Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет16/524
Дата19.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#37221
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   524
4 дш

5. ЖАЛПЫ ДАМЫТАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР  
 
 Бұл кешен анатомиялық белгілері бойынша іріктеп алынған жаттығулар жиынтығынан 
тұрады.  
Жалпы  дамытатын  жаттығулар  негізгі  бұлшық  ет  тобын  нығайтуға,  баланың 
омыртқасының  дұрыс  қалыптасуына  көмектеседі.  Осы  міндетті  шешу  үшін  бұл 
жаттығуларды  белгілі  бір  ізбе-ізділік  бойынша  жасау  қажет.  Яғни  иық,  арқа,  іш  пен  аяқ 
сынды бұлшық еттер тобының кезектесіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңызы зор. 
Жалпы  дамыту  кешеніне  барлық  бұлшық  еттерді,  әсіресе,  арқа  мен  іштің,  иық 
белдеуіндегі,  аяқтағы  ірі  бұлшық  еттерді  нығайтуға  бағытталған:  тартылу,  отырып-тұру, 
иілу, айналу сынды жаттығулар жатады. 
Алдымен  иық  пен  қолдардың  бұлшық  еттерін  нығайтуға  арналған  жаттығулар 
орындалады.  Олар  кеуде  қуысының  кеңеюіне,  омыртқаны  түзетуге,  тыныс  алу  бұлшық 
еттерін  дамытуға  көмектеседі.  Балалар  қолдарын  кезекпен  және  бір  уақытта  жоғары 
көтереді, қапталға созады, алға қойып айналдырады. 
Содан  соң  кеуде,  арқа  мен  іш  (қарын)  бұлшық  еттерін  жұмыс  істетуге  арналған 
жаттығуларға көшеді. Мысалы, алға, қапталға иілу, айналу т.б. одан кейін тек қана аяқтың 
бұлшық  еттеріне  арналған  жаттығулар  жасалады:  балалар  аяқтарын  кезекпен  қапталға, 
алға, артқа қояды, отырып тұрады, тізесін бүгіп, аяқтарын жоғары көтереді.  


16 
 
Әрі  қарай  табандағы  бұлшық  еттерді  дамытып,  нығайтуға  арналған  жаттығуларға 
көшеді.  Салмағы  үлкен  жаттығулардан  кейін  бірінші  жаттығуды  немесе  соған  ұқсас 
жаттығулар жасау қажет. 
Жыл  басында  жалпы  дамытуға  арналған  жаттығуларды  орындағанда  балалар  көбіне 
шеңбер  құрып  тұрады.  Жылдың  екінші  жартысында  топтарға  бөлініп,  сап  құрауды 
үйренеді.  Кешен  құрамындағы  жаттығулар  балаларға  таныс  болып  келеді.  Қалыпты 
жағдайдың  барлық  түрлері  (тұру,  отыру,  жату,  тізерлеп  отыру)  мен  қолдың  қалыпты 
жағдайлары  (қапталға,  алға  т.б.)  пайдаланылады.  Түрлі  құралдармен  жасалатын 
жаттығулар саны артады. Кешенді жаттығуларды кезектестіріп, құралдың көмегімен және 
құралсыз жасау керек. Ұйымдастырылған сабақ барысында доп,  кегель, жалауша, текше, 
таспа,  кішкентай  құрсау,  таяқшалармен  орындалатын  ЖДЖ-ларда  пайдаланылады.  Бұл 
қолдың басына қосымша салмақ түсіріп, нығайтуға көмектеседі. 
Құралдармен  орындалатын  жаттығулар  балалардың  қимыл-қозғалысқа  деген 
қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың орындалу сапасын да жақсартады. Әрі 
бұл  –  қозғалыс  белсенділігін  жан-жақты  етудің  таптырмас  құралы.  Бұл  жаттығулар 
балалардың  денешынықтыру  сабағына  қызығушылығын  арттырып,  қозғалыстарды  тез 
меңгеруіне,  сенсориканың,  қозғалыс  қабілетін  жетілдіруге  ықпал  етеді.  Жаттығу 
барысында  әртүрлі  заттармен  жасалатын  қимылдар  түс,  пішін,  салмақ,  материалдың 
сапасы сынды заттың өзге де қасиеттерін тануға мүмкіндік береді.  
Көзбен  көру  арқылы  қабылдау  қимыл-қозғалыс  образын  қалыптастырады.  Заттар 
жекелеген дене мүшелерінің қозғалыс үйлесімділігін жақсарта түседі. 
Бұлшық  етпен  сезіну  дене  мүшелерінің  қалпы,  жиырылуы  туралы  хабар  береді, 
жекелеген  бұлшық  еттердің  жұмысында  күрделі  келісім  үдерісі  жүреді,  қозғалысты 
берілген  үлгімен  үйлестіру  үдерісі  басталады.  Таяқша,  құрсау  сынды  тағы  да  басқа 
құралдарды пайдалану арқылы қарсылық айқын сезіліп, денеге түсетін салмақ айқындала 
түседі.  Кейбір  заттар  бұлшық  еттің  сезіну  қабілетін  саралауға  көмектеседі  (резеңке, 
доптар т.б.). 
Сондықтан құралдардың көмегімен орындалатын жаттығулар дененің қозғалыс қабілеті 
мен  сапасын  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Құралдармен  жасалатын  жаттығулардың  бәрі 
белгілі  бір  деңгейде  қолдағы  саусақтарды  дамытуға  көмектеседі.  Бұл  анализаторлар 
жүйесінің  қызметін  күшейтіп,  сөйлеу  қабілетін  дамытады.  Балалардың  интеллектуалдық 
тұрғыдан  дамып  жетілуіне  ықпал  етеді.  Саусақтардың  үйлесімділігін  дамыту  –  баланы 
балабақша мен мектепте оқуға дайындау үдерісінің маңызды бөлігі. Заттардың көмегімен 
жасалатын  жаттығулар  тәрбиелік  міндеттердің  де  шешімін  тауып  береді:  балалар 
құралдарға  мұқият  болуға,  оларды  күтіп  ұстауға,  оларды  алып,  орнына  қайтадан  қоюға, 
сол  затпен  ойнағысы  келген  балаға  жол  беруге,  педагогтің  балаларды  ұйымдастыруына 
көмектесуге үйренеді. 
Аяқ  пен  іштегі  бұлшық  еттерге  арналған  жаттығулар  да  түрленіп  отырады.  Кеудеге 
арналған  жаттығулардың  ішінде  алға  еңкею  жаттығулары  көбірек  беріледі;  қапталға 
еңкею және айналуға арналған жаттығулар азырақ әрі шағын амплитудамен жасалады.  
Жаттығулар 5-6 рет қайталанады. Жалпы дамытатын жаттығулардан кейін бір орында 
тұрып  секіру  жаттығулары  орындалады.  Олар  да  әртүрлі  болады:  аяқтарының  арасын 
ашады  –  аяқтарын  қосады;  айналады;  алға  секіреді  –  жерде  жатқан  таспа  арқылы  артқа 
секіреді;  кегельдерді  айналып  алға  жүреді.  Қимылдардың  саны  –  15–20  рет  секіру  (1-2 
рет). Олар бір орында жүру жаттығуларымен кезектесіп жасалады. Секіру кезінде педагог 
белгілі  бір  темп  белгілейді:  мысалы,  10  секундта  шамамен  12–15  рет  секіру.  Темптің 
жоғары  болатын  себебі:  бес  жастағы  балалар  бір  орында  тұрғанда  аяқтарын  еденнен 
ақырын ғана көтереді және аса жоғары секіре алмайды. 
Бала  организмінің  функционалдық  қызметін  жандандыруда  жалпы  дамытатын 
жаттығулардың  рөлі  арта  түспек.  4-5  жастағы  балалармен  бұл  жаттығуларды  жақсы, 
сергек темппен жасаймыз. Жаттығулардың арасында ұзақ үзіліс болмағаны жөн. Бастапқы 
қалып  әртүрлі  болады.  Аяқтың  арасын  кеңінен  ашып  тұру  позасымен  қатар:  арқамен, 


17 
 
етпетінен  жату,  отыру;  қолдарын  кеуденің  алдына,  қапталға  қарай  созу  сынды  т.б. 
жаттығулар қолданылады. Әр жаттығудан кейін балаларға бойды босатып, міндетті түрде 
демалыс беріп, үзіліс жасау қажеттігін естен шығармаған жөн. 
4-5  жастағы  балаларға  арналған  жаттығулардың  мазмұны  күрделіленеді:  әдетте,  олар 
төрт бөлімнен тұрады («Мотор»  – қолды қапталға қарай созу, қолды бүгіп кеуде тұсына 
қойып қапталға, төмен қарай айналдыру). Кейбірі екі бөлімнен тұрады. Бірақ айқын баяу 
ырғақпен орындалады («Отыру – тұру»). 
Қозғалыс  үйлесімділігі  балаларды  бөлімдерге  бөліп,  сапқа  тұрғызғанда,  түрлі 
бағыттарға қарай өзгеріп, күрделіленіп отырады (денесін қапталға қарай бұрғанда шеңбер 
ұстаған қолдарын алға қарай созады). Бірақ негізінен бір уақытта, бір бағытқа бағытталған 
жаттығулар  іріктеп  алынады.  Арасында  оларды  кезектестіруге  де  болады.  Ырғақ 
бұрынғыға қарағанда сан алуан әрі нақтырақ бола түседі. 
Балалар қозғалыс ырғағын жақсы түсінеді. Бірақ орындаған кезде аздап қиналады және 
кейде кешігіп жатады. 
Имитациялық,  образдық  жаттығулармен  қатар  біртіндеп  аналитикалық  жаттығуларды 
енгіземіз. Кіші топтағы сияқты имитациялық және образдық жаттығуларды бір сюжетпен 
біріктіруге  болады:  балалар  жаттығуларды  үлкен  қызығушылықпен  орындайды,  түрлі 
образдарға  еліктейді.  Мұндай  жаттығуларды  іріктеуге  қойылатын  талаптар  да  күшейіп 
отырады.  Себебі,  белгілі  бір  образға  сәйкес  келетін  қозғалыстар  көбірек  жүктемемен 
жасалуы тиіс және құрылымдық жағынан бұрынғыға қарағанда күрделілеу болуы шарт. 
Аналитикалық  сипаттағы  алғашқы  жаттығулар,  әдетте,  құралдармен  орындалады. 
Оның  әр  бөлігі  айқын,  нақты.  Мысалы,  таяқшаны  алдыңа  қойып  көтеріп,  тізеге  тигізу; 
бірақ,  бұл  жаттығуда  таяқшаны  қаншалықты  биікке  көтеру  қажеттігі,  аяқты  көтерген 
кезде  арқаның,  бас  пен  табанның  қандай  қалыпта  болуы  керектігі  көрсетілмейді.  яғни, 
балаларды  қозғалатын  дене  мүшелерін  көре  білуге  үйрететін  жалпылама  схемадағы 
жаттығулар іріктеп алынады. 
Балалардың  белсенділік  танытуына,  қимылдарды  мейлінше  шынайы  жасауына  көңіл 
бөлген жөн. Сондықтан педагог мынадай міндеттерге көңіл бөлгені абзал:  
       1.  Балаларды  жаттығуларды  көрсету  үдерісіне  оларды  өз  бетінше  орындау  тәсілі 
ретінде қарауға үйрету. 
       2.  Жаттығулардың  негізгі  элементтерін  (ірі  бұлшық  ет  топтарының  жұмысына 
қатысты  жаттығулар)  дұрыс  әрі  үлкен  қысыммен  орындауға  үйрету.  Жекелеген  дене 
мүшелерінің қалпын дұрыс ұстау. Мысалы, еңкейгенде тізені бүкпеу, отырып тұрған кезде 
арқаны  тік  ұстау,  қолды  созған  кезде  шынтағын  бүкпей  түзу  ұстау  сынды  талаптар  қоя 
білуі керек. 
3.  Жаттығуды нақты, дұрыс орындау үшін түрлі бастапқы қалыпты қабылдау қажет.  
4.  Көрнекі  бағдарлардың  көмегімен,  ешбір  бағдарсыз  және  педагогтің  нұсқауы 
бойынша дененің жекелеген бөліктерінің бағытын сақтау. 
5. Жаттығуларды белгі, нұсқау бойынша бастау және аяқтау; берілген ырғақты сақтау. 
6. Таныс жаттығуларды педагогтің нұсқауы бойынша өз бетінше орындау. 
Педагог  балаларды  ортақ  ырғақпен  бір  уақытта  қимылдауға  біртіндеп  үйретеді. 
Сонымен қатар олардан жаттығуларды орындаған кезде корпусты дұрыс қалыпта ұстауды 
талап етуден шаршамауы тиіс. 
Жаттығу  кезінде  қай  кезде  тыныс  алып,  қай  кезде  демін  шығарған  ыңғайлы  екенін 
балаларға  көрсетіп,  есіне  салу  қажет.  Олардың  жүгірген  және  секірген  кезде  демін  іште 
ұстап тұруын қадағалаған жөн. 
Жүгіру  мен  секіру  бала  организміне  функционалдық  және  эмоционалдық  жүктемені 
көбірек түсіреді, жаттығулардың жағымды ықпалын арттырады. 
Жалпы дамытатын жаттығулардың белгілі бір кешені екі сабақ бойы қайталанады. Егер 
кешендегі  жекелеген жаттығулар өте қарапайым болып, күткендей нәтиже бермесе және 
балалар  үшін  қызықсыз  болса  немесе  ішін  пыстырса,  педагог  оларды  соған  ұқсас 


18 
 
жаттығулармен  ауыстыра  алады.  Немесе  оны  бастапқы  қалыптың  басқа  түрлерін  енгізу 
арқылы күрделілендірсе болады.

жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   524




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау