3. Көпбұрыштыларды бөлшектеу
Көпбұрыштыларды өзгерткенде, келесі құралды пайдалануға болады
|
Көпбұрышты бөлшектеу(Split Polygon).
Көпбұрышты қиып өтетін және оны жеке бөліктерге бөлетін сызықты салу үшін
|
Бірнеше көпбұрышты бөлшеймін десеңіз, бір сызық бірнеше көпбұрыштыларды қиып өте алады.
4. Көпбұрыштыларды қосу
[Union Features] [Объединение объектов] қызметі таңдалған нысандарды біртұтас көпбұрыш жасау үшін қосады.
Егер таңдалған көпбұрыштылардың ортақ шекарасы болса, осы шекара біртұтас көпбұрышты жасағанда жойлады.
Еегер таңдалған көпбұрыштар бір-бірін жауып тұрса, жабылу шекаралары жойлады.
Егере көпбұрыштар қосылмай тұрса, нәтижесінде көптеген бөлшектерден тұратын бір объект болып шығады.
Көпбұрышты қосу үші [Select ] [Указатель] құралын пайдалануға болады.
[Editing] [Редактирование] мәзірінен [Union Features] [Объединение объектов] таңдаңыз.
5. Көпбұрыштылардың қиылысуын жасау
[Intersect Features] [Пересечь объекты] опциясы.
Тақырыпта бірнеше бір-бірін жауып тұрған көпбұрыш орналасқан, ал керегі – тек олардың жабылған бөлігі.
Көпбұрыштарды жабылу облысы болып келетін жаңа көпбұрыш жасалынады, ал алғашқы көпбұрыштар жойлады.
Көпбұрыштың екеуін де таңдау үшін [Select ] [Указатель] басыңыз.
[Editing] [Редактирование] мәзірінен [Intersect Features] [Пересечь объекты] таңдаңыз.
Зертханалық жұмыс №8
Көпбұрышты (полигонды) тақырыптарды жасау және өзгерту
Жұмыстың мазмұны
1. Көпбұрышты нысандарға атрибуттарды қосу
2. Көпбұрышты нысандарды өзгерту
3. Бір көпбұрыштың пішінін өзгерту
4. Екі көпбұрыш арасындағы ортақ шекарасын өзгерту
5. Екі көпбұрышқа ортақ түйінді жылжыту
Мақсаты - Arc View GIS жобасында көпбұрышты тақырыптарды жасауға, картографиялық негізіне көпбұрышты нысандарды салуға, атрибуттық кестелерін жасау және толтыруға, көпбұрышты нысанның кеңістікте орналасуы мен оның атрибуттарын өзгертуге үйрену.
Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру: ЖЕЭМ, Windows 95/98/NT, MS Office, Arc View GIS.
1. Көпбұрышты нысандарға атрибуттарды қосу
Кез келге уақытта атрибуттар кестесіне жаңа өрістерді қосуға болады, мысалы, көпбұрыштың ауданы мен периметрі туралы мәліметтер.
2. Көпбұрышты нысандарды өзгерту
Шыңдарын жылжытып, қосып немесе жойып көпбұрыштың пішінін өзгерту үшін [Vertex Edit] [Редактировать вершины] құралын пайдалануға болады.
Көпбұрышты өзгерткенде, нысанды таңдау әдісімен топологиясын сақтау қажеттілігін анықтай аласыз:
- бір көпбұрышты таңдағанда, осы көпбұрыштың шыңдарын өзгертесіз.
- екі көпбұрыш арасындағы ортақ шекарасын таңдағанда, көпбұрыштың екеуін де түзетіледі.
- екі немесе одан да көп көпбұрышқа ортақ түйінді өзгерткенде, осы түйінге қатысты барлық көпбұрыштар өзгертіледі.
3. Бір көпбұрыштың пішінін өзгерту
[Vertex Edit] [Редактировать вершины] басыңыз.
Көпбұрыштың ішіндегі нүктесіне басыңыз. Көпбұрыш шекараларының әрбір шыңы шаршымен белгіленеді.
Шыңдарын жылжытқанда, қосқанда немесе жойғанда, тек сол көпбұрыш қана өзгереді.
4. Екі көпбұрыш арасындағы ортақ шекарасын өзгерту
[Vertex Edit] [Редактировать вершины] басыңыз.
Көпбұрыштардың ортақ шекарасына басыңыз. Көпбұрыштардың ортақ шекарасындағы шыңдары шаршылармен белгіленеді, ал ортақ шекараның ұштарында дөңгелекшелер пайда болады.
Шыңдарын жылжытқанда, қосқанда немесе жойғанда, тек сол көпбұрыш қана өзгереді.
5. Екі көпбұрышқа ортақ түйінді жылжыту
[Vertex Edit] [Редактировать вершины] басыңыз.
Екі немесе одан да көпбұрыштыларға қатысты түйінге басыңыз.
Бұл түйін квадраттармен көрсетіледі, ал әрбір көпбұрыштың жақын шыңдары дөңгелекшелермен белгіленеді.
Ортақ түйінді жылжытқанда барлық көпбұрыштар өзгертіледі.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
ArcView жүйесіндегі көпбұрыштық тақырып деген не?
Жаңа көпбұрышты жасап көрсетіңіз.
ArcView бағдарламасында көпбұрышты нысан туралы атрибуттық ақпараттар қалай сақталады?
Атрибуттық кестенің құрылымын көрсетіңіз
Көпбұрышты нысанның кеңістікте орналасуы мен оның атрибуттық ақпараттарын қалай өзгертуге болады.
Ескерту:
Көпбұрышты тақырыптарды жасау және өзгерту бойынша зертханалық жұмысты өткізу үшін көпбұрышты нысандар ретінде оқытушы берген нысандар пайдаланылады. Студент жобаның шеңберіндегі көпбұрышты нысандарының өз нұсқаларын оқытушымен келісіп ұсына алады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Курс бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Толок А.В., Щепилов В.Н. Введение в геоинформационные системы.. Учебное пособие. - Запорожье, ЗГУ, 2000.
Толок А.В., Щепилов В.Н. Толковый мини-словарь основных терминов по геоинформатике. - Запорожье, ЗГУ, 2000.
Курс бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
"Введение в геоинформационные системы". - Запорожье, ЗГУ, 2000.
ArcView GIS. Руководство пользователя.
Зертханалық жұмыс №9
Іскерлі графика элементтері (диаграммалар мен графиктер)
Жұмыстың мазмұны
1. Диаграмма деген не?
2. Диаграмманы жасау
3. Диаграмманың түрлері
4. Диаграммалардың қасиеттері
5. Диаграмма тапсырысы
Мақсаты – географиялық және кестелі мәліметтерді тиімді бейнелеу, салыстыру және тапсырыс жасау үшін Arc View GIS жобасында іскерлі графика элементтерін жасап пайдалануға үйрену.
Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру: ЖЭЕМ, Windows 95/98/NT, MS Office, Arc View GIS.
1.Диаграмма деген не?
Диаграмма – бұл географиялық нысандармен байланысты атрибуттардың көрнекі бейнесін қамтамасыз ететін кестелі ақпараттардың графикалық түрде көрсетілуі. Диаграмманы географиялық және кестелі ақпараттарды тиімді бейнелеу, салыстыру және тапсырыс жасау үшін жасауға болады. Диаграммалар ArcView пайдаланушының географиялық интерфейсіне толығымен қосылған.
Диаграммалар жобаның ArcView кестелі ақпараттарға сілтеме жасайды және бейнеленуін анықтайды.
Диаграмма динамикалық болып келеді, өйткені ол кестедегі ағымдағы мәліметтерді көрсетеді.
Егер кесте негізделген ақпараттар көзінде өзгерістер болса, олар кестеде де, диаграммада да өздігінен жаңартылады. Егер кесте ArcView бағдарламасында өзгертілсе, бұл өзгерістер бірден диаграммадан да көрінеді.
ArcView көмегімен ақпараттарды көрсететін әртүрлі диаграммалар әрбір бағдарлама үшін жасалыну мүмкін.
Диаграммалардың әртүрлі формаларына қол жеткізуге болады. Помощь [Help] "диаграмма - выбор формата диаграммы" ("chart - choosing a chart format") дегенді таңдаңыз.
Диаграмманы пайдаланушының интерфейсі
Диаграмма әйнекшенің ішінде көрінеді. Егер әйнекшенің өлшемін өзгертесіңіз ,диаграмма өз өлшемдерін әйнекшеге сәйкес өзгертеді. Диаграммамен жұмыс істегенде, диаграмманың мәзірі, басқыштары мен құралдары көрінеді.
2. Диаграмманы жасау
Жаңа диаграмма жасау
Проект [Project] әйнекшесінде Диаграммы [Charts] басқышын екі рет басыңыз немесе Диаграммы [Charts] жобаның белсенді компоненті ретінде ашыңыз және Новая [New] басыңыз. Пайда болған әйнекшеде тізімдегі диаграмма үшін кестені таңдаңыз. Егер бір ғана кесте болса, онда оны таңдаудың қажеті жоқ, онда 2 пунктке ауыса беріңіз.
Кестеден диаграммаға енгізілетін жазуларды бөліп көрсетіңіз. Егер ешбір жазулар таңдалынбаса, онда барлық жазулар көрсетіледі.
Таблица [Table] мәзірінен Диаграмма [Chart] дегенді таңдаңыз немесе из Создать Диаграмму [Create Chart] басқышын басыңыз. Агсiew Свойства Диаграммы [Chart Properties] әйнекшесін ашады.
Осы әйнекшеде диаграмма түрінде көрсетілетін өрісті немесе өрістерді таңдаңыз. Ол үшін кестедегі тек сандық көрсеткіштер жарамды. Соған қоса диаграмма бейнелетін көрсеткіштердің жазуларын да таңдаңыз. Жазудың көзі ретінде кестедегі кез келген өрісі бола алады. Мысалы, кестеңізде елдер тізімі берілсе, жазу көзі ретінде елдердің атаулары жазылған өрістерді таңдайсыз.
ОК басыңыз.
ArcViewжаңа диаграмманың бейнесін көрсетеді.
Диаграмма үшін қолайлы түрін таңдаңыз.
Диаграмма элементтерінің қасиеттерін өзгертуге болады. Помощь [Help] "диаграмма - свойства элементов" ("chart - element properties") қараңыз.
Цвет Диаграммы [Chart Color] құралын пайдаланып, диаграмманың түстерін өзгертуге болады.
3. Диаграммалардың түрлері
Arc View әртүрлі ақпараттар түрлерін көрсету үшін диаграммалардың алты түрін ажыратады – аудандық (area), таспалы (bar), бағаналы (column), сызықтық (line), шеңберлі (pie) және нүктелі (ху scatter).
Аудандық диаграммалар өзгерістер санын көрсетеді, себебі сандық өлшемдер әсерін жасап, диаграмманың аудандарын түспен бояуға болады.
Таспалы және Бағаналы Диаграммалар мәндеріндегі айырмашылықтарды көрсетеді. Таспаның және бағаналардың салыстырмалы ұзындығы осы айырмашылықтарды көрсетеді, және трендтарын да айқын көрсетеді. Бұл диаграмма осы топтағы ақпараттарды салыстыруға жақсы мүмкіндік береді.
Сызықтық Диаграммы белгілі бір уақыт ішіндегі трендтарды көрсетеді. Олар өзгерістердің жылдамдығына назар тартады.
Шеңберлі Диаграммалар шеңбер ішіндегі секторлардың өзара және шеңберге қатысты қатынасын көрсетеді. Белгілі бір секторларды барлығынан ерекше көрсетіп, сол ақпараттардың маңыздылығын көрсетуге болады.
Нүктелі Диаграммалар өзара байланысқан ақпарат топтары арасындағы қатынасын көрсетеді. Олар себеп-салды байланыстары байқалатын ақпараттар арасындағы қатынастарды көрсете алады.
Диаграмманың форматын өзгерту
Галерея [Gallery] мәзірін таңдаңыз немесе галерея басқыштарын басыңыз Таңдалған галереяның ішінде қажетті форматты таңдаңыз және ОК басыңыз.
5. Диаграммалардың қасиеттері
Ақпараттардың түсін, осьтерін, атауларын, аңызын өзгертіп, диаграмманың түрін өзгертуге болады.
Осьтерді бақылап, диаграмма элементтерін жылжытып, олар жасыруға немесе көрінетіндей қылдыруға, түсін өзгере аласыз. Қосымша ақпаратты Помощь [Help] "диаграмма - свойства элементов" ("chart - element properties") қарау қажет.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
ArcView жобасындағы диаграмма деген не?
ArcView жобасындағы динамикалық диаграмма деген не?
ArcView жобасында диаграмманың қандай түрлері бар?
Диаграммада оның осьтерін, атауларын, аңызын, түсін қалай өзгертуге болады?
Ескерту:
Диаграммаларды жасау және өзгерту бойынша зертханалық жұмысты орындау үшін графикалық түрде бейнелетін өрістер мен жазулар жиыны ретінде оқытушы берген жазулар мен өрістер пайдаланылады. Студент оқытушымен келісіп, жобаның шеңберінен тыс шықпайтын өрістер мен жазулардың өз нұсқаларын қолдана алады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Курс бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Толок А.В., Щепилов В.Н. Введение в геоинформационные системы.. Учебное пособие. - Запорожье, ЗГУ, 2000.
Толок А.В., Щепилов В.Н. Толковый мини-словарь основных терминов по геоинформатике. - Запорожье, ЗГУ, 2000.
Курс бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
"Введение в геоинформационные системы". - Запорожье, ЗГУ, 2000.
ArcView GIS. Руководство пользователя.
Достарыңызбен бөлісу: |