э.Р. Управление экологической безопасностью. М.: Альфа-Пресс, 2007

  2. Пехов А.П. Биология с основами экологии. С-Пб.-М.-Краснодар: «Лань», 2004

  3. Большая энциклопедия Жизнь и здоровье женщины. М.: Олма-медиагрупп, 2004

  4. Полная энциклопедия Жизнь и здоровье мужчины. М.: Олма-медиагрупп, 2005. Т.1-2


5 Тақырып. Қоғам денсаулығының экологиясы. Халықтың өмір сапасы және өмірлерінің бейнесі.

Зертханалық жұмыс №2. Антропогендік фактордың әсерінен адам өмірлерінің ұзақтығының өзгеруі.

Жұмыстың мақсаты: Халықтың өмірінің өзгеруін зерттеу (бірнеше онжылдық ішіндегі мәлімет) және бұл жағдайды мүмкіндігінше түсіндіруді ұсыну.

Тапсырма: Мәліметтерді жинау үшін бірнеше ескі зираттар қолданылады, соңғы 80-100 жыл ішіндегі адамдардың 80-100 зираттарды тандап алып, туған жылы және өлімі, жынысын көшіріп алу керек.

Қисықты құру керек адамның мәліметі үшін немесе жыныс белгісі бойынша. Көрсеткіштерді класстарға бөлеміз. Мәліметтерді абцисса және ордината осьтеріне үлестіру.

Сосын материалдарды жинастыру

Графиктегі қисықтарды салыстыру және соңғы 50-100 жыл ішіндегі жастық топтардағы өзгерістерді түсіндіру.

Организмде жас өзгерістерінен заңды түрде туындайтын жаңылмас физиологиялық үрдісі бұл – қартаю. Организмнің қартаю деңгейіне генетикалық фактордан басқа сол организм µмір сүріп жатқан қоршаған орта мен тіршілік жағдайлары да әсер етеді. Қартаю үрдісінің жылдамдығы әдетте, календарлық пен биологиялық жасты салыстыру арқылы анықталады. Зат алмасу, құралым, қызмет-әрекет ерекшеліктерінің сыртқа ортаға бейімделуі мүмкіншілігі жиынтығымен анықталатын адамның биологиялық қалып күйін "биологиялық жас" деп тусіндіреді. Биологиялық жас /БЖ/ қаншалықты календарлық жасқа /КЖ/ сәйкес келсе, соғурлым қартаю үрдісі қалыпты өтіп жатқаны көрінеді.

БЖ анықтау - бул организмдегі қартаю үрдісін жүйелі түрде тежеудің амалы. Ерлер мен әйелдердің БЖ анықтау үшін түрлі фомулалар қолданылады:



Ерлер үшін: БЖ=26,985+(0,215*АСҚ)-(0,149*ТТҰ)-(0,151*СТ)+ (0,723*ДСБ)

Әйелдер үшін: БЖ=- 1,463+(0,415*АПҚ)-(0,140* СТ)+(0,248*ДС)+(0,694*ДСК)

Мұнда: АСҚ - артериалық-систолалық қысым; АПҚ - артериалық-пульстік қысым. Бұл көрсеткіштер тонометр аппаратының көмегімен отырған қалыпта, 5 минуттық аралықпен 3 рет анықталып, ең кіші мәні тіркеледі.

СТ - статикалық тепе-теңдік - ұрақты тепе-теңдікте аяқ киімсіз, сыналушы оң аяғын тізесінен бүгіп, сол аяғымен тұру қалпында анықталады. СТ-ті 5 минуттық аралықпен 3 рет анықтайды. СТ кезінде (алдын-ала жаттықпастан) көз жұмулы, қолдар дене бойында түскен қалыпта болуы керек. Сол қалыпта қанша уақыт тұруының ең жақсы нәтижесі тіркеледі.

ТТҰ - тыныс тоқтату ұзақтығы. ТТҰ терең тыныс алғаннан кейін 5 минуттық аралықпен 3 рет өлшеніп, ең жоғарғы нәтиже есепке алынады.

ДС - дене салмағы /кг/.

ДСБ - денсаулықтың субьективті бағасы 29 сұрақтан құралған сауалнама көмегімен анықталады:

1. Басыңыз ауыра ма?

2. Қандай дыбыстан болмасын тез оянамын деп,- ойлайсыз ба, өзіңізді?

3. Жүрегіңіздің тұсы ауырып, мазаңызды ала ма?

4. Соңғы кезде көзіңіз нашар кµреді деп есептейсіз бе?

5. Соңғы жылдары, есту қабілетіңіз нашарлады деп ойлайсыз ба?

6. Әрқашан қайнаған су ішүге ынталысыз ба?

7. Жасы кішілер сізге автобуста, трамвайда, троллейбуста орнын бере ме?

8. Буындарыңыз ауыра ма?

9. Жағажайға барасыз ба?

10. Сіздің хал-жағдайыңызға ауа райы өзгерістерінің әсері тие ме?

11. Толқыған сәттерде ұйықтай алмау ,сізде, болып тұра ма?

12. Үлкен дәретке отыра алмау бола ма ?

13. Бұрынғыдай өзіңізді жұмысқа қабілеттімін деп есептейсіз бе?

14. Бауырыңыз тұсы ауыра ма?

15. Басыңыз айналатын кездер бола ма?

16. Өткен жылдарға қарағанда қалай ойлайсыз, жинақылаусыз ба?

17. Есте сақтаудың нашарлауы, ұмытшақтық мазалай ма?

18. Денеңіздің әр жерінде күйдіргі, шаншу, муздай діріл сезетін болдыңыз ба?

19. Өзіңізді қуанышты, аса көңілді, бақытты сезінетін кездеріңіз бола ма?

20. Құлағыңызда шуылдар пайда болып, мазаланасыз ба?

21.Үйіңіздегі мынадай дәрі-дәрмектерді: валидол, жүрекке қажетті тамшыларды өзіңіз үшін ұстайсыз ба?

22. Аяғыңыз ісе ме?

23. Кейбір тамақтардан бас тартатын болдыңыз ба?

29. Тез жүрген кезде ентігесіз бе?

25. Беліңіз ауыра ма?

26. Емдеу мақсатымен минералды су ішуге ынталысыз ба?

27. Мазасызданасыз ба?

26. Сізді жоқ нәрседен жылайды деп айтуға бола ма?

29. Өз денсаулығыңызды қалай бағалар едіңіз?

Алғашқы 28 сұраққа "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру керек. "ИӘ" деген мына сұрақтарға 1-8, 10-12, 14-18, 20-28 және "ЖОҚ" деген мына сұрақтарға № 9,13,19 жауап қолайсыз болып есептелінеді. 29-шы сұраққа "жақсы", "қанағаттанарлық", "нашар", "µте нашар" деп жауап беріледі. Соңғы екі жауаптың бірі қолайсыз болып есептелінеді.

Сауалнама толтырылғаннан кейін қолайсыз жауаптардың саны есепке алынады, бұл өлшем БЖ-ы анықтау үшін формулаға енгізіледі.

БЖ - тың жекелей мәнін бағалау.

Жоғарыда кептірілген формулалар көмегімен әр тексерушінің БЖ есептелінеді. Тексерілер адамның қартайған шамасын күнтізбелік жасына /КЖ/ сәйкестігін білу үшін БЖ-ң жекелей өлшемін, оның мүмкін болар /МЖ/ өлшемімем салыстыру керек. Осы көрсеткіш қартаю шамасының қалпын сипаттайды. /БЖ : МЖ/ индексін есептеп шығарып, тексерілген адам БЖ өлшемінің қаншалықты өз қатарлас тарының орташа БЖ қарағанда үлкен немесе шамалы екенін біле алады.

Ерлер үшін: МЖ=(0,629*КЖ)+18,56; әйелдер үшін: МЖ=(0,581*КЖ)+17,24

Шыққан БЖ -ты МЖ-қа бµлеміз. Шыққан бөлінді I индексіне тең болса онда қартаю үрдісі қалыпты, өз жасына сәйкес. Егер I индексінен артық болса қартаю үрдісі тездеп, ал кем болса баяу жүріп жатқанды керсетеді. Жұмыстың соңында тексерілушінің БЖ - ның КЖ -қа сәйкестігі тұралы және қартаю үрдісінің µтуі тұралы қортынды жасау ұсынылады.



Бақылау сұрақтары:

1. Биологиялық жас дегеніміз не?

2. Календарлық жас дегеніміз не?
Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Прохоров Б.Б. Экология человека. М.: Academa, 2003

  2. Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. М.: Владос, 2003

  3. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов-на-Дону: Феникс, 2005

Қосымша


  1. Черняховский Э.Р. Управление экологической безопасностью. М.: Альфа-Пресс, 2007

  2. Пехов А.П. Биология с основами экологии. С-Пб.-М.-Краснодар: «Лань», 2004

  3. Большая энциклопедия Жизнь и здоровье женщины. М.: Олма-медиагрупп, 2004

  4. Полная энциклопедия Жизнь и здоровье мужчины. М.: Олма-медиагрупп, 2005. Т.1-2

7 Тақырып. Ауылдық және қалалық жерлерде өмір сүрудің антропоэкологиялық ерекшеліктері. Адамның үйі экологиялық орын ретінде. Зертханалық жұмыс №3. Топырақты және ауыл өнімдерінің ластаушылары ретінде минеральды тынайтқыштарды сапалы түрде айыру.

Жұмыстың мақсаты: табиғатты ластаушылармен жақынырақ танысу.

Тапсырма: Ең алдымен тынайтқыштың сыртқы белгілерін анықтайды: түрін, түсін, иісін, ылғалдығын, консистенциясын. Сосын тынайтқыштың ерітіндісін анықтайды және сәйкес сапалы реакцияларды жүргізеді. Қорытындылар кестеге жазылады, берілген схеманы қолдана отырып, тынайтқыштың атауын анықтайды.

Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық қана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, соның ішінде мәдени өсімдіктер үшін сінірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммонии және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді. Фосфордың органикалық қоспаларфы және фосфор құрамы минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды. Өсімдіктер сіңірілген калийді және калийдің суда еритін қоспаларын бойына тарады, бұлардың топырақтағы мөлшері мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы. Өсімдіктерге сіңімді түрдегі химиялық элементтер құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда өте аз.Сондықтан мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін (демек, жақсы өнім алу үшін) кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек. Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге химиялық элементтер де топырақтан алынып, азаяды. Демек, өсімдіктердің қалыпты өсуіне керек элеметтер мөлшері де азаяды, бұл егін өніміне әсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы азот мөлшері 20% - ке кеміген, келесі 20 жылда 10% - ке, келесі 20 жылда 7% - кеміген. Сондықтан агрохимия ережесіне сәйкес тыңайтқыш қолдану ауылшаруашылығы дақылдары түсімін және жер құнарлылығын көтеретін маңызды тәсіл болып табылады. Тыңайтқыш қолдана отырып адам заттардың биологиялық айналымына белсенді араласып, өз мақсатында бағыт беріп, реттейді. Органикалық минерал тыңайтқыштар қосумен қатар соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштарда қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізіледі. Мысалы, фосфорбактерин органикалық заттарды ыдыратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес, сирек кездесетін және бытырап орналасқан химиялық элементтер құрамы да маңызды. Олардың болмауы немесе аз болуы мәдени өсімдіктердің ауруына, түсімнің аз болуына әкеледі. Топырақта жездің кемдігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар кең тараған. Бұл құбылыстар торф топырақта орман аймағында көп кездеседі. (Өңдеу сырқаты деп атайды). Жез қосқан соң ғана бұл ауру жойылған, астық өнімі көбейген. Жезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік грибоктарға қарсы тұрақтылығын арттырады. Мырыш, бор, марганец,молибден және сирек кезесетін элементтер топыраққа қосқанның әсері болатыны анықталды. Микроэлементтердің мал шаруашылығы үшін де маңызы зор. Кейбір микроэлементтердің топырақта және өсімдіктерде (жемде)артық не кем болуы мал өнімділігіне елеулі әсер етеді. Кобалаттің топырақта аз болуынан мал қанында эритроциттер азайып, мал тез ариді (себебі, белок синтезі нашарлайды) жемнің көп болуы бұған әсер етпейді. Ұсақ және ірі мүйізді малдың бұл ауруы – акобалатоз деп аталады, ол СНГ, Шотландия, Австралия және т.б. елдерде таралған. Мал шаруашылығына белгілі әсер ететін жез, никель, селен, фтор, йодтың тапшылығы немесе артықшылығы. Су өсімдіктің тіршілігінің барлық кезенінде де дәннен жарып шыққаннан, пісіп жетілгенше үлкен роль атқарады. Түрлі өсімдік дәндері жарылуы үшін түрлі су мөлшері керек: Бидай үшін – салмағының 45% қызылша үшін - 120% керек. Түрлі мәдени өсімдіктердің құрғақ массасының тоннасын алу үшін шығындалған су мөлшері де әр түрлі және 200 ден 1000 т-ға дейін өзгереді. Мысалы: бидай тоннасына – 500тонна су жұмсалады, ал күріш тоннасына – 1000т. Артық су керек. Өсімдіктер бос су формасын ғана яғни гравитациялық сініліп байланған суды космос күштері кері тарта алмайды. Сондықтан сінірілген суы 10-15% құрайтын саздың топырақта өсімдік су тапшылығын көреді, ал құмайт топырақтарда бұл көрсеткіш 1-2% - ке дейін азаяды. Топырақ ылғалы капилярлық булану барысында азаяды. Ұзын капилярдың болуы топырақты тез құрғатады, ал ол капилярды бұзу, топырақ ылғалы сақталуына әкеледі. Сондықтан топырақ құрылымын ұсақ кесекті қылу оны құрғаудан сақтайтын тиімді шара болып табылады. Қуаңшылық аудандарда судың топыраққа мол келуіне бағытталған түрі шаралар жасалады, беткі су ағысын реттеу, қар тоқтату, түрлі суландыру. Топырақ құнарлығы үшін ауаның, оның оттегісінің маңызы зор. Оттегі микробиологиялық процестер үшін қажет. Топырақтың аэробты микробтары оттегі жетпесе өз тірлігін баяулатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Тыңайтқыштар дегеніміз не?

2. Тыңайтқыштың жіктелуі қалай жүргізіледі?

3. Тыңайтқыштардың зиянды әсері қандай?


Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Прохоров Б.Б. Экология человека. М.: Academa, 2003

  2. Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. М.: Владос, 2003

  3. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов-на-Дону: Феникс, 2005

Қосымша


  1. Черняховский Э.Р. Управление экологической безопасностью. М.: Альфа-Пресс, 2007

  2. Пехов А.П. Биология с основами экологии. С-Пб.-М.-Краснодар: «Лань», 2004

  3. Большая энциклопедия Жизнь и здоровье женщины. М.: Олма-медиагрупп, 2004

  4. Полная энциклопедия Жизнь и здоровье мужчины. М.: Олма-медиагрупп, 2005. Т.1-2



7 Тақырып. Ауылдық және қалалық жерлерде өмір сүрудің антропоэкологиялық ерекшеліктері. Адамның үйі экологиялық орын ретінде.

Зертханалық жұмыс №4. Азық-түліктің нитраттармен ластануы және олардың құрамын әртүрлі көкөністердегі мөлшерін анықтау.

Жұмыс мақсаты: қарастырылып отырған көкөністер арасында нитраттармен ластанғандарын анықтап, ластану деңгейін анықтау.

Тапсырма: көкөністерді нитраттардың құрамын анықтауға дайындау – тазалау, кесу, майдалау. Нитрат-тест сызығын пайдаланып, нитрат мөлшерін анықтау. Тест кестесі арқылы ластану деңгейін айқындап, кестені әрбір көкөніске жеке толтыру.

Тағамнан улану - санитарлық-эпидемиологиялық қызметті алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі - бүгінгі таңда көп жағдайда нитраттар көлемі мөлшерден тыс бақша өнімдері. Жаз – жеміс-жидек, көкөністер кезеңі. Олардың пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Алайда, олар мөлшерден тыс болса, тағамнан улануға әкелуі әбден мүмкін. Денсаулыққа нитраттардан гөрі метаболиттер – нитриттер қауіпті. Олар түрлі микроағзалардың әсерінен өнімдерді сақтағанда, кулинарлық өңдеуден өткізгенде пайда болады. Құрамында белгіленген нормадан тыс нитраттары бар тағамдар жегенде, ағзаның оттегі жетіспеушілігін тудыратын метгемоглобинемия аса қауіпті.


Бақылау сұрақтары:

1. Тағаммен улану дегеніміз не?

2. Нитриттердің зиянды әсері қалай білінеді?
Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Прохоров Б.Б. Экология человека. М.: Academa, 2003

  2. Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. М.: Владос, 2003

  3. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов-на-Дону: Феникс, 2005

Қосымша

  1. Черняховский Э.Р. Управление экологической безопасностью. М.: Альфа-Пресс, 2007

  2. Пехов А.П. Биология с основами экологии. С-Пб.-М.-Краснодар: «Лань», 2004

  3. Большая энциклопедия Жизнь и здоровье женщины. М.: Олма-медиагрупп, 2004

  4. Полная энциклопедия Жизнь и здоровье мужчины. М.: Олма-медиагрупп, 2005. Т.1-2

8 Тақырып. Адамның қоршаған орта сапасы.

Зертханалық жұмыс № 5. Автотранспорт – үлкен қалалар атмосферасын ластаушылардың негізі.

Жұмыс мақсаты: Көшелердің автотранспортпен толығуын анықтап, қоршаған орта параметрлерінің ластануын айқындау.

Тапсырма: студенттер 3-4 адамнан топқа бөлінеді. Жол бойына орналасады. Материал жинастыру бір ғана реет, немесе бірнеше болуы мүмкін (8,13,18 сағатта). Автотранспорт қозғалысының қарқындығ 20 минут ішіндегі жүріп өткен автомобиль санымен есептеледі. Алынған мәліметтерді кестеге толтырады.

Көше түріне – қалың, жел жылдамдығы, ауаның салыстырмалы ылғалдығы, ағаштардың қорғаныш жолы және т.б.

Алынған мәліметтер бойынша график жасалады. Жұмыс нәтижесі көшенің автотранспортпен қамтылуының ортақ мәні болып табылады.

Қала атмосферасын негізгі ластаушы көздер көлік (зиянды заттардың барлығының 80%-ға жуығы) болып табылады. Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай әсіресе біздің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген енжарлығымыздан, немқұрайды қарауымыздан анық байқалады.

өндіріс орындарынан бөлінетін экотоксиканттар метериологиялық фактордың әсерінен атмосферада, суда және топырақта кең таралып тірі организмдердің тіршілік әрекетіне кері әсер етуде. Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуі, жиналуы мен миграциясын зерттеу олардың тірі организмдерге әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде барлық табиғи ортада бақыланып отыратын ластаушы химиялық заттардың негізінің бірі – ауыр металдар. Бұл бір жағынан металдардың биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен қатар олар  органикалық қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға түскенде ұзақ сақталады.

Қазіргі уақытта ауыр металдардың қоршаған ортаға, яғни топырақ пен тірі организмдерге әсері күннен күнге күшейіп келеді. Менделеевтің периодтық кестесінің 40-ден астамы ауыр металдар. Олардың атомдық салмағы 50 ден жоғары. Алайда бұлардың барлығы қоршаған ортаға зиянын тигізе бермейді. Қасиеттері бойынша, яғни өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер мен адамдарға тигізетін зиянды элементтері:



Элементтің аты

Атомдық номері

Атомдық салмағы

Сынап

Қорғасын


Кадмий

Мышьяк


Мыс

Ванадий


Мырш

Сурьма


Молибден

Кобальт


Никель

80

82

48



33

29

23



30

51

42



27

28


200,5

207,2


112,40

74,9716


63,74

50,941


65,38

121,7


95,9

58,9332


58,7

Бұлардың ішіндегі 3 элементтің улағыш қасиеті өте жоғары. Олар – сынап, қорғасын, кадмий. Сынап өндірістік кәсіпорындарынан таралғаннан кейін топыраққа тез сіңіп таралатын элемент. Сынап және оның қосындылары әсіресе топырақтың беткі қабатында көп мөлшерде жиналады. Қазіргі кезде еліміздің көптеген өңірлерінен осындай көрсеткіштер орын алып отыр.

Қорғасын тірі организмдер дүниесіне өте күшті әсер ететін консерогенді зат. Қорғасынды заводтарда өндіру барысында өндірілген өнімнің әр тоннасында 20-25 кг осы элемент қоршаған ортаға таралады. Бұл таралған қорғасын топырақ қабатының 10-15см деңгейінде жинақталады. Ал бұл ондағы өсімдіктер мен микроорганизмдерге әсерін тигізбей қоймайды.

Кадмийдің тіршілік үшін зияндылығы да артық болмаса кем емес. Әсіресе оның өсімдіктер тіршілігіндегі улағыш қасиеті басты орын алады. Мысал келтірелік; топырақ құрамындағы судың немесе жер суаратын судың 1литрінде аталған элемент 10 мг болса өсімдіктің өсу қарқыны тежеліп 50%-ға кемиді. Ал оның мөлшері 100 мг-ға артса өсімдіктің тіршілігі тоқталады немесе өліп қалады. Кадмий топыраққа негізінен ауылшаруашылығында фосфор тыңайтқыштарын көп мөлшерде пайдаланғанда, Жылу Электр Станциялары жұмыс істегенде, пайдалы кен байлықтарды балқыту кезінде тралып, топырақтың беткі қабатында жинақталады.

Енді ауыр металдардың залалсыз шекті мөлшерін көрсетейік: (мг,кг)

Қорѓасын——-20 Марганец———1500

Сынап———–2  Мышьяк————2

Мыс————-40  Никель————45

Мрыш——–150 Кадмий————5

Сурма———-5 Бор——————25

Кобальт——-50 Қалайы————-50

Селен———-10 Молибден———5

Фтор———–200



Бақылау сұрақтары:

1. Зиянды элементтерді атаңдар.

2. Ауыр металдардың залалсыз шекті мөлшері қандай?
Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Прохоров Б.Б. Экология человека. М.: Academa, 2003

  2. Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. М.: Владос, 2003

  3. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов-на-Дону: Феникс, 2005

Қосымша


  1. Черняховский Э.Р. Управление экологической безопасностью. М.: Альфа-Пресс, 2007

  2. Пехов А.П. Биология с основами экологии. С-Пб.-М.-Краснодар: «Лань», 2004

  3. Большая энциклопедия Жизнь и здоровье женщины. М.: Олма-медиагрупп, 2004

  4. Полная энциклопедия Жизнь и здоровье мужчины. М.: Олма-медиагрупп, 2005. Т.1-2

8 Тақырып. Адамның қоршаған орта сапасы.

Зертханалық жұмыс № 6. Магистральды көше бойындағы атмосфералық ауаның автортранспорттан шыққан газбен ластану деңгейін бағалау.

Жұмыс мақсаты: Қаланың үлкен көшелері – Кутузов, Ломов, Шөкін және т.б. автотранспорттан шығатын газдар арқылы атмосфералық ауаның ластану деңгейін бағалау.

Тапсырма: Жұмыстың бастапқы мәліметтері студенттедің алдыңғы жұмыста жинаған көрсеткіштері болып табылады.

Көміртегі оксидінің концентрациясын есептеу формуласы (КСО):



КСО = (0,5+0,01N х КТ) х КА х КУ х КС х КВ х КП

Ауыр металдар топырақ қабатына көбіне атмосфера арқылы келеді. Жауын-шашын арқылы қорғасын, кадмий, мышяк, сынап, хром, никель, мырыш және тағы басқа элементтер түседі. Атмосферадан келетін ауыр металдардың 13,1%-ы транспортқа, 10,5%-ы транспортқа, 8,1%-ы құрылыс материалдарын өндіретін және жасайтын кәсіпорындарға, өндіріс және энергетика кәсіпорындарына тиесілі екен.


Ауыр металдардың ауадағы ең жоғарғы залалсыз мөлшері.(мг/м³)

Элементтер, оның қосындылары

Елді мекендер

¤ндірістерде ең жоғарғы,бір жолғы

Қауіпті тобы

Ванадий (бес тотығы)

0,002

0,03

1 (өте күшті)

Кобальт (метал түрінде)

0,001

0,17

1

Марганец (тотық қосылысы)

0,01

0,1

2 (күшті)

Мышьяк (органикалық емес қосылыстар элементтер түрінде)

0,003



2

Никель (тотығы)

0,001-0,003

0,003

1

Қорғасын және қосындылары

0,0003

0,003

1

Қорғасын күкірті

0,0017



1

Хром (‡І-валентті) тотық түрінде

0,0015



1

Мырш тотығы

0,15

2

3 (орташа)

Ғылыми деректерге қарағанда соңғы 10 жылда түсті металды өндеу мен өндіру арасында 1 шаршы км жерге орташа есеппен 30кг қорғасын, 80 кг-нан мыс пен мырш таралады екен. Көмір, мұнай, газ және т.б. жер қойнауынан алынған отындарды жаққанда түтінмен бірге ауаға осы отын ішіндегі элементтер тарайды. Тас көмірді жаққанда одан цезий, хром, қорғасын, сынап, күміс, қалайы, титан, уран, радий және т.б. элементтер бөлініп шығып атмосфераға тарайды.

Қоршаған ортаны күшті ластайтын антропогендік факторлардың бірі аса қуатты Жылу Электр Станциялары (ЖЭС).  Мысалы, осындай бір станцияның өзінен жылына 300-360 тонна микроэлементтері бар қалдықтар шығарады екен.

Атмосфера ауасын және топырақты ластаушы көздердің бірі – автомобил транспорты. Автомобил  бөліп шығаратын ластағыш заттардың құрамында 200-ге тарта улы заттар кездеседі.

Шымкент қаласы ұзақ жылдар бойы қорғасын өндірісінен бөлінетін зиянды қалдық заттармен ластануда. Олардың негізгілері – қорғасын, мыс, мырш, кадмий. Шымкент қаласының заводы қаланың оңтүстік батыс бөлігінде қала территориясына етене еніп орналасқан. Қаланың гидрометериологиялық орталықтарының мәліметі бойынша жыл бойы есетін желдің 30-35%-ы батыстан және оңтүстік батыстан соғатынын ескерсек, қорғасын заводының қалдық заттары шығысқа және солтүстік шығысқа қарай қанат жайған қала территория сын айтарлықтай ластайтынын аңғаруға болады. Осыны ескере отырып, Шымкент қаласының топырағының ауыр металдармен ластану деңгейін көрейік.

Зерттеу орындарынан алынған топырақ орындарын тексергенде, қала топырақтың ауыр металдармен көп мөлшерде ластанғаны анықталды. Барлық зерттеу орындарында басқа металдармен салыстырғанда қорғасын мөлшері жоғары. Топырақтағы ауыр металдардың жоғарғы концентрациясы қорғасын заводына жақын орналасқан 1-зерттеу орында байқалды.

Жылдық орта мөлшері  қорғасын – 1146,11+7,04 мг/кг. Бұл шама ПДК-дан 37 есе жоғары. Мырыш 71,30+4,64 мг/кг. ПДК-дан 2 есе жоғары. Мыс 69,16+3,05 мг/кг (1,2 ПДК), кадмий 14,71+1,79 мг/кг. ПДК-дан 14 есе жоғары.

2-зерттеу орнында көрсеткіш мынадай :

Қорғасын  418,23+17,74 мг/кг (613 ПДК)

Мырш  41,50+4,05 мг/кг

Мыс  37,12+4,23 мг/кг

Кадмий  6,55+0,60 мг/кг ( ПДК)

Одан әрі зерттеу орындарында бұл көрсеткіштер біртіндеп азая береді. 5-зерттеу орнында ауыр металдардың мөлшері ПДК-дан артпайды.

Ауыр металдардың топыраққа минералды тыңайтқыштар арқылы түсуі.

Ауыр металдар агрорудалар  құрамында болғандықтан табиғи қоспа түрінде минералды тыңайтқыштарда кездеседі. Сондықтан тыңайтқыш құрамындағы олардың мөлшері шикізаттан және оны өндеу технологиясына байланысты.

Мысалы, фосфар тыңайтқыштарына жататын суперфосфат құрамында кадмій көп кездеседі. 1 кг суперфосфатта 50-170 мг кадмий, 66-243 мг хром, 10-90 мг мыс, 7-92 мг қорғасын, 7-32 мг никель, 70-180 мг ванадий, 50-430 мг мырш  анықталған.

Фосфор тыңайтқыштарымен бірге топыраққа тұрақты түрде стронцій да түседі. Кейбір пестицидтер  өз құрамында синап, мырш, мыс, темір сияқты ауыр металдар пайдаланылады.

Ауыр металдардың топыраққа өнеркәсіп қалдықтары арқылы түсуі.

Ауыл шаруашылығында  мелирант түрінде қолданылатын өндіріс қалдықтарына әртүрлі шлактар, тас көмір күлдері, фосфогипс, цемент шаңы жатады.

Фосфогипс тыңайтқыш жасайтын  кәсіпорындардың қалдығы. Ол ортофосфор қышқылын алу үшін аппатит концентратына қоюланған күкірт қышқылымен әрекет етуінен түзіледі.  Фосфогипс құрамында 2 %-тен артық стронций кездеседі. Бұл элемент өсімдіктер мен жануарлар организмінде кальцийді алмастырып қалыптасқан зат алмасу процесін бұзады. Стронций көп геохимиялық аймақтарда адамдар мен жануарларда ерекше ауру пайда болып олардың сүйектері майысып, қисайып  сынғыштығы артады. Буындар ісіп қабынып қозғалтқыштығын жоғалтады. Фосфогипс қолданылған жерде өсімдік құрамының сапасы едәуір өзгеретіндігі байқалады. Мысалы, бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибеде стронций мөлшері 4 есе артса, ал кальций мөлшері 1,4 есе ғана артқан.

Ауылшаруашылық пайдаланып жүрген жерде ең көп және аса қауіпті зиян келтіретін топырақтағы ластандырғыш заттар есебіне бірінші кезекте фтор, бор және нитраттар саналынады. Кейбір жерлерде суармалы егістікті көбейту мақсатында көкеніс, бақша, картоп танаптары өндіріс кәсіптерінің және қаланың лас суларын пайдаланады. Мұның әсерінен суармалы жерлер зиянды заттармен ластанады



Бақылау сұрақтары:

1. Ауыр металдардың ауадағы ең жоғарғы залалсыз мөлшері қандай?.

2. Ауыр металдардың топыраққа минералды тыңайтқыштар арқылы қалай түседі?

3. Ауыр металдардың топыраққа өнеркәсіп қалдықтары арқылы түсуі қалай жүреді?



Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Прохоров Б.Б. Экология человека. М.: Academa, 2003

  2. Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. М.: Владос, 2003

  3. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов-на-Дону: Феникс, 2005

Қосымша


  1. Черняховский Э.Р. Управление экологической безопасностью. М.: Альфа-Пресс, 2007

  2. Пехов А.П. Биология с основами экологии. С-Пб.-М.-Краснодар: «Лань», 2004

  3. Большая энциклопедия Жизнь и здоровье женщины. М.: Олма-медиагрупп, 2004


9 Тақырып. Адам экологиясы саласында іс-әрекеттер қызметі.

Зертханалық жұмыс № 7. Қоршаған ортаның ластануын төмендететін альтернативті жанғыш зат – этил спирті және т.б. Этанолдың ауылшаруашылық өнімдерінен алу жолдары.

Жұмыс мақсаты: қоршаған ортаға зиянды кәдімгі жанғыш заттың алмастыру жолдарын қарастыру, альтернативті жанғыш зат – ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын –спирт және т.б.

Тапсырма: шикізатты (қант, піспеген картоп, ашытқы) 1 л суда ерітіп, шығынды трубкасы бар жабық ыдысқа салады.

Ашыған сұйықтықты колбаға құйып, спиртті жасауға жинайды.

Алынған этанолды белсендірілген көмірдің көмегімен қоспалардан тазалап, бірнеше күн ұстап, фильтрлейді.

Жалпы, этил спиртін екі жолмен алады. Біріншісі – табиғи, таза жол. Оған шикізат ретінде бидай крахмалын, глюкозасын пайдаланады. Ал, екінші, жасанды жолдың шикізаты – мұнай және оның қалдықтары. Бидайдан алынған спирттің, әрине, сапасы да, соған байланысты бағасы да жоғары болатыны түсінікті. Себебі, оны жасаудың шығыны көп. Бидайдан спирт алу – бірнеше сатыдан тұратын, көп уақыт пен энергияны талап ететін, химиялық реакциялармен жүретін, оған бактериялар да қатысатын күрделі процесс. Бұған ең әуелі жоғары сортты бидай керек. Содан соң оны өңдейтін құрал-жабдықтар, альфа-амилаза ферментіне аналог химиялық катализаторлар, глюкозаны ыдыратуға қатысатын микрофлораға қолайлы жағдай т.б. қажет.



Бақылау сұрақтары:

1. Этил спиртін алу жолдары қандай?.

2. Бидайдан спирт алу қалай жүреді?
Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Прохоров Б.Б. Экология человека. М.: Academa, 2003

  2. Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. М.: Владос, 2003

  3. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов-на-Дону: Феникс, 2005

Қосымша


  1. Черняховский Э.Р. Управление экологической безопасностью. М.: Альфа-Пресс, 2007

  2. Пехов А.П. Биология с основами экологии. С-Пб.-М.-Краснодар: «Лань», 2004

  3. Большая энциклопедия Жизнь и здоровье женщины. М.: Олма-медиагрупп, 2004

  4. Полная энциклопедия Жизнь и здоровье мужчины. М.: Олма-медиагрупп, 2005. Т.1-2

жүктеу 450,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау