Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 1985 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген
тізбесі
№ р/с
|
Осы бөлімде берілген кәсіптердің атаулары
|
Раз-ряд диа-пазо-ны
|
1985, жылғы БТБА қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары
|
Разряд диа-пазо-ны
|
БТБА шы-ғарылымын-ың
№
|
Бөлім-нің қысқар-тылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Аппаратшы-кептіру-
ші
|
2-4
|
Аппаратшы-кептіруші
|
2-4
|
19
|
Изоля-ция
матер.
|
2
|
Электр оқшаулау трубаларын жасаушы
|
2-3
|
Электр оқшаулау трубаларын жасаушы
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
3
|
Кабестаншы
|
3-4
|
Кабестаншы
|
3-4
|
-//-
|
-//-
|
4
|
Каландрлаушы
|
2-3
|
Каландрлаушы
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
5
|
Миканиттерді желімдеуші
|
2-4
|
Миканиттерді желімдеуші
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
6
|
Пленкаэлектркартонды желімдеуші
|
2-3
|
Пленкаэлектркартонды желімдеуші
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
7
|
Электр оқшаулау материалдары өндірісіндегі бақылаушы
|
3-5
|
Электр оқшаулау материалдары өндірісіндегі бақылаушы
|
3-5
|
-//-
|
-//-
|
8
|
Айналдыра соғушы
|
2
|
Айналдыра соғушы
|
2
|
-//-
|
-//-
|
9
|
Электр оқшаулау бұйымдарын ораушы
|
3-5
|
Электр оқшаулау бұйымдарын ораушы
|
3-5
|
-//-
|
-//-
|
10
|
Слюданы күйдіруші
|
2-3
|
Слюданы күйдіруші
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
11
|
Электр оқшаулау материалдарын қайта ораушы
|
2
|
Материалдарды қайта ораушы
|
2
|
-//-
|
-//-
|
12
|
Оқшаулау материалдарын престеуші
|
2-5
|
Оқшаулау материалдарын престеуші
|
2-5
|
-//-
|
-//-
|
13
|
Қағаз бен маталарды сіңірмелеуші
|
3-4
|
Қағаз бен маталарды сіңірмелеуші
|
3-4
|
-//-
|
-//-
|
14
|
Слюданы регенераторлаушы
|
2
|
Слюданы регенераторлаушы
|
2
|
-//-
|
-//-
|
15
|
Электр оқшаулау материалдарын сұрыптаушы
|
1-2
|
Электр оқшаулау материалдарын сұрыптаушы
|
1-2
|
-//-
|
-//-
|
Электр көмір өндірісі
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1. Көмір шайбаларын жеткеруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көмір шайбаларын шайбалардың қалыңдығы параллельдігі бойынша шойын тақтада арнаулы айлабұйымдарды қолдана отырып екі жақты жеткеру. Жылтыратып тегістелген өзектерді іріктеу. Өзектің қарама-қарсы тараптарының диаметрі бойынша параллельдігі мен тереңдігін тексеру. Шайбалардың сыртқы түрін және өңделу дәлдігін бақылау-өлшеу аспабының көмегімен бақылау. Айлабұйымдар мен құралдарды баптау.
Білуге тиіс: арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспабының құрылымын, баптау және пайдалану ережесін; тегістеп жылтырату тақтасының нысанын және оны таңдау ережесін; шайбаларды жеткеру тәсілдерін; дайын өнімге арналған техникалық талаптарды; бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
2. Электр көмір өндірісіндегі ұсатушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті материалдар мен көмір массаларын ұсақтауыштар мен түрлі үлгідегі диірмендерде біліктілігі анағұрлым жоғары ұсақтаушының басшылығымен ұсақтау. Көміртекті материалдарды бөгде заттардан, қоспалар мен лас кесектерден сұрыптау. Шикізат материалдары мен жартылау шикізатты қарапайым қол құралдары мен айлабұйымдарды қолдана отырып алдын ала ұсақтау. Материалдар мен массаларды ұсақтаушы бункеріне салу. Ұсақталған материалдар мен массаларды түсіріп алу және таралау. Жабдықты тазалау және майлау.
Білуге тиіс: ұсақтауыштар мен диірмендердің атауы мен нысанын; арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесін; материалдардың түрлерін және ұсақталған материалдарға қойылатын талаптарды.
3. Электр көмір өндірісіндегі ұсатушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті материалдар мен көмір массаларын ұсақтауыштар мен түрлі үлгідегі диірмендерде ұсақтау. Материалдар мен массаларды дайындау және белгіленген деңгейге дейін салу. Материалдар мен массаларды гранулометриялық құрамға дейін ұсақтау. Ұсақталған материалдар мен массаларды түсіріп алу, көтеру-түсіру механизмдерінің көмегіңмен тасымалдау және буып-түю, таңбалау. Електерді іріктеу және орнату. Қызмет көрсететін жабдықты баптау.
Білуге тиіс: ұсақтауыштар мен диірмендердің, көтеру-түсіру механизмдерінің атауы мен нысанын, пайдалану ережесін; тарту тонинасын реттеу әдістерін; өңделетін көміртекті материалдардың нысаны мен қасиеттерін және талап етілетін ұсақтау дәрежесін; тасымалдау, буып-түю және таңбалау тәсілдерін.
4. Күйдіру және графитациялау пештеріне тиеуші-түсіруші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл керамикалық, металл графитті және электр көмір бұйымдары мен жартылай шикізаттарын электрлі муфельді күйдіру пештеріне біліктілігі анағұрлым жоғары тиеуші-түсірушінің басшылығымен тиеу және түсіру. Тигельдер мен толтырманы дайындау. Тигельдерді камералардан түсіріп алу. Тигельдерден бұйымдарды іріктеу және толтырмадан айыру.
Білуге тиіс: электрлі муфельді пештердің нысаны мен пайдалану ережесін, тигельдер мен толтырманы іріктеу және сапасын айыру тәртібін; бұйым түрлерінің атауларын және нысанын; күйдірілген бұйымдары мен жартылай шикізаттарға сыртқы түріне қарай қойылатын талаптарды.
5. Күйдіру және графитациялау пештеріне тиеуші-түсіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл керамикалық, металл графитті және электр көмір бұйымдары мен жартылай шикізаттарын электрлі муфельді күйдіру пештеріне тиеу және түсіру. Бұйымдар мен жартылай шикізаттарын тигельдерге толтырманы тығыздай отырып салу. Тигельдерді пеш астына орналастыру және шығарып алу. Бұйымдардың бумасын ашу және іріктеу.
Білуге тиіс: электрлі муфельді пештердің құрылымы мен жұмыс принципін; бұйымдарды орналастыру мен толтырмалау ережесін; бұйымдардың күйдіргенге дейінгі және одан кейінгі қасиеттерін; күйдірілген бұйымдарға, мөлшері мен отыруына қарай қойылатын талаптарды; бұйымдар дұрыс орналастырған кезде болатын ақауларды.
6. Күйдіру және графитациялау пештеріне тиеуші-түсіруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр көмір және электр графиттелген бұйымдар мен жартылай шикізаттарын үздіксіз жұмыс істейтін электрлі пештеріне және жалынды пештерге тиеу және түсіру. Жалынды күйдіру және электр графиттеу пештерін бұйым орналастыру алдында дайындау. Пеш табаны мен кессондарды тазалау. Бұйымдар мен жартылай шикізаттарын тигельдерге, кессондар мен керндерге орналастыру. Кессондар мен пештерді толтырмамен толтыру. Пештің кірпі қабырғасын қалау және бөлшектеу. Бұйымдарды кессондар мен тигельдерден алу. Электр графиттеу пештерінен толтырманы алу. Бұйымдар мен жартылай шикізаттарды тараға орналастыру және тасымалдау.
Білуге тиіс: күйдіру және электр графиттеу пештерінің құрылымын және жұмыс принципін; пештерді суыту тәсілдерін; бұйымдар мен жартылай шикізаттарын тигельдерге, кессондар мен керндерге орналастыру ережесін; күйдірілген және графиттелген бұйымдарға, электр физикалық сипаттамалары бойынша қойылатын талаптарды; бұйым ақауларын және олардың алдын алу тәсілдерін; тасымалдау тәсілдерін.
7. Пілтелерді престеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатты пілтені көмір қабығына қолмен престеу. Қабықша арнасын шомполмен тазалау. Қабықша арнасын шаю. Пілтені цементтеуші массаға малу және көмір қабықшасына енгізіп қою. Көмір бетінен цементтеуші масса қалдығын кетіру. Көмірді тазалау, кептіру және үю.
Білуге тиіс: құралды, айлабұйымды және көмекші материалдардың нысанын және пайдалану ережесін; пілтені көмір қабықшасына енгізіп қою және тегістеу тәсілдерін; қабықша арнасын тазалау және шаю ережесін, көмірді кептіру процесін; көмірдің сыртқы түріне және механикалық беріктігіне қойылатын талаптарды.
8. Пілтелерді престеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сіңірме пілтені көмір қабығына пресстер мен жартылай автоматтарда престеу. Мундштуктерді іріктеу. Пресс цилиндрлерін пілте массасымен толтырып отыру. Престеудің температуралық режимін реттеу. Престелген қабықшаларды түсіріп алу, оларды сүрту және электр пештерінде кептіру. Кептіру пештерінің жұмыс режимін реттеу. Көмірдің типі мен мөлшеріне қарай құралды іріктеу. Жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Жабдық пен айлабұйымдарды баптау.
Білуге тиіс: пресстер мен жартылай автоматтардың, кептіру пештерінің құрылымы мен жұмыс принципін; қызмет көрсететін жабдықты баптау ережесін; пілтені престеу және кептірудің технологиялық процестерін; бақылау-өлшеу аспаптары мен күрделі айлабұйымдарды пайдалану ережесін; пілте массасына қосылатын материалдардың қасиеттерін және олардың бұйым сапасына әсерін; брактың туындау себептерін және оларды жою тәсілдерін.
9. Микрофондық ұнтақтарды жасаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Антрациттен түрлі микрофонды ұнтақ маркаларын жасау. Антрацитті ұсақтау, сұрыптау және шарлы диірмендерде тарту. Ұнтақты виброелектерде фракциясы бойынша елеу және магнитті сепаратордан өткізу. Ұнтақты жуу, кептіру және термоөңдеу. Физикалық-химиялық талдауға сынама алу. Ұнтақты виброелектерде соңғы елеу. Микрофондық ұнтақтарды өлшеу. буып-түю және таңбалау.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және жұмыс принципін; ұнтақ түрлері мен қасиеттерін, дайындау тәсілдерін; ұнтақтау дайындау үшін алынатын бастапқы материалдарды; дайын өнімге қойылатын талаптарды; өлшеу. буып-түю және таңбалау ережесін; брактың туындау себептерін және оларды жою тәсілдерін.
10. Электр көмір бұйымдарын сынаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көмір және электр щетка бұйымдарын сынауға дайындау. Қарапайым электр сызбаларды құрастыру. Ықтимал сынақтарға дайындық жұмыстары. Бұйымдарды стенд қысқышына орнату. Тендтің қоректену кернеуін бақылау және ұстап тұру. Күрделі емес сынақ жабдығын жөндеу.
Білуге тиіс: сынақ стенділері мен қондырғыларының нысаны мен пайдалану ережесін; сынақтың негізгі түрлерін; қарапайым электр сызбаларды; бұйым типтері мен олардың нысандарын.
11. Электр көмір бұйымдарын сынаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көмір және электр щетка бұйымдарын суық және ыстық күйінде электрофизикалық сынауды қарапайым стенділер мен қондырғыларда жүргізу. Жалын разрядтаушысы саңылауы шамасын реттеу. Ең төмен және ең жоғары жүктеме кезіндегі электр қарсылығын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Бұйымдарды тұрақтандыру және суыту. Сынақтарды тіркеуді белгіленген нысан бойынша жүргізу.
Білуге тиіс: стенділер мен қондырғылардың құрылымы мен жұмыс принципін; қондырғының электр сызбасы мен құрастыру ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; тұрақтандыру және суыту процестерін; разрядтаушысы саңылауы түзеу ережесін; көмір бұйымдарына қойылатын техникалық талаптарды.
12. Электр көмір бұйымдарын сынаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көмір және электр щетка бұйымдары үлгілерін электр сынауды күрделілігі орташа стенділер мен қысқа тұйықталған коллекторлық қондырғыларда жүргізу. Сынақ сызбасын өздігінен құрастыру және оңтайлы режимді таңдау. Электр щеткасы үлгілерін коллектор немесе контакті сақиналарының радиусына келтіріп тегістеп жылтырату. Кернеудің ауыспалы түсуін, сәуле беру дәрежесі мен бұйым үлгілерінің үйкелу және тозу коэффициенттерін анықтау және реттеу. Сынау режимі жазбасын технологиялық журналда жүргізу.
Білуге тиіс: стенділер мен коллекторлық қондырғылардың құрылымы мен жұмыс принципін және оларды басқару ережесін; сызбасын дайындау және құрастыру ережесін; сынақтардың жүргізілу кезектілігін; сыналатын бұйымдардың құрылымы мен жұмыс принципін және оларды пайдалану ережесін; сынақ нәтижелерін ресімдеу ережесін.
13. Электр көмір бұйымдарын сынаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көмір және электр щетка бұйымдары үлгілерін электр сынауды күрделі стенділер мен электр машиналарда жер бетіндегі жағдайда жүргізу. Арнаулы стенділерге арналған электр сызбаларды шабақтау. Бұйым үлгілерін машиналарға орналастыру және машиналарды бұйымдармен вакуумді қондырғыларды барокамераларына монтаждау. Сынақ жабдығы кешенін баптау және басқару. Сынақ жүргізумен байланысты есептерді орындау. Қуаттың, қыздыру температурасының төмендеуін, бұйым үлгілерінің тозу және коммутациялық сипаттамаларын анықтау. Бұйым үлгілерінің габариттік мөлшерлерін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен кезеңді өлшеп тұру. Сыналатын бұйымдардағы ақаулары анықтау.
Білуге тиіс: стенділер мен электр машиналарының құрылымы мен пайдалану және баптау ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; есептерді орындау, бұйым үлгілерінің тозу және коммутациялық сипаттамаларын анықтау әдістемесін; электротехника негіздерін; ақау түрлерін.
14. Электр көмір бұйымдарын сынаушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көмір және электр щетка бұйымдары үлгілерін электр сынауды ерекше күрделі стенділер мен вакуумді қондырғыларда жоғары жағдайда жүргізу. Бұйым үлгілерін машиналарға орналастыру және машиналарды бұйымдармен вакуумді қондырғылардың барокамераларына монтаждау. Басқару пульттерін монтаждау және ауа, өлшеу және электр коммуникацияларын құрастыру. Күрделі сынақ жабдығы кешенін төменгі қысым, төмен және жоғары температура жағдайында баптау, реттеу және басқару. Термобарокамерадағы температура режимі мен разрядтау дәрежесін белгілеу әрі берілген деңгейде ұстап тұру. Бұйым үлгілерін берілген физикалық, электр және климаттық параметрлерге сәйкес сынау. Бұйымдардың тәжірибелік және бірегей үлгілерін зерттеу. Сынау және зерттеу материалдары бойынша есептерді орындау, графиктер мен диаграммаларды құру. Сынақ нәтижелері хаттамасын ресімдеу.
Білуге тиіс: вакуумді қондырғылардың құрылымы мен пайдалану және баптау ережесін; басқару пульттерін монтаждау тәсілдерін; жабдықтың жұмыс режимін; сынау және зерттеу әдістемесін; графиктер мен диаграммаларды құру ережесін; тәжірибелік және бірегей үлгілерін зерттеу ерекшеліктерін; техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды; құжаттаманы ресімдеу ережесін.
Орта кәсіптік арнаулы білім талап етіледі.
15. Электр көмір бұйымдарын калибрлеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл графитті және электр көмір бұйымдарды калибрлердің, кондукторлар мен айлабұйымдардың көмегімен, біліктілігі анағұрлым жоғары калибрлеушінің басшылығымен калибрлеу. Құрал мен айлабұйымдарды жұмысқа дайындау. Бұйымдарды орналастыру.
Білуге тиіс: бұйымдарды калибрлеу тәсілдерін; калибрлердің, кондукторлар мен айлабұйымдардың нысаны мен қолдану ережесін; бұйымдардың түрлері мен олардың нысанын; сызбалар мен калибрлердегі квалитеттер мен параметрлердің шартты белгілерін.
16. Электр көмір бұйымдарын калибрлеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл графитті және электр көмір бұйымдарды калибрлердің, кондукторлар мен айлабұйымдардың көмегімен калибрлеу. Бұйымдардың калибрлеу саңылаулары мен мөлшерін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу. Жарамды бұйымдарды іріктеу және орналастыру.
Білуге тиіс: калибрлерді, кондукторлар мен айлабұйымдарды, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; калибрлеу тәсілдерін; бұйымдарды калибрлеу процесін; бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды.
17. Электр көмір бұйымдарын калибрлеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл графитті және электр көмір бұйымдарды арнаулы айлабұйымдары бар жартылай пресс автоматтарда калибрлеу. Бұйымдарды бункерлерге салып орналастыру және берілген мөлшерге дейін калибрлеу. Сымды бір мезгілде калибрлей отырып электр щетка ішіне престеу. Айлабұйымдарды орнату және бұйымдардың мөлшеріне қарай ауыстыру. Жартылай пресс автоматтарды баптау.
Білуге тиіс: жартылай пресс автоматтардың құрылымын, жұмыс принципі мен баптау тәсілдерін; айлабұйымдарды орнату тәсілдерін; бұйымдарды калибрлеу процесін; жол берілетін шектеулерді; бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
18. Электр щетка өндірісіндегі тығындаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сымды әртүрлі маркадағы және пішіндегі электр щеткаға арнаулы айлабұйым көмегімен сіңіру. Арнаулы айлабұйымдарды бұйымның талап етілетін мөлшері мен ішіне дайындау және баптау. Тығын ұнтағын гранулометриялық құрамы бойынша іріктеу және оны ауыстыру. Бұйымның жарамдылығын сымына қарай анықтау.
Білуге тиіс: арнаулы айлабұйымның нысанын, пайдалану ережесі және оны баптау тәсілдерін; бұйымды тығындау тәсілдерін, электр щетканың маркасын, мөлшері мен пішінін; брак түрлерін.
19. Электр щетка өндірісіндегі тығындаушы
3разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сымды әртүрлі маркадағы және пішіндегі электр щеткаға жартылай автоматтарда сіңіру. Жартылай автоматты бұйымның бақыланатын параметрлері бойынша баптау. Тығын ұнтағының біркелкі берілуін және шпинделдің соғу санын реттеу. Бұйымдардың жарамдылығын ауыспалы электр қарсылығы мен щетка мен арматура арасындағы бекітпе беріктігіне қарай, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықтау.
Білуге тиіс: жартылай автоматтардың құрылымын, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; бұйымды тығындау тәсілдерін; мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар бойынша электр щетканың техникалық сипаттамасын; ықтимал ақауларды және оларды жою тәсілдерін.
20. Көмір массасын араластырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пісіру, пілтелік және цементтеуші массаларды берілген рецептура бойынша әрекет ету принципі әртүрлі араластырғыштарда жасау. Массаларды таразылау, орталау және аралыстырғышқа салу. Вальцілеу және араластыру процестерін ерттеу. Пілтелік массаның компоненттерін есептеу және түзеу. Пілтелік массаның жарамдылығын ылғалдылығы мен тығыздығына қарай анықтау. Жабдықты жұмысқа дайындау және баптау.
Білуге тиіс: араластырғыштардың құрылымын, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін; массалардың рецептурасы мен дайындау процесін; қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін; таразылау және тиеу ережесін.
21. Көмір массасын араластырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пісіру массаларын берілген рецептура бойынша араластырушы агрегаттар мен ағынды желілерде. Материалдарды дайындау және дозалау. Бегундарды, вальцілер мен араластырғыштарды кезектілік уақыты есебіне қарай кезеңдеп тиеу және түсіру. Вальцілеу, араластыру және тығыздау кезінде массаның температурасын бақылау және реттеу. Араластыру кезінде массаның дайындық деңгейін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықтау. Массаны тасымалдау, буып-түю және таңбалау. Жабдықтың жекелеген тораптарының ақауларын анықтау және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; пісіру массасын дайындау тәсілдерін; пісіру массасы компоненттерін есептеу және оны дозалау ережесін; массаның температурасын және валдар арасындағы саңылау шамасын реттеу ережесін; тасымалдау, буып-түю және таңбалау тәсілдерін.
22. Электр көмір бұйымдарын орап байламдаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген электр көмір бұйымдары пачкаларын құралдың және айлабұйымдардың көмегімен орап байламдау. Көмір дискілерді пудралау және салмалармен байламдау. Көмір пачкаларының тысын орау қағазымен орап байламдау. Бұйымдарды, құрал мен айлабұйымдарды байламдауға дайындау. Көмекші материалдарды іріктеу және оларды бұйымның мөлшері мен типіне қарай кесу. Құрал мен айлабұйымдарды баптау.
Білуге тиіс: құрал мен айлабұйымдардың нысаны мен пайдалану ережесін; түрлі бұйымдарды орап байламдаудың негізгі тәсілдерін; көмекші материалдардың түрлерін, нысанын және олардың сапасына қойылатын талаптарды.
23. Электр көмір бұйымдарын орап байламдаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген электр көмір бұйымдары пачкаларын арнаулы станоктарда орап байламдау. Станокты, құрал мен айлабұйымдарды бұйымның берілген мөлшеріне баптау. Бұйымды станокта орнату және тегістеу. Пачкадағы бұйымның санын анықтау. Бұйымдарды орап байламдау кезіндегі ақаулардың алдын алу және жою.
Білуге тиіс: орап байламдауға арналған станоктың, құрал және арнаулы айлабұйымдардың құрылымын, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін; бұйымдарды орап байламдаудың жолдары мен тәсілдерін; бұйымдарды орап байламдау кезінде тік сызықты сақтау ережесін; бұйымдарды орап байламдау алдындағы ұстап тұру процесінің нысанын; бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды.
Достарыңызбен бөлісу: |