Дамыту, градация (латынша бірден-бірге күшейте беру) – алдыңғы сөзбен соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.
«Қобыланды батыр» жырындағы Бурылдың шабысы. Шырағым, Бурыл шу! – деді.
Құбылып бурыл гуледі. Табаны жерге тиемді.
Тау менен тасты өрледі. Төрт аяқты сермеді.
Құлақтың түбі терледі. Тер шыққан соң өрледі Адырды көзі көрмеді,
Көлденең жатқан көк тасты Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі…
Градациялық мұншалық қызық әсерлі өлеңдегі секілді прозалық шығармаларға да өзгеше рең береді. М.Әуезов өз эпопеясында дамытудың дәл осы қасиетін біліп қолданған:
«...Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп толқып, тарап жаты... Ақшоқыда туған өлең мен ән жатталып, көшіріліп, әуендеп толқып Ералыға жетті. Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атырапқа тарап жаты. Даланың қоңыр желіндей, жай соққан самалындай лүпіп-толқып, тобықты жайлауларын түгел шарпып өтті. Сырттағы Керейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы Қаракесекке, Қуандыққа да кетті. Аягөз, Тарбағатай, Алтай, Наймандарына да жетіп жатты».
(«Абай жолы»)
Профессор Е. Ысмайлов градацияны 2 түрге бөледі: түйдектету және баяулату.
Түйдектетуге мысал:
Адам ол – қайғырымпаз, қуанымпаз, Жиіркенімпаз, сүйенімпаз, уанымпаз. Дариядай шалқымпаз, шаттанымпаз. Керкетімпаз, тасымпаз, суалымпаз.
(С.Мұқанов)
Баяулатуға мысал:
Әм жабықтым, әм жалықтым, Сүйеу болар қай жігіт, Көңілден кеткен соң тынным? Әм сүйіндім, әм түңілдім, Үнемі неткен үміт,
Өткен соң бар жақсы жылым?
Кейде бұл екеуі қатар жүреді:
(Лермонтов - Абай)
Соқ, жігіт! Соқ! Соқ, жігіт! Күйіңді тарт! Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт! Безілдет! Сарнат! Зарлат!.. Үздіктірші!
Керек жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт! Қысқарт!
(І. Жансүгіров)
Инверсия (латынша орын өзгерту, төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматиклық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
(М. Мақатаев)
Осы өлеңді әдеттегі заңды тіркестер тәртібімен құрсақ, былай болар еді: Мен туралы естеліктер жазылар, біреулер өр тұлғалы жан еді дер, біреулер, мүмкін, ер-тұрманы бүтінделмей кеткен тұлпар еді дер.
Достарыңызбен бөлісу: |