С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Құқықтану кафедрасы
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша
«Құқықтану» 5В0503100мамандығының студенттеріне арналған
Курстық жұмысты орындау бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор ___________ Пфейфер НЭ
20__ж. «___»____________
|
Қ ұрастырушы: аға оқытушы ______ Ахмадиева А.Т.
Құқықтану кафедрасы
ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша
5В030100 «Құқықтану»мамандығының студенттеріне арналған
әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
Курстық жұмыс бойынша
Кафедраның отырысында ұсынылды
20__ж. «___»______________, №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ Ахмеджанова ГБ 20__ж. «____» ________
Тарих және құқық факультеті ОӘК мақұлданды
20__ж. «___»______________, №____ хаттама
ОӘК төрайымы_______________Батталов К.К. 20__ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы _____________ 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ хаттама
Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Оқу жоспарына сәйкес күндізгі және сырттай оқитын студенттер ҚР Азаматтық іс жүргізу пәнінен курстық жұмыс орындайды.
Курстық жұмыс орындау, студенттердің ҚР Азаматтық іс жүргізу пәнін өз беттерімен зерттеу формасы болып табылады.
Курстық жұмыс орындау мақсаты, студенттердің теориялық білімдерін жетілдіру, өз бетінше ойлау, қажетті қайнар көздермен жұмыс істеуді үйрету болып табылады.
Курстық жұмыс орындауға студенттің белгілі бір дайындығы жетекші болып отырады. Тақырып таңдау тиісті пәннің тематикасына байланысты. Студенттің өз тақырыбын ұсынуына да жол беріледі. Бұл жағдайда кафедра меңгерушісінің атына өтініш жазу қажет.
Курстық жұмысты басқару
Курстық жұмысты басқаруды оның жетекшісі жүзеге сырады. Ол:
курсытық жұмысты орындаудың күнтізбелік графигін орнатады;
студенттің таңдаған материалдарын тексереді;
студентке тақырып бойынша толық библиография құрастыру үшін бағдар береді;
консультация кезінде жұмыс барысын түсіндіреді;
курстық жұмыстың орындалуын тексереді.
Курстық жұмысқа кіріспе
Кіріспе кезінде студент мыналарды білу керек:
жұмысының характеристикасын;
тақырыбының актуальділігін;
жұмысының мақсаты мен міндеттерін
жұмысының толық формулировкасын;
тақырып пәнінің шектерін;
тақырыбының әдебиеттегі орнын.
Курстық жұмыстың мәтін бөліміне қойылатын талаптар
Курстық жұмыс А4 (210х297), ГОСТ 2.301-68 форматты ақ қағаздың бір жағына орындалады. Жұмыс көлемі 20-25 бет болуы керек. Кемінде 3 бөлімнен тұруы керек. Әр бөлімде – кем дегенде 2 бөлімшеден . Бөлімдер көлемі бір бірінен қатты ерекшеленбеуі керек.
Бөлімдер, бөлімшелер, тармақтар мен тармақшалар араб цифрлерімен белгіленеді. Бөлімдер нүктесіз араб цифрлерімен белгіленген реттік сандардан тұруы керек. Тақырып сөздерінің астын сызуға, буындарға бөлуге болмайды.
Бөлім мен бөлімше тақырыптары абзацтан жолдық әріптермен жазылады. Тақырыпша соңында нүкте қойылмайды.
Курстық жұмыстың мәтіні келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
Жұмыс тиісті теориялық деңгейде орындалуы керек. Ол үшін таңдалған заңи проблеманы, оның теориялық және практикалық аспектілерін талдау керек.
Ғылыми әдебиет пен нормативті құқықтық материалдар толық зерттелуі қажет, себебі құқықтық база жиі өзгерістерге ұшырап тұрады.
Студент тәжірибе жинау керек.
Курстық жұмыс мазмұнында студенттің теориялық дайындығы, заңи материалдарға өз бетінше анализ жасай білуі, теория мен практиканы байланыстыра алуы, қорытындысын дәлелдей алуы, ойын дұрыс жеткізе білуі айқындалуы тиіс.
Курстық жұмыстың теориялық бөлімімен қатар практикалық бөлімі де бар: ситуациялық есептерді шешу тапсырмасы беріледі (есеп мәтінін жазып алып, шешілу жолдарын ұсыну қажет). Практикалық бөлім әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және курстық жұмыс көлеміне кірмейді.
Курстық жұмыс қорытындысы
Қорытынды жұмысқа баға беруден тұрады. Қорытынды нәтиженің құқықтық, ғылыми, әлеуметтік, танымдық құндылықтарынан тұруы қажет.
Сонымен қатар, қорытындыда студент қаралып жатқан тақырыптың аясындағы заң мен құқықтық практиканы жетілдіру қырытындылары мен ұсыныстарын және тиісті бағыт-бағдарларды көрсетіп өтуі тиіс.
Курстық жұмыстағы сілтемелер.
Сілтемелер мынадай түрде болады: жақшада әдебиеттер тізіміндегі қайнар көздерге сәйкесінше нөмірлер қойылады. Мысалы: [18, 753 б.] или [1, 53 б.].
6.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер тізімі қолдану реті бойынша жазылады.
Әдебиеттер тізімі мынадай түрде болады:
1 Е.О. Егембердиев. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. -Астана: Фолиант, 2006.-388 бет.
2 Жанайдаров И.У. Жеке меншік құқығын оның жекеленген нысандарына қатысты жүзеге асыру. Қарағанды: Қар МУ, 1988. 44-б.
Нормативті құқықтық қайнар көздер тізімі мынадай түрде болады:
1 Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумының 1987 жылғы 18-желтоқсандағы №12 қаулысы.
2 16.12.1998ж «Мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметін реттейтін заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы.
Курстық жұмысты қорғаудағы жалпы талаптар.
Курстық жұмысты қорғау комиссияның қатысуымен өтеді. Комиссия құрамы кафедра отырысында бекітіледі. Курстық жұмысты қорғау кезінде (5-7 минут) студент сөзінде мыналар қамтылуы тиіс:
тақырып актуальділігі;
курстық жұмыс сүйенетін теоретикалық және әдістемелік жағдайлар;
зерттеу нәтижелері;
мәселені шешу жолдары.
Қорғау кезінде әдебиет сөзіне сүйенуге болмайды, басты назар студенттің өз ойына негізделуі керек.
Қорғаудан кейін студент комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. Содан кейін барып баға қойылады.
СІЗДІҢ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫҢ МӘТІНІ «АНТИПЛАГИАТ» АТТЫ УНИВЕРСИТЕТТІК ПРОГРАММАМЕН ҚАРАЛАДЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАНАДЫ, СОЛ СЕБЕПТІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ҚАҒАЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ТАПСЫРЫЛАДЫ.
«Антиплагиат» өте алмаған жұмыстар қорғауға жіберілмейді.
Курстық жұмысты жазу талаптары Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасында беріледі, № 417 кабинет.
Тақырып таңдау студент фамилиясының алғашқы әрпі бойынша жүргізіледі. Тек бір ғана тақырып таңдалады.
А - Д – I нұсқа ( 1 - 5 тақырыптар.);
Е - К - II нұсқа ( 6 - 10 тақырыптар.);
Л - Р - III нұсқа ( 11 - 15 тақырыптар.);
С - Х - IV нұсқа ( 16 - 20 тақырыптар.);
Ц - Я - V нұсқа ( 21 - 25 тақырыптар.).
I нұсқа
1 Тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі.
Жоспар:
1 Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі, міндеттері.
2 Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары.
3 Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі мен қайнар көздері.
4 Азаматтық сот ісін жүргізу: түсінігі, түрлері, сатылары.
ЕСЕП
Тиісті жауапкер военкомат болып табылады деген себеппен ҚР Қорғаныс Күштерінде әскери борышын өтеп жүрген балаларының өлімі бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігіне моральдік және материалдық залалды өттеттіру туралы жазылған талап арызды судья Дроздованың шешімімен қабылдаудан бас тартылды.
Судья шешіміне құқықтық баға беріңіздер.
2 Тақырып. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы.
Жоспар:
Ведомстволық бағыныстылық ұғымы мен түрлері.
2 Ведомстволық бағыныстылықты анықтаудағы жалпы критерийлер мен ережелер.
3 Соттылық ұғымы мен түрлері.
4 Істі бір соттан екінші сотқа жіберуің ережелері.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
ҚР Әділет министрлігі ҚР Жоғарғы Сотына «Ассоциация Гвинея» қоғамдық бірлестігін ликвидациялау жөніндегі өтінішін жолдады.
Бұл іс сотқа бағынысты ма?
Сотқа бағынысты болса, ҚР Жоғарғы Сотына бағынысты ма?
Егер жоқ болса, қай сотқа бағынысты?
3 Тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар және олардың субъектілері.
Жоспар:
1 Азаматтық - құқықтық қатынастарының түсінігі, элементтері, ерекшеліктері және түрлері
2 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері.
3 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері және оларды топтастыру
4 Азаматтық іс жүргізудегі құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Морозова үйге меншік құқығын мойындау жөнінде сотқа талап арызбен барды. Өтінішінде ол 1990 жылы бірінші некеден туған қызы Галинамен (жауапкер) бірігіп сол үйді сатып алғанын жазған. Үй талапкер атына тіркелген, қызымен арасының суып кетуіне байланысты әрі қарай тұра алмайды, сол себепті қызының үлесіне тең сомада ақша беруге келісімді.
Сот отырысында Морозова екінші күйеуі тұратын жақтан жаңа пәтер сатып алғысы келетітін мәлімдеді. Сондықтан қызынан ақшаны талап етіп отырғанын айтты.
Сот бұл жағдайды қалай шешуі керек? Талаптың элементтері мен түрлерін анықтаңыз.
4 Тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар.
Жоспар
1 Азаматтық істегі тараптар түсінігі және олардың құқықтары мен міндеттері
2 Азаматтық іс жүргізушілік құқықсубъектілік
3 Азаматтық іске қатысу: түсінігі, түрлері негіздері
4 Азаматтық процестегі тараптар: түсінігі, талаптар мен оларды ауыстыру тәртібі.
5 Іс жүргізу құқық мирасқорлығы.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Р.Б Трушина өз міндеттерін белгісіз себептермен орындамағаны үшін №58 мектеп әкімшілігімен жұмыстан шығарылды.
Жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санаған ол сотқа талап арызбен жүгінді.
Қай тарап жұмыстан шығарылғандығының заңдылығын (заңсыздығын) дәлелдеу керек?
Бұл тарап сотқа қандай дәлелдерді көрсетуі қажет (нақты құжаттарды көрсету)?
5 Тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар.
Жоспар:
1 Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың түсінігі мен түрлері
2 Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар
3 Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Сот шешімінің қай бөлігінде мыналар болады:
талапкер талаптары
сот пайдаланған заңдар
сот шығындарын өтеуге бұйрық
дау мәселесі
сот шешіміне шағымдану мерзімдері мен тәртібі
тараптар атауы
соттың талап арызын қабылдап, мойындауы
шешім шығару уақыты мен орны
сот шешімдері сүйенетін дәлелдемелер
жауапкердің наразылығы
соттың талап арызын толық немесе ішінара қанағаттандыруы немесе қанағаттандырмауы
сот құрамы
іске қатысушы тұлғалар
іске қатысушы өзге тұлғалардың түсініктемелері
сот атауы
іске қатысушылардың өкілдері
соттың дәлелдемелерге сүйену не сүйенбеу себептері
прокуратура атауы
сотпен анықталған істің мән – жайы
сот отырысы хатшысының аты.
Жауабыңызды заң талаптарына сай тиісті ретпен жазыңыз.
II нұсқа
6 Тақырып. Азаматтардың құқықтырын қорғау үшін прокурордың, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару оргнадарының, сонымен қатар жеке тұлғалардың азаматтық іске қатысуы
Жоспар:
1 Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектісі ретіндегі прокурорға мінездеме.
2 Азаматтық іс қозғау мақсатындағы өтінішпен сотқа жүгіну.
3 Қорытынды беру үшін басталған процеске кіріспе
4 Азаматтардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік басқару органдарының, ұйымдардың және жеке тұлғалардың азаматтық іске қатысу негіздері мен формалары
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Ашылған жаңа мән – жайлар ойынша істі қайта қарау өтінішімен Бухова сотқа жүгінді. Жаңа мән-жайлар ашылғанда Бухова жұмыс сапарымен 4 айға басқа қалаға кеткен болатын.
Сот,мерзім өтіп кетті деген себеппен, қабылдаудан бас тартты.
Соттың әрекеті дұрыс па?
8 Тақырып. Соттағы өкілдік
Жоспар:
1 Соттағы өкіл түсінігі және оның түсінігі
2 Өкілдік түрлері
3 Өкілдік субъектілері. Сотта өкіл бола ала алмайтын адамдар.
4 Өкілдің соттағы құзыреті.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Ханс Кельц Қарағанды облысының Михнево аулында құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Кельц ЖШС «Краснов и К» жүргізушісінің кінәсінен болған жол апатынан ауыр дене жарақатын алды, бұл сот үкімімен айқындалған. Кельц ЖШС-ға зардапты өтеу туралы талап арызын көрсеткен.
Сот белгілеуімен өтініш қабылданбады, себебі арызданушы Германия мемлекетінің азаматы болып табылады, ал ҚР мен Германия арасында қылмыстық азаматтық істер бойынша көмек көрсету туралы келісім жоқ.
Судьяның әрекеті заңды ма ?
8 Тақырып. Іс жүргізушілік мерзімдер
Жоспар:
1 Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі, мәні, түрлері.
2 Іс жүргізу мерзімдерін санау. Мерзімді өткізіп алу.
3 Өтіп кеткен мерзімді ұзарту мен қалпына келтіру.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Азамат,Ибраев Серік Сапарұлын әрекетқабілетсіз деп тану туралы сот шешімін құраңыздар.
9 Тақырып. Сот шығындары мен айыппұл.
Жоспар:
1 Сот шығындарының түсінігі мен мәні
2 Соттық ұстап қалу
3 Сот шығындарын белгілеу
4 Айыппұл
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Ковшова Марианна Павловна деп жазу орнына Ковшова Марина Павловна деп жазылған АХАЖ бөлімінің қателігін анықтау туралы сот шешімін құрастырыңыздар.
10 Тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
Жоспар:
1 Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу түсінігі мен мәні. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің іс жүргізушілік формасы. Дәлелдеу тәсілдері мен олардың түрлері.
2 Дәлелдеу затының түсінігі. Нақты азаматтық істер бойынша дәлелдеу затын белгілеу.
3 Дәлелдеуден босату негіздері.
4 Дәлелдеу бойынша міндеттерді белгілеу.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Дрогова Наталья Ивановна 11 жастағы Ковалев Денисті асырап алу туралы сотқа өтініш жазған. Істі қарау күні Дрогова Н.И. келген жоқ, оның орнына өкіл Камалов А.Х. келді. Дрогова өз өтінішінде Ковалев Денисқа мұрагерлікке қалған пәтерге меншік құқығын қорғау туралы сұраған. Ковалевтің өзі іске қатысқан жоқ.
Сот өтінішті қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
Бала асырап алу туралы өтінішті қарау мерзімдері қандай?
ҚР АІЖҚ-ның нормалары бұзылды ма?
Бала асырап алу туралы өтінішті құрастырыңыздар.
III нұсқа
11 Тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер.
Жоспар:
1 Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер түсінігі. Дәлелдеу фактілері. Дәлел ретнде бола алмайтын заттар.
2 Дәлелдемеге классификация және баға беру
3 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету (талап арызды беруге дейін және беруден кейін)
4 Сот тапсырмалары. Сот тапсырмаларын берудің және орындаудың ережелері.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
2001 ж. 6 шілдесінде Ақсу қаласының аудандық соты Сарсееваның талап арызын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды.
Келіспеген ол шілденің 21-і күні аппеляциялық наразылығын почтамен жіберді, облыстық сотқа 24 күні келіп түсті.
Сот өтінішті қабылдай ма не қабылдамай ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Аппеляциялық өтінішті құрастырыңыздар.
12 Тақырып. Азаматтық процестегі талап және талапқа құқық.
Жоспар:
1 Талап түсінігі, элементтері, түрлері.
2 Жауапкер мүддесін қорғаудың процессуалдық тәсілдері. Қарсы талапты қабылдау ережелері мен талаптары.
3 Талапқа қатысты тиісті шешім шығару (талапты өзгерту, талаптан бас тарту, бейбіт келісім).
4 Талапты қамтамасыздандыру. Талапты қамтамасыздандыру не қамтамасыздандырмау ережелері.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Аппеляциялық сатыдағы әрекеттердің реттілігін анықтаңыздар (схема түрінде):
1 Аппеляциялық өтінішті соттың қабылдауы.
2 Үшінші адамдардың аппеляциялық өтінішті берген жақтағы адамдарға қосылуы.
3 Аппеляциялық өтінішті қабылдамай, оны қысқарту туралы сот шешімі.
4 Аппеляциялық наразылықты жолдау
5 Аппеляциялық өтініш туралы іске қатысушы адамдарға хабарлау.
6 Талапкерге талапты қабыладмау себебін түсіндіру
7 Аппеляциялық өтінішті қабылдамау туралы сот шешімі
8 Қабылдамау туралы шешімнен бас тартып, талапты аппеляциялық тәртіпте қарау.
9 Судья және процеске қатысушы өзге де адамдарға қатысты наразылық білдіру құқықтарын түсіндіру
10. Аппеляциялық өтінішті өзгеріссіз қалдыру туралы сот шешімі.
11 Төрағалық етуші немесе сот мүшелерінің біреуінің істі жүргізуі
12 Іске қатысушы адамдарға өтініш көшірмелерін беру
13 Сот шешімінің заңдылығы туралы прокурор қорытындысы
14 Аппеляциялық өтінішті сотта қараудың орны мен уақытын іске қатысушы адамдарға хабарлау
15 Аппеляциялық өтінішті оны жолдаған адамға қайтару
16 Іске қатысушы адамдарға қарсылық білдіру
17 Аппеляциялық өтініштен бас тарту туралы өтініш
18 Іске қатысушыларды тексері
19 Іске қатысушы адамдардың қарсылығын соттың шешуі
20 Қабылдамау туралы шешімнен бас тартып, талапты аппеляциялық тәртіпте қарау.
21
22 Түсініктеме туралы хабарландыру
23 Сот отырысын ашық деп жариялау
24 Тараптардың бейбіт келісіге келу туралы өтініштері
25 Сот құрамы мен өзге де қатысушылар туралы жариялау
26 Аппеляциялық өтініштен бас тарту туралы талапкердің өтініші
27 Түсініктеме мазмұнын түсндіру
28 Қаралатын іс жайлы хабарлау
29 Тараптарға бейбіт келісімі жайлы түсіндіру
30 Іске қатысушылардың түсініктемелері
31 Талаптан бас тарту туралы, шешімді өзгерту туралы, істі қысқарту туралы шешім шығару
32 Түсіндірмені жазу
33 Іске қатысушыларға құқықтары жайлы түсіндіру
34 Бейбіт келісімді бекіту, шешімне бас тарту, істі қысқарту туралы шешім шығару
35 Істі аппеляциялық инстанцияға жолдау
36 Бейбіт келісімнен бас тартып, оны аппеляциялық тәртіпте қарау
37 Судьяның шешіш шығару үшін мәжіліс бөлмесіне кетуі
38 Аппеляциялық өтінішті беру
13 Тақырып. Азаматтық істі қозғау
Жоспар:
1 Талап арызды беру тәртібі. Талап арызға қойылатын талаптар және оларды бұзудың салдары.
2 Талап арыз және оның реквизиттері. Талап арыздың жеткіліксіздігін толықтыру
3 Талап арызды қабылдау. Қабылдамау негіздері
4 Талапты арызды қозғалыссыз қалдыру негіздері және құқықтық салдары
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
О. Л. Степкина В.Л. Степкиннан 9 жасар қызына алимент өндіру туралы талаппен сотқа жүгінді.
Степкин бірінші некедегі 15 жасар ұлына алимент төлейтінін айтты.
Сот қандай әрекет жасайды? Құқықтық салдары қандай?
14 Тақырып. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу.
Жоспар:
1 Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеудің түсінігі, мақсаты, мәні, мерзімдері.
2 Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу кезіндегі судьяның әрекеттері.
3 Өндірісті тоқтата тұру және қысқарту негіздері
4 Істі сотқа тағайындау. Сотқа шақыру
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Талапкер Қ.С. Айтжанова жеке кәсіпорыннан ақша өндіру туралы арызбен сотқа жүгінді.
Сот кәсіпорын басшысына тиесілі мүлікке арест белгіледі.
Сот шешіміне баға беріңіздер.
Талап арызын қарау мерзімдері қандай?
15 Тақырып. Сот талқылауының түсініктері.
Жоспар:
1 Сот талқылауының түсінігі, мәні, сатылары. Сот отырысында төрағалық етуші.
2 Сот отырысы және оның бөліктері.
3 Сот отырысына келмеу салдары.. Сот отырысын кейінге қалдыру
4 Сот пен басқа қатысушылардың қарсылықтары
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Сот Кремованың пайдасына әлеуметтік қорғау бөлімінен баланы асырау үшін тиісті төлемді төлеу туралы шешім шығарды.Бұл төлем қажеттілікке қарай бөлінуі керек- делінген сот шешімінде.
АІЖ заңы белгілі талаптар бойынша сот шешімінің шығуына жол береді ме?
Шешім кейінгіге қалдыруы мүмкін бе? Иә болса, қандай тәртіпке сәйкес? Белгісіз мерзімге кейінге ше?
Сот шешіміне баға беріңіздер.
IV нұсқа
16 Тақырып. Сот талқылауының негізгі бөлімі
Жоспар:
1 Іс бойынша талқылау. Сот прениясы. Прокурор қорытындысы.
2 Іс бойынша өндірістің тоқтатылуы.
3 Шешімсіз істің бітуі.
4 Сот хаттамасы, оның мазмұны, мәні. Іске қатысушылардың сот хаттамасымен танысу құқығы және өзгерістер енгізк құқығы.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Мына әрекеттер сот талқылауының қай сатысында жүргізіледі ?
1 Сот құрамы мен өзге қатысушылармен таныстыру
2 Жауапкердің талапты мойындау туралы өтініші
3 заттай дәлелдемелерді зерртеу
4 прокурор қорытындысы
5 Талапкердің талаптан бас тартуы
6 Шешім мазмұнымен түсіндіру, шағымдану мерзімдерін түсіндіру
7 қаралатын іс жайлы хабарландару
8 куәгерді анықтау, оған жауап беруден бас тартқаны және жалған жауап бергені үшін жауапкершілікті түсіндіру
9 соттың шешім шығаруы үшін мәжіліс бөлмесіне кетуі
10 Жеке судьяның немесе алқаның істі қарауы туралы сұрақты шешу
11 іске қатысушылардың жазбаша түсініктемелерін жариялау
12 репликамен сөйлеу
13 Іске қатысушыларсыз, өкілсіз, куәгерсіз, экспертсіз, аудармашысыз істі қарау туралы сұрақты шешу.
14 экспеттен жауап алу
15 сот отырысын ашық деп жариялау
16 аудармашыға міндеттерін түсіндіру, оған жауап беруден бас тартқаны және жалған жауап бергені үшін жауапкершілікті түсіндіру
17 сот отырысы залынан куәгерлерді шығарып жіберу
18 іске қатысушылардың келгенін тексеру
19 дәлелдемелерді тексеру
20 істі зерттеудің аяқталғанын жариялау
21 шешімге қол қою
22 лауазымды тұлғалар мен өкілдердің құзыретін тексеру
23 куәгерлерден жауап алу
24 мемлекеттің органдар шешімін жариялау
25 судья мен өзге қатысушыларға қарсылық білдіру құқықғын иүсіндіру
26 тараптардың бейбіт келісімге келу туралы өтініштері
27 іске қатысты қосымша мәліметтерді ұсыну мұрақтарын шешу
28 іске қатысушыларға құқықтары мен міндеттірін түсіндіру
29 іске қатысушылардың өтініштері мен қарсылықтарын соттың шешуі
30 шешімді жариялау
31экспертке құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, оған жауап беруден бас тартқаны және жалған жауап бергені үшін жауапкершілікті түсіндіру
32 іске қатысушылардың түсіндірмелері
33 төрағалық етушінің істі түсіндіруі
34 іске қатысушылар мен төрағалардың сөз сөйлеуі
35 куәгерлердің жауаптары мен жазбаша дәлелдемелерін немесе тінту хаттамаларының жазбаша, нәрселей дәлелдемелерін жариялау
17 тақырып. Бірінші сатыдағы сот актілері
Жоспар
1 Бірінші сатыдағы сот шешімінің түрлері мен түсінігі. Сот шешімінің сот анықтамасынан айырмашылығы. Сот шешімі, түрлері, құрылысы мен мазмұны.
2 Сот шешімін қанағаттындыратын талаптар
3 Сот шешімінің жеткіліксіздігін шешім шығарған сот арқылы жою. Сот шешімінің заң күші
4 I инстанция сотының анықтауы. Анықтау түрлері
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Қадағалау өндірісіндегі әрекеттер реті:
1 Лауазымды адамның қарсылық білдіруі
2 Қадағалау инстанциясына іспен бірге қарсылық беру
3 Қарсылық туралы іске қатысушалырға хабарлау
4 Судья мен өзге қатысушыларға қарсылық білдіру құқықығн түсіндіру
5 Судьяның іс жайлы сөз сөйлуі
6 Іске қатысушыларға қарсылық көшірмесін беру
7 Прокурор қорытындысы
8 сотта қараудың орны мен уақытын іске қатысушы адамдарға хабарлау
9 қарсылыққа жазбаша түсініктеме бері
10 іске қатысушылардың келуін тексеру
11 іске қытысушылардың өтініштері мен қарсылықтаарын соттың шешуі
12 қарсылық жайлы өтініш
13 хаттаманы жариялау
14 сот отырысының ашық екенін жариялау
15 сот құрамы мен іске қатысушылардың құрамы жайлы жариялау
16 хататма мазмұнын түсіндіру
17 қаралатын істі түсіндіру
18 іске қатысушылардың түсініктемелері
19 хаттамаға қол қою
20іске қатысушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру
21судьяның шешім шығаруы үшін мәжіліс бөлмесіне кетуі
22
23 азаматтық істі соттан алдырып алу
24 шешімнің орындалуын тоқтата тұру
25 қарсылық білдіруді лауазымды адамның қарауы
26 өтініш берушіге өтінішті қанағаттандырмау туралы жазбаша түсініктеме беру
27 шешімнің орындалуын тоқтата тұруды өзгерту
18 Тақырып. Сот бұйрығы және бұйрықтық өндіріс
Жоспар:
1 Сот бұйрығы мен бұйрықтық өндіріс түсінігі
2 сот бұйрығы берілетін талаптар
3 өтінішті жолдау, оның соттылығын анықтау
4 өтінішті шешу. Сот бұйырығын шығару мерзімдері. Сот бұйырығын өзгерту
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Соттың сырттай шығарған шешімін қайта қарау туралы Дорохова сотқа жүгінді. Сот қабылдамады.
Заңды күшіне енбеген сырттай шығарылған шешімге қарсылық білдіру құқығын 5 күн ішінде қолданғандықтан ол енді тек қадағалау тәртібі бойынша шағымдана алатындығы түсіндірілді.
Сот түсініктемесіне құқықтық баға беріңіздер.
Кәдімгі және сырттай шығарылған шешімдерге шағымдану тәртібін түсіндіріңіздер.
Сырттай шешім қай кезде күшіне енеді.
Сырттай шешімді қайта қарау туралы өтінішті құрастырыңыздар.
19 Тақырып. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім.
Жоспар:
1 Сырттай өндіріс түсінігі
2 Сырттай шешім шығару талаптары мен тәртібі
3 Сырттай шешім мен шағымдану мазмұны
4 Сырттай шешімді өзгерту туралы сот құзыреті мен негіздері
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Кузнецова талап арызы үшін мемлекеттік пошлина төлемегені және қол қоймағаны үшін судья Беляева өтінішті өзгеріссіз қалдыру туралы анықтама берді және қателіктерді жоюға үш күндік мерзім берді.
Сол әрекетіне құқықтық баға берігіздер.
Талап арызын өзгеріссіз қалыдырудің салдары қандай?
Талап арызын өзгеріссіз қалыдыру туралы анықтама құрастырыңыздар
20 Тақырып. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу
Жоспар:
1Сайлау құқықтарын қорғау жайлы өтініштер бойынша өндіріс
2 Әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешіміне қарсылық білдіру жайлы өтініштер бойынша өндіріс
3 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін өзге адамдардың әрекеттеріне қарсылық білдіру жайлы өтініштер бойынша өндіріс
4 Нормативті құқықтық актілерді заңға қайшы деп тану туралы сот өндірісі
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Сакенов жұмысқа қайта алу туралы арызымен сотқа жүгінді. Судья 27-шілде күні қабылдап, сот отырысына дайындау туралы анықтама шығарды.
Судья іс аса қиын істер қатарына жататындақытан 6-тамызға белгіледі. Мерзімді ұзырту туралы анықтама юолған жоқ.
Сіздің ойыңызша азаматтық процесс нормалары бұзылды ма? Иә болса, қандай нормалар? Сіздің ойыңызша судья қандай әрекет жасауы керек болатын?
V нұсқа.
21 Тақырып. Ерекше іс жүргізу түсінігі мен мәні
Жоспар:
1Ерекше іс жүргізу түсінігі мен оны белгілеу, оның талап қоюмен іс жүргізуден айырмашылығы
2 Ерекше іс жүргізудегі істерді қарау тәртібі
3 Құқықтық маңызы бар фактілерді анықтау істері
4 Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы істер. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және қайтыс болды деп тану туралы істер.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
2001ж. 20 шілдесінде басталып, аяқталған сот отырысы барысында хатшы Демидова хаттама жазды. Хаттамаға төрағалық етуші 2001ж. 21 шілдесінде қол қойды.
Хаттамаға анализ кезінде қысқартылған сөздер мен таза еместік анықталды. Сонымен қатар процеске қатыспаған адамдар жайлы ақпарат болған.
Сот отырысының бұл хаттамасына құқықтық баға беріңіздер.
22 Тақырып. Істерді ерекше іс жүргізу тәртібінде қарау.
Жоспар:
1 Қозғалмалы мүлікті иесіз деп тану және қозғалмайтын мүлікті коммуналды меншік деп тану туралы мойындау істері.
2 АХАЖ қателіктерін анықтау
3 Нотариалды әрекеттерге шағымдану
4Жоғалған бағалы қағаздарды қалпына келтіру
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
АҚ мүддесі үшін Савиннан 8000 теңге өндіріп алу туралы прокурор талабы аудандық сотпен сырттай шешім шығарылды. Тараптар сот отырысына келмеді және бұл жайлы себептері түсіндірілген жоқ. Сот келмегендерге қарамастан сырттай шешім шығаруға белін бекем буды. Сот шешімі прокурор тарапынан қолдау тапты.
Сот ерекше өндірістің талаптарын бұзды ма? Сырттай шешім шығару талаптарын атаңыздар.
23 Тақырып. Істерді аппеляциялық шағымдар бойынша қарау.
Жоспар:
1 Істі аппеляциялық сатыда қарауың мәні мен мағынасы
2 Аппеляциялық қараудың пәні. Істі қаруға дайындық және мерзімдері
3 Сот отырысы және оның құрама бөліктері
4 Аппеляциялық инстанциядағы сот актілері мен олардың мазмұны. Аппеляциялық сот шешімінің заңды күшке енуі.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Аудандық сот Агузованың АҚ»Темп»-ке қатысты жалақыны өндіріп алу туралы талыбын қанағаттандыру туралы сырттай шешім шығарды. Жауапкер оның қатысуынсыз істі қарай беру туралы өтініш жазған, онымен қатар оның заңды өкілі де белгілі себептермен қатыса алмайтынын мәлімдеді. Бұл іс материалдарынан белгілі.
Сот шешімі заңды ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз
Сырттай шешім мазмұнының ерекшеліктерін атаңыздар.
24 Тақырып. Қадағалау тәртібі бойынша өндіріс.
Жоспар:
1Заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қарау және оның мәні
2 Қадағалау шағымының мазмұны
3 Істі қарау тәртібі. Қадағалау инстанциясы сотының құзыреті
4Қадағалау инстанциясы сотының шешімі. Қадағалау инстанциясы сотының шешімінің міндеттілігі
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Жеке кәсіпкер Ахметов сізден заң консультациясын алуға жүгінді. Ол заңды тұлғадан нотариуспен белгіленген вексель қарсылығы бойынша қарызын өндіріп алу үшін сот бұйрығын алу туралы өтінішпен сотқа жүгінгенін айтты.
Келесе сұрақтарға жауап беріп, консультация беріп көріңіз:
Бұл іс экономикалық сотта ме, әлде жалпы юрисдикциялы сотта қарала ма?
Соттан бұйрық алу үшін жүгіну тәртібі қандай?
Сот бұйрығын беру тәртібі қандай?
25 Тақырып. Халықаралық азаматтық процесс
Жоспар:
1Шет ел азаматтарының, шет ел заңды тұлғаларының, азаматтығы жоқ адамдардың қатысуымен ҚР соттарында істердің қаралуы
2 Шет елдерге талап. Дипломатиялық иммунитет.
3 Халықаралық азаматтық процестегі сот тапсырмалары
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ЕСЕП
Нуралина мүрагерлікті ашу үшін әкесі Қашкеновтың қайтыс болу фактісін белгілеу үшін сотқа өтінішпен жүгінді. 7 ай бұрын оның әкесі достары Бекшенов пен Дулатбековпен балық аулауға барған. Сол кезде Қашкенов суға батып кеткен, ал достары тірі қалған.
Қашкенов мәйіті табылмағандықтан АХАЖ бөлімі оның қайтыс болу фактісін тіркеуден бас тартқан.
Сот Нуралина мен, әкесінің достары Бекшенов пен Дулатбековты тыңдап Қашкеновты қайтыс болды деп тану туралы шешім шығарды.
Адамды қайтыс боды деп жариялау мен қайтыс болу фактісін анықтаудың ерекшеліктері қандай (талаптары, тәртібі, салдары) ?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1 Нұрмашев У., Нұрмашева Ф. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы, 2009.- 399б.
2 Егембердиев Е.О. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. – 388б.
3 Ильясова Г.А. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы (Ерекше бөлімі): оқу құралы.-Қарағанды: Санат-Полиграфия, 2006. – 289б.
4 Н. Ш. Қамбарова Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оқу құралы (альбом-кесте).— Алматы, 2009.— 108 б.
Қосымша әдебиеттер
5 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995ж. (7.10.1998 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен қоса). Алматы,2005
6 Молдабаев С. Сот құжаттары : теория және тәжiрибе (Сот құжаттарын әзiрлеуге байланысты ұсыныстар)=. - Алматы:Жетi жарғы, 2006.-352 б.
7 ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі.- Астана, 1999ж. 13.07. №-441-I. 2009ж. 10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулар.– ИС Параграф.
8 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. – Астана, 2008ж. 10.12. №100-IV. 2011ж. 01.01. берілген өзгерістер мен то
Достарыңызбен бөлісу: |