Еңбегін қОРҒау (Әйелдер, КӘмелетке толмағандар мен мүгедектер)



жүктеу 0,7 Mb.
бет1/4
Дата28.12.2017
өлшемі0,7 Mb.
#6159
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

АЛМАТЫ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ

Құқық қорғау органдары факультеті

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ


Тақырыбы: ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

ЕҢБЕГІН ҚОРҒАУ

(ӘЙЕЛДЕР, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР)

Орындаған:

КПО – 404 тобының студенті

Жұмабек Бұлан


«Қорғауға жіберілсін»

Кафедра меңгерушісі

З.ғ.к., доцент Ғылыми жетекшісі:

Абйдельдинов Т.М. аға оқытушы

_____________________ Нұрманов Е.А.

« » ____________2007ж.


АЛМАТЫ 2007
Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................................3

І. Еңбекті қорғаудың жалпы негіздері.................................................................7

1.1 Еңбекті қорғау түсінігі және оның маңызы..............................................7

1.2 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері...................................................19

ІІ. Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау...........................26

2.1 Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы............................26

2.2 Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау..........................................38

2.3 Мүгедектердің еңбектік реабилитациясын құқықтық реттеу.............46



Қорытынды..............................................................................................................55

Қолданылған нормативтік құқықтық актілер.................................................59

Қолданылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар.......................................59

Бітіру жұмысында жасалған сілтемелер............................................................62


КІРІСПЕ

Зерттелетін мәселенің өзектілігі.

Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап егеменді мемлекет ретінде өз халқының мүддесі үшін экономикалық және әлеуметтік саясатын өз бетінше анықтауда және жүргізуде. Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық өмірдің барлық салаларын, соның ішінде заң саласын реформалау жалғасуда, кең көлемді әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылуда.

Конституциямен өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасы тұлғаның еркін дамуы үшін, оның өмір сүру деңгейінің жоғарлауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуден белгілі бір міндеттерді мойнына алып, өзінің әлемдік құндылықтардың жолын ұстайтынын растады. Әлеуметтік мемлекет теориясы жеке еркіндік пен теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысуының үйлесімділігін білдіреді. Әлеуметтік мемлекеттік қорғалмаған адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа алу, қоғамның гуманизациялану идеясын қабылдайды.

Ағзасының белгілі бір физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты еңбек нарығында анағұрлым әлсіз, бәсекеге түсе алмайтын, соның салдарынан мемлекет тарапынан ерекше қолдау мен қорғауды қажет ететін жалдамалы жұмысшылар тобын құрайтын азаматтардың белгілі бір санаты бар. Бұл азаматтар олардың ағзаларының физиологиялық ерекшеліктерінен көрінетін айрықша субъективті қасиеттерге ие. Сондықтан олардың денсаулықтарына кері әсер ететіндіктен, олар еңбек функциясын жалпы негіздерде атқара алмайды. Нақты осы жағдайда еңбек құқығына аталған тұлғалардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүктелген. Сонымен, қандай субъектілер мемлекет тарапынан ерекше қорғауды қажет етеді. Аталған санаттағы азаматтарға еңбек құқығы әйелдерді, кәмелетке толмағандарды және мүгедектерді жатқызады. Құқық әйел ағзасының әлеуметтік ана болу функциясын, жасөспірімнің қатаймаған, даму үстіндегі ағзасын, оның психикасының, жеке қасиеттерінің әлі қалыптаспағанын, мүгедектердің шектелген еңбек қабілеттігін ескерген.

Осы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесінің өзектілігі соңғы кездері белең алып отырған өндірістегі адам шығынына алып келген жазатайым оқиғалардың жиілей түсуі, техникалық, санитарлық-гигиеналық және өзге де қауіпсіздік талаптардың сақталмауы салдарынан қызметкерлердің мүгедек болып қалу жағдайларының кең етек жаюынан көреміз. Тарихи дамудың осы бір кезеңінде аталған мәселені шешуге қажетті барлық объективті жағдайлардың жетілгені осы мәселенің өткірлігін және зерттелуге қажеттілігін анықтайтын фактор болып табылады.

Мәселенің ғылыми жетілдіру жағдайы. Еңбекті қорғаудың әлеуметтік негіздерінің жеке аспектілері техникалық, медициналық, әлеуметтік және өзге салалық ғылым салаларымен зерттелген. Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесіне көптеген ғалым-заңгерлердің де еңбектері арналған. Аталған мәселені жетілдіруге байланысты түрлі ғылым салалары ғалымдарының салған үлесін мойындай отырып, осы мәселеге қатысты барлық кешенді қамтитын арнайы зерттеудің әлі де жоқ екенін айта кеткен жөн. Әрине, бірқатар монографиялар мен жеке мақалаларда бекітілген өткен күн тәжірибесі осы мәселенің негізін құрайды, бағыт береді. Алайда, кейбір тұстарда зерттеулердің арасында қарама-қайшылықтар туындайды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу материалдарының қазіргі жағдай мен туындаған мән-жайларға сәйкес келмеуі аталған бағытта зерттеу жұмыстарын жалғастырудың себебі мен негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1999 жылы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңының қабылдануына дейін әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектердің еңбегін қорғау кезінде мемлекет тарапынан жеңілдіктер белгілі бір еңбек жағдайларын белгілеуден көрініс табатын. Еңбек заңнамасында жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін құқықтық реттеудің дифференциялық әдістемесі болған. Одақтас республикалардың ЕтЗК-інде бұл санаттағы қызметкерлердің еңбегін реттеуге қатысты жеке-жеке бөлімдер арналып, бөлек қарастырылатын.

Қазақстан Республикасының қазіргі әрекет етуші еңбек заңнамасы кеңес үкіметінде сияқты әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектерді бірқатар жеңілдіктерді иеленетін еңбек құқығының ерекше субъектісі ретінде бөлмеген. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңда тіпті олардың еңбек қатынастарын реттейтін жеке бөлім (тарау) да жоқ. Аталған заңда әйелдер мен кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты бірнеше бап қана қарастырылған. Ал мүгедектер тіпті назардан тыс қалған.

Осы негізінде Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерін түзету мен толықтыруға қажеттілік туындады деуге негіз бар. Бұл ақтаңдақтар мен олқылықтар Еңбек Кодексімен назарға алынып, дұрыс жолға қойылады деген үміттеміз.



Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасындағы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауды құқықтық реттудің теоретикалық мәселелерін кешенді зерттеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:



  1. Еңбекті қорғаудың жалпы ұғымын және оның мәнін ашу;

  2. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздерін анықтау;

  3. Өндірістегі әйелдер еңбегінің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі шаралардың кешенді жүйесі болып табылатын әйелдер еңбегін қорғаудың жалпы сұрақтарын қарастыру және тек әйелдерге қатысты ғана қолданылатын арнайы құқықтық нормалардан тұратын әйелдер еңбегін ерекше қорғаудың мазмұнын ашу;

  4. Еңбекті қорғауға байланысты кеңес үкіметінің және Қазақстан Республикасының заңнамаларын салыстыра отырып, кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғауға қатысты шешілмеген, қайшылықты мәселелерді анықтау;

  5. Мүгедектердің әлеуметтік-құқықтық реабилитациясы ұғымын құқықтық санат ретінде анықтау және оның негізгі бағыттарын көрсету.

Зерттудің методологиялық негізі. Зерттеудің методологиясын құқықтық құбылыстарды танудың диалектикалық әдісі, сондай-ақ салыстырмалы талдау жасау, тарихи-әлеуметтік, жүйелі, логикалық, кешенді және себеп-салдар мен себепті байланыс әдістері құрады. Мысалы, тарихи әдіс еңбекті қорғауды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің өзгеру динамикасын көрсетуге мүмкіндік берді. Салыстырмалы әдіс еңбекті қорғаудағы өзге мемлекеттердің жетістігін анықтап, үлгі ретінде алынуы үшін қолданылды.

Зерттеудің теоретикалық негізін құқық, философия, экономика, социология, физиология, психология салаларындағы отандық және шетел мамандарының еңбектері құрады. Маңызды қайнар көз ретінде еңбек құқығы ғылымының өкілдерінің еңбегі қолданылды: Е.Н. Нұрғалиева, А.С. Пашков, Т.М. Абайдельдинов, В.Н. Уваров, А.М. Нұрмағамбетов, К.А. Шайбеков, А.А. Абрамова, Е.Г. Азарова, Э.Г. Қожахметова, Л.А. Николаева, В.Н.Толкунова және өзгелері.



Зерттеудің теоретикалық және тәжірибелік маңызы. Зерттеудің теоретикалық маңызы – жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауға қатысты шешілмеген және қарама-қайшылықты мәселелерді ашу болып табылады. Зерттеудің тәжірибелік маңызы – жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Диплом жұмысындағы теоретикалық қорытындыларды ғылыми –зерттеу жұмыстарында қолдануға болады.

Бітіру жұмысының құрылымы мен көлемі кіріспеден, екі бөлім, бес тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

І. Еңбекті қорғаудың жалпы негіздері

1.1 Еңбекті қорғаудың түсінігі және оның маңызы
Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалады. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері еліміздің ата заңында көрініс тапқан. Яғни, Қазақстан Конституциясының 24–бабының 2-бөлігіне сәйкес әрбір азамат қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар, ал 29-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулық сақтауға құқығы бар.

Қоғамдық қатынастардың түрлі жақтарын қамтитын күрделі әлеуметтік-құқықтық санат бола отырып, еңбекті қорғау тек қана заңгерлермен ғана емес, өзге де техникалық, медициналық, әлеуметтік және т.б. салалық ғылымдармен зерттелуде.

Еңбек заңнамасы еңбекті қорғау ұғымына келесідей анықтама беріп отыр, яғни еңбекті қорғау – бұл құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі үрдісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.

Шындығында да, еңбекті қорғау әр түрлі шаралардың, соның ішінде барлық жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығы мен еңбек қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық шаралардың да жиынтығы болып табылады. Еңбекті қорғау жүйесінің ең маңызды бөлігі еңбекті қорғау жөніндегі заңнама сөзсіз, себебі еңбекті қорғауды бұлжытпай жүзеге асыруды қамтамасыз ететін барлық нормалар жүйесін қамтиды.

Еңбек құқығында қалыптасқан «еңбекті қорғау» ұғымы екі түрлі жағынан берілген – аталған термин екі түрлі мағынада ажыратылған және оны кең де, тар да мағынада талдауға болады. Кең мағынада аталған санат ретінде құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және өзге де шараларды қамтитын еңбектік қызмет үрдісіндегі жұмысшы өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және еңбек қабілетінің сақталуын қамтамасыз ету жүйесі түсіндіріледі.

Қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына құқық – қызметкерлердің негізгі құқықтарының бірі болып табылады («Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның 7-бабы 1- тармағының 3-тармақшасы). Еңбек заңнамасы түгелдей еңбекті қорғау мақсаттарына бағындырылған. Заңнама ұлттық саясаттың бұл саладағы негізгі қағидаларын, өндірістегі тосын жағдайлардың, денсаулықтың зақымдануының алдын-алу шараларын, шаруашылық жүргізудің барлық түрлерінде және меншік нысанына қарамай кез-келген кәсіпорында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша азайтуды қарастырады.

Тар мағынада еңбекті қорғау еңбектің қауіпсіз және қолайлы жағдайларын тудыру мәселелерін, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығына және өміріне келген зиян үшін жауаптылықты сақтау міндетін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді. Бұл мәселелерді реттейтін нормалар мен ережелер еңбек құқығының құрамдас бөлігі болып табылады [1, С.296].

Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілерді қатыстыра отырып барлық деңгейдегі өкілді және атқарушы органдардың бірлескен әрекетін көздейді. Бұл саясат мына қағидаларға негізделген:



  1. өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

  2. қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;

  3. қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;

  4. нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;

  5. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

  6. уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;

  7. еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;

  8. мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргізуге мемлекеттің қатысуы;

  9. қызметкерлер өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларынан тұратын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы (Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңының 6-бабы)

Еңбекті қорғауға құқығы барлар: меншіктің және шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысанындағы жұмыс берушілермен, оның ішінде жекелеген жолдаушылармен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер; кооператив мүшелері; өндірістік тәжірибе өтуші және өндірістік оқудағы жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары; әскери міндетті атқарумен байланысты емес жұмыстарға тартылған әскери қызметкерлер; сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, егер олар үкімнің орындалуын басқаратын органдар анықтаған кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрсе, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған кез-келген еңбекке қатысушылар.

Халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен кәсіпорындары шет елдерде жұмыс атқарған жағдайда олар үшін еңбекті қорғау жөнінде халықаралық нормаларда белгіленгеннен төмен емес талаптар көзделеді. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істеуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты еңбекті қорғауға құқығы болады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару республикада мемлекеттік саясат қағидаларының жүзеге асырылуын, бұл салада заңнамалар мен басқа нормативтік актілердің дайындалуын, сондай-ақ өндіріс құралдарына, технологияға және еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптардың, еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалар мен басқа нормативтік актілердің сақталуына мемлекеттік қадағалаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңнамада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мынадай негізгі міндеттері анықталған:


  1. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттарды, ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдауға;

  2. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;

  3. еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу мен енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;

  4. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;

  5. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге;

  6. өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;

  7. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;

  8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге, және т.б. бағытталған («Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңының 5-бабы).

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті өкілдік алған. Үкімет және басқа мемлекеттік басқару органдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастырады және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғаудың және оның жағдайын жақсартудың мемлекеттік бағдарламасын бекітеді, министрліктер мен басқа орталық атқарушы органдардың еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерін анықтайды, еңбекті қорғауға кететін шығындарды қаржыландыру тәртібін анықтайды. Арнайы өкілеттігі бар орган Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.

Ұйымдық –құқықтық нысанына және меншік түріне қарамастан әрбір кәсіпорында еңбекті қорғау қызметі құрылады. Өзінің мәртебесі жағынан еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі, ал оның еңбекті қорғау мәселелері бойынша шешімдері барлық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

Кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметі белгіленген мақсаттарға сәйкес еңбек қорғауды басқару жүйесінің жасалуын, енгізілуін және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша кәсіпорынның функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді, кәсіподақ ұйымдарының еңбек қорғау жөніндегі өкілдерімен және еңбек қорғаудың аймақтық басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп әрекет етеді, өндірістік құрал-саймандардың, ғимараттардың және құрылыстардың, тұрмыстық жайлардың техникалық ахуалын және дұрыс пайдаланылуын бақылайды; жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердің кіріспе нұсқамасының бағдарламасын жасайды, кәсіпорынға жұмысқа алғаш кірген қызметкерлермен нұсқама өткізеді; ұжымдық шартта «Еңбекті қорғау» тарауының дайындалуын, еңбекті қорғау жөніндегі номенклатуралық шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, т.б.

Жеке еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Жұмыс беруші қызметкерді еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға қабылдау кезінде кәсіби аурудың туындау мүмкіндігі туралы ескертуге міндетті. Олардың арасында жасалатын жеке еңбек шартында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды қоса алған, жұмыс орнының шынайы сипаттамасы, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарында және ұжымдық шартта көзделген осындай жұмыс істегені үшін берілетін жеңілдіктер мен өтемақылар көрсетілуге тиіс. Осы жереде «еңбекті қорғау» ұғымын толығырақ ашу үшін кейбір терминдерге тоқталуды жөн көрдік. Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңының 1-бабына сүйенсек,


  • зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына әкеліп соқтыратын еңбек жағдайлары;

  • қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе жарақаттануына не өліміне әкеліп соқтыратын еңбек жағдайлары;

  • кәсіби ауру – қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;

  • зиянды өндірістік фактор – оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

  • қауіпті өндірістік фактор - әсерін тигізуі қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына (еңбек жарақатына немесе кәсіби ауруына) немесе өліміне әкеліп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.

Аталған анықтамалардың мазмұнын қорыта келгенде, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерінің сақталмауы салдарынан белгілі бір өндіріс факторларының әсерінен қызметкердің өмірі мен денсаулығына орны толмас зиян тигізетін қауіптің төнуі мүмкін екенін көріп отырмыз. Соныдқтан аталмыш жағдайлардың алдын алу шарасы ретінде азаматтарды олардың денсаулық жағдайына теріс әсер ететіні айқын жұмыстарға қабылдауға заңнамамен тыйым салынған.

Ұйымдарда зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) және қолайсыз өндірістік факторлары бар жұмыстарға, сондай-ақ жер асты жұмыстарына адамдар қабылдауды жұмыс беруші олар алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайларына қайшы келмейтіні айқындалғаннан жүзеге асырылуға тиіс. Жұмыс беруші еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін қызметкерлерді мерзімдік медициналық қаралудан және тексеруден өткізуді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті. Ал медициналық қаралудан және тексеруден өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберілмеуі тиіс.

Ұйымдардағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттар, ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Қызметкерлердің еңбек қызметі үрдісіндегі еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктері берілген. Мәселен, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмысын тоқтатқан уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады. Қызметкердің өзінің немесе айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапқа тартуға әкеліп соқтырмайды. Сонымен қатар, қызметкер жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілмеген жағдайда жұмыс берушінің қызметкерден еңбек міндеттерін орындауды талап етуге құқығы жоқ және сол себептен бос тұрып қалған уақытта орташа жалақысы мөлшерінде ақы төлеуге тиіс. Ал қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда оған келтірілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерде еңбек жарақаты, кәсіби ауру немесе зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері салдарынан денсаулығының өзге де зақымдалу белгілері байқалған жағдайда жұмыс беруші медициналық қорытындының негізінде қызметкерді өзінің келісімі бойынша денсаулығына теріс әсерін тигізбейтін басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс (Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңының 14-бабы).



Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталмауы өндірістегі жазатайым оқиғалардың басты себебі болып отыр. Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің берген мәліметтеріне қарағанда Қазақстан Республикасында 2006 жылы еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалардан зиян шеккен 3395 адам тіркелген. Зиян шеккендердің жалпы санынан әйелдер 17,6% -ды, он сегіз жасқа дейінгі жасөспірімдер 0,2% -ды құраған. Бұның ішінде 188 адам топтық жазатайым оқиғалардан, 291 адам кәсіби аурулардың, 41 адам уланудан зиян шеккен [2, С.33]. Ал 2004 жылдың соңғы бес айында тау-кен және өнеркәсіп орындарындағы еңбек қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясынының бақылауындағы кәсіпорындарда ұзын-саны 147 қайғы-қасірет оқиға болыпты. Оның 13-і кісі өлімімен, 9-ы аса ауыр салдармен тиянақталған. өткен жылғы осы уақыттағы жағдаятпен салыстырып қарсақ, жалпы жарақаттану 13%-ға кеміп, ауыр салдарлы жарақаттану 47,1%-ға, кісі өлімі оқиғасы екі есеге көбейген[3, С.39]. Бұл оқиғалардың орын алуына кейде жұмыс берушінің кінәсі себеп болса, кейде қызметкердің салғырттығы мен сауатсыздығы себеп болады. Сондықтан жұмыс берушінің өнірістегі еңбекті еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы бойынша жауапкершілігін арттыру қажет. Осы мақсатпен заңнама жұмыс берушіге бірқатар міндеттер жүктеп отыр. Мысалы, жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге; еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға; қызметкерлерді ұйымның аумағында және жұмыс орындарында болуы мүмкін зиянды өндірістік факторлар туралы хабардар етуге; өндірістік жабдықтар мен технологиялық үрдістерге профилактика жүргізу, оларды неғұрлым қауіпсізіне ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық үрдістерде кез келген қатерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді ережелер мен нормативтердің талаптарына сәйкес, соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық үрдістерді енгізу кезінде оқытудан және даярлықтан өткізуге; өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етуге, жеке және ұжымдық қорғану құралдарының, арнаулы киімнің өз мақсатында қолданылуын бақылауды жүзеге асыруға; өз қаражаты есебінен қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, профилактикалық тазарту құралдарымен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен, медициналық дәрі-дәрмек қобдишаларымен, сүтпен, уәкілетті орган белгілейтін нормалардан кем болмайтын емдеу-профилактикалық тағамдармен, сондай-ақ арнаулы киімді және аяқ киімді жөндеумен қамтамасыз етуге және т.б. міндетті. Ал қызметкерге заңнама, өз кезегінде, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға; арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға; өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби аурулардың белгілері пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті түрде алдын ала, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетін жүктеген.

Еңбекті жан-жақты қорғаудың үлкен әлеуметтік, экономикалық және құқықтық мәні бар.



Еңбекті қорғаудың әлеуметтік мәнінің маңызы келесіде:

  1. Қызметкердің өмірі мен денсаулығын орын алуы мүмкін өндірістік зияндардан қорғайды.

  2. Қызметкердің еңбекке қабілеттілігін сақтауға бағытталған.

  3. Қызметкердің мәдени-техникалық өсуіне жәрдемдеседі, себебі лас, ауасы тар өндірістік бөлмелерде күні бойы жұмыс істеп шаршаған қызметкер кешкісін оқуға, біліктілігін көтеруге, сауықтануға, спортпен шұғылдануға, ой-өрісін дамытуға мүмкіндігі де, шамасы да болмайды. Еңбекті қорғау еңбекті гуманизациялауға жәрдемдеседі

Еңбекті қорғаудың экономикалық мәнінің маңызы келесіде:

  1. қызметкердің еңбек өнімділігінің өсуіне жәрдемдеседі. Ал ол өз кезегінде өндіріс пен экономиканың өсуіне әкеледі.

  2. әлеуметтік сақтандыру қорын үнемдеуге және жұмыс уақытын жоғалтуды қысқартуға жәрдемдеседі, себебі еңбектің жақсы қорғалуында өндірістік жарақаттар, кәсіби аурулар азаяды және сәйкесінше аурухана парақтары мен зиянның орнын толтыру, қызметкердің ауруы үшін жұмыс уақытын жоғалту азаяды.

Еңбекті қорғаудың құқықтық мәнінің маңызы келесіде:

  1. Ол еңбек жағдайының ауырлығын, әйел ағзасының физиологиялық ерекшеліктерін, оның ана болу функциясын және жасөспірімдер ағзасының психофизиологиялық ерекшеліктерін және мүгедектердің еңбек қабілеттілігін ескере отырып, қабілеттілігіне қарай жұмыс атқаруына жәрдемдеседі.

  2. Азаматтың құқықтық мәртебесі оның еңбек қорғауға негізгі құқығын және еңбек қызметінің үрдісінде ғана емес, сондай-ақ оларды жұмысқа қабылдаған сәттен-ақ ерекше қорғауды қажет ететін тұлғалар үшін бұл құқықтың заңдық мәртебелік кепілдіктерін қамтиды. Мысалы, әйелдер мен кәмелетке толмағандарды медициналық негіздер бойынша оларға тыйым салынған жұмыстарға қабылдауға болмайды.

  3. Еңбекті қорғау бойынша мәселелер еңбек ұжымы мен профкомның әкімшілікпен, жұмыс берушімен арасындағы ұйымдастыру-басқарушылық қатынастардың, сонымен қатар салалық, республикалық және аумақтық деңгейдегі әлеуметтік-серіктік қатынастардың объектісі болып табылады.

  4. Еңбекті қорғау қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбектік құқықтық қатынсатың маңызды элементі болып табылады және ол бойынша жұмыс беруші (әкімшілік) қызметкердің жұмыс орнында еңбектің қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс[4, С.312].

Еңбекті қорғау түсінігі және оның маңызы бөлімі бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:

  1. Еңбекті қорғау қоғамдық қатынастардың түрлі жақтарын қамтитын күрделі әлеуметтік-құқықтық санат болып табылады.

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасы еңбекті қорғау ұғымына мынадай анықтама беріп отыр: еңбекті қорғау –құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі үрдісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.

  3. Еңбекті қорғау ұғымы кең және тар мағынада қарастырылады.

Кең мағынада аталған санат ретінде құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және өзге де шараларды қамтитын еңбектік қызмет үрдісіндегі жұмысшы өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және еңбек қабілетінің сақталуын қамтамасыз ету жүйесі түсіндіріледі.

Тар мағынада еңбекті қорғау еңбектің қауіпсіз және қолайлы жағдайларын тудыру мәселелерін, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығына және өміріне келген зиян үшін жауаптылықты сақтау міндетін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді.



жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау