Кең көлемді эпикалық түрде жазылған шығармаларда адам мен қоғам тіршілігі мейлінше кең қамтылып, алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйеленіп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жан-жақты жинақталады.
Роман (французша: roman) – композициялық құрылымы күрделі, уақыт жағынан тұтас бір кезеңді қамтитын, қоғам, адам өмірін жан-жақты, қырынан, терең қамтып, саралайтын ең үлкен эпостық жанр.
Роман жанр ретінде Еуропада қайта өрлеу дәуірінде пайда болса, орыс әдебиетінде ХІХ ғасырда, қазақ әдеиетінде ХХ ғасырда пайда болып, кеңестік дәуірде қатты жетіліп, толысты. Қазақ әдебиетінде роман орнын бұрын қисса- дастандар («Алпамыс», «Ер тарғын», «Қыз Жібек»; «Бозжігіт», «Салсал»,
«Зарқұм» және т.б.) басқан.
А. Байтұрсынов роман туралы: «Ұлы әңгіме, яки роман деп тұрмыс сарынын түстеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды айтамыз... Ұлы әңгіме түрде қазақ тілінде басылған шығарма әлі жоқ. Міржақыптың «Бақытсыз Жамалына» роман (ұлы әңгіме) өрісі деп ат қойылса да өресі ме н өрісі шағын болғандықтан о да ұлы емес, ұзақ әңгімеге жақын», - деген.
Роман жанрының шарттарын жақын, сәйкес жазылған тұңғыш роман – Ж. Аймауытовтың «Қарартқожа» романы (1926).
А. Пушкин: «Роман деген сөз – ойдан өрбіте баяндалған тарихи дәуір ұғымын береді».
В. Белинский: «Роман – жаңа дәуір эпопеясы».
Эпопея – эпостың шыңы, оның негізгі қаһарманы - халық, суреттер шындыңы – халық басынан өткен кезеңді құбылыстар.
Лирика
Лирика (грекше lyra – ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) – әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бері, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі.
Лирикалық шығарма көлемі жағынан эпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, барлық сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі.
В. Белинский: «Ұлы ақын өзі туралы, өзінің жеке мені туралы айтса, - жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар».
Лириканың күші – әсерлілігінде; баяндауда емес, суреттеуде. Лирикалық қаһарман, әдетте, ұнамды кейіпкер. Сөйтсе де лириканың тартысты және тартыссыз түрлері болады. Шындықты қатал, сұсты, күрделі қимыл-қозғалыс қалпында көрсететін салмақты, салиқалы өлең болады да, қиындықтан жылыстап жүретін майда, майысқақ, жылымшы жырлар болады.
Адамның сезімі мен сыры болған жерде лирикалық жар да болған, жыр арқылы адамның сыры мен сезімі сыртқа шыққан. Сондықтан да лириканың жанрлық түрлері қисапсыз көп және әр алуан. Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мысалы, қазақ лирикасының басы салт өлеңдерінде жатыр. Олардан өрбіген лирикалық сарын әр түрлі ән к әрекетөлеңдеріне, толып жатқан толғау жырларға тоғысқан да, одан лиро- эпосқа келіп сіңген. Лириканы жалпы поэзияның басқа түрлерінен ажыратып алып, жеке-дара қарау жемісті бола бермейді. Өйткені эпостық шығармаларда лирикалық нәзік сезімдер, көтеріңкі пафос, сондай-ақ лирикалық шығармаларда эпостың элементтері кездесе береді. Сондықтан, лириканы жалаң тексеріп, түр- түрге болудің өзі – шартты нәрсе.
Баллада (итальянша ballare – билеу) – орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан лириканың ерекше түрі, лиро-эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең. Балладада ақын өзінің көңіл-күйін, толғанысын жырлап қана тыңбайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық , оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет болып келеді.
Баллада өзінің ұзақ даму тарихында талай өзгерістерге ұшырады: әуелде бір топ адам қол ұстасып, би билеп жүріп айтатын ән түрінде көрінсе, кейін сыршыл толғау, ен сыршыл толғау, енді бірде асқақ әуенді арнау түріне ауысты.
Идиллия (грекше eidyllion – суреттеу, сурет) – лириканың антик әдебиетінде көп тараған түрлерінің бірі, әлдебір парықсыздау салтанат, қаракетсіз қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр.
Идиллиялық өлеңнің тақырыбы – мал баққан, шөп шапқан, егін салып, балық аулаған адамдар тұрмысы, олардың сұлу табиғат құшағында өтіп жататын той-думаны, сауық-сайраны. Ежелгі Грецияда мұндай өлеңдерді Феокрит, Римде Вергилий жазған. Кейін Көне дүние әдебиетінің классикалық үлгілеріне еліктеу ретінде бұл түрді француз ақындары қайта жаңғыртты. Идиллия Сумароков, Херасков, Княжнин, Жуковский, Гнедич сияқты орыс ақындарында да бар. Біздің дәуірімізде бұл жанр мәнін жоғалтты.
Мадригал (madrigal – малшы сазы) – ХІҮ ғ. француз әдебиетінде идиллияны ауыстырған түр. Мадригал басында рақат тіршілікті адақтайтын өлең болды, кейін әйелдерге арналған альбомдық сипатқа көшті. Мадригалды орыс әдебиетінде Карамзин, Батюшков жазды.
Ода (грекше ode – ән) – есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды мадақтаған, ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтеріңкі, көңілді жыр. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқта бар.
Сонет «итальянша sonetto, sonare – сылдырлау, сыңғырлау) арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең. ХІІІ ғ. Сицилияда туған. Данте, Петрарка көп жазған. Кейін Батыс Еуропаның басқа елдеріне кең тараған. Классикалық үлгілерін Шекспир жасаған.
Сонеттің арнаулы өлшемі болады: көлемі – он төрт жол, алғашқы сегіз жолы – бірінші бөлім (катрен), соңғы алты жолы – екінші бөлім (терцет). Мазмұн жағынан бұл екі бөлімнің ара жігін ажырату қиын.
Қазақ лирикасында сонет Е. Әукебаев, Қ. Аманжолов, Х. Ерғалиев шығармашылығынан орын алған.
Лириканың басқа да түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: |