Әдістемелік нұсқау Физика 10



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет7/89
Дата08.01.2020
өлшемі1,89 Mb.
#26040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89

18
болады.  Осы  кезде  бірдей  уақытта  жасалған  орын  ауыстыру  жөнінде  сөз 
болатынын айта кету керек. Осының нәтижесінде орын ауыстыруларды және 
жылдамдықтарды қосу ережесі шығады:   =  s
1
 +  s
2
,   = 

v
1
 +  
v
2
мұндағы 
соңғы 
формула классикалық механикадағы жылдамдықтарды қосу заңын 
өрнектейді.
Жылдамдықтарды қосудың классикалық заңы оқушыларға мысал арқылы 
түсіндіріледі. Мысалы, 
v
A
 
30 м/с жылдамдыкпен қозғалатын À автомобилі 
v
B
 
20 м/с жылдамдықпен қозғалатын Â автомобилін басып озады (3-сурет). 
Автомобильдердің салыстырмалы жылдамдығын анықтау үшін екі автомобиль 
жылдамдықтарының айырымын анықтау керек. Анықталатын салыстырмалы 
жылдамдықтардың екі түрі болады: 
À автомобилінің Â автомобиліне қатысты 
және 
 автомобилінің À автомобиліне қатысты жылдамдықтары.
À автомобилінің Â автомобиліне қатысты жылдамдығы À автомобилінің Â 
автомобиліндегі бақылаушы үшін жылдамдығы болып табылады. Сонымен 
À 
автомобилінің 
 автомобиліне қатысты жылдамдығы Â тыныштықта тұр деп 
алған кездегі 
À автомобилінің қорытқы жылдамдығы екен. Â автомобилінің 
жылдамдығын нөлге айналдырудың бір тәсілі 
 денесіне кері 

v
2
 жылдамдықты 
қосу. Сонда 
À автомобилінің қорытқы жылдамдығы v
1
 + 

v
2
 . Бірақ 

v
2
 = –
v
2

кері бағыт “–” таңбасымен көрсетілген. Сондықтан салыстырмалы жылдамдық 
(
v
1
 – 
v
2
)
 екі шаманың айырымынан шығады:
А автомобилінің В автомобиліне қатысты жылдамдығы А жылдамдығы – 
– В жылдамдығы = v
1
 – 
v
2
 = 30 м/с – 20 м/с = –10 м/с;
В автомобилінің А автомобиліне қатысты жылдамдығы = В жылдамдығы – 
–А жылдамдығы v
2
 – 
v
1
 = 20 м/с – 30 м/с = –10 м/с.
  автомобиліндегі  жүргізуші  өзінен  10  м/с  жылдамдықпен  озып  бара 
жатқан 
À  автомобилін  көреді  (солдан  оңға  қарай),  дәл  осы  уақытта  À 
автомобилінің  жүргізушісі  өзінен  кері  карай  10  м/с  жылдамдықпен  бара 
жатқан 
 автомобилін көреді (кері бағыт “–” таңбасымен көрсетілген).
3-сурет
Кинематиканың негізгі ұғымдары мен теңдеулері тақырыбын бекіту 
үшін бақылау жұмысын өткізу ұсынылады.
1-нұсқа
1. Егер дененің қозғалысы 
õ = 5t
2
 + 3t + 12 (м) заңы бойынша өзгеретін 
болса, оның үдеуінің мәні неге тең?
  
Жауабы: à = 10 м/с
2
.
2. Гаражға  бет  алған  трактор  жүргізушісі  30  км  жолды  20  км/сағ 
жылдамдықпен жүріп өтті, содан кейін қалған 27 км жолды 1 сағ ішінде 
жүрді. Трактордың орташа жылдамдығы қандай болған?
  
Жауабыv
орт
 = 19 км/сағ.


19
3. Дене  түзу  бойымен 
À  нүктесінен  Â  нүктесіне,  содан  кейін  тағы  да  Ñ 
нүктесіне орын ауыстырды. Дененің жүрген жолын және орын ауыстыру 
модулін табыңдар. Нүктелердің координаталары: 
À(0; 0), Â(0; 5 м), Ñ(5 м; 
5 м).
  
Жауабы= 10 м; s = 5s = 5 2  м.
4. Радиусы 8 м болатын шеңбердің жарты радиусын жүріп өткен дененің 
орын ауыстыру модулін табыңдар.
  
Жауабы= 16 м.
2-нұсқа
1. Егер дененің қозғалысы 
õ = 5t
2
 + 3
t+ 12 (м) заңы бойынша өзгеретін 
болса, оның бастапқы жылдамдығының мәні қандай?
  
Жауабыv
0
 = 3 м/с.
2. Бала  750  м  төбешікке  шанамен  2,7  км/сағ  жылдамдықпен  көтерілді, 
ал төбешіктің жарты километрін 5 м/с жылдамдықпен сырғанап түсті. 
Оның төбешік бойымен қозғалысындағы орташа жылдамдығы қандай 
болған?
  
Жауабыv
орт
 ~ 1,14 м/с.
3. Допты жерге 1,5 м биіктіктен тастады. Ол еденге тиіп, қайта серпіліп, 
50 см биіктікке көтерілді. Доптың жүрген жолын және орын ауыстыру 
модулін табыңдар.
  
Жауабы= 2 м; s = 1 м.
4. Радиусы 4 м болатын шеңбердің 3/4 бөлігін жүріп өткен дененің орын 
ауыстыру модулін табыңдар.
  
Жауабыs = 4 2 . 
Динамика заңдары
Бұл тақырып бүкіл физика курсының ең маңызды бөлігі болып табылады. 
Қозғалыс  заңдарын  мектептің  физика  курсында  оқып-үйренудің  ерекше 
маңызы  бар.  Өздерінің  көптеген  маңызды  салдарларымен  бұл  заңдардың 
ғылыми және дүниетанымдық мәні өте үлкен. Олар ғарышта да, микродүниеде 
де туындап жататын талай құбылыстарды түсіндіруге мүмкіндік береді.
ньютонның  бірінші  заңы.  Ньютонның  бірінші  заңын  қарастырған 
кезде  тарихқа,  әсіресе  механика  бастау  алатын  ежелгі  заманғы  бастапқы 
көзқарастарға назар аударған дұрыс. Механика б.з.д. IV ғасырда өмір сүрген 
Аристотель  (б.з.д.  384–322  жж.)  еңбектерінен  бастау  алады.  Аристотель 
заманындағы ойшылдардың ой қорытындылау әдісіне ғана сүйенгеніне назар 
аудару керек. Аристотельдің қозғалысқа деген көзқарасы баяндалады. Оның 
жасаған тұжырымдарының бірі: дене оны қозғалтқанда ғана қозғалады немесе 
күш әсерінсіз қозғалыс жоқ, яғни қозғалыс тек денеге күш түсірілген кезде 
ғана  мүмкін  болады.  Аристотельдің  бұл  қорытындысы  күнделікті  өмірдегі 
деректермен  жақсы  үйлесімді.  Аристотельдің  түбірінде  дұрыс  емес  осы 
қағидаларының екі мың жыл бойы сап алтындай сақталу себебінің өзі, міне, 
осында еді. Одан әрі тұңғыш рет дұрыс пікірге келген Г. Галилей екенін айту 
керек. Аристотельдің және Галилейдің зерттеу тәсілдерін салыстыру қажет.


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау