Спорттық ойын элементтері – кегельдер.
«Нағыз мергендер»
Дұрыс бастапқы қалыпты ұстана отырып, допты әр жерге қойылған кегельдерге лақтыру.
Тәрбиеленушілер 2 метр қашықтықтан допты лақтырады.
Тапсырманы алдымен қыздар орындайды, ал ұлдар кегельдерді педагогтің нұсқауы
бойынша қояды. Сосын ұлдар лақтырады. Педагог допты тура бағытта екпінді түрде –
тұрған кегельдердің ортасына лақтыруға назарларын аударады.
«Біз көңілді балалар» ойынын ұйымдастыру. Ойын тәртібін түсіндіру.
Қуғыншыдан қашып құтылу керектігін, жүгіргенде бір-бірімен соқтығыспау қажеттігін
ескертеді. Қуғыншыны санамақтың көмегімен таңдап алады.
Достарыңызбен бөлісу: |