Еңбек шарты



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі0,74 Mb.
#23586


      Еңбек шарты 

Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, 

жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы 

осы құжаттан басталады.

Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың 

(әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп 

аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде 

алу туралы жазбаша келісімі болып табылады. Еңбек 

шарты 2-ге бөлінеді: жеке және ұжымдық



          Жеке еңбек шарты



Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс 



беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. 

Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс 

істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі 

толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.



Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне 



қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол 

кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне 

орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға 

міндеттенеді.



Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне 



қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек 

шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай 

қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік 

қызметіне қосуды көздейді.



Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі 



жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.


Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:

белгісіз мерзімге — жеке еңбек шартының уақыты 

көрсетілмейді;

белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын;

істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе 

орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің 

орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі 

бір мерзімге.

Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге 

келген кезде — жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді. 

Жеке еңбек шарты кем дегенде екі дана болып толтырылады 

және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек 

шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі —жұмыс 

берушіге беріледі.

Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын 

қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық 

көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша 

белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.


 

Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау 

еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ 

мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру 

мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.

Егер сынақ мерзімі өтіп кетсе және екі жактың бірде біреуі жазбаша түрде 

екінші жақты жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе, шарттық әрекет 

етуі жалғаса береді және оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. 

Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса, қызметкер жұмыс берушінің 

келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан 

мұндай босатуға сот тәртібімен шағымдануына болады.

Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен 

сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек 

шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу 

жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды 

деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық — бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай 

шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс 

берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын 

бұзғандық болып табылады.




Ұжымдық шарт  кәсіпкер немесе 

фирма әкімшілігі арқылы оның 

өкілі мен қызметкерлер кәсіподақ 

арқылы оның өкілдері 

арасындағы еңбек жағдайы, 

жалақы, кәсіпорындағы 

жұмысшы ұйымдарының 

құқықтары, т.б туралы келісім. 


Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасау үшін 

қажетті құжаттарға мыналар жатады:

1) Еңбекақы төлеуді нормалау,оның нысандары,жүйелері,қызметкерлерге, 

оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды, (ерекше зиянды) және қауіпті 

жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге тарифтік 

ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша өтемақылар туралы;

 2) еңбекақы төлеуді индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы 

төлемдерін төлеу туралы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі 

қосымша өтемақылар туралы;

 3) тиісті мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең 

төменгі жалақысы мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін арақатынас 

туралы;

4) разрядаралық коэффиценттерді белгілеу туралы;

 5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары 

туралы;

6) салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, 

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру 

көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлерді 

және олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру кепілдіктері 

туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;

Document Outline


жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау