Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



жүктеу 4,5 Mb.
бет92/111
Дата17.01.2022
өлшемі4,5 Mb.
#33273
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111

61-сабақ. Километр. Миллиметр


Тақырып: Астана ғимараттары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау

3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру


Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Ұзындықтың өлшем бірліктерін: мм, км-ді білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Шамалардың мәнін салыстыру және оларға амалдар орындау.

Кейбір оқушылар үшін:

Шамаларды түрлендіру.



Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Ұзындық өлшем бірліктерін салыстыру.



Пәндік лексика және терминология:

Ұзындық, км, мм.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Ұзындықты немен өлшейді?

Ұзындықтың қандай өлшем бірліктерін қолданады?



Жазу:

Өрнектер, дм, мм, шамалардың атауы.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ұзындық, см, дм, м.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

Мұғалім Астана ғимараттарының ерекшеліктері туралы, бұл қаланың қысқа мерзімнің ішінде әлемнің ең әдемі қалаларының біріне айналғаны туралы әңгімелейді.





4–6



Өзектендіру.

Ауызша жұмыс.

Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:

2 дм 6 см = ….. см 5м 20см = …..м

40 дм = … см 320 см = ….м …. см


Тақта.

7–11



Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Жолақтың ұзындығын сантиметрмен өлше. Барлық кесіндіні өлшей алдыңыздар ма? (Кейбіреулері толық сантиметрден үлкен/кіші).

– Сантиметрден кіші ұзындықтың өлшем бірлігі қалай аталатынын білесің бе?


Қағаз жолақтары.

12–29



Жаңаны ашу.

  • Ұзындық өлшемдерінің кестесін қара.

Миллиметр – ұзындық өлшем бірлігінің ең кіші бөлігі. 1 см = 10 мм.

Ал сізге метрден үлкен өлшем бірлігі таныс па? Сызғыштың бөліктеріне қараңыздар. Сіз енді 1 см-ден кем кесінділерді өлшей аласыз ба? 1 см-ден артық, бірақ 2 см-ден кем кесінділерді ше?

№1 суретті қараңыз. Астанадағы океанариум ғимараты – ерекше құрылым. Ол – Гиннес рекордтар кітабына енген әлемдегі жалғыз ғимарат, мұхиттан 3000 километр қашықтықта орналасқан. Біз қандай жаңа ұзындық өлшем бірлігін қолдандық? Бұл–километр.

Ұзындық өлшем бірліктеріне қатысты кестені көреміз.

Балалар сабаққа арналған кестемен және тұсаукесермен жұмыс жасайды.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

1 дм, 1 м-де қанша миллиметр бар?

Салыстыр:

1 м*1 мм 100 мм *1 дм 1000 мм*100 см

1 см*10 мм 10 дм*1 см 10 см*10 мм

Көпбұрыштың қабырғаларының ұзындығын өлше, олардың периметрін тап.

№2 тапсырманы орындауды ұсынады, жұппен не топпен түсіндіре отырып практикалық жұмыс жүргізіледі.

Оқулық.


Кесте және сабаққа тұсаукесер.


30–40



Жаңаны қолдану.

Оқулық бойынша топпен тәжірибелік жұмыс жасау.

Балалар карта бойынша қала маршрутының жоспарын құрастырады және оның ұзындығын километрмен өлшейді.

Өзіндік жұмыс.

Осы сабақта мұғалім дәптердегі тапсырмалар бойынша оқушылардың қиындықтарын жеңу үшін өзіндік жұмысты өзін-өзі тексере отырып жасауды ұсынады. Осы тапсырманы сәтті аяқтаған оқушыларға бұдан да қиынырақ тапсырмалар беріледі, мысалы:

Миллиметрге өрнекте:

а) 1 дм 2 см 5 мм = ...

ә) 4 дм 8 мм = ...

б) 23 см 8 мм = ...

в) 3 дм 5 см = ...

Амалдарды орында және жауапты ірірек өлшем бірлігіне өрнекте:

а) 6 дм 4 см – 35 мм

ә) 2 дм 18 мм + 58 см 2 мм

б) 5 см 3 мм + 7 дм –15 см 2 мм

в) 9 дм –4 см 8 мм + 1 дм 48 мм

Дәптердегі немесе оқулықтағы тапсырманы орындауды ұсынады – осыған ұқсас есепті құрастыру және шығару.

Бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырма бойынша өзін-өзі тексеруді ұсынады.

Мен:


  • Шамаларды есептеуді;

  • Шамалардың мәнін салыстыруды (км, см, дм, м) және олармен амалдар орындауды;

  • Оладың өзара қатынасы негізінде см, дм, м, км ұзындық бірліктерін өрнектеуді.

Оқулық.

41–45


Рефлексия.

Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;

«Мен … өзімді мақтан етемін»;

«Әсіресе маған ұнағаны …»;

«Бүгін … менің қолымнан келді»


Жетістік сызғышы.




жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау