Е. Уайт Жаратушыға апарар жол



жүктеу 0,65 Mb.
бет2/4
Дата19.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#21451
1   2   3   4

МАЗМҰНЫ


МАЗМҰНЫ 3

АЛҒЫ СӨЗ 4

ҚҰДАЙДЫҢ АДАМҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІГІ 6

КҮНӘКАР ҚҰТҚАРУШЫНЬІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ 11

ТӘУБЕГЕ КЕЛУ 14

АЙЫБЫН МОЙЫНДАУ 24

ӨЗІҢДІ АРНАУ 27

ДІН ЖӘНЕ ОНЫ ҚАБЫЛДАУ 31

БІЗ МӘСІХТІҢ МЕНШІГІНЕ ЖАТАМЫЗ БА? 35

МӘСІХПЕН БІРГЕ ӨСУ 41

БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗ БЕН ІСТЕРІМІЗ 46

ҚҰДАЙДЫ ТАНУ 50

СИЫНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ 55

КҮДІКТЕРІМІЗДІ НЕ ІСТЕЙМІЗ? 62

ҚҰДАЙМЕН БІРГЕ БОЛУ ҚУАНЫШЫ 67




  1. АЛҒЫ СӨЗ


Адамзат баласының жан дүниесін оятып, рухани деңгейін көтеруге ықпал ететін кітаптардың көбі бұрын-соңды "Жаратушыға апарар жол" атты туынды сияқты, үлкен басылыммен жарыққа шығып, дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылып көрген емес. Дүние жүзінің көптеген елдерінің, қалаберді жер шарының ең шалғайдағы аймақтарының тұрғындары осы кітаптың тартымды әсеріне бөленген.

Кітаптың авторы Е. Уайт /1827-1915/ өзі өмір сүрген кезеңдегі діни топтар арасында: жазушы, діни уағыздаушы, дүние жүзінің үш континентінде өзінің діни ғибадат-құлшылықтарын өткерген адам ретінде танымал болған. Ол АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Мэн штатында туып-өсіп, жастық шағының балауса кезеңдерін де сол жерде өткізген. Бұдан кейінгі жылдары жазушы басқа штаттарды аралап, жол сапарларда жүруіне тура келді. 1885 және 1887 жылдар аралықтарында жазушы Батыс Еуропа елдерінде болып, ол жерлерде өзінің қаламгерлік қызметімен қоса, үлкен аудиторияларға жиналған тыңдаушылар алдында адамның рухани жан тазалығы, өнегелілік жөнінде сөз сөйлеп, көпшіліктің ілтипатты алғысына бөленіп жүрді. Бұдан кейін, тоғыз жылдан астам уақыт бойына, ол Австралияда, Жаңа Зеландияда тұрды. Жазушының қаламынан туындаған дін ілімі туралы, білім беру, денсаулық сақтау, отбасындағы өмір және мәсіхшілдік мәселелеріне арналған көптеген кітаптары мен мақалалар жинақтары оның туындыларын сүйіп оқитын қалың оқырмандар қауымының көңілінен шықты. Жазушының кітаптары орыс тіліне де аударылған. Солардың бірі- "Жаратушыға апарар жол" атты кітап - ең көп тараған туындыларының бірі.

Кітаптың тақырыбы, осы туындының мазмұнына арқау болады. Бүгінгі таңда біздің елімізде Құтқарушының: "Маған келіңдер!" - деген киелі үндеуін көптеген адамдар естуде. Алайда Фома сияқты /Мәсіхтің алғашқы шәкірттерінің бірі/ көптеген адамдар: "Ақиқи жолды қалай танып, білуімізге болады?" деген сұрақты жиі қойып, сол сұрақтарына кемелді әрі жан-жақты жауап алуға деген құштарлықтарын аңғартуда. Осы кітап беттерінде Қүдайға апарар жол жайлы ақиқи шындық, айқын да ұғынықты тілмен баяндалған. Ұдайы ізденіс үстінде жүретін ізденімпаз, білімқүмар адамдардың жан дүниелерінің сұранымдарын тек ,Өзі ғана қанағаттандыра алатын Иса Мәсіхке, оқырман қауым ерекше назар аударып, ол туралы ақиқи шындықты білуге ерекше ынтызарлық танытуда. Шалқыған шабыт, терең білім иесі, осы кітаптың авторы, өзінің жалынды да мазмұнды шығармалары арқылы өздеріне өздері сенбейтін, табиғатынан солқылдақ жандардың Құдаймен бірге болатын әлем дүиесі мен мәңгілік өмірге апаратын ақиқи жолды көруіне ықпал етіп, көмегін көрсете білген. Осы кітапта оқырмандар назарына ұсынылып отырылған ақыл-кеңестерді басшылыққа ала отырып, ақиқи шындық, мінез-құлықтың көркемдігі мен толықтығын іздеген әрбір адам, бізді жаратқан және күнәларымызды өтеп алған Жаратушымыздың өзімізге деген билігін мойындауымыздың куәсі болған мәсіхшілдік өмірдің ақиқи жолымен бірте-бірте алға қарай қадам басып келеді.

Айта кеткен жөн, бұл кітап алғаш рет 1882-жылы жарыққа шыққан болатын. Мәсіхшілдік дінін ұстанатын елдердегі адамдар "Жаратушыға апарар жол" кітабының беттерін алғаш ашқан тұңғыш оқырмандары болған. Олардың басым көпшілігінің өмірлері біздердің өмірлерімізге қарағанда, анағүрлым бақыттырақ болды. Себебі ол кездегі адамдардың ой-саналары қазіргі кездегідей, әр нәрсеге сенбестікпен қараушылық сияқты күмәнді де теріс пиғылдармен уланбаған еді. Ол кездегі адамдар, Жаратушы Иенің болмысы жөне ақиқи шындықтың бастау бұлағы - Киелі Кітаптағы түсініктерді бұлжымас шындық ретінде қабылдай білетін. Содан бері адамдардың дінге деген көзқарастарында көптеген өзгерістер пайда болды. Көптеген адамдардың діни сенімдері солғын тартты. Бұған әлдебіреулердің ғасырлар бойғы қалыптасқан мәсіхшілдік дәстүрлерінің негізін күйретуі себеп болды деп айтуға болмайды. Мүлде олай емес. Бүл - адамдардың ізденімпаздықтарының, адасушылықтары мен қателіктерінің салдарынан болған іс. Соңғы онжылдықтар ішінде ауыр сынақтардан өткен Мәсіх ілімі және оның жарқын істері біздің заманымызда бұрынғыдан да зор ықпалды күшке, тартымды сипатқа ие болды.


Баспагерден
  1. ҚҰДАЙДЫҢ АДАМҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІГІ


Табиғат пен ақиқат сияқты болмыстар Құдайдың сүйіспеншілігіне куәлік етеді. Біздің Көктегі Әкеміз өмірдің нәрлі бастауы, көңіл қуанышы, асқан кемеңгерліктің өнегесі екені - ақиқи шындық. Айналамызды қоршаған табиғаттың таңғажайып, тылсым сұлулығына, Жаратушының жаратқан сансыз жаратылыстарына көз жіберер болсақ, осылардың барлығын Ол тек адамдардың бақытты өмір сүруі үшін ғана емес, барша тірі жанды жаратылыстардың тіршілік етуі үшін жаратқандығына қанық боламыз. Нөсерлі жаңбырдың артынан Күннің нұрлы сәулесі, шүғылалы шуағын жерге молынан төгіп жіберсе болғаны, дархан дала төсі құлпырып сала береді. Құзар биік шыңдарын қар басқан асқар таулар, ұшы-қиырына көз жеткізгісіз телегей теңіздер мен мұхиттар, қойнауы құтқа толы жазира кең жазықтар, ауызбен айтып жеткізе алмастай сұлулықты, адамдардың игілігі мен көңіл қуанышы үшін жаратқан құдіреті күшті Құдайдың асқан Ұлылығын паш етеді. Адамның иелігіне осыншама сұлулықты, құт-берекені, сансыз игіліктерді нәсіп еткен Құдай Әкенің, Өзі жаратқан пенделеріне - адамдарға деген Тәңірілік сүйіспеншілігі қандай шексіз десеңізші! Барлығы да Оның бізге деген сүйіспеншілігі туралы бар әлемге жар салып тұрғандай. Өйткені Ол барлық жаратқандарын керекті нәрселермен қамтамасыз етеді. Осы туралы Дәуіт пайғамбар былай деген: "Барлығының жанары Саған үмітпен қарайды, Сен олардың тамақтарын уақытылы бересің; Алақаныңды ашып, өмір сүріп жатқандардың бәрін рақымшылық, ізгілік көңілмен тойындырасың" (Зәбур жырлары. /144:15, 16.

Құдай адамды өте қасиетті және бақытты етіп жаратты. Жаратушының қолынан шыққан жер де өте әдемі болатын; онда өлімнің ізі де, қарғыстың көлеңкесі де болған жоқ. Құдай Заңын - сүйіспеншілік заңын бұзу әлемге өлім мен қайғы алып келді. Күнәнің кесірінен болған зардаптардың өзінен де, Құдайдың бізге деген шексіз сүйіспеншілігі ашылады. Құдайдың жерді адамның күнәсі үшін қарғағандығы жазылған. (Жаратылыстың басталуы 3:17. шетелдік аудармадан). Адам өмірінде қиыншылықтар туғызатын арамшөп пен тікенек, ауыртпалықтар мен сынақтар, тер төгіп еңбек ету мен күн көріс қамы - мұның бәрі адам игілігі үшін, тәрбие ретінде берілген. Бүл - Құдайдың адамзат баласын күнәнің зардаптарынан өзгеріске ұшырып, азғындап құрып кету қаупінен құтқару жөніндегі жоспарларының бір бөлігі ғана. Күнәға бату, азғындау жайлаған бұл әлемде, тек азап пен қайғы- қасірет қана өріс алған деуге болмайды. Сонымен қатар, табиғатта тәубешілдік пен үміт туралы ізгі хабар жазылған. Тікендер гүл жарады. Тікенектері қалың гүл сабақтарында хош иісті райхан гүл шашады. Жер төсінен құлпырып өскен көк майса шөптердің әрқайсысында: "Құдай дегеніміз - сүйіспеншілік" деп жазылған. Әнші құстардың тамылжыта салған әні және өте қанық бояулы, көздің жауын алардай әсем гүлдер, нулы ормандарда жайқалып өскен ағаштар - міне осылардың бәрі де Құдайдың Өз балаларына бақыт, қуаныш сыйлағысы келетін, Жаратушы Иенің Әкелік қамқорлығының, нәзік сүйіспеніиілігінің айқын айғағы болып табылады. Құдай Сөзінде Оның Тәңірілік болмысы, мінез-құлқы айқын көрініс береді. Оның шексіз сүйіспеншілігі мен жанашырлығы, қайғыға түсуі, Мұсаның Жаратқан Иеге ғибадат - құлшылық етіп сиынған кезінде алған жауабынан, Оның адамдарға деген шексіз сүйіспеншілігі мен жанашырлығы, қайғыға түсуі толығымен ашыла түседі. Мұса пайғамбар Құдайдан: "Маған Өзіңнің салтанатты ұлылығыңды көрсете гөр!" деп сұрағанда: Жаратқан Ие оған: "Мен сенің алдыңнан бүкіл игілігімді өте шығатын етіп, қасыңда "Жаратқан Ие" деген есімімді атап шақырамын" (Мысырдан шығу. 33:18,19) деп жауап берді. Осының өзі - Құдайдың Құдіретті күші.

Құдай Ие Мұсаның алдынан өтіп бара жатып, Өзі туралы салтанатты түрде жария етті:

"Жаратушы Ие, Жаратушы Ие!

Рақымды да қайырымды Құдай!

Қаһарлануға асықпайды,

Сүйіспеншілігі берік, әрдайым сөзінде тұрады;

Ол сүйіспеншілігін мыңдағандарға ұдайы көрсетеді,

Тіпті Өзіне қарсы шығып, әділетсіздік жасап,

Күнәға батқан адамды да кешіруге дайын.

Ал қасарысқанды /күнәкарды/ жазалаусыз қалдырмайды.

Аталарының жасаған әділетсіз істері үшін

Балалары мен немерелерін,

Тіпті шөберелері мен шөпшектерін де жазалайды"
(Мысырдан шыгу. 34:6,7).
Ол "Өте шыдамды және аса кешірімшіл", "өйткені кешіргенді жақсы көреді" (Жохан. 4:2; Мик. 7: 18)

Құдай жердегі және аспан әлеміндегі нышандары мен белгілері арқылы бізді Өзіне қаратты. Ол жерде адамдарды біріктіретін өте тығыз әрі нәзік дәнекерлер мен табиғи құбылыстар арқылы бізге Өзінің болмысын аша білді. Осындай сансыз игіліктердің өзі де Оның бізге деген шексіз де риясыз сүйіспеншілігін толық аша алмайды. Осындай бұлтартпас куәліктерге қарамастан, "барша шындық атаулының қас жауы"- сұм шайтанның адам санасын уландырғаны соншалықты, адамдар Құдайға қорқынышпен қарап, Оны қатыгез, ырыққа көнбейтін болмыс деп есептейтін болды. Сұм шайтан Құдайды адамдардың қателіктері мен сәтсіздіктеріне ғана көңіл боліп, тек сол қылықтары үшін қатал үкім шығарып, жазалауға бейім тұратындай етіп көрсетті. Осындай қапас түнектің қараңғы пердесін серпіп тастап, әлемге Құдайдың шексіз сүйіспеншілігін таныту үшін, бұл дүниеге Иса келді. Ол адамдардың арасында өмір сүрді.

Құдайдың рухани Ұлы - Иса Мәсіх аспаннан Құдай Әке жайлы ақиқатты бізге таныту үшін келді. "Құдайды ешкім, ешқашан көзімен көрген емес, Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты" (Жохан. 1:18): "Әкенің кім екенін Оның жалғыз рухани Ұлы — Мен ғана білемін. Әкемді кімдерге білдіргім келсе, солар Оны жақыннан таниды" (Матай. 11:27). Оның шәкірттерінің бірі - "бізге Әкені корсет" деп сұрағанда, Иса : "Мен көптен бері қастарыңдамын, сонда да Мені шынымен білген жоқсың ба, Філіп? Кім Мені көрсе, соның Әкені де коргені. Бізге Әкені көрсетіңіз - деп неге айтасың?" /Жохан, 14:8,9/ .

Ал өзінің жердегі міндетті ісі туралы Иса былай деген болатын: "Жаратқан Ие Маған Өзінің Рухын қондырды. Мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге тағайындап, тұтқындарға босатылып, соқырларға көре алатындарын айтып, жар салуға жіберді. Мені езілгендерді қанаудан азат етуге... де жіберді" (Лұқа. 4:18). Бұл Оның қайырлы істері еді. Ол барлық жерлерді аралап, қайырымды істер атқарып, жынның салқыны тиіп сырқаттанғандардың бәрін емдеп жүрді. Соның арқасында кейбір елді мекендердегі бірде-бір үйде аурулардың ауыр күрсінісі естілмейтін болды, өйткені Иса сол елді мекендер арқылы өткенде, ауырудың зардабынан қайғы-қасірет көріп, жапа шеккендерді емдеді. Оның өміріндегі барлық істері адамдарға деген сүйіспеншілік, жанашырлық, олардың қайғыларына ортақтасу негізінде болды, өйткені, Оның адамдарға жаны ашыды, адамдардың қажеттіктерін жан жүрегімен сезіну үшін, Ол адам табиғатын қабылдады. Өте кедей қарапайым адамдар, Оған жақындауға жүрексінбеді. Ал кішкентай балалар Исаның жанынан шықпайтын. Балалар Оның тізесінде отырып алып, еркелеуді, Оның мейірімінің нұрын шашқан, ойлы көздеріне қарап отырғанды ұнататын.

Иса бірде-бір шындық сөзді жасырған емес. Ақиқи шындықты айту кезінде де асқан мейірбандылық, биязылық танытатын. Адамдармен сөйлескен кезде, Ол сезімталдық, өнегелілік көрсете білді. Ол еш уақытта ешкімге ауыртпалық түсіріп, еш уақытта ешкімге дөрекілік немесе қаталдық көрсетпеді және адамдарды олардың әлсіздіктері үшін жазғырып, жан сезімдеріне қаяу түсірмеді. Иса сенбеушілік пен заңсыздықты қатал айыптады: адамдардың өрескел қылықтарын беттеріне басып, жазғыра сөйлеген кездің өзінде де, Оның көзіне жас іркіліп тұратын.

Иса "ақ жол, ақиқи шындықты, өмірді" қабылдамай, Өзін өгейсіткен туған қаласы Иерусалимді жоқтап, көзінің жасын талай төкті. Жерлестері өздерінің Құтқарушысынан бас тартты. Соған қарамастан, Исаның оларға жүрегі елжіреп, мейірбандық сезіммен аяушылық білдіре отырып, олардың қайғыларына ортақтасты. Өзгелердің қамын жеп, өзінің басын құрбандыққа тіккен Құтқарушымыздың өмірі, ерліктің ерен өнегесі еді. Ол өзінің болмысына сай, Тәңірілік қасиеттер танытып, Жаратушы Ие пенделерінің әрбір отбасының алдында ілтипатпен бас иді. Әрбір адамның жан дүниесіне үңіле отырып, олардың күнәға белшесінен батқан күнәкарлар екенін, Өзі соларды құтқару үшін келгенін бар жан дүниесімен, сана-сезімімен тереңінен түсіне білді.

Иса Мәсіхтің Жер бетінде омір сүрген кезіндегі мінез- құлқының сипаты осындай болған. Осындай мінез-құлық - Тәңір Иеге ғана тән. Мәсіх өмірінің адамдардың өмірімен жалғасуы, олардың мүдделерін ойлап, қам жеуі Құдай Әкенің жүрегіндегі рақымшылдық, мейірбандылық сияқты Тәңірілік қасиеттерден бастау алған. Биязы да ілтипатты, әр адамның қайғысына ортақтаса білуші Құтқарушымыз, "адам болып дүниеге келген" (Тім. 3:16) Құдай еді.

Иса жер бетінде өмір сүрген кезінде, адам айтқысыз қайғы- қасірет көріп, азап шекті, Адамдарды құтқару үшін жанын пида етті. Ол бізді мәңгілік қуанышқа жеткізу үшін "Қайғы- қасіреттердің Ері" атанды. Жаратушы Ие, Өзінің қайырымды да шыншыл, сүйікті Ұлының ауызбен айтып жеткізуге болмайтындай салтанатты да даңқты тұрағын тастап, жерге түсіп, жер бетіндегі күнәға батып, бұзылған, өлім мен қарғыс жайлаған, қараңғы қапас дүниеде тұруына мүмкіндік берді. Әкесінің сүйіспеншілігіне, періштелердің құрметіне бөленген мекенін тастап, қорлауға, масқаралауға, балағаттауға, жек көрінішті болуға төзіп, өлімге душар болуына ризашылығын берді. "Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз сауықтық" (Ишая. 53:5). Исаның шөлде, Гетсиманияда және айқыш ағаштағы қиналғанын, азап шеккенін көз алдыларыңызға елестетіп көріңіздерші. Кіршіксіз таза, күнәдаы пәк Құдайдың Ұлы күнәнің бәрін өзінің мойнына алды. Барлық жағынан да Құдаймен бірге Иса, адамдардың істеген күнәларының кесірінен, Құдай Ие мен адамдар арасындағы қарым-қатынас үзілгендігін тереңінен түсінді. Осының бәріне жаны қиналып, қайғыға батқандығынан болар, Оның: "Құдайым Менің, Құдайым Менің! Мені не үшін тастап кеттің" (Матай. 27:46) деген қиналыс айқайы аузынан абайсызда шығып кеткен еді. Күнәның ауыртпашылығы және оның адам жанын түршіктірерліктей сипаты, осы күнәлардың адамдар мен Құдайдың арасын бөліп тұратындығы Исаның жанын жабырқатып, көңілін құлазытатын.

Бұл ұлы Құрбандық Құдай Әкенің адамзат баласына деген сүйіспеншілігін ояту үшін, немесе Оның Өз пенделерін құтқаруға деген ниетін тудыруға себепкер болу үшін жасалған жоқ... Жоқ! Жоқ! Мүлде олай емес. "Өйткені Құдай адамзатты өте қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді" (Жохан. 3:16). Құдай Әке бізді өтеп алу құрбандығын бергендіктен ғана жақсы көреді деп те айтуға болмайды. Керісінше, Ол бізді жанындай жақсы көргендіктен, өтеп алу Құрбандығын алдын-ала қарастырған. Жаратушы Ие күнәға батқан, бұзықтық жайлаған дүниеге Өзінің сүйіспеншілігін білдіру үшін, араға Иса Мәсіхті дәнекер етті. "Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды" (2 Қорынттықтарға. 5:19). Құдай Өзінің Ұлымен бірге қиналды. Гетсиман бағындағы күрес, Ғалғота айқыш ағашындағы азапты өлім - міне, осының бәрі - шексіз сүйіспеншілік сезіммен біздің күнәмізді өтеу үшін берілген Төлем еді.

Иса былай деген: "Әкем Мені жақсы көреді, себебі мен жанымды қиямын, сөйтіп оны қайтадан аламын" (Жохан. 10:17). Басқаша сөзбен айтқанда: "Менің Әкем сендерді өте жақсы көргендігі сондай, өмірімді сендердің күнәларыңды өтеуге қиғаным үшін Мені артығырақ жақсы көреді. Сендердің орындарыңды Басушы, Кепілші, Жақтаушы болып, Өз өмірімді сендер үшін қиып, сендердің қарыздарың мен қылмыстарыңды өз мойныма ала отырып, мен Өзімнің Әкеме одан сайын қымбатырақ бола түсудемін; өйткені Менің құрбандығымның арқасында, Құдай әділетті болып, Исаға сенетіндерді ақтай алады".

Құдай Ұлынан басқа ешкім де біздің құнымызды өтей алмады; өйткені Кім Құдай Әкенің бойында болса, сол ғана күнәні отей алады. Жаратушы Иенің шексіз сүйіспеншілігінің биіктігі мен тереңдігін түсіне білетін Иса ғана, Құдайды әлемге паш етіп көрсете алады. Құтқарушының Ұлы құрбандығынан басқа еш нәрсе де Тәңір Иенің адасқан адамдарға деген шексіз сүйіспеншілігін таныта алмас еді.

"Өйткені Құдай дүние әлемін өте сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді" Құдай Оны тек адамдардың арасында өмір сүрсін деп емес, олардың күнәларын көтеріп, олар үшін құрбандық болып, жанын қиюы үшін берді. Жаратушы Оны адамгершіліктен айырылып, бұзылған адамзат қауымына "берді". Иса адамдардың қам-қарекеттері мен мұң-мұқтаждықтарының қамымен өмір сүруге міндетті еді. Құдаймен бірлікте болған Мәсіх, Өзін адамзаттың ұлдарымен берік байланыспен бірлестірді. "...Мәсіх оларды бауырластарым деп атаудан ұялмады" (Еврейлерге 2:11). Көктегі Құдай Әке тағының алдында адам бейнесінде тұрған және ақтап алушылық құрбандығы арқылы, ақысы төленген адамзат балаларымен мәңгілікке жалғасқан Иса Мәсіх - біздің Құрбандық, Ол - біздің Қорғаушымыз, Ол - біздің Бауырласымыз. Ол - адамның Баласы. Мұның барлығы адамды күнәнің құрдым шыңырауынан құтқарып алып шығуы үшін, адамдардың Құдайдың сүйіспеншілігіне жауап беріп, киелі өмірдің қуанышын бірге бөлісулері үшін болған.



Біздің күнәларымыздың өтелу бағасы - Өз Ұлын біз үшін қиған Көктегі Әкенің баға жетпес ұлы Құрбандығы - бізге Иса Мәсіхтің арқасында өзіміз қандай болуымыз керектігі жөнінде ой тастап, біздің ой-санамызда жоғары да асқақ сезімдерін тудыруы тиіс. Жігерлене түскен Жохан елші, Құдай Әкенің адамдарға деген сүйіспеншілігінің биіктігіне, тереңдігіне және кеңдігіне ой жібере отырып, қатты таңданғандығы сондай, осындай ұлы да нәзік сүйіспеншілікті сипаттап беруге сөз таппағандықтан, барша әлемге жар салып : "Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да!" (1 Жохан. 3:1). Адамдар қалай жоғары бағаланған! Күнәға батқан адамзат ұлдары шайтанға бағынышты болған. Мәсіхтің құрбандығына сену арқылы, Адамның ұлдары қайтадан Құдайдың ұлдары болмақ. Мәсіх адамдық табиғат қасиеттерін қабылдай отырып, адамзат баласын жоғары көтерді. Мәсіхпен байланыс нәтижесінде, күнәға батқан адамдар бұдан былай ақиқатында "Құдайдың ұлдары" аталып, осындай жоғары аттарына лайық бола алады.

Мұндай сүйіспеншілікті еш нәрсемен де теңдестіруге болмайды! Көктегі Әкенің балалары! Қандай қымбатты уәде! Осы ойлардың озі адамдардың санасында терең ой тудырады. Осы ойлар адамдардың жан дүниелерін, ақыл-ойларын баурап алып, олардың Жаратушы Иеге мойын ұсынуларына ықпал етері хақ. Жаратушы Иенің Тәңірілік табиғатын айқыш ағаш тұрғысынан неғұрлым терең зерттеген сайын, біз мейірімділік пен қайырымдылық, Тәңірілік сүйіспеншілік, кешірімділік, әділеттілік пен әділ сот сияқты бір-бірімен тығыз ұштасып жататын ұғымдарды да солғұрлым тереңірек түсінеміз. Құдай Әкенің өз пенделеріне деген шексіз сүйіспеншілігі және нәзік сезіммен аяушылық білдірушілігі, абзал аналардың өздерінің адасқан балаларына деген аяушылық сезімдерінен әлдеқайда асып түсетіндігі туралы куәліктер арқылы аян болып, ақиқаттың беті ашыла түседі.
  1. КҮНӘКАР ҚҰТҚАРУШЫНЬІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ


Адамзат баласы алғаш жаратылғанда, оның бойына байсалдылық, байыптылық, өзін-өзі үстай білушілік сияқты ізгі қасиеттер дарытылған. Ол өте жетілген жан иесі болып, Құдаймен келісім жағдайында өмір сүрді. Оның ойлары таза, ниеттері қасиетті еді. Бірақ, бір кемшілігінің - кежірлігі мен тілазарлығының салдарынан, кері кеткен, әдепсіз болып, оның өзімшілдігі жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімдеріне айтулы нұқсан келтірді. Күнә адамды әлсіздікке душар еткендігі сондай, ол өз бетінше жаманшылыққа қарсы тұруға әлі жетпейтін болды. Ол шайтанның азғыруына ілесті. Егер Құдай ерекше түрде араласпағанда, адамдар әзәзіл шайтанның азғыруының жетегінде тұтқын күйінде қалар еді. Құдайдың адамды жаратқандағы жоспарын бүлдіріп, бұл әлемді қайғы мен уайымға толтыру сұм шайтанның басты мақсаты болды. Осы ойын іске асырғанда, ол осы жамандықтардың бәрін Құдайдың алдына тартып, сол жамандықтардың болғаны үшін Оны айыптаған болар еді.

Адам күнә жасамай тұрған кезде, Жаратушымен үлкен қуаныш сезімімен тілдесімге келіп жүрді, өйткені "Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы жатыр" (Қолостықтарға. 2:3). Алайда олар күнәкарланғаннан кейін, қасиетті өмірден өздеріне ешқандай қуаныш таппай, Құдайдан жасырынуға тырысты. Қазіргі уақытқа дейін жан дүниелері жаңарып, өзгермеген адамдар, сол бұрынғы қалпында қалып келеді. Олар Құдаймен келісімге келмегендіктен, Онымен тілдесуден қуаныш таппайды. Құдайдың жанында күнәкар адам бақытты бола алмас та еді; Ол қасиетті жан иелерімен тілдесуден қашқалақтап бағар еді. Жаратушы Иенің шексіз сүйіспеншілігіне әрбір жүрек асқан ілтипатпен үн қата жауап беріп жатқан Аспан Әлеміндегі риясыз сүйіспеншілік Рухы оның жан дүниесінде жауап сезімін оята алмас еді. Аспандағы өмір ол үшін қиыншылық тудыратындай болып көрінгендіктен, ол аспан тұрғындарының қуанышты өмірін бір жерге жинақтап, нұрлы жарыққа бөлеп тұрған құдіреті күшті Құдайдың назарына ілінбей, жасырынып қалуға аңсары ауып тұратын еді. Құдай Әке күнәкарларды аспанға Өзінің еркіндегі арнайы шешімімен жібермей қойған жоқ. Шынтуайтқа келгенде, күнәға батып, жан дүниелеріне дақ түскендіктен, күнәкарлар аспанда тұра алмас та еді. Құдайдың Ұлылық даңқы олар үшін "жалмағыш өт" сияқты болар еді. Олар өздері сияқты күнәкарларды құтқару үшін жанын пида еткен Құтқарушымыздың көзіне түсіп қалмай, жасырынып қалуға тырысар еді. Оның алдында өздерін кінәлі санап, бетінен басып қысылып, Құтқарушының көзіне іліккеннен де өлгенін артық көрер еді.

Өзіміз түсіп кеткен күнә шыңырауынан, біз өз бетімізше шыға алмаймыз. Жаманшылық біздің бойымызда өмір сүруде, біз өзімізді - өзіміз өзгертуге әліміз келмейді. "Таза еместен кім таза туады? Ешкім де" ; "Ескі күнәкар болмысымыздың ниеті Құдайға қас, ол Құдайдың заңына бағынбайды, бағына алмайды да" (Әйүп. 14:4; Римдіктерге. 8:7). Мәдениет және білім деңгейлерін көтеріп, күш-жігерлерін шыңдап, еріктерін шынықтыру, әр адамның өздері өмір сүретін ортада ғана жақсы, бірақ бұл жерде де олар дәрменсіз. Жоғарыда аталған іс-әрекеттердің көмегімен, адам сырт көзге өзін-өзі сенімді ұстай алатындай дәрежеге жетуі мүмкін, бірақ ішкі жан дүниесін өзгертіп, жаңарту, өмірінің бастау бұлақтарын тазарту - ешбір адамның қолдарынан келмейтін іс. Күнәкар адамның қасиетті болуы үшін, оған ішкі жан дүниесі арқылы әсерлі ықпал ететін күш және жоғарыдан түскен жаңа өмір керек. Ол күш — Иса Мәсіхте. Тек Оның рахымы ғана, күнәға батқан жанның жансыздана бастаған қабілеттерін оятады. Күнәкардың назарын Жаратушы Иеге аударып, Оған мойын ұсынуына ықпал етіп, бар ниетін киелілікке аударуға дәнекер болады.

Құтқарушы былай деген: "Кімде-кім қайтадан туылмаса", немесе адам өзін жаңа өмірге алып баратын, жаңа жүрек, жаңа тілек, жаңа мақсаттар мен талпыныстарды бойына жинақтай алмаса, онда ол "Құдайдың патшалығына кіре алмайды" (Жохан. 3:3). Адам өз бойындағы туа біткен табиғи қасиеттерін ғана дамыту керек деп есептейтіндер терең қателеседі. "Өз еркімен жүретін адам, Құдай Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды; Себебі оны рухани тұрғыда бағалау керек". "Менің қайтадан туылуға тиіссіңдер"- дегеніме таңданба!" (Қорынттықтарға. 2:14; Жохан. 3:7). Иса туралы былай деп жазылған: "Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін нұр еді"; "Исадан басқа ешкім де бізді құтқара алмайды, аспан астында бізді құтқаратын басқа біреудің есімі адамдарға бұйырмаған!" (Жохан. 1:4; Елшілердің істері. 4:12).

Адам Құдайдың жанашырлығын, мейірбандылығын, оның жомарттығы мен әкелік мейірімін жете түсінгені, Оның дана да әділ Заңының мәңгілік сүйіспеншілікке негізделгенін ішкі жан дүниесімен түсінгені жақсы. Бірақ мұның өзі де жеткіліксіз. Елші Пауыл осының барлығын білгендіктен, қуана дауыстап: "Тәурат заңы қасиетті, өсиет те қасиетті, әділ және игі" - деді. Бұдан әрі елші ашынған күймен жан дүниесі күйзеле отырып, тағы да былай деді: "Мен пенде ретінде күнәкар құмарлықтардың құлдығындамын. Ал өзім қаламайтын қылықтарды істегендіктен, Тәурат заңының игі екендігін іштей мойындаймын" (Римдіктерге. 7:16, 12, 14) - деді. Ол жаны таза әрі тақуа болуды аңсады. Осындай жоғары қасиеттерге өздігінен, оз күшімен қол жеткізе алмайтынын білгендіктен, жалынышты түрде былай деп өтініш айтты: "Сорлы басым-ай! Өлім әкелетін күнәлі тәнімнен мені кім құтқара алады?" (Римдіктерге. 7:24). Күнәні ауырсынған жүректердің осындай өксігі барлық жерлерде, әр уақыттарда естіліп жатты. Солардың барлығына бір ғана жауап берілген: "Мынау - Құдайдың құрбандыққа жіберген Тоқтысы! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды" (Жохан. 1:29).



Құдайдың Рухы айып жүгінен босанғысы келгендерге, бұл шындықты айқын түрде жеткізу үшін, көптеген кейіптер мен үлгілерді пайдаланады. Жақып Есауды алдап, күнәға батып, туған үйінен қашқанда, ол өз айыбының ауырлығын сезгендіктен, екі иығы төмен салбырап, ұнжырғасы түсіп кетеді. Үйсіз-күйсіз жалғыздықта қалып, барлық қымбат нәрселерінен айырылғанына уайым жеп мазасы кетті. Бәрінен бұрын оның санасына өзінің жасаған күнәсі өзін Құдайдан ажыратып, аспаннан да шеттетті деген ой Жақыпты қатты мазалады. Қайғыдан еңсесін ауыр жүк басқан Жақып, демалмақ болып, тақыр жерге жантая кетеді. Оның айналасындағы елсіз жатқан ен далада әредік тұрған төбешіктер, аспандағы жымың қаққан сансыз жұлдыздар өзінің жалғыз еместігіне куә болғандай. Көзі ілініп кеткен екен, түс көріпті. Түсінде таңғажайып жарық және жалпақтау келген баспалдақтың бұлыңғыр кескіндері өзі жатқан жерден жоғары қарай көтеріліп, аспан әлеміне қарай бой түзепті. Ал осы баспалдақтардың бойымен Құдайдың періштелері аспаннан жерге түсіп, жерден аспанға көтеріліп жүр екен. Нұрлы жарық сәулесі шығып тұрған жоғары жақтан Құдайдың жұбатып, үміттендірген сөздері естіліп тұрды. Жақыпқа өзінің қажетін өтейтін және ашыққан жанын тойындыратын Құтқарушыны осылайша тану жазылған екен. Жақып өзі сияқты күнәкардың Құдаймен тілдесуін қалпына келтіретін жолды көргеніне қатты қуанып, ризашылық сезіміне бөленді. Жақыптың түсінде көрген құпия баспалдағы, Құдай мен адамның арасындағы дәнекер - жалғыз Келістіруші - Иса Мәсіхтің жанама сипаты еді.

Иса өзінің Натанайылмен әңгімесінде, сол жанама сипатқа меңзей отырып, былай деді: "бұдан былай көктің ашылғанын көресіңдер! Сонда Құдайдың періштелері аспанға көтеріліп және Құдай тағайындаған Билеуші - Маған түсіп келіп тұратын болады" (Жохан. 1:51). Адам күнә жасап, Құдайдан алыстай бастады; аспан мен жердің байланысы үзілді. Екі ортада пайда болған шыңырау, тілдесім мүмкіншілігін жоққа шығарды, Исаның арқасында, аспан мен жер қайтадан жалғасты. Иса өз қызметінің арқасында, күнәнің шыңырауы арқылы көпір салды, енді періштелер адамдармен тілдесімге келіп, оларға қызмет ете алатын болды. Иса Мәсіх күнәкар адамның әлсіздігі мен шарасыздығын, шексіз күштің Бұлағымен жалғастырады.

Күнәкар адамзат ұрпағына берілген жалғыз ғана үміт пен көмек Бұлағын, адамдар көзге іліп ескермесе, адамзаттың рухани жағынан жоғары көтеру жөніндегі талпыныстары және оларды өркениеттілікке жеткізуге талаптандыратын асыл арманы бос әурешілік болмақ. "Көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі" (Жақып. 1:17). Оның көмегінсіз мінезді толықтай өзгерту ақылға сиымсыз. Құдайға тек қана Иса арқылы келе аламыз. Ол былай деген еді: "Жол, шындық және шынайы өмір - Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды" (Жохан. 14:6)

Құдай жер бетіндегі балаларына, өлімнен де күшті сүйіспеншілікпен байланысты болды. Ол Өзінің рухани Ұлын беру арқылы, бізге аспанның барлық қазыналарын сыйға тартты. Құтқарушының өмірі, өлімі және құтқарушылық, жақтаушылық қызметі, періштелердің құлшылық етуі, Қасиетті Рухтың үндеуі, барлығының үстінен және барлығы арқылы әрекет ететін Құдай Әкенің қамқорлығы, аспан әлемі тұрғындарының ықыласы - міне, осылардың бәрі де адамзат баласын құтқаруға бағытталған.



Біз үшін берілген таңданарлық Құрбандық жайлы жиі ойланайық; және Аспан әлемінде адасқандарды құтқарып, оларды Әкенің үйіне оралту жолында, тынбастан күш жұмсалып жатқанын аса жоғары бағалауға тырысайық. Осы ұлы іске қатысуға деген ынта-ықыластар мен талпыныстардың, құралдардың бәрі іске қосылған. Тақуалық және шыншылдық істер үшін ұлы марапаттарға бөлену, аспандағы қуаныштар, періштелермен және риясыз да шексіз сүйіспеншілік иелері Құдай Әкемен және Оның рухани Ұлымен кездесу, мәңгілік өмір кезінде, біздердің барлық ізгі қабілеттерімізді жоғарылатып, дамыту - міне, осылардың бәрі де бізді Жаратушымызға және Құтқарушымызға шын жүрегімізбен, шексіз сүйіспеншілігімізбен адал қызмет етуге жігерлендірмей ме?

Күнә үшін Құдайдың жазалау соты, шарасыздан жазалау, рухани жағынан қайта туу және біржолата опат болу - міне, осылардың барлығы бізді шайтанға қызмет етуден сақтандыру мақсатында, Құдайдың Сөзінде сипатталып жазылған.



Неге біз Құдайдың бізді үндеп, шақырған кешірімшіл даусын естімей, саңыраулық танытамыз? Ол бізге бұдан артық не істеуі керек еді? Біздерді Өзінің Тәңірілік сүйіспеншілігіне бөлеген Жаратушымызбен келісімде болу біз үшін теңдесі жоқ бақыт екені хақ. Исаға ұқсау үшін, біз өзімізге ұсынылған барлық құралдарды, амалдар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Құдай Әкемен, Оның рухани Ұлымен және адамдарға қызмет етуге жіберілетін қасиетті періштелерімен, келісімге, тілдесімге келуге бет бұрып, мойын ұсынайық!
  1. ТӘУБЕГЕ КЕЛУ


Адам Құдаймен қалай сенімді қарым-қатынаста болу керек? Күнәкар қалай тақуа бола алады? Біз Жаратқан Иемізбен, Оның киелілігімен тек Иса арқылы ғана келісімге келе аламыз. Сонда Исаға қалай келуге болады? Киелі Рух құйылған елуінші күні адамдарды толғандырған осындай мазмұнды сұрақтар, қазіргі кездегі адамдарды да толғандыруда. Өйткені олар өздерінің күнәларын мойындап, сол елуінші күні қойған: "Біз не істеуіміз керек?" деген сұрақты тағы да қайталаған еді. Бұл сұраққа Петір: "Тәубеге келіңдер" (Елшілердің істері. 2:37) - деп қысқаша жауап берген еді. Содан кейін көп өтпей-ақ ол тағы да: "Теріс жолдан қайтыңдар! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді" (Елшілердің істері. 3:19) - деді.

Тәубеге келу деген ұғымды жасаған күнәсі үшін қайғырып, опық жеп, өкіну және істеген күнәларынан кейін шегініп, бас тарту деп түсінген жөн. Біз күнәнің зардапты кесел екендігіне санамызбен иланып, істеген күнәларымыздан жүрегіміздің түпкірінен шыққан шын ниетімізбен өкініп, бас тартпайынша, біздің өмірімізде оңды өзгерістер болмайды.



Көптеген адамдар тәубеге келудің ақиқи негізін дұрыс түсінбейді. Адамдар өздерінің жасаған күнәлары үшін өкінеді. Өздерінің теріс қылықтары мен әрекеттері үшін азап шегуден қорыққандықтан, сырт көзге өмір салттары мен іс-амалдарын да өзгертеді. Осылайша тәубеге келу, Киелі Кітапта көрсетілген талаптарға сай келмейді. Олар істеген күнәлары үшін емес, сол күнәлардың зардаптары үшін қайғыра жылайды. Өзінің тұңғыштық құқыпан мәңгілікке айырылғанын түсінгенде, Есаудың да қайғысы солай болды. Ваалам, өз жолында жалаңаш қылыш ұстап тұрған періштеден қорыққандығынан, өліп кетпес үшін, өз кінәсын мойындады. Бірақ шын ниетімен тәубеге келіп, істеген жамандық істері мен күнәларынан жиреніп, опық жеген жоқ. Ол өзінің ниетін де өзгерткен жоқ. Яһуда Ісқариот Иса Мәсіхке сатқындық жасағаннан кейін: "Мен опасыздық жасап, күнәға баттым: кінәсіз кісінің қаны төгілмекші" (Матай. 27:4), - деді бар дауысымен.

Жақындап келе жатқан Құдай сотынан қорқып, өзінің ауыр күнә жасағандықтан, тұйыққа тіреліп, ауыр жағдайға душар болғанын сезінуі, оны өз күнәсін осылай мойындауға мәжбүр етті. Ол істеген ісінің арты қандай зардаптарға душар ететінін ойлап үрейленді. Жан жүрегінің, ой сезімдерінің түкпірінде күнәдан пәк, кіршіксіз таза Құдайдың Ұлына сатқындық жасап, "Израйльдік Киеліден бас тартқандығы" үшін өкініп, қайғырмады. Мысыр перғауыны да Құдайдың сотына ұшырағанда, бұдан былай қайғы-қасіреттің зардабын тартып, азап шекпес үшін өзінің күнәсін мойындаған болатын. Ал жаза тоқтаған кезде, Құдайға қарсы шамданған сарын танытуын одан әрі жалғастырды. Жердегі барлық адамдар күнәні істегендері үшін емес, күнәдан болатын кесел-зардаптар үшін қайғырды.

Адамдардың жүректері Құдайдың Киелі Рухының әсерлі ықпалына бағынған кезде, күнәкардың ар-ұяты мен сана- сезімі оянып, Оның аспан мен жерде Тәңірілік билік жүргізетін, басқарудың негізі болып табылатын Құдай Заңының киелілігін тереңінен түсіне бастайды. "Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты" (Жохан. 1:9). Шынтуайтқа келгенде, әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр, адамдардың жан дүниелерінің құпияларына жарығын түсіріп, белгісіздік түнегімен бүркелгенді табады.

Күнәкар жан жүрегімен, ой-санасымен өзінің кінәсін түсіне бастайды. О л Жаратушының тақуалығын мойындап, өзінің әдепсіздіктері мен жан дүниесінің таза еместігіне қатты қапа болады. Өйткені ол адамдардың жан дүниелерінің құпияларын білетін Құдай Әкенің алдында тұрғандықтан, бойларын қорқыныш биледі. Сонымен бірге ол Құдайдың шексіз де риясыз сүйіспеншілігін, киеліліктің сұлулығын, тазалықтың қуанышын көріп, өзі де күнәларынан тазарып, өмірін өзгертіп, Аспанмен тілдесімге келгісі келді.



Дәуіт патшалығы құлағаннан кейін, оның Құдайға мінажат етіп сиынуын, істеген күнәсі үшін жан дүниесі күйзеліп, шынайы көңілмен өкінудің мысалы ретінде қарастыруға болады. Оның тәубеге келуі шынайы және терең сезімге толы еді. Ол өз кінәсін жеңілдетуге тырыспады және өзіне төнген жазадан құтылу үшін сиынған жоқ. Дәуіт өзінің істеген қылмысты істері адамның жанын түршіктірерліктей, ішкі жан дүниесі әдепсіздікке толы екенін жақсы түсінгендіктен, өзінің істеген күнәларына аса жиркеніш сезіммен қарады. Ол сиынған кезде, тек күнәлары үшін кешірім сұрап қана қойған жоқ, ол өзінің жүрегін, жан дүниесін тазартуды өтініп, жалбарынды. Ол киелі өмірдің қуанышына кенеліп, Құдаймен келісімге келуді аңсап, армандады. Ол өзінің басынан өткендерін жүрек түпкірінен шыққан шынайы сезімді сөздері арқылы былай деп білдірді:
"Әділетсіз істері кешірілген,

Барлық күнәлары ақталған

Әр адам қандай бақытты!

Иеміз мойнына кінә артпаған,

Оны алдағысы да келмеген

Әрбір кісі бақытты!"


( Зәбүр жырлары. * 31:1,2)
"Шексіз сұйіспеншілігіңмен,

О,Құдайым рақым ете гөр!

Мейіріміңнің молдығымен

Қылмыстарымды өшіріп тастай гөр!

Мені әділетсіздігімнен арылтып,

Күнәларымнан түгел тазарта гөр!

Қылмыстарымды жақсы білемін де,

Күнәларым әрдайым тұр есімде.

Сенің Өзіңе қарсы күнә жасап,

Көз алдыңда зұлымдық істедім де. Осылайша әділ - Сенің айтқандарың Мүлтіксіз де - шығарған үкімдерің.

Мен күнәкар болып дүниеге келдім, Құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім.

Сен жүректің таза болуын қалайсың, Жан дүниеме даналық та құясың.

Маған құрбандық қанын себелей гөр, Сонда көз алдыңда таза боламын,

Сен мені күнәмнан жуып-шая гөр,

Сонда қардан да аппақ тазарамын. Шаттықты маған қайта естірте гөр,

Сен әлсіреткен денемді қуантып, Күнәларыма назар аудармай-ақ,

Бар қылмыстарымды өшіріп тастай гөр.

Уа, Құдайым, жүрегімді тазартып,

Рухымды берік қылып, жаңарта гөр,

Қасыңнан мені қуып шыға көрме,

Киелі Рухыңды менен ала көрме,

Мені құтқарғаныңа қуантып тағы, Сыйлай гөр азғырылмайтын, берік рухты.

Әділетсіздерге жолыңды нұсқайын, Күнәкарлар саған бұрмақ беттерін.

Қан төккен мені арылта гөр күнәмнан, Сенсің ғой жалғыз Құтқарушы Құдайым. Тіліммен оділдігіңді мадақтаймын".


(Зәбур жырлары. 50:3-16)
Істеген күнәларыңды өз күштеріңмен мойындап, осылайша тәубеге келу мүмкін емес, ол күшті бізге тек Иса ғана бере алады. Өйткені ол "көкке көтеріліп, адамдарға дарын берді"

Осы мәселе бойынша көптеген адамдар қателеседі, сондықтан олар Исаның бергісі келген көмегін ала алмайды, Олар ең алдымен істеген күнәлары үшін өкініп, олардан кейін шегінбейінше, Исаға келе алмаймыз, тек тәубеге келгеннен кейін ғана, күнәні кешіруге жол ашылады деп есептейді. Сонда күнәкар Исаға бару үшін, күнәсінен өкініп, тәубеге келуін күтуі керек пе? Тәубеге келу Құтқарушы мен күнәкардың арасын бөліп тұратын кедергіге айналмақ па?

Киелі Кітап күнәкарларды өздері Мәсіхтің шақыруын қабылдай алатындай дәрежеге жеткенге дейін тәубеге келу керек екендігіне үйретпейді.

"Қиналып,қатты шаршап-шалдыққандар,

Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер барлығың, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!"

(Матай, 11:28).
Осылайша шынайы түрде тәубеге келу үшін, оларга Мәсіхтің Өзі күш береді. Петір өзінің Израилдықтарга арнаған үндеуінде былай деп түсінік береді: "Көсем және Құтқарушы ретінде Өзінің оң жағындағы ең құрметті орынға көтеріп, отырғызды. Осылай ол Исраилдың бетін теріс жолдан қайтарып, күнәларын кешірмек" (Елшілердің істері. 5:31). Біз ар ұятты оятатын Мәсіхтің Рухынсыз тәубеге келе алмайтынымыз сияқты, Мәсіхсіз кешірімге ие бола алмаймыз.

Мәсіх - барлық игілікті істердің бастауы. Біздің жан дүниемізде күнәға деген жиркенішті сезімдерді Иса ғана тудыра алады. Адамдардың өздерінің күнәға батқандығын мойындай отырып, тазалыққа, адамгершілікке ұмтылуы, Оның Киелі Рухы адамдардың жүректеріне әсерлі ықпалын тигізіп жатқандығының айқын айғағы болып табылады.

Иса былай деген: "Мені айқыш ағашқа көтеріп қойғаннан кейін, адамдардың бәрін Өзім арқылы құтқарылуға шақырамын" (Жохан. 12:32). Иса Мәсіх күнәкарлардың күнәларын өтеу үшін, жанын пида еткен Құтқарушы ретінде танылуы тиіс болған. Ғалғота айқыш ағашында керіліп адам айтқысыз азаппен өлтірілген Құрбандық Тоқтыға қарап, біз Құдайдың күнәні өтеуге байланысты құпияларына қанық боламыз. Құдайдың рақымшылдығы бізді тәубеге келуге жетелейді. Иса Мәсіхтің күнәкарлар өмірін құтқарып алу үшін, өз өмірін қиып, өлімге бас тіккені, Оның бойындағы шынайы әрі риясыз сүйіспеншілікті, мейірімділікті паш етті. Күнәкарлар осындай Ұлы сүйіспеышілікті жақсы түсінгендіктен, осындай сүйіспеншілік олардың жүректерін елжіретіп, сана-сезімдерін баурап, жүректерінде өкініш сезімдерін оятады.

Кей кездері адамдар күнәкарлық өмірлері үшін ұялып, Құдайға мойын ұсынғанға дейін-ақ өздерінің өрескел қылықтарынан арылады. Олардың жақсы болуға талпынуы, ізгілікті іс-әрекеттер істеуге деген бетбұрысы, Мәсіхтен тараған тартымды күштің көрінісі болмақ. Күнәкарлардың сана-сезімдеріне ой салған осындай күштің ықпалы олардың жан дүниелеріне әсерін тигізген кезде, олардың ар-ұяттары оянып, өмірлерінде оңды өзгерістер пайда болады. Мәсіх олардың саналарын оятып, назарларын айқыш ағашқа аудара отырып, олардың күнәлары үшін жанын қиып, өмірін пида еткен Кім екенін көріп-білулеріне әсер етеді. Сол кезде күнәкарлардың алдында Құдайдың өсиеттері бой көрсетіп; өздерінің өткен өмірлері күнәкарлықпен, әдепсіздікпен өткендігіне; күнәнің зардабы жүректерінде тамырларын тереңге жайғандығына көздері жетеді. Мәсіхтің тақуалық болмысына көзі жеткендіктен: "Күнәнің бұғауында болғандардың барлығының күнәларын өтеп алу үшін осыншама қымбат баға төленген болса, күнә дегеніміз не өзі? Біздің опат болып, қырылып қалмай, мәңгілік өмірге ие болуымыз үшін, қаншама сүйіспеншілік, қайғы-қасірет пен азап шегу, қорлау қажет болды десеңізші!?" - деп таңданады күнәкарлар.

Күнәкарлар өздерін Иса Мәсіхке тартып тұратын осындай сүйіспеншілікке, тартымдылық күшке қарсы тұруы мүмкін; ал егер қарсы тұрмайтындай болса, олар құтқарушылық жоспарын танып-білген соң, Құдайдың аса сүйікті рухани Ұлына осыншама азап шектірген күнәлары үшін өкініп, тәубеге келу үшін, айқыш ағаштың жанына келеді.

Табиғат әлемін асқан көрегендікпен жаратқан Құдіреті Күшті Құдай, адамдарға назарын салып, олардың жүректерін шөліркетеді. Ал Оның Қасиетті Рухы адамдарды, бейбітшіліктің кәусар бұлағы, тыныштықтың негізі - Исаның рахымын іздеуге шақырады. Біздің Құтқарушымыз көзге көрінетін және көрінбейтін әсерлер арқылы адамдарды күнәға батыратын ләззаттардан кейін шегіндіріп, олардың бар ниеттерін баға жетпес, сансыз игіліктерге бөлей алатын Өзіне - Құтқарушыға қарай аударуға тырысады. "Жаны сусаған әркім, сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын"(Аян. 22:17) - деген Құдайдың ізгі хабары, осы әлемнің қираған суаттарынан шөлдерін қандырғысы келіп, босқа әуре-сарсаңға болып жүрген барша жандарға арналған.

Егер сіз бұл өміріңіздің өзіңізге бере алмайтындай жақсылықтарына жан тәніңізбен құштарлана ұмтылатын болсаңыз, онда сіз өзіңізге бағытталған Құдайдың Үнін естуге ұмтылғандығыңызды мойындауға тиіссіз. Сондықтан Жаратушыдан күнәларыңыздан кейін шегініп, тәубеге келуіңізге көмектесуін, Мәсіхтің шексіз сүйіспеншілігіне, оның асқан пәк тазалығына сіз үшін жол ашылуын өтініп сұраңыз. Құдайға және адамға деген ерекше сүйіспеншілік - Құдайдың заңдарының негізгі мәні, түпкі ойы. Осының өзі Құтқарушының өмірінде кемелді көрінісін тапты. Оның өмірі риясыз сүйіспеншілік және игілікті істерге толы болды. Біз Құтқарушымызға қараған сәтте, оның келбетін нұрландырған жарық нұр біздің жүзімізге түседі. Сонда ғана біз өз өміріміздің қапас дүниенің түнегіндей қараңғы екендігін, ал күнәкарлық және бұзылғандық жан дүниемізде тамырларын тереңінен жайғандығын көреміз.

Мүмкін біз де Нүкедін сияқты өз ойымызбен өзімізді алдаусыратып: "Біз дұрыс өмір сүрудеміз, өнегесіз қылықтар жасамаймыз, сондықтан бізге басқа күнәкарлар сияқты Құдайдың алдында мойын ұсынудың қажеті жоқ" - деп ойлайтын шығармыз. Мәсіхтің жүзінен төгілген нұрлы жарық арқылы ғана біз өзіміздің жүрегіміздегі теріс пиғылдар мен бойымыздағы кемшіліктерді айқын көріп, әрбір ойымыз бен іс-әрекетіміз жеке басымыздың пайдасына бағытталып, Құдайды жауымыздай сезінгендігімізді түсінеміз. Сонда ғана біз өзіміздің шыншылдығымыз бен әділдігіміз, кір шалған киім іспетті екендігін, Исаның біздің күнәларымыз үшін төгілген қаны ғана бізді күнәларымыздан тазарта алатындығын, жүректерімізді, болмысымызды дәл Өзіне ұқсатып, жаңарта алатындығын жан дүниемізбен сезініп, мойындайтын боламыз.

Құдайдың ұлылығының бір ғана сәулесі, асқақ даңқының бір ғана ұшқыны, Құтқарушының бойындағы пәк тазалықтың бір ғана жалт еткен жарығы және жан дүниеңе енетіндей пәк тазалығы, әрбір адамның өз мінезіндегі әрбір дақ үшін жан азабына түсуіне әсер етіп, олардың бойындағы кемістіктердің бетін ашып, сол кеселдің зардабынан азапқа түсулеріне қозғау бола алады екен. Күнәкардың ішкі жан дүниесіндегі пиғылының бұзықтығы, жүрегінің сенімсіздігі және тілінің таза еместігі жайлы ақиқи шындықтың беті ашылады. Олар өздерінің сенімсіздіктен туған күмәнді істері Құдайдың заңына кереғар келетініне көзі жетеді; оның ішкі жан дүниесіне Құдай Рухы әсер етіп, қиналғаннан жүрегі қысылады. Ол Исаның еш кемшіліксіз, пэк таза мінезіне қарап, өзіне жиркенішпен қарайтын болады.

Даниял пайғамбар өзіне жіберілген аспан хабаршысын қоршаған ұлылықты көргенде, өзінің әлсіздігі мен жетілмегендігін сезінеді, өз басынан өткен ғажайып көріністерді көргеннен алған тамаша әсерлі сезімдерін бейнелей отырып, ол былай дейді: "Менің түрім ерекше өзгеріп, бойымдағы қуатым әлсіреді, ширақтығым жоғалып кетті" (Дан. 10:8). Осындай әсерді өз бойында сезінген адам, өзінің менмендігі мен өзімшілдігіне жиркене қарап, Исаның тақуалығын шынайы сеніммен қабылдап, Құдайдың заңына беріктік және Исаның мінез құлқы мен іс-амалдарына сәйкес келетіндей, ішкі жан дүние тазалығына жетуге ұмтылады.



Елші Пауыл өзі туралы сөз сабақтағанда, тақуалыққа жету үшін заң жүзіндегі талап етілетін талаптар тұрғысында, өзінің адал да, таза болғандығын айтады. (Бұл талаптар тек қана көзге көрінетін іс-амалдарды реттеп отырады). "Заңына сай әділеттілігім мінсіз еді" (Філіпіліктерге. 3:6); ал заңның рухани жағы оған түсінікті болған кезде, ол өзінің бойындағы күнәкарлықты көрді. Заңның талаптары тұрғысында, адамның сырттай іс амалдары жайлы сөз етер болсақ, ол әдетте күнә істеуден тиылып отырған; ал Киелі өсиеттерге тереңінен бойлап, түсініктерін тереңдете түскен кезде, ол өзіне өзі Құдайдың көзқарасымен қарады. Осы кезде ол Жаратушы Иеге мойын ұсынып, өз күнәларын мойындап, тәубеге келуге мәжбүр болды. Елші бұл туралы былай деген: "Бір кезде заңды білмей өмір сүрдім, ал Заңның өсиеттерін естіген соң, мен күнә туралы түсіне бастап, рухани тұрғыдан өлгенімді, яғни Құдайдан ажыраганымды білдім" (Римдіктерге,7:9,10). Құдай заңының рухани қасиеттерін түсінген кезде, барша күнәларының жиренішті де күмәнді сипаты көз алдына келді. Сол кезде оның жүрегінде күмәннің ізі де қалған жоқ.

Құдай күнәнің барлығы бірдей ауыр деп есептейді; Жаратушы Иеміз адамдар сияқты, айыптылықтың дәрежесін әрқалай бағалайды, бірақ күнәнің ешқайсысы да Ол үшін кішігірім болып саналмайды. Адамдар бұл туралы біржақтылықпен, әділетсіздікпен пайымдайды. Мәселен, арақ ішкіш, маскүнемді барша адамдар жек көреді. Ол адамға бұл қылықтары оның пейішке барар жолы жабық болуына себеп болатындығын айтып, оның кінәсін бетіне басады. Ал тәкаппарлық пен өзімшілдік, сараңдық сияқты жат қылықтар жайлы ешкім де теріс пиғыл білдірмейді. Шынтуайтқа келгенде, дәл осы соңғы аталған күнәлар Құдай үшін үлкен қорлықпен және жәбірмен пара-пар болып есептеледі. Өйткені мұндай қылықтар Жаратушының қайырымдылық, адамсүйгіштік сезімдеріне және азғындыққа, күнәға батпаған пәк таза Аспан Әлемінің ахуалында кеңінен қалыптасқан Тәңірілік сипаттағы риясыз сүйіспеншілік сияқты асқақ сезімдерге тікелей қарама- қайшы болып келеді. Ауыр күнә істеген адам өзінің теріс қылықтары үшін опық жеп, бейшаралық күйін айқын сезінеді. Ондай адам Мәсіхтің мейірімі мен қайырымын қажет етеді; ал тәкаппар және өзімшіл адамдардың ешнәрсемен ісі, еш нәрсеге мұқтаждыгы жоқ. Сондықтан да олардың жүректері Мәсіх үшін және оның сансыз бата-тілектері үшін жабық.

Бақытсыз салықшы өзін шектен шыққан бұзық адам деп санап, Құдайға мінәжат ете отырып: "Я, Құдай! Мен күнәкармын, рақым ете гөр!" (Лүқа. 18:13)- деп жалбарына сиынды. Айналасындағы адамдар да жаңагы салықшыны сондай адам деп есептеді. Бірақ оның жан дүниесіне қажетті мұқтаждыгы бар еді. Өзінің істеген күнәлары үшін қатты ұялған салықшы, Құдайға бет бұрып, Жаратушымыздың қайырым-дылығы мен мейірімділігін сұрап, жалбарынды. Оның жүрегі күнәнің билігінен босататын Құдай Рухының нұр жауғандай жарқын әсері үшін ашық болды. Ал өзін тақуамын деп есептейтін мақтаншақ парызшының Құдайға сиынуы, оның жүрегі Қасиетті Рухтың әсеріне мұқтаж емес екендігіне куә болды. Ол Құдайдан алыс еді. Құдайдың Тәңірілік Киелілігі туралы түсінік пен әдепсіз әрі мақтаншақ парызшының арасында еш ортақтық жоқ еді. Яғни, ол ешнәрсеге де мұқтаж болмағандықтан, еш нәрсені де ала алмады.

Егер сіз өзіңіздің күнәкар екендігіңізді түсінетін болсаңыз, іс амалдарыңыздың, мінез-құлықтарыңыздың түзелгенін тосып, уақытты зая кетірмеңіз. Көптеген адамдар Исаға келіп, күнәларынан шегінудің қажеті жоқ, біз онсыз да игі-жақсылар қатарындамыз деп есептейді. Сіз өз күшіңізбен күнәларыңыздан арылып, мінез-құлықтарыңыздың бұрыс жерлерін түзете алатыныңызға сенесіз бе? "Эфиоптық өзінің бет әлпеті мен денесіндегі терісінің түсін, өзгерте алмайтыңдығы сияқты, барыс терісінің алалығын өзгерте ала ма? Сіз де өзіңіздің мінез-құлқыңыздағы қатыгездігіңізді лақтырып тастап, лезде мейірімді бола аласыз ба?" (Иеремия. 13:23). Бізге тек Құдай ғана көмектесе алады. Біз Оған бару үшін анағүрлым сенімді іс амал жасау деңгейіне жетіп, анағүрлым киелі мінез-құлық бойымызда қалыптасып, қолайлы жағдай туғанын күтпеуіміз керек, Біз өздігімізден ешнәрсе де істей алмаймыз. Біз бастапқыда қандай болсақ, сол қалпымызбен Исаға баруымыз керек. Жаратушымыз қайырымдылық пен мейірімділіктің, Тәңірілік сүйіспеншіліктің Иесі бола тұрса да, Өзінің нұр жауған берекесін, рахымын қабылдамағандарды да құтқарады деп адамдар өздерін өздері алдаусыратпағандары дұрыс.

Күнәнің шеттен шыққан жексұрындық сипаты мен зиянды зардаптарын Галғота айқыш ағаш оқиғасы тұрғысында түсінген жөн. Егер біреу Құдай өте рахымшыл, күнәкарларды итеріп тастамайды деп өзін-өзі алдаусыратқысы келсе, онда ол адам Галғотаға қарасын. Адамзаттың күнәнің бұзушылық күшінен құтылып, қасиетті жан иелерімен тілдесуі үшін, Құтқарушы күнәкар адамдардың айыбын өз мойнына алып, адам айтқысыз азап шекті. Адамзат баласын құтқарудың басқа жолдары қалмағандықтан, Мәсіх олардың күнәларын өз мойнына алып, жанын пида етті. Бұл құрбандықсыз адамдар күнәнің арамдап, қорлаушылық зардаптарынан құтыла алмас еді және киелі жан иелерімен де тілдесімді қалпына келтіре алмайтын еді. Жер бетіндегі адамдардың жаңаша, рухани жағдайда өмір сүре бастауы үшін, Құтқарушы олардың мойын ұсынбаушылық сияқты теріс қылықтарының кесірінен болған күнәларын өз мойнына алып, олардың күнәлары үшін азап шекті. Құдай Ұлының сүйіспеншілігі, азапқа түсуі және өлімі күнә зардаптарының жан түршігерлік алпауыттығын көрсетеді. Күнәнің билігінен құтылып, жоғары рухта, таза ниетпен өмір сүру үшін тек қана Құтқарушыға бағыну керек екеніне көз жеткізеді.

Кейде күнәларынан кейін шегініп, тәубеге келгісі келмейтін адамдар, өздерін мәсіхшілміз деп атайтындар туралы былай дейді: "Мен олардан кем емеспін, олардың бойларындағы жігерлілік, ақылдылық, адамгершілік сияқты қасиеттер менің бойымда да бар. Олар да мен сияқты көңіл көтеріп, өздерін қанағаттандыруға тырысады". Сөйтіп, олар өзге адамдардың кемшіліктерін баса айтып, сол арқылы өздерінің бейқамдылықтарын ақтағылары келеді. Ал басқалардың күнәлары мен кемшіліктері біз үшін кешірім бола алмайды. Өйткені Жаратушы Ие бізге ешқашан қателеспейтін жай қарапайым адамды емес, күнәдан пәк Құдай Ұлын тәлім болатын үлгі ретінде беріп отыр. Егер ондай адамдар мәсіхшілдердің кемшіліктерін тауып, олардың қандай болуы керектігі туралы жақсы түсінетін болса, осының өзі олардың жеке бастарындағы күнәларын ауырлата түспей ме? - деген заңды сұрақ туады. Олар өз кемшіліктерін, ақиқатында қандай іс-амалдар жасау керектігін жақсы біледі. Бірақ, сол дұрыстық жолды ұстанудан бас тартады.

Кешіктіріп, уақытты оздырып алудың қаупі зор. Өз күнәларың үшін опық жеп, тәубеге келудің уақытын кейінге қалдыра берудің арты жақсылыққа апармайды. Мыңдаған адамдар өздерін мәңгілік өлімге душар ететін осындай қателіктерге жол береді. Сондықтан да Исамен байланыс арқылы жүректің тазалығын іздеңдер. Бұл жерде өмірдің қысқалығы, көмескелігі мен екі ұштылығы жайлы айтып жатудың қажеті шамалы. Алайда, көпшілік жеткілікті түрде түсіне бермейтін қауіп-қатер туралы айтпай кетуге болмайды. Күнә қандайлықты кішігірім болып көрінгенімен, оны қолдаушылардың бәрі де мәңгілік өлімге бастарын тігеді. Бұл пікірдің толық мағынасы сол, кейінге қалдырып, уақытты өткізіп алмай, тәубеге келіп, күнәдан арылу керектігі туралы Құдайдың Киелі Рухының үндеуін қуаттауға адамдардың ықыласы жоқ. Біздің жеңе алмағанымыз, ақыр аяғында бізді жеңіп, құрдымға жібереді.

Адам мен Хауа тиым салынған жемісті жегеннен Құдай ескерткеніндей қауіп-қатер бола қоймас деп, өздерін өздері жұбатты. Алайда олар осы болар-болмас іс өздерінің жеуіне тиым салынған жемісті жегеннен келер қауіп жоқ, бұл - болымсыз ғана қателік, тиым салған жемісті жегеннің зардабынан, Құдайдың ескерткеніндей, үрейлі де қорқынышты іске душар бола қоймаспыз - деп өздерін өздері алдаусыратты. Алайда осы болар-болмас жаңсақтық құдіреті күшті Құдайдың киелі заңын бұзғандық еді. Осының өзі Құдай мен адамның арасын ажыратып, адам айтқысыз қайғы-қасіреттің қақпағын айқара ашты. Ғасырдан ғасырға өткен сайын жерден бақытсыздыққа, қауіп—қатерге душар болып, азап шеккен адамдардың өксігі мен ауыр күрсіністері естіліп жатады. Аспанның өзінде де адамдардың Құдайға қарсы келушілік іздері қалуда. Құдайдың заңын бұзғандардың құндарын өтеп алу үшін керек болған Галғота айқыш ағашы, адамдардың құнын өтеуге берілген Ұлы Құрбандықтың ескерткішіндей болды. Міне, сондықтан күнәларға, іс-амалдарымызға жеңіл-желпі қарамайық.

Әр кезде Құдайдың заңын бұзуымыз, Құтқарушымыздың рахымына немқұрайды қарағанымыздың өзі айналып келгенде, өзімізге залалды қырсығын тигізері сөзсіз. Құдайдың Киелі Заңдарын бұзуымыздың салдарынан, жүректеріміз қатуланып, сана-сезіміміз таяздап, ынта-жігеріміз босаң тартады. Сонымен қатар Жаратушы Иеміздің Киелі Рухының мейірімді де нәзік үнмен шақырғанына ден қоя білмейтін, Тәңір Иеміздің құдіреті алдында бас иіп, мойын ұсына білмейтін, құлықсыз да икемсіз күйімізде қаламыз. Алайда, біз бағынуға икемсіз ғана емес, Құдайдың Қасиетті Рухының мейірімді де нәзік үнінің шақыруына назар аударуға құлықсыз болып қала береміз.

Көптеген адамдар өздерінің жан дүниелеріне үңілген кезде, істеген жамандықтары, күнәға батыратын қылықтары туралы естеріне түсе қалса, өздерінің ниеттері түскен кездерінде зұлымдықтан бас тартып, жамандықтан арылып, күнәларымыздан тазарамыз деп өздерін өздері алдаусыратып, жұбатады. Олар Құдайдың қайырымдылықпен үндеуіне атүсті қарасақ та, кейін келе, сол киелі үнді тағы да қайталап еститін болармыз деп үміттенеді. Олар Киелі Рухты кейітіп, шайтанның жағында жүрсек те, аса қатерлі сәттерде беталыстарымызды өзгертіп, жақсылыққа бет бұрамыз деп сенеді. Ал бұл жеңілдікпен қол жеткізер іс емес. Күнәкарлық өмір адамның мінезіне өзіндік із қалдырып, соның салдарынан аз ғана адамдардың бойында Исаға ұқсауға ұмтылатын болды.

Адамдардың әрдайым жүрек түпкірінде жүрген бір ғана күнәкарлық пиғылы, мінезіндегі бір ғана теріс қылығы, ақыр аяғында Киелі Кітаптың өзіміздің жан дүниемізге тигізер игі әсерін жоққа шығарары хақ. Істеген күнәсінен жиренбей, күнәға ерік берудің өзі ол адамды Құдайдан алыстата түседі. Тәңірілік ақиқи шындыққа немқұрайды қарап, оған сенбеушілік, ақыр аяғында сол адамның өзіне соққы болып тиеді. Басқа сөзбен айтқанда, ол адам нені ексе, соны орып алатын болады. Киелі Кітаптың өзінде жамандық іске деген адамның жеңіл желпі көз қарасынан сақтандыру жөнінде кемеңгер, дана Сүлейменнің: "Күнәкар адам өз күнәларының бұғауында құрсаулы" деген сөздерінен асқан байыпты да, маңызды пайымдауды таба алмайсыз (Сүлейменнің нақыл сөздері. 5:22).

Иса Мәсіх біздерді күнәларымыздан құтқарып алуға даяр, алайда Ол бізді күшпен мәжбүр ете алмайды. Егер біз жамандық іс істеп, күнәға бататын болсақ, сол күнәміздан құтылуға құлқымыз жоқ болатын болса, Құдайдың құтқарушылық рахымьш қабылдағымыз келмесе, мұндай жағдайда Жаратушы біз үшін қандай шара қолдана алады? Біз оның шексіз сүйіспеншілігінен бас тартқандығымыз себепті, өзімізді өзіміз құрдымга жібереміз. "Оның мейірім көрсететін кезі осы, құтқаратын күні, міне, бүгін" (2 Қорынттықтарга. 6:2). "Ал бүгін Тәңірдің дауысын естісеңдер... қасарыстырмаңдар сендер жүректеріңді!" (Еврейлерге. 3:7, 8).

"Пенде адамның бет әлпетіне қараса, Жаратқан Ие жан дүниесіне қарайдьі" (Патшалық. 16:7). Адам баласының қуаныш пен қайғы бір-біріне қайшы келіп жататын құбылмалы да өзгергіш жүрегінде алдамшылық пен көңілдің кірі қаншама десеңізші! Біздің ой-ниеттеріміз бен алға қойған мақсаттарымыздың бәрі де Құдайға аян. Сіздер әдепсіз, теріс кеткен, жүректеріңіз таза емес адам болсаңыз да, Жаратушыға барыңыздар! Зәбүр жыршысына ұқсап, жан дүниелеріңнің көмескі де сырлы қабаттарының бәрін Көруші, Жаратушы Иенің алдында ашығынан көрсете отырып: "О, Құдайым, жүрегімді тексере гөр! Мазалаған ойларымды біле гөр! Қауіпті жолдамын ба, сынап шығып, мәңгі өмірдің жолымен жүргізе гөр!" (Зәбүр жырлары. 138 : 23, 24)-деп дұға-тілектеріңді бағышта.

"О, Құдайьш, жүрегімді тазартып, Рухымды берік қылып, жаңарта гөр!" (Зәбүр жырлары. 50:12). Сендер өздеріңе өздерің шыншыл да талапшыл болып, өмірлеріңе қауіп төнген жагдайда, шын ниеттеріңмен не істеген болсаңдар, адалдық пен шыншылдыққа дәл солайша баяндылықпен қарай біліңдер. Құдай мен сендердің араларыңдағы бұл мәселе - мәңгілік өмір үшін шешімін табуы керек. Сендердің ұстанбақ болып талаптанып жүрген бос үміттерің өздерің үшін құтыла алмайтындай жазмыш болуы ықтимал. Құдайдың Сөзін сиына отырып, оқып-үйреніңдер! Бұл Сөздер сендерге Құдайдың Заңындағы және Иса Мәсіхтің өміріндегі киеліліктің ұлы көзқарастарының сырларын ашады. Өйткені "Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды" (Еврейлерге. 12:14). Киелі Сөздер біздің күнәкарлық болмысымызға көзімізді жеткізіп, одан құтылудың жолын корсетеді. Оны сендер өздеріңнің жан дүниелеріңе үн қатып тұратын Құдайдың үні сияқты жүректеріңе етене жақын қабылдай біліңдер!



Күнәнің жан түршігерлік сипатын және өздеріңнің жүректеріңнің нақтылы күйін көрегенде, өмірден түңілмеңдер. Өйткені Иса Мәсіх күнәкарларды құтқару үшін бізге келді. Құдайдың мейірімін өзімізге қаратуға жан сала тырысудың да қажеті жоқ. Ешкім де адасқандардың жан дүниелерін терең түсініп, Құдай Әке сияқты оларға ерекше сүйіспеншілік сезіммен, аяушылықпен, кешірімділікпен қарамайды. О, таңғажайып Тәңірілік сүйіспеншілік! - Құдай "адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды" (2 Қорынттықтарға. 5:19). Яғни Құдай Әке Өзінің адамдарға деген нәзік те шексіз сүйіспеншілігінің арқасында, адасқан балаларының жүректерін өзіне қаратты. Жердегі ата-аналардың бірде-бірі өздерінің олқылықтары мен қателіктеріне Құдай Әкенің жердегі балаларына ерекше шыдамдылықпен қарайтынындай төзімділік таныта алмас еді. Жаратушының барлық уәделері мен ескертулері - Оның ауызбен айтып, жеткізуге болмайтындай шексіз сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі.

Сендерді сұм шайтан иектеп алып, асқан күнәкар екендіктеріңді иландыратын болса, мұндай жағдайда сендер өздеріңнің күнәларыңды өтеп алушы Құтқарушыларыңа қараңдар да, Оның сіңірген еңбектері жайлы сөз етіндер. Сендерге Жаратушы Иенің жүрегінен шыққан жарық нұрлы сәулеге қарап, рухани нәр алғандарың сендер үшін баға жетпес көмек берері сөзсіз. Сендер өздеріңнің күнәларыңды мойындай отырып, сұм шайтанға: "Иса Мәсіх осы дүниеге күнәкарларды құтқару үшін келді" (ІТімотеге. 1:15)-деңдер және Оның ұлы сүйіспеншілігінің арқасында өздеріңнің де құтқарылатындық- тарыңды айтыңдар. Бірде Иса Мәсіх Шимонға қарыздар болған екі адам туралы әңгімелеп берді. Қарыздарлардың бірі өзінің қожайынына аз ғана мөлшердегі ақшаға қарыздар болған екен. Ал екіншісінің қожайынынан қарызға алған ақшасының мөлшері көп болыпты. Қожайын ол екеуінің қарыздарын кешіріпті. Мәсіх Шимоннан: "Мына екі қарыздардың қайсысы қожайынын көбірек жақсы көретін болады?", - деп сұрағанында, Шимон: "Көбірек қарызы кешірілгені деп ойлаймын" (Лұқа. 7:43) - деп жауап беріпті.

Біз күнәға батқан күнәкарлар болдық, бірақ Иса Мәсіх біздің күнәларымызды өтеу үшін жанын пида етті. Құдай Әкеден біздің күнәмызға кешірім болуын сұраған Исаның құрбандығына баға жетпейді. Көбірек күнәлары кешірілген адамдар, Оны көбірек жақын көріп, Жаратушы Иенің тақтының алдына басқаларға қарағанда жақынырақ тұрып, Құдай Әкенің ұлылығын, асқан даңқын, адамдарға деген шексіз де риясыз сүйіспеншілігін, күнәларын өтеу үшін жіберген Ұлы Құрбандығын мадақтайды. Біз Жаратушы Иенің бізге деген сүйіспеншілігін неғүрлым терең түсінген сайын, күнәнің қандайлықты зардапты да залалды екендігін де жақсы түсінетін боламыз. Біз Жаратушы Иенің біздің күнәларымызға қандайлықты кешірімділікпен, төзімділікпен қарайтындығын неғүрлым терең түсінетін болсақ, онда біз Оның баға жетпес Ұлы Құрбандығының мағынасын да солғүрлым жақсы, толығырақ түсінеміз. Біз Құдай Әкенің өзімізге деген ерекше кешірімділігін, біздерді күнәнің бұғауынан құтқарылуымыз үшін, Иса Мәсіхтің Өз өмірін пида еткен ұлы Құрбандығын көріп, жан дүниемізбен сезген сәтте, біздердің жүректерімізде, жан сезімдеріміздің нәзік қылын тербердей ерекше өзгерістер пайда болады: Жаратқан Иемізге деген аса ыстық сүйіспеншілік, істеген күнәларымыз үшін, терең өкініш сезімдері жан дүниемізді баурап алады.


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау