Күтілетін нәтиже:
жасайды:
көзге арналған жаттығуларды, қолға арналған су-джок жаттығуларын, заттар
арқылы секіру және гимнастикалық қабырғамен өрмелеу жаттығуларын.
түсінеді:
гимнастикалық қабырғаның тепкішектерін қалай дұрыс ұстау керектігін,
тапсырмаларды тізбекпен орындау, секіргенде екі аяқпен бір уақытта екпінмен итерілу
қажеттігін, самокатпен қалай бұрылу керек екенін.
қолданады:
аяқтың ұшымен жүгіру және өкшемен жүру жаттығуларын кезекпен
орындау қабілетін, гимнастикалық баспалдақпен өрмелеу қабілетін, заттар арқылы секіру,
кеңістікте бағдар табу қабілетін.
Құралдар мен материалдар:
гимнастикалық қабырға, биіктігі – 10 см поролон текшелер
– 8 дана, конустар, самокаттар.
Денсаулық сақтау технологиялары:
көзге арналған гимнастика, ұсақ моториканы
дамытып, балалардың иммунитетін көтеру үшін, ақыл-ой қабілетін дамыту үшін қолды,
саусақтарды шарикпен, созылмалы сақинамен (су-джок) уқалау.
Достарыңызбен бөлісу: |