57
салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметіне), бейінді қызметтер мен
Басқармаға скринингтік тексерулер бойынша жиынтық талдауды ұсынады.
• Басқармаға тоқсан сайынғы талдамалық материалдық ұсына отырып, салау-
атты өмір салтын қалыптастыру қызметі бейінді қызметтермен, штаттан тыс ма-
мандармен бірлесіп барлық жүргізілген скринингтік тексерулердің мониторингі
мен талдауын жүзеге асырады.
59
9. Бастапқы денсаулық сақтау жүйесінде психологиялық көмек
Қазақстанда бастапқы денсаулық сақтау жүйесінде медициналық-
психологиялық қызмет құрылған. Оның мақсаты адамдардың әлеуметтік-
психологиялық біліктілгін арттыруға және жеке адамға, топқа, ұйымға
психологиялық көмек көрсетуге бағытталған халыққа психологиялық көмек
көрсету болып табылады.
Психологиялық көмек көрсетудің негізгі тәсілі — жеке консульта-
ция және психологиялық жұмыстың топтық түрі. Психологиялық көмектің
психопрофилактикалық және психологиялық түзету бағыттылығы бар, оны
психологиялық қиындықты жеңуге қолдануға болады.
Өзектілігі
Қазір қоғамда психологиялық ауытқулардың кең таралуы және олардың
медициналық-әлеуметтік салдары байқалуда.
Маскүнемдіктің, нашақорлықтың, ПБЗ тұтынудың, ЖЖЖИ, АИТВ жұқпасы,
жасөспірімдік жасанды түсік тастау, психологиялық-әлеуметтік бейімсіздік пен
суицидтің қарқынды өсуімен жас адамдардың қауіпті мінез-құлықтары белең
алуда. Мінез-құлықтың ауытқуының өсуі балалық шақтан ересек шаққа өткенде,
жаңа әлеуметтік бағытқа шыққанда, қоғамға өзін мүше ретінде саналы қарым-
қатынасын қалыптастыру кезеңінде жасөспірім кезде байқалуда. Жасөспірімдер
мен жас адамдар республикадағы ең аз әлеуметтік қорғалған халық тобы.
Емхананың психологының міндеті - аурудан зардап шегіп отырған пациенттің
интеллектуалды, эмоционалды, жеке ерекшелігін терең психологиялық анықтау.
Емханадағы психологиялық қызметке:
• Психологиялық диагностика жасау және тұлғалық немесе топтық
психологиялық көмек көрсету.
• Медициналық қызметке әлеуметтік-психологиялық жетекшілік ету, түрлі
өмірге пациенттерді тұлғалық және әлеуметтік бейімдеу.
• Өз мінез-құлқын өзі сақтауға оқыту мақсатында психологиялық тренингтер
жүргізу.
• Халықтың түрлі топтарының психологиялық біліктілігін арттыру мақсатында
БАҚ-қа хабарлау, буклеттер, үнпарақтар шығару арқылы ақпараттық және білім
беру шараларын жүргізу.
Денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтік маңызды аурулары алғаш
анықталған пациенттерде қайта алдын алу бойынша шараларды арттыру үшін
Денсаулық мектептері қызмет етеді: Артериялық гипертония мектебі, Коронарлық
науқас мектебі, Бронх демікпесі мектебі, Қант диабеті мектебі. Аталған мектеп-
терде тиісті нозология бойынша пациенттер аурулар туралы ақпарат, практикалық
дағдылар алады. Мектептегі сабақтар терапевт, психолог дәрігерлермен
жүргізіледі, қажет болған жағдайда емхананың басқа мамандары тартылады.
Психолог-консультант жұмысының ең маңызды аспектісі оның үнемі жетіліп
отыруы болып табылады, оған: жеке және топтық терапия, супервизия, білім
беретін кәсіби бағдарламалар, бұқаралық ақпарат құралдарына мақала беру және