33. Металл тотығын алу аппаратшысы
Параграф 1. Металл тотығын алу аппаратшысы, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Құндақ пештерде немесе Ветерилль тәсілімен мырыш белиласын алу технологиялық процессінің жекелеген стадияларын жүргізу. Мырышты немесе құрамында мырышы бар шикізатты жеткізу. Мырышты маркасы бойынша сұрыптау. Мырышты престе немесе қолмен плиткаға бөлшектеу. Мырышты пештерге жеткізу. Пеш пен пеш мойнын тазалау. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен мырыш пен шикіқұрамды пешке салу, құндақты ауыстыру.
Білуге тиіс:
мырышты немесе құрамында мырышы бар шикізаттың маркасы, мырышты плиткаға бөлшектеу ережесі, мырыш пен шикіқұрамды пешке салу, құндақты ауыстыру ережесі, пеш пен мұржаны тазалау ережесі.
Параграф 2. Металл тотығын алу аппаратшысы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен металды балқыту немесе оттегі буымен тотықтандыру арқылы қорғасын мен мырыш (шикі - глет, тауарлық глет, қорғасын сурик, мырышты ақ бояу) тотығын алу технологиялық процессін жүргізу. Жабдықты жұмысқа дайындау. Белгілі бір құрамды шикіқұрамды дайындау. Қорғасынды балқыту қазандықтарына аспалы тізбекті конвейермен жіберу. Шикіқұрамды, мырыш пен құрамында мырышы бар шикізатты, қорғасынды, глет-сырецті (сүргіш пештерге) салу. Балқыту, булау, тотықтандыру процестерін реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, автоматика мен лабораториялық талдаулар бойынша жанармайдың, ауаның, бу-ауа қоспасының сұйылуының, берілуінің температуралық режимін бақылау. Талдау жүргізу үшін сынамаларды алу. Шикіқұрамның жануын жалынның түсі мен мырыштың жанып болуы бойынша әр стадия сайын бақылау. Шикіқұрамды көсеу, компоненттерін мөлшерлеу. Қорғасын тотығының тозаңдарын ұстау камерасында ылғалмен ұстау процессін жүргізу. Қосымша жабдықтың жұмысын бақылау. Қорғасын тотығы пастасын ылғалды ұстау камераларынан тұндырғыштар мен қоюлатқыштарға айдау. Пештерді, балқыту-тотықтандыру құдықтары, ұстау камералары мен басқа да жабдықтарды тұрақты және күрделі тазалау. Технологиялық құжаттамаға жазба жазу.
Білуге тиіс:
технологиялық регламентті, коммуникация мен тығын арматурасының схемасы, негізгі және қосымша жабдықтардың құрылысы, жабдықтың жекелеген түрлерін іске қосу және тоқтату ережесі, газ шаруашылығының құрылысы мен оған қызмет көрсету ережесі, сынамаларды іріктеу және бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалану ережесі, қолданылатын шикізаттың негізгі және токсикологиялық қасиеттері.
Параграф 3. Металл тотығын алу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Металды балқыту немесе оттегі буымен тотықтандыру арқылы қорғасын мен мырыш (шикі-глет, тауарлық глет, қорғасын сурик, мырышты ақ бояу) тотығын алу технологиялық процесін жүргізу. Қорғасынның, мырыштың, құрамында мырышы бар шикізаттың, шикіқұрамның берілуін және уақтылы түсуін, ақ бояудың балқытылуын, булануын, тотықтандырылуын, ұсталуын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың көмегімен процестің тиімді режимін белгілеу. Ауа мен суды тотықтандыру қазандықтарына беру. Учаскедегі технологиялық режимнің бұзылу себептерін жою. Тауарлық глет алу үшін күйдіру пештерінде глет-сырецте металл қорғасынды тотықтандыру процессін жүргізу. Шығарылатын өнімнің сапасын бақылау. Пештерді күрделі жөндеу үшін тоқтату. Пешті тұтату және оны тоқтатқаннан кейін қалыпты технологиялық режимге қою. Балқыту, тотықтандыру, құндақ пештерін, айналмалы пештер мен Ветерилль тәсілі жағдайындағы пештердің, сондай-ақ қосымша жабдықтардың дұрыс пайдаланылуын бақылау. Цехтың барлың учаскелерінің жұмысын пеш бөлімшесінің жұмысымен үйлестіру. Жазбаларды технологиялық картаға жазу. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқару.
Білуге тиіс:
технологиялық регламентті, құндақтарды күйдіру технологиясы, процесті бақылау және оның тиімді режимін белгілеу, Пешті іске қосу, тоқтату және тоқтатқаннан кейін қалыпты технологиялық режимге қою ережесі, шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттары, талдау жүргізу әдістері.
34. Илем дайындау аппаратшысы
Параграф 1. Илем дайындау аппаратшысы, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен пигмент илемдерін әр түрлі құрылымды илем машиналарында дайындау технологиялық процессінің жекелеген стадияларын жүргізу. Шикізатты қолмен такелажда немесе көлік және жүк көтергіш техникасын пайдалана отырып жеткізу. Шикізатты ыдысқа салу. Жекелеген компоненттерді илем машинасына салу. Сынамаларды іріктеу. Дайын илемді майдалау жабдығына жеткізу. Жабдықты, ауа үрлегішті тұрақты тазалау және жуу.
Білуге тиіс:
технологиялық процестің мәні, қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы, негізгі және қосымша жабдықтардың мақсаты, жұмыс қағидаты, көлік және жүк көтергіш техникасының құрылысы мен пайдалану ережесі, жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, сынамаларды іріктеу ережесі, қолданылатын шикізаттың негізгі және органолептикалық қасиеттері.
Параграф 2. Илем дайындау аппаратшысы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен пигмент илемдерін әр түрлі құрылымды илем машиналарында, жылдам қозғалатын қоспалауыштарда (диссольверлерде) дайындау технологиялық процессін жүргізу. Әр түрлі құрылымды таразының немесе көлемді өлшеу құрылымдарының көмегімен әр түрлі компоненттердің түржиынын технологиялық картаның тиеу рецептурасына сәйкес мөлшерлеу (өлшеу). Компоненттерді илем машинасына құбырлар арқылы немесе жүк көтергіш механизмдердің көмегімен салу. Ашу немесе вакуум мен сорғыларды пайдалана отырып, илемді машинадан тиісті ыдысқа түсіру. Инертті газды ыдыстарға жіберу.
Білуге тиіс:
илем дайындаудың технологиялық процессі, коммуникация мен тығын арматурасының схемасы, әр түрлі құрылымды илем машиналарының құрылысы, шикізат пен жартылай дайын өнімдерді техникалық таразыда өлшеу ережесі, шикізат пен дайындалатын илемге қойылатын техникалық талаптар, шикізат пен жартылай өнімдердің физикалық-химиялық, токсикологиялық және өрт қауіпсіздігі қасиеттері.
Параграф 3. Илем дайындау аппаратшысы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Пигмент илемдерін әр түрлі құрылымды илем машиналарында, жылдам қозғалатын қоспалауыштарда (диссольверлерде) дайындау технологиялық процессін жүргізу. Құрғақ шикізатты бункер-қоймадан тарату бункеріне пневмокөлік қоректендіргіші арқылы жіберу. Қатаң белгіленген температурада қыздыру үшін эпоксидті шайыр мен басқа да жоғары тұтқырлы материалдарды қыздыру. Жабдықты инертті газбен үрлеу. Қыздырушы сорғының көмегімен қыздырылған материалдарды салмағы бойынша диссольверге салу. Лак, еріткіш және пластификаторларды автоматты өлшеуіштер мен есептеуіш-мөлшерлеуіштер арқылы салу. Құрғақ пигменттерді салу. Шнек жүйесі мен автоматты таразы арқылы талькті салу механикалық желіге қызмет көрсету. Температуралық режимді бақылау. Дайын илемді талдау. Технологиялық картаға жазба жазу. Жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жөндеу. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру.
Білуге тиіс:
технологиялық регламент, негізгі және қосымша жабдықтардың құрылысы, мөлшерлеудің автоматты жүйесі мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, талдау жүргізу және жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жөндеу әдістері.
35. Литопон өндірісінің аппаратшысы
Параграф 1. Литопон өндірісінің аппаратшысы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Литопон алу технологиялық процессін жүргізу. жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімнің сапасын бақылау. Учаскедегі технологиялық режимнің бұзылу себептерін жою. Жабдықтың жұмысы мен жай-күйін және оның тиімді жұмсалуын бақылау. Литопон өндірісінде литопонды тұндыру, ылғалды жіктеу, кептіру, айыру, сүзу процестері аппаратшыларының жұмысын бақылау және үйлестіру.
Білуге тиіс:
литопон өндірісінің барлық стадияларындағы процестердің технологиясы, технологиялық режим және оның ақаулықтарын жою, жабдықтардың құрылысы және учаскедегі коммуникация схемасы, талдау жүргізу әдістері, жартылай дайын өнім мен дайын өнімдердің техникалық талаптары, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, қолданылатын компоненттердің физикалық-химиялық қасиеттері.
36. Мырыш купоросы өндірісінің аппаратшысы
Параграф 1. Мырыш купоросы өндірісінің аппаратшысы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Гипохлорид суспензиясын дайындау. Талдау жүргізу, мырыш купоросы ерітіндісінің тазалығы мен концентрациясын айқындау. Учаскедегі технологиялық режимнің бұзылу себептерін жою. Жабдықтың жұмысымен жай-күйін бақылау. Құрамында мырышы бар шикізатты өңдеу, сүзу, мырыш купоросы ерітіндісін тазалау процестері аппаратшыларының жұмысын бақылау және үйлестіру.
Білуге тиіс:
құрамында мырышы бар шикізатты өңдеу, сүзу, мырыш купоросы ерітіндісін тазаладың технологиялық процестері және олардың ақаулықтарын түзету ережесі, учаскедегі технологиялық жабдықтардың құрылысы мен пайдалану ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және оны пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы, коммуникация және тығын арматурасының схемасы, талдау жүргізу әдістері, шикізат пен электр энергиясын жұмсау нормасы, қолданылатын шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттері, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.
37. Лак негіздерін ерітетін аппаратшы
Параграф 1. Лак негіздерін ерітетін аппаратшы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
20 атауға дейін өнім түржиынын алу кезінде органикалық еріткіштерде (ксилол, уайт-спирит және тағы басқалар) ыстық лак негіздерін еріту, суықтай араластырылған (битумды, эпоксидті, полиуретанды және тағы басқалар) лактарды жасау процесін жүргізу. Еріткіштерді қабылдау желісін жөндеу және оларды есептегіш немесе өлшегіш арқылы араластырғыштарға салу. Араластырғышты инертті газбен толтыру. Синтездеу процесін аяқтағаннан кейін ыстық лак негіздерін реактордан араластырғышқа салқын еріткіш қабатына құю. Араластырғыштағы негіздердің санын өлшеу. Еріткіштің қажетті параметрлерін белгілеу үшін араластырғыштарға әр түрлі компоненттерді мөлшерлеу. Талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу. Жартылай дайын өнімдерден суықтай араластырылған лактарды жасау. Араластырғыштар мен коммуникацияларды тазалау, жуу және инертті газбен үрлеп тазарту.
Білуге тиіс:
лак негіздерін ерітудің, суықтай араластырылған лактарды жасаудың технологиялық процесі, қызмет көрсететін учаскенің технологиялық схемасы, коммуникация және жапқыш арматура схемасы, негізгі, қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, жапқыш арматураның құрылғысы мен пайдалану ережесі, сынамаларды іріктеу ережесі, шикізаттар мен жартылай дайын өнімінің физикалық-химиялық, токсикологиялық және өртке қауіпті қасиеттері.
Параграф 2. Лак негіздерін ерітетін аппаратшы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Өнімнің көп түржиынын алған кезде (20 атаудан жоғары) органикалық еріткіштерде (ксилол, уайт-спирит және тағы басқалар) ыстық лак негіздерін еріту, суықтай араластырылған (битумды, эпоксидті, полиуретанды және тағы басқалар) лактарды жасау процесін жүргізу. Еріткіштің қажетті параметрлерін белгілеу үшін араластырғыштарға әр түрлі компоненттерді мөлшерлеуді есептеу. Шағын өңді лактарды, суықтай араластырған лактарды типтерге қою (стандарттау). Лактарды тұндырғыштарға құйып алу. Технологиялық картада жазбалар жүргізу. Жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Біліктілігі төмен аппаратшылар болған кезде, оларды басқару.
Білуге тиіс:
стандарттаудың технологиялық процессі, компоненттерді мөлшерлеуді есептеу әдісі, шикізат пен дайын өнімнің түржиыны, жартылай дайын өнімдер мен дайын лактарға қойылатын техникалық шарттар, жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды жою.
38. Сиккатив пісіруші-аппаратшы
Параграф 1. Сиккатив пісіруші-аппаратшы, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Балқытылған сиккативтерді алудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты алдын ала дайындау: уату, сиккатив металдарының тотықтарын маймен араластыру (пиролюзит үшін – бояу ұсатқыш машинада пасталарды алдын ала ұсату). Аппаратқа майды (асидол, канифол) құю және температураны көтеру. Үздіксіз араластыра отырып, біртіндеп (бірнеше сағат ішінде) сиккатив металлының азғана үлесін салу. Пайда болған көбікті алып тастау. Массаның температурасын сақтау. Сынамаларды іріктеу және пофазды бақылау (шыныда сынау) жүргізу. Реакциялық массаны салқындату. Араластырғышқа өлшегіш, есептегіш арқылы еріткішті құю және реакциялық массаны еріткіш қабатының астына төгу. Массаны араластыру. Дайын өнімді жинақтарға құйып алу.Технологиялық картада жазбаларды жүргізу. Жабдықтарды тазалау және жуу, оның жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
Білуге тиіс:
балқытылған сиккативтерді алудың технологиясы, қызмет көрсететін учаскенің технологиялық тәсімі, коммуникация және жапқыш арматура тәсімі, жабдықтардың құрылғысы мен пайдалану ережесі, сынамаларды іріктеу ережесі және пафозды бақылау әдістемесі, қолданылатын шикізаттың негізгі қасиеті, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою әдістері.
Параграф 2. Сиккатив пісіруші-аппаратшы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Тұнған сиккативтерді алудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау: сілтілер мен тұздарды дайындау. Компоненттерді таразыға тарту және өлшеу, оларды аппаратқа тиеу. Майлы және нафтен қышқылдарын сілтімен сабындау процесін жүргізу. Температураны көтеру. Ерітіндіні үздіксіз араластыра отырып сілтілерді біртіндеп салу. Әр түрлі компоненттерді мөлшерлеу. Массаны ауамен үрлеу. Аппаратта белгілі температураны сақтау. Бақылау-өлшеу аспаптарын қадағалау. Сынамаларды іріктеу және пафозды бақылау жүргізу. Сиккативтерді тұндыру процесін жүргізу. Сиккатив металдары тұздарының ерітінділерін аппаратқа біртіндеп тиеу. Төменгі су қабатын тор арқылы канализацияға төгу. Тұндыру, жуу, кептіру (сусыздандыру). Технологиялық картада жазбаларды жүргізу.
Білуге тиіс:
өндірістің технологиялық схемасы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және пайдалану ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу ережесі, сынамаларды іріктеу ережесі және пафозды бақылау әдістері (толық еру, тұну, ерітінділердің концентрациясы және тағы басқа), қолданылатын шикізаттар мен жартылай дайын өнімдердің физикалық-химиялық қасиеті, дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар, жабдықтарды жөндеуге дайындау, оны жөндеуден алу ережесі, процесті қауіпсіз жүргізу ережесі.
39. Эмальдар жасайтын аппаратшы
Параграф 1. Эмальдар жасайтын аппаратшы, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Жоғары білікті аппаратшының басшылығымен конденсациялы шайырлар мен су қосылған эмульсия бояуларында эмальдарды жасаудың технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу. Шикізатты жеткізу. Байланыстырғыштар мен еріткіштерді сақтау бактарына салу. Шикізаттың жекелеген түрлерін аппараттарға тиеу. Жабдықтарды жуу және тазалау.
Білуге тиіс:
технологиялық процестің мәні, қызмет көрсететін учаскенің технологиялық тәсімі, технологиялық жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті, жүк көтергіш және көлік құралдарының құрылғысы мен пайдалану ережесі, қолданылатын компоненттердің негізгі қасиеті.
Параграф 2. Эмальдар жасайтын аппаратшы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Жоғары білікті аппаратшының басшылығымен конденсациялы шайырлар мен су қосылған эмульсия бояуларында эмальдарды жасаудың технологиялық процесі. Байланыстырғыштарды дайындау (поливинилацетатты эмульсияны пластификатормен қосу). Жабдықтар мен коммуникацияларды жұмысқа дайындау. Байланыстырғыш немесе пигментті пасталарды құбыр бойынша немесе қолмен тиеу. Процесті, бақылау-өлшеу аспаптарын қадағалау. Талдаулар жүргізу үшін сынамаларды іріктеу. әр түрлі компоненттерді мөлшерлеу. Колоршының нұсқауы бойынша колерді келтіру үшін түрлі түсті пигментті пасталарды қосу. Жабдықтың жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою.
Білуге тиіс:
эмальдар мен су қосылған эмульсиялы бояуларды жасаудың технологиялық процесі, коммуникация және жапқыш арматура схемасы, қоспалауыштардың құрылғысы мен пайдалану ережесі, сынамаларды іріктеу және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, қолданылатын шикізаттар мен жартылай дайын өнімдердің физикалық-химиялық, токсикологиялық және өртке қауіпті қасиеті, жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды жою әдісі.
Параграф 3. Эмальдар жасайтын аппаратшы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конденсациялы шайырлар мен су қосылған эмульсия бояуларында эмальдарды жасаудың технологиялық процесі. Жартылай дайын өнімдер мен шикізаттардың сапасын паспорттары және талдау нәтижелері бойынша бақылау. Эмальдарды типтерге қою (стандарттау). Түрлі компоненттерді есептеу және мөлшерлеу. Арнайы қоспалы ерітінділерді дайындау және оларды аппараттарға тиеу. Дайын эмальды аралық сыйымдылыққа құйып алу немесе тараға төгу үшін сызықтар дайындау. Сорғыларды қосу және сөндіру. Учаскедегі жұмыстарды бақылау және үйлестіру. Біліктілігі төмен жұмысшыларды басқару.
Білуге тиіс: технологиялық регламент, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, шикізатты талдау және мөлшерлеуді есептеу әдістері, шикізат пен дайын өнімнің түржиыны, шикізатқа, жартылай дайын өнімге және дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар, жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден алу ережесі, процесті қауіпсіз жүргізу әдістері.
40. Стандарттау аппаратшысы
Параграф 1. Стандарттау аппаратшысы, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Жоғары білікті аппаратшының басшылығымен әр түрлі маркалы конденсациялы шайырларда лактарды стандарттау («типке» қою) процесін жүргізу. Сұйық шикізат пен лакты – жартылай дайын өнімді (лак негіздері) қабылдау. Бір қалыпты масса алу үшін лакты араластыру. Талдаулар жүргізу үшін сынамаларды іріктеу. Жабдықтарды тазалау, жуу және майлау.
Білуге тиіс:
стандарттаудың технологиялық процесінің мәні, жабдықтардың міндеті және жұмыс істеу принципі, қызмет көрсететін учаскенің технологиялық схемасы, қолданылатын шикізат пен жартылай дайын өнімнің негізгі қасиеттері, сынамаларды іріктеу ережесі.
Параграф 2. Стандарттау аппаратшысы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Шығарылатын өнімдер түржиынының атауы 20 дейін жеткен кезде әр түрлі маркалы конденсациялы шайырларда лактарды стандарттау («типке» қою) процесін жүргізу. Лак негіздері мен еріткіштерді араластырғыштарға рецептураға сәйкес тиеу. Шебердің немесе жоғары білікті аппаратшының нұсқауы бойынша компоненттерді мөлшерлеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Жабдықтың жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою.
Білуге тиіс:
стандарттардың технологиялық процесі, коммуникация және жапқыш арматуралардың схемасы, жабдықтардың құрылғысы, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, қолданылатын шикізат пен жартылай дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеті.
Параграф 3. Стандарттау аппаратшысы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Шығарылатын өнімдер түржиынының атауы 20 асқан кезде әр түрлі маркалы конденсациялы шайырларда лактарды стандарттау («типке» қою) процесін жүргізу. Жабдықтар мен коммуникацияны жұмысқа дайындау. Әр түрлі лактарды, техникалық шарттар талап ететін қасиетке дейін жеткізу үшін араластыру. Лактарды «типке» қою үшін әр түрлі компоненттерді мөлшерлеуді есептеу. Дайын лактарды сүзуге беру, жинақтағыш ыдыстарға құю. Технологиялық картада жазбаларды жүргізу. Учаскедегі жұмыстарды үйлестіру және лак шығаратын бөлімшенің жұмысшыларын басқару.
Білуге тиіс:
шығарылатын өнімнің түржиыны, шикізатқа, жартылай дайын өнімге және дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар, лактарды «типке» қою үшін қоспаларды есептеу.
41. Колоршы
Параграф 1. Колоршы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Жоғары білікті колоршының басшылығымен түсі бойынша (түс эталонына сәйкес) эмальдар мен бояуларды «типке» қою. Түсті келтіру үшін қажетті пигментті пасталар мен құрғақ жаншылған пасталар (бұдан әрі - ҚЖП) ерітінділерінің болуына тексеру. Дайын өнімнің түсі мен реңін айқындау үшін әр түрлі аппараттардан сынамаларды іріктеу. Эмальдар мен бояуларды әр түрлі төсеніштерге шашырату немесе құю. Колер астына қойылатын материалдарды аппараттарға жеткізу. Жоғары білікті колоршының нұсқауы бойынша колер астына жағылатын пасталарды аппаратқа тиеу.
Білуге тиіс:
лак-бояу өнімдерінің түстері мен реңдері, органикалық емес және органикалық пигменттердің, ҚЖП негізгі қасиеті, сынамаларды іріктеу ережесі, эмальдар мен бояуларды түрлі төсеніштерге жағу әдістері.
Параграф 2. Колоршы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Түсі бойынша (түс эталонына сәйкес) эмальдар мен бояуларды «типке» қою. Өнімнің азғана түржиыны кезінде 2-3 құрамды компоненттерден күрделі емес колерді жасаған кезде қоспалардың санын есептеу. Түсті келтіру үшін қолданылатын пигментті пасталардың сапасын бақылау. Зертханалық журналда және технологиялық картада жазбалар жүргізу.
Білуге тиіс:
органикалық емес және органикалық пигменттердің физикалық-химиялық қасиеті, түстер картотекасы, күрделі емес колерлерді жасаған кезде колер астына жағылатын пасталарды қосуды есептеу әдісі, жартылай дайын өнімдерге (колер астына жағылатын пасталар) қойылатын талаптар және талдаулар жүргізу әдістері.
Параграф 3. Колоршы, 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Түсі бойынша (түс эталонына сәйкес) эмальдар мен бояуларды «типке» қою. Өнімнің азғана түржиыны кезінде 4-5 құрамды компоненттерден күрделі колерді жасаған кезде қоспалардың санын есептеу. Шығарылатын өнім сапасының жекелеген көрсеткіштерін техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкестігіне бақылау.
Білуге тиіс:
шығарылатын өнімнің түржиыны, күрделі колерді жасаған кезде колер астына жағылатын пасталардың қоспасын есептеу әдістемесі, дайын өнімге қойылатын талаптар және талдаулар жүргізу әдістері.
42. Бояу ұсатушы
Параграф 1. Бояу ұсатушы, 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Қарапайым қалың ұсатылған бояулар мен барлық сорттағы шпатлевкаларды талап етілетін ұнтақтауға дейін ұсату. Бояу ұсатқышқа қою массаны дайындау және тарату. Берілген рецептураны сақтай отырып, материалдарды бояулар мен жартылай дайын өнімдерді ұсату және араластыру үшін машиналар мен механизмдерге тиеу. Машиналар мен механизмдерді басқару, оларды тазалау және майлау. Жоғары білікті бояу ұсатушының басшылығымен мастикаларды, шпатлевкаларды, замазкаларды және сырларды жасау.
Білуге тиіс:
технологиялық процестің мәні, технологиялық жабдықтың міндеті, жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі, берілген уату дәрежесіне дейін бояуларды ұсату ережесі.
Параграф 2. Бояу ұсатушы, 2-разряд
Достарыңызбен бөлісу: |