Ә. Әбдіхалықов КӘсіпорын экономикасынан ағымдық ЖӘне межелік бақылау жұмыстары



жүктеу 2,24 Mb.
бет1/10
Дата24.01.2018
өлшемі2,24 Mb.
#7891
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экономика факультеті
Экономика және басқару кафедрасы


Ә. Әбдіхалықов

КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫНАН АҒЫМДЫҚ ЖӘНЕ МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Оқу-әдістемелік құрал

Қостанай – 2011

Әбдіхалықов Әбутәліп Әмірұлы, аға оқытушы


Пікір берушілер:

Джукеева К.К., экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Дулатов атындағы ҚИПУ Есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі

Абаева Г.И. экономика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қаржы кафедрасының доценті

Турежанов С.У., экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Экономика және басқару кафедрасының доценті

Әбдіхалықов Ә.Ә.

Ә 14 Кәсіпорын экономикасынан ағымдық және межелік бақылау жұмыстары, – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011. – 163 б.


Кәсіпорын экономикасы пәнінің негізгі тақырыптары бойынша құрастырылған бұл әдістемелік құрал он нұсқадағы бақылау жұмыстарынан тұрады. Әр нұсқада әрбір үш тақырып бойынша топтастырылған бес ағымдық және барлық курсты қамтитын бір межелік бақылау бар. Ағымдық бақылаудағы сұрақтардың саны он-оннан болса межелік бақылаудағы сұрақ саны жиырма. Сондай-ақ құралда пән бойынша коллоквиум өткізуге арналған сауалдардың тізімі, үлгі ретіндегі курстық жұмыстардың тақырыптары, ұсылатын әдебиеттердің тізімі берілген.

Оқу-әдістемелік құрал жоғарғы оқу орынының студенттері мен магистранттарына, айтылмыш пән бойынша дәріс беретін оқытушыларға, кәсіпорын экономикасынан жалпы білім деңгейін тексерушілерге арналған.


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілді ____ _____ж., хаттама №



 А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 2011
МАЗМҰНЫ



Кіріспе ...........................................................................................

4

Нұсқа 1 Ағымдық бақылау жұмыстары: №1-№5 .....................

5

Межелік бақылау жұмысы (1)........................................

15

Нұсқа 2 Ағымдық бақылау жұмыстары: №1-№5 .....................

19

Межелік бақылау жұмысы (1)........................................

29

Нұсқа 3 Ағымдық бақылау жұмыстары: №1-№5 .....................

33

Межелік бақылау жұмысы (1)........................................

45

Нұсқа 4 Ағымдық бақылау жұмыстары: №1-№5 .....................

48

Межелік бақылау жұмысы (1)........................................

58

Нұсқа 5 Ағымдық бақылау жұмыстары: №1-№5 .....................

64

Межелік бақылау жұмысы (1)........................................

73

Нұсқа 6 Ағымдық бақылау жұмыстары: №1-№5 .....................

77

Межелік бақылау жұмысы (1)........................................

87

Нұсқа 7 Ағымдық бақылау жұмыстары: №1-№5 .....................

91

Межелік бақылау жұмысы (1)........................................

102

Нұсқа 8 Ағымдық бақылау жұмыстары: №1-№5 .....................

106

Межелік бақылау жұмысы ............................................

117

Нұсқа 9 Ағымдық бақылау жұмыстары: №1-№5 .....................

121

Межелік бақылау жұмысы ............................................

132

Нұсқа 10 Ағымдық бақылау жұмыстары: №1-№5 ...................

137

Межелік бақылау жұмысы ............................................

147

Глоссарий .......................................................................................

151

Коллоквим өткізуге арналған сұрақтар .....................................

156

Үлгі ретіндегі курстық жұмыстардың тақырыбы .....................

158

Курстық жұмысты орындау барысындағы әдістемелік

нұсқаулар ......................................................................................



161

Пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттердің тізімі .......

163

Алғысөз
Кәсіпорын экономикасын экономика бағытындағы студенттердің бұдан бұрын оқып-үйренген микроэкономика, макроэкономика тіпті халықарлық экономика пәндерінің қисынды жалғасы деп қарауға әбеден негіз бар. Мұнда алдыңғы пәндерде жалпы қарастырылып кететін көптеген түсініктер тереңдете беріледі. Дәлірек айтқанда жоғарыдағы пәндерге халықаралық, ұлттық, аймақтық, салалық деңгейдегі түсініктер енді жекелеген фирмалар мен кәсіпорындардың деңгейінде егжей-тегжейлі қарастырылады.

Қазақстанның білім беру жүйесі жыл сайын түрлі өзгерістерге ұшырап білім берудің жаңа әдістерімен, түрлерімен толыға түсуде. Кредиттік жүйедегі білім берудің ең негізгі ірге тасы студенттерді өздігінше білім алуға үйрету, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып күнбе-күн лек-легімен ағылып жатқан ақпараттар арасынан ең қажеттісін танып, біліп қана қоймай оны тиімді игере білу болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде тестік тапсырмалардың студенттердің білімін жетілдіруде өзіндік орны бар екенін белгілі. Рас, студенттердің білімін тексеруде тек тестік тапсырмалармен шектеліп қалуға болмайды, оны тек білімді бағалаудың бір нысаны ретінде пайдалану керек. Осыны ескере отырып тестік тапсырмаларға тек қана есте ұстауды қажет ететін сауалдар емес, логиканы, яғни білгенді ой елегінен өткізіп барып, қажетті есептеулерді орындап барып шешім қабылдауға тиісті есептер де енгізілген.

Бұл әдістемелік оқу құралындағы тестік тапсырмалардың типтік бағдарламадағы барлық тақырыптарды қамтыған нұсқалардың ұзын саны он. Әр нұсқада алты бақылау жұмысы бар. Әрқайсысы он сауалдан тұратын алғашқы бес бақылау жұмысының әрқайсысына үш тақырыптың материалдары топтасырылған. Мысалы, бірінші бақылау жұмысына «Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы», « Қазақстан Республикасы экономикасын мемлекеттік реттеу», «Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде» тақырыптарына қатысты сауалдар енгізілсе, үшінші бақылауға сәйкесінше «Айналым капиталы», «Еңбек ресурстары», «Еңбекақы төлеу» тақырыптарының сұрақтары біріктірілген. Ал алтыншы бақылау жұмысы Кәсіпорын экономикасының барлық тақырыптарын қамтитын жиырма тестік сұрақтан тұрады.

Тестік сұрақтарға жауап берген кезде қосымша көмекші ретінде құралдың соңында глоссарий берілген.

Құрал жоғарғы оқу орынының студенттері мен магистранттарына, оқытушыларға сондай-ақ осы пән бойынша білімін толықтырам деушілерге арналған.

Нұсқа № 1

Бақылау жұмысы 1 (1)

1. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы неше басымдылықтан тұрады:

А) 2;


В) 3;

С) 5;


D) 7;

Е) 10.
2. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы бастауын қай жылдан алады:

А) 1997 ж;

В) 1998 ж;

С) 1999 ж;

D) 1995 ж;

Е) 1993 ж .
3. Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорындарының түрлері қандай құжатпен анықталады?

А) Қазақстан Республикасының салық кодексімен;

В) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен;

С) еңбек туралы заңмен;

D) Қазақстан Республикасының конституциясымен;

Е) дұрыс жауабы жоқ .


4. Экономикалық және әлеуметтік процестерді құқықтық қамтамасыз ететін мемлекеттік билік органы.

А) парламент;

В) үкімет;

С) әділет министрлігі;

D) жоғарғы сот;

Е) прокуратура.


5. Экономикалық процесс пен оның параметрлеріне әсер етумен байланысты мемлекеттік реттеу әдісі:

А) салалық;

В) тікелей;

С) экономикалық;

D) салықтық;

Е) жанама.


6. Қаржы нарығындағы ұсыныс пен сұраныс арасындағы арақатынасты тиісті бағытта өзгертіп, ақша айналысына бақылау жасау мемлекеттің:

А) әлеуметтік саясаты;

В) сыртқы экономикалық саясаты;

С) валюталық саясаты;

D) ақша-несие саясаты;

Е) экономикалық саясаты.


7. Қоғам өндірісін ұйымдастыру түрлеріне жататыны:

А) Шоғырландыру;

В) Мамандандыру;

С) Монополизациялау;

D) Кооперациялау;

Е) Барлық жауаптар дұрыс.


8. Екі немес одан да көп тең құқықты азаматтардың ұйымдасқан шаруашылық қоғамының бірлестігінің түрі:

А) толық серіктестік;

В) холдинг;

С) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

D) жеке кәсіпкерлік;

Е) жауапкершілігі шектеулі серіктестік.


9. Қоғамдық бірлестіктер және өзге де коммерциялық емес ұйымдар, соның ішінде мекемелер бір ұйымға өз еркімен бірігуі?

А) өндірістік кооператив;

В) пул;

С) қауымдастық;



D) синдикат;

Е) корпорация.


10. Мүліктік меншік формасына қарай кәсіпкерліктің қандай түрі кездеседі?

А) өндірістік, коммерциялық, қаржылық;

В) кеңестік, ұжымдық;

С) жеке, ұжымдық , өндірістік;

D) жергілікті, өндірістік, коммерциялық;

Е) жеке меншік, мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық.



Бірінші бақылаудың соңы (1)

Нұсқа № 1

Бақылау жұмысы 2


1. Қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіретін, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін фактор:

А) амортизация ;

B) аккредитив;

C) ғылыми - техникалық прогресс;

D) хеджирлеу;

E) қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылығы.
2. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады (дұрыс емесін табыңыз):

А) Зейнетақы коры;

В) Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры;

С) Әлеуметтік сақтандыру қоры;

D) Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ);

Е) кәсіподақ қоры.


3. Ел бойынша өндіріс салаларында осы жылда жасалған материалдық өндірістің құны:

А) ұлттық табыс;

B) ұлттық кіріс;

C) жалпы өнім ;

D) өнідірістік шығын;

E) жалпы табыс.


4. Материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы:

А) резервтік капитал;

В) жарғылық қор;

С) меншікті капитал;

D) амортизация;

Е) негізгі капитал.


5. Шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы:

А) резервтік капитал;

В) жарғылық қор;

С) меншікті капитал;

D) амортизация;

Е) негізгі капитал.


6.Цехтағы құрал – жабдықтың құны 15000 млн.теңге. Наурыздан бастап 45,6 млн теңгенің құрал – жабдығы қолданысқа кірген, 1 шілдеде құны 20,4 млн.теңге құрал – жабдық шығып қалды. Негізгі қорлардың жылдық орташа құнын анықтаңыздар.

А) 14287,5 млн.тенге;

В) 13285,5 млн.тенге;

С) 12305,8 млн.тенге;

D) 15027,8 млн.тенге;

Е) 14839,9 млн.тенге.


7. Ресурстың қосымша бірлігін пайдаланудан түсетін қосымша түсім-бұл:

A) шекті табыс;

B) шекті шығын;

C) шекті өнім;

D) ресурстын шекті өнімінен түскен шекті түсім;

E) шекті пайдалылық;


8. Таза экономикалық рента дегеніміз:

А) баға бойынша барынша икемділікпен сипатталатын ұсыныс арқылы кез-келген өндірістік фактордан алынатын табыс;

В) баға бойынша мүлдем икемсіздікпен сипатталатын ұсыныс арқылы кез-келген өндірістік фактордан алынатын табыс;

С) ең тәуір жерлерді пайдаланудан түскен табыс;

D) ең нашар жерлерді пайдаланудан түскен табыс;

Е) жалға берліген заттан түскен кез-келген табыс;


9. Өндіріс нәтижесі болып есептелетін, адам еңбегі арқылы пайда болған өндіріс жабдықтары?

А) табиғи ресурстар;

В) материалдық ресурстар;

С) еңбек ресурстар;

D) қаржы ресурстар;

Е) дұрыс жауап жоқ.


10.Өндіріс процесінде жетекші роль атқаратын негізгі қордың бір бөлігі?

А) пассивті бөлігі;

В) активті бөлігі;

С) бейтарап бөлігі;

D) позитивті бөлігі;

Е) негативті бөлігі.



Екінші бақылаудың соңы (1)

Нұсқа № 1

Бақылау жұмысы 3


1.Айналымдық қаражаттар деген не?

А) өндіріс процесіне кірген еңбек құралдары;

В) кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім;

С) құрамында өндіріс сферасында қызмет ететін еңбек заттары бар өнеркәсіптің өндірістік қорларының бөлігі;

D) өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында айналым қорына салынған ақша – қаражаттарының жиынтығы;

Е) өнім өткізу үшін төлеу тәртібімен ақша - қаражаттарының уақытында түсуі.


2.Айналымдық қаражаттарға төмендегілердің қайсысы жатады?

А) айналым қорлары мен айналыс қорлары;

В) еңбек ресурстары және дебиторлық берешек;

С) дайын өнім және қойма үйлері;

D) ақша – қаражаттары және құрал – жабдық;

Е) компьютерлер мен бағдарламалық өнімдер;


3.Кәсіпорын бірінші тоқсанда 250 млн.теңгенің өнімін өткізді, ал айналымдық қаражаттардың тоқсандық орташа қалдығы – 25 млн.теңге.Айналымдық коэффициентін және айналым ұзақтығын табыңыз.

А) Ко = 10 айналым, Д = 9 күн;

В) Ко = 11 айналым, Д = 8 күн;

С) Ко = 8 айналым, Д = 8 күн;

D) Ко = 11 айналым, Д = 11 күн;

Е) Ко = 13 айналым, Д = 7 күн.


4.Айналыс қорларына төмендегілердің қайсысы жатады?

А) құрылыстар, жөнелтілген, бірақ төленбеген тауарлар, есепшоттағы қаражаттар мен касса мен шоттағы ақша – қаражаттары;

В) құрал – жабдықтар, жөнелтілген, бірақ төленбеген тауарлар, есепшоттағы қаражаттар мен касса мен шоттағы ақша – қаражаттары;

С) дайын өнім қорына салынған кәсіпорын қаражаттары, жөнелтілген, бірақ төленбеген тауарлар, есепшоттағы қаражаттар мен касса мен шоттағы ақша – қаражаттары;

D) құрылыс, ғимараттар, өткізу құрылғысы, жөнелтілген, бірақ төленбеген тауарлар, есепшоттағы қаражаттар мен касса мен шоттағы ақша – қаражаттары;

Е) жоғарыда аталғандар.


5.Тауар мен қызмет өндіру үшін жұмыс күші ұсынысын қамтамасыз ететін ел халқының бір бөлігі.

A) экономикалық белсенді халық;

B) еңбекке қабілетті халық;

C) жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар саны;

D) жұмыспен қамтылғандар мен зейнеткерлер саны;

E) А және В жауаптары дұрыс.


6. Фирманың еңбекке деген сұраныс қисығы төмендегіше анықталады:

А) фирманың негізгі құрал-жабдықтарының орташа өнімділігімен;

В) фирманың өндірістік қызметінің қос сызықтық бағдарламасының барлық түрлерімен ;

С) еңбектің шекті өніміне байланысты шекті табыстық сызығымен;

D) фирманың шекті шығын сызығымен ;

Е) фирманың айнымалы шығынының сызығымен.


7.Сағатына 20 бұйым жасалады. Жаңа технология енгізгеннен кейін еңбек сыйымдылығы 20%-ке азайған.Еңбек өнімділігі қалай өзгереді?

А) өзгермейді;

В) 20% -ке азаяды;

С) 20%-ке көбейеді;

D) 25% -ке артады;

Е) 25%-ке азаяды.


8. Номиналды еңбек ақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер:

A) істеген жұмысқа төленетін еңбекақы

В) номиналды еңбекақы

С) нақты еңбекақы



D) уақыт бойынша төленетін еңбекақы

Е) натуралды еңбекақы.


9. Кәсіпорынның мәдени- әлеуметтік ортасын анықтайтын:

А) жұмысшылар күшіне сұраныс;

В) тауарға сұраныс;

С) өндірісте энергоресурстарға сұраныс;

D) кәсіпорының орналасқан орны;

Е) негізгі және айналым капиталына сұраныс.


10. Жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем:

А) еңбекақы

В) мақтау қағазы

С) сыйақы

D) сертификат

Е) әлеуметтік төлем


Үшінші бақылаудың соңы (1)

Нұсқа № 1

Бақылау жұмысы 4


1. Инновациялық өнімдер көлеміне жататындар:

А) есепті жылы түрлі технологиялық жетістіктер негізінде өндірілген өнім;

B) есепті жылы өндірілген барлық өнімдер;

C) есепті жылы өндірілген өнімдер;

D) есепті жылы өндірілген жартылай фабрикаттар;

E) барлық жауаптар дұрыс емес.


2. Өнеркәсіпті инновацияның негізгі екі түрін атаңыз;

А) өнімдердің, технологиялардың жаңа түрлері;

B) инновациялық өнімдер, инновациялық емес өнімдер;

C) өнім инновациясы, үрдіс инновациясы,

D) өнімдердің, техниканың жаңа түрлері;

E) барлық жауаптар дұрыс.


3. Тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсететін инвестиция түрі:

А) портфельді

В) венчурлық

С) тікелей

D) аннуитеттік

Е) материалдық.


4. Қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисығы жетілген бәсеке жағдайында:

А) шекті шығындардан жоғары жатқан орташа айнымалы шығындар қисығының бөлігімен сәйкес келеді;

В) нарықтың ұсыныс қисығымен беттеседі;

С) орташа айнымалы шығындардан төмен жатқан шекті шығындар қисығының бөлігімен сәйкес келеді;

D) орташа айнымалы шығындардан жоғары жатқан шекті шығындар қисығының бөлігімен сәйкес келеді;

Е) орташа айнымалы шығындардан жоғары жатқан тұрақты шығындар қисығының бөлігімен сәйкес келеді.


5. 25 + Q2 бәсекелестік фирманың шығындары. Өнімнің бағасы қай аралықта болғанда фирма пайда табады?

А) ( 9; + );

В) ( 20; +);

С) ( 10; + );

D) ( 4; + 20);

Е) ( 12; +).


6. Ең төменгi орташа айнымалы шығынның мәнiн көрсет:

А) шектi шығынның ең төменгi нүктесiнде орналасады;

В) оның шектi шығын қисығымен қиылысатын нүктесiнде болады;

С) орташа тұрақты шығын қисығымен қиылысқан нүктеде болады;

D) жоғарыда айтылғандардың бәрi дұрыс;

E) координатаның бас нүктесінде орналасады.


7. Маркетинг қызметі жағдайында нарық қанша түрге ажыратылады?

А) 2


B) 4

C) 5


D) 3

E) 7


8. Маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелілікті тұжырымдайды (қате жауапты табыңыз):

А) тауарлардың бәсекеге жарамдылығын жасау;

В) тауарларды жылжытуды жеделдету;

С) сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру;

D) өндірістің тиімділігі және тауарлар сату;

Е) кәсіпорын жұмысын басқаруды ұдайы қадағалап отыру.


9. Талдаманы ұйымдастыру және жаңа тауарлар өндiру, әлеуттi сатып алушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру, олардың ерекшелiгi орама, баға, пайдалану сапасы - бұл қызмет түрі маркетингтік берненің қай типіне жатады?

А) бақылау;

B) талдамалық;

C) өндірістік;

D) өткізушілік;

E) басқару.


10. Төмендегілердің ішіндегі өндіріс шығындарын азайтудың негізгі бағыты:

А) өндіріс көлемін ұлғайту;

В) өнім өткізу бағасын көтеру;

С) өнім өндіру көлемін ұлғайту;

D) өндірісте тұтынылатын ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу;

Е) өнімнің өзіндік құнын көтеру.



Төртінші бақылаудың соңы (1)

Нұсқа № 1

Бақылау жұмысы 5

1. Белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі?

А) өнім сапасы

B) өнім

C) өнім ерекшелігі

D) өнім көлемі

E) өнім құрамы


2. Мамандар тобы арқылы іске асырылатын әдіс?

А) өлшеуші

B) сарапшылық

C) органолептік

D) есептік

E) әлеуметтік


3. Анықталған бағыттағы тиімді дәрежеге жетуге бағытталған, мойындалған органмен бекітілген, ортақ шешімге келу негізі арқылы дайындалған нормативті құжат?

А) норматив

B) стандарт

C) хронометраж

D) сертификат

E) хеджирлеу


4. Тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы:

А) табыс


B) рентабельділік

C) пайда


D) ұлттық кіріс

E) жалпы өнім


5. Кәсіпорын қызметінің ең басты экономикалық көрсеткіші:

А) тиімділік

B) өнімділік

C) сапалылық

D) пайдалық

E) дұрыс жауап жоқ

6. Зауытта жылына 4000 тонна өнім өндіріледі. 1тонна өнімнің көтерме багасы - 600 теңгеге, өнімнің бір данасының өзіндік құны - 1 теңге, өнімнің көтерме бағасы 70%-ды құрайды. өнімді сатудан түскен пайда қаншаға тең болады, (мың теңге):

А) 720.


В) 640.

С) 800.


D) 745.

Е) 680.
7. Жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизациялық аударым сомалары:

А) жалпы пайда

В) бөлінбеген пайда

С) шекті таза өнім

D) таза пайда

Е) дұрыс жауабы жок
8. Қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімді активтердің үлес көрсеткіші:

А) орташа өтімділіктің коэффициенті

В) тез өтімділіктің коэффициенті

С) баяу өтімділіктің коэффициенті

D) өтімділіктің коэффициенті

Е) дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті


9. Өндірістік шығындарды қаржылық қамтамасыз етудің шығындар қайтарымы, төлем, мерзімдік шарттарда ұсынылған банк несиелері есебінен жабылатын тәсілі?

А) несиелеу

B) депозиттеу

C) айыппұл төлеу

D) сыйақы алу

E) депозит ашу


10. Сапа жүйелерінің бағытындағы ұлттық стандарттар алғашқы рет қай жылы пайда болды:

А) 1983 жылы

В) 1988 жылы

С) 1982 жылы

Д) 1984 жылы

Е) 1985 жылы.


Бесінші бақылаудың соңы (1)

Нұсқа № 1

Межелік бақылау

1. Экономикалық қатынастарды реттеуде үкімет органдары алдында тұрған мақсатты ұсталымдар жиынтығы – бұл:

А) экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты

B) экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеті

C) экономиканы мемлекеттік реттеудің талабы

D) экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметі

E) дұрыс жауап жоқ


2. Меншіктің түрлерін табыңыздар.

А) біртекті, аралас, шетелдік

B) аралас, жеке, қоғамдық

C) аралас, жеке, тиімді

D) айнымалы, тұрақты, жалпы

E) шағын, орта, ірі.


3. 2000 – 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының өсу қарқыны орта есеппен қанша пайызды құрады?

А) 8-10 %

В) 13-15 %

С) 2-3 %


D) 5 %

Е) 18-20 %


4. Негізгі принципі табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек ету мақсатында жұмыс істейтін қоғам:

А) өндірістік кооператив

В) холдинг

С) жеке кәсіпкерлік

D) толық серіктестік

Е) жауапкершілігі шектеулі серіктестік.


5. Сапалық тозудың себептеріне жатпайды:

A) еңбек құралдары конструкциясының жетілдірілуі;

B) еңбек құралдарын дайындау технологиясының жақсаруы;

C) еңбек құралдарын жиі пайдалану;

D) өнімділігі жоғарырақ негізгі құралдардың пайда болуы;

E) еңбек құралдарын өндіретін салаларда ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану.


6.Негізгі қорды пайдаланудың жинақтаушы көрсеткіштері

А) қордың айналым ұзақтығы;

В) қордың өндірістік циклі;

С) өнімділік деңгейі;

D) қор қайтарымдылығы және қор сыйымдылығы;

Е) материал сыйымдылығы мен материл қайтарымдылығы.


7. Қоғамдық игіліктер дербес игіліктерге қарағанда:

А) бөлінеді;

B) жекелеп пайдалануға болады;

С) бөлінеді және жекелеп пайдалануға болады;

D) бөлінбейді және жекелеп пайдалануға болмайды;

Е) бөлінеді, бірақ жекелеп пайдалануға болмайды.


8. Өндірістің экономикалық тиімділігіне анықтама берініз:

А) Өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау жолы;

В) Қоғамның қызметті принципінде табыс табу емес,қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау;

С) Кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінің қоғамның әлеуметтік мақсатына сәйкес келеді;

D) Жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдарын номенклатурасын айғақтайды;

E) Меншіктің әр түрлі формалары және шаруашылық тетігінің ықпалымен жүзеге асатын нақты еңбекті үнемдеу.


9. Қызметтің көлемдік, сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандыратын еңбекақы нысаны:

А) мерзімдік

В) күрделі

С) кесімді

D) қарапайым

Е) нақты


10.Бір өнімді шығаруға кеткен уақыт нормасы – 12 мин.,еңбек күрделігін сағаттық тарифтік ставка – 5 теңге,бір айда 24 жұмыс күні,ауысым ұзақтығы – 8 сағат.Бір айда 1008 өнім өндірілді.Бір айдағы шығару нормасын табу.

А) 960;


B) 690;

C) 180;


D) 1000;

E) 880.
11. Жұмыссыздық дәрежесі қандай көрсеткіштер қатынасымен анықталады?

A) жұмыссыздар санының жұмыспен қамтылғандар санына;

B) жұмыссыздар санының жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санының қосындысына;

C) жұмыссыздар санының жалпы халық санына;

D) жұмыспен қамтылғандар санының жұмыссыздар санына;

E) жұмыссыздар санының еңбекке қабілетті тұрғындар санына.
12. Айналымдық қаражаттарды пайдалану көрсеткіштері

А) жүктеу коэффициенті;

В) айналымдық қаражаттардың айналымдық коэффициенті;

С) айналымдық қаражаттарды пайдалану коэффициенті;

D) бір айналымның ұзақтығы;

Е) жоғарыда аталғанның бәрі.


13. Тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар:

А) портфельді

В) венчурлық

С) тікелей

D) аннуитеттік

Е) материалдық


14. Құнды қағаздарды инвестициялаудың мақсаты

А) Процент алу, капиталды сақтау және капиталдың өсуін қамтамасыз ету

В) басқа елге барып табыс табу

С) жұмыс істемей ақша табу

D) жаңа идеяларды жүзеге асыру

Е) жаңа жұмыс орындарын ашу.


15. Өнім 6ip данасының цехтық өзіндік құны - 220-теңгеге тең, кезең шығындары - 0,5 теңгеге тең болғандағы зауыт өнімінің барлық өнім көлемінің толық өзіндік құнын анықтаңыз (млн тенге)өнім өндірісінің жылдық көлемі - 2000 тонна):

А) 445.

В) 110.


С) 1220.

D) 1000.


Е) 510.
16. Жалпыға бірдей нысаналығы, яғни тұтынушылардың қалаулары мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті нәтижелеріне бағдарлануы – бұл маркетингтің негізгі .....?

А) мақсаты

B) мәні

C) мәселесі



D) қағидаты

E) қызметі


17. Адам мүшесін сезу – көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтитын әдіс?

А) қоғамдық

B) стратегиялық

C) есептеуіш

D) органолептік

E) сарапшылық


18. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің қандай параметрлеріне байланысты?

А) Баға және сапа

B) Баға және сана

C) Табыс және шығын

D) Шығын және баға

E) Сапа және саны


19. Өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі:

А) жалпы табыс

В) орта табыс

С) шекті табыс

D) жеке табыс

Е) дұрыс жауабы жоқ


20. Ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивиденттермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы соммасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.

А) орташа өтімділіктің коэффициенті

В) тез өтімділіктің коэффициенті

С) несиелердің орнын толтыру коэффициенті

D) өтімділіктің коэффициенті

Е) дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті




жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау