ҮЕҰ Дерекқоры бойынша СҰРАҚ-ЖАУАПТАР
ҮЕҰ Дерекқоры дегеніміз не?
ҮЕҰ Дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.
Қай мемлекеттік орган ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады?
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (ДІАҚМ) ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ДІАҚМ-нің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді беру тәртібі қандай нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі?
1. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (41-бабының 5-тармағы).
2. «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен.
ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәліметтер беру керек?
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.
Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен аталған нормаға ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беретін коммерциялық емес ұйымдарды нақтылау жөнінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қашан беру керек?
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді жыл сайын жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін беру қажет.
Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қандай нысан бойынша беру керек?
Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларға (МСМ-нің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қосымша берілген нысанға (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy) сәйкес қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек?
Мәліметтер:
- 2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;
- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.
ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталында порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады.
Мәліметтерді пошта арқылы қай мекен-жайға жолдау керек:
Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшін мәліметтерді келесі мекен-жайға жолдау керек:
010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
http://www.register-ngo.kz ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайтына мәліметтер беруге бола ма?
Жоқ, ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайты http://www.register-ngo.kz әрекетсіз сайт болып табылады.
Есеп беру нысанын толтыру жөнінде ұсынымдар бар ма?
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ДІАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі сұрақтар бойынша қайда хабарласуға болады?
«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.
Электронндық мекен-жай: 74-04-28@mail.ru
Үкіметтік емес ұйымдарға ҮЕҰ Дерекқоры не үшін қажет?
ҮЕҰ Дерекқоры қоғам мен донорлар үшін ҮЕҰ қызметі туралы ақпараттың ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз етеді. ҮЕҰ Дерекқоры арқылы көмек қажет ететін азаматтар ҮЕҰ туралы керек ақпаратын ала алады, басқа ҮЕҰ мен донорлар әлеуетті ҮЕҰ серіктестерді таңдап, оларды дұрысырақ біле алады.
Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларында қарастырылған ҮЕҰ-ның есеп беру нысандары жетілдіріле ме?
Ия. Қазіргі уақытта ҮЕҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып Қағидаларды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мәліметтерді ұсынбау немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну үшін қандай шаралар қарастырылған?
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:
1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.
2016 жылы ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер бермеген ҮЕҰ-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлары болды ма?
Бүгінгі күнге дейін әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлар болған жоқ. Қазіргі уақытта үкіметтік емес секторда кешенді ақпараттық түсіндіру жұмыстар жүргізілуде.
ҮЕҰ Дерекқорында тіркелмеген ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар жөніндегі конкурстарға қатыса ала ма?
ҮЕҰ-ның Дерекқорда бар болуы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсының жеңімпазын анықтаған кезде өлшемдердің бірі болып табылады және жалпы ұпайлардың қосындысына әсерін тигізеді.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |