Павлодар
Әдістемелік нұсқауларды
бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰСН 7.18.4/20
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
__________ Пфейфер Н.Э.
2013 ж. «__»_____________
Құрастырушы: аға оқытушы Бельгибаева С.А.
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне «Бағдарламалау технологиясы» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған
Әдістемелік нұсқаулар
Кафедраның отырысында ұсынылды 201__ж. «___»__________№___ хаттама.
Кафедра меңгерушісі____________Н.Н.Оспанова 201__ж. «___»________
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу әдістемелік кеңесімен мақұлданды 201__ж. «___»__________№___ хаттама.
ОӘК төрағасы _______________ А.Б.Искакова 201___ж. «___»__________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОӘБ бастығы ____________ Жуманкулова Е.Н. 201__ж. «___»__________
Университеттің оқу- әдістемелік кеңесімен мақұлданды
201___ж. «___»__________№___ хаттама.
Курстық жұмыс оқытылатын пән шеңберіндеге оқу жұмыстарының түрі болып табылады. Курстық жұмыста ғылыми зерттеулер де жасалуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- теориялық материалды бекіту;
- таңдалған тақырып бойынша теориялық білімді тереңдету;
- алдына қойған есептерді соның ішінде тәжірибелік есептерді шешуде теорияны пайдалануды үйрету;
- ғылыми ойлау қасиеттерін жетілдіру (критикалық талдау, қорытынды шығару, гипотезаларды ұсыну және тексеру);
- студенттердің шығармашылықтарын және өздігінен жұмыс жасауды дамыту;
- ғылыми әдебиетпен жұмыс жасауды үйрету;
- қойылған талаптарға сай жұмыстарды безендіруді үйрету.
Студент курстық жұмысты жетекшімен орындайды. Жұмысты орындау сұрақтарына кеңес сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Жетекші келесі рөлді атқарады:
1. Тақырыпты таңдауда, жұмыс жоспарын құруда көмектесу.
2. Әдеби көздерді ұсыну.
3. Зерттеу әдістерін ұсыну.
4. Жұмысты тексеру, оның мықты және осал тұстарын көрсету, жұмыстағы қателерді түзету бойынша кеңес беру.
5. Курстық жұмыс бойынша қорытынды шығару, ұсынылатын бағаны растау.
Ғылыми жетекші автор болмайды, ол тек кеңес беруші ретінде жұмыс жасайды. Студент жетекшінің кеңестерін қабылдауына және қабылдамауына болады. Бірақ жұмыстың сапасына студент жауап береді.
Курстық жұмыс СМЖ ҰС ПМУ 7.06.1-05 Жобалар және курстық жұмыстар стандартына сәйкес безендіріледі.
Курстық жұмысты орындау графигі қосымша 1 көрсетілген.
Студент нұсқа бойынша тапсырманы орындайды. Курстық жұмысқа қосымша бағдарлама болу қажет. Бағдарламаны дискіде тапсырады.
Курстық жұмысты орындау барысында келесі сұлба бойынша әрекеттер орындау қажет.
Тапсырманы алу. Есепті талдау және талаптар орнату.
Пайдаланушы интерфейсін құру.
Бағдарламалау ортасын және тілді таңдау.
Алгоритм құру және таңдалған ортада жүзеге асыру.
Тестілеу және түзету.
Бағдарламаны құру
Бағдарламалау — бұл бағдарламаны құру үдерісі. Бұл үдеріс келесі қадамдардан тұрады:
Спецификация (анықтама, бағдарламаға талаптар орнату).
Алгоритм құру.
Кодтау (алгоритмді бағдарламалау тілінде жазу).
Тексеру.
Тестілеу.
Спецификация
Спецификация, бағдарламаға қойылатын талаптарды анықтау — ең негізгі кезеңнің бірі. Бұл кезеңде берілген ақпарат сипатталады, нәтижеге қойылатын талаптар қойылады, ерекше жағдайларда бағдарламаның орындалуын анықтау (мысалы деректерді енгізгенде), пайдаланушы мен бағдарлама арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз ететін сұхбаттық терезелер құрылады. Мысалы санды табу бағдарламасын алатын болсақ, алдымен хабарлама шығу қажет «1 ден 100 ге дейінгі санды тап» және сол санды енгізетін өріс болу қажет. Адам кез келген санды енгізген соң бағдарлама оны тексереді, енгізілген сан табылатын саннан үлкен бе әлде кіші ме, сол туралы хабарлама шығарады. Адам ары қарай оынды жалғастырады. Егер сан табылса, құттықтау хабарламасы шығу қажет. Бұл жерде адам 100-ден үлкен немесе теріс сан енгізсе қате енгізгені туралы хабарлама шығу қажет. Бағдарлама түсі тым жарқылдаған болмау, көзді ауыртпау қажет.
Алгоритмді құру
Осы кезеңде нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттердің тізімі анықталады. Егер есепті шешудің бірнеше тәсілдері болса, бағдарламалаушы өзіне ыңғайлысын таңдайды.
Кодтау
Бағдарламаға талаптар қойылған соң және бағдарлама алгоритмі құрылған соң, осы алгоритмді бағдарламалау тілінде жазылады. Сөйтіп нәтижесінде бағдарлама жасалады.
Өңдеу
Өңдеу — бұл қателерді табу және оларды түзету процессі. Бағдарламадағы қателер екі түрлі болады: синтаксистік (мәтіндегі қателер) және алгоритмдік. Синтаксистік қателер — тез түзетіледі. Алгоритмдік қателерді байқау өте қиын. Егер бағдарлама дұрыс жұмыс істесе өңдеу кезеңі аяқталды деуге болады. Алгоритмдік қателер болмау үшін енгізілетін мәліметтерді тексеру қажет. Мысалы біздің есепте теріс немесе 100-ден үлкен сан енгізілсе бағдарлама дұрыс істемейді.
Тестілеу
Егер сіздің бағдарламаны басқа адамдар пайдаланса онда осы кезең өте маңызды болып табылады. Бұл кезеңде енгізілетін мәліметтерге (соның ішінде дұрыс емес мәліметтер, мысалы нөлге бөлу болса, немесе түбір астынан теріс сан шығарылса) байланысты бағдарлама қателері бірнеше рет тексеріледі.
Курстық жұмыстардың тақырыптары
1. Кез келген есептеу әдісін пайдаланып сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу.
2. Таңдау әдістерін пайдалану («Ханой мұнарасы» есебін шешу бағдарламасын жасау).
3. Модульдік бағдарламалау пайдаланып программа жасау.
4. Кроссворд құру программасын жасау
5. Файлдарды құру және өңдеу
6. Анимация ендірілген программаларды жасау
7. Дыбыс, музыка ендірілген программа жасау
8. Мультимедиа пайдаланып программа жасау.
9. Мәліметтерді сұрыптаудың Хоар алгоритмін жүзеге асыру.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет
Нурбекова Ж.К., Даутова А.З. Қазіргі заманғы бағдарламалау тілдері. – Павлодар: Кереку, 2006ж.
Б.Д.Сыдықов Алгоритмдеу жэне Бағдарламалау негіздерін оқыту. Алматы,2002.
Смайли Джон. Учимся программировать на С# вместе с Джоном Смайли: Пер. с англ. –СПб, 2003. -528 с.
О. В. Герман, Ю. О Герман. Программирование на Java и С# для студента - БХВ-Петербург, 2005
Эндрю Троелсен. Язык программирования C# 2010 и платформа .NET 4, 5-е издание – М.:Вильямс, 2011
Қосымша әдебиет
А. Гарнаев. Самоучитель Visual Studio .NET 2003 - БХВ-Петербург, 2003
Жужжалов В.Е. Основы интеграции парадигм программирования в курсе программирования.-М.: Образование и информатика, 2004. -128 с.
Қосымша 1
№
|
Кезеңдері
|
Орындау мерзімі
|
1
|
Тақырыпты таңдау. Курстық жұмыс құрылымын анықтау. Жетекшімен жұмыс жоспарын құптау.
|
1-3 апта
|
2
|
Әдебиетпен жұмыс істеу. Параграфтарды жеекшімен талқылау.
|
4-8 апта
|
3
|
Курстық жұмысты жетекшіге ұсыну. Жеткшіге көрсету.
|
9-12 апта
|
4
|
Жетекші көрсеткен қателерді түзету. Курстық жұмысты безендіру
|
13 апта
|
5
|
Курстық жұмысты жетекшіге тапсыру
|
14 апта
|
6
|
Курстық жұмысты қорғау
|
15 апта
|
Достарыңызбен бөлісу: |