91
191-сурет
Шық түйіршігінің жиегін алып тастаңыз. Ол үшін Без контура құрал-
сайманы пайдаланылады (192-сурет).
192-сурет
«Шық» түйіршігін жасаудың бірінші кезеңі аяқталды.
«Шық» түйіршігінің екінші кӛшірмесін алып, Interactive Fill (Интерактивная
заливка) құрал-сайманын таңдап алып, 193-суретте кӛрсетілгендей ӛзгертулерін
енгізіңіз де, екінші «шық» түйіршігінің кӛшірмесін біріншісінің үстіне
орналастырыңыз. Егер екінші түйіршік кӛрінбей қалатындай болса, оны
белгілеп алып, келесі командалар тізбегін орныдаңыз: түйіршікті белгілеп
алып, тышқанның оң жағын басып, Oder → To Front (Порядок → На перед)
орындаңыз.
Interactive Transparency (Интерактивная прозрачность) құрал-сайманын
таңдап алып келесі параметрлерді беріңіз (194-сурет).
193-сурет 194-сурет
92
Соңында барлық объектілерді белгілеп алып, тышқанның оң жағын басып,
біріктіру (Группа) командасын таңдап алыңыз. Нәтижесі 195-суретте
кӛрсетілген.
195-сурет (нәтиже)
Практикалық тапсырма №10. Парақтары ашылып жатқан кітап жасау
Біз бұл мысалда ашулы тұрған кітаптың суретін саламыз. Бұл мысалдың
қиындығы кітаптың беттері бір-бірінен бӛлек болуы қажет. Мұны қолмен
салуға болады, бірақ оған кӛп уақыт кетеді. Бірақ біз бұл мысалда оны оңай
салу жолын келтірейік. Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, Star
Shapes (Звезды) құрал–сайманын таңдап алып, 32-бұрышты жұлдыздың суретін
салыңыз (196-сурет).
Бұл құрал-сайманның параметрін суретте кӛрсетілгендей беріңіз, яғни Angle
of Rotation (Угол поворота) батырмасына бұрылу бұрышы ретінде 20
о
деп беру
нәтижесінде фигураны кӛбейтеміз (197-сурет).
196-сурет 197-сурет
40, 60 және 80
о
мәндерін беру арқылы осы операцияны қайталаңыз.
Pick (Выбор) құрал-сайманының кӛмегімен барлық объектілерді белгілеп
біріктіріңіз (198-сурет)
93
Пайда болған фигураға ашылған кітап парағының эффектілерін жасайық. Ол
үшін Eraser (Ластик) құрал-сайманын таңдап алып, артығын ӛшіріңіз (199-
сурет)
198-сурет 199-сурет
Енді кітаптің мұқабасын жасауға кірісейік. Ол үшін құрал-саймандардың бір
тобын пайдалануға болады. Бірақ жұмыстың кӛп бӛлігі қолмен жасалады.
Bezier (Кривая безье) құрал-сайманын алып, суретте кӛрсетілгендей қисық
сызыңыз (200-сурет).
200-сурет
Салынған мұқабаны бояңыз. Мысалы, қоңыр түске.
Енді бейнеге кӛлем беру керек. Ол үшін Interactive Extrude (Интерактивный
объем) құрал-сайманын таңдап алып, фронтальды және артқы бӛлігі сәйкес
келетіндей етіп параметрлерін беру қажет (201-сурет).
201-сурет
Бұл мысалды орындау кезінде объектіге жарық кӛзін берсек артық емес,
параметрі 202-суретте кӛрсетілген.
Жұмыс аяқталды, нәтиже тӛменде 203-суретте кӛрсетілген.
94
202-сурет 203-сурет (нәтиже)
Практикалық тапсырма №11. Windows жұмыс үстеліне батырма (значок)
жасау
Батырма жасау мысалы ретінде қыздың суретін алдық (204-сурет).
Осы күйінде қажет форматқа экспорттауға болар еді, бірақ батырманың пішіні
қыздың контурын қайталасын, ал фон мӛлдір болсын. Сол үшін Eraser (Ластик)
құрал-сайманын пайдаланып, артық жерлерді ӛшіріп тастаңыз (205-сурет)
204-сурет 205-сурет
Алдын-ала Eraser (Ластик) құрал-сайманының параметрлерін беріңіз (206-
сурет).
206-сурет
Келесі қадам жұмыстың негізі болып табылады. Ол үшін File → Export (Файл
→ Экспорт) командасын орындап, экспорттау үшін *.ico форматын алыңыз.
Бірінші ашылған сұхбат терезеде ешқандай ӛзгеріс енгізбей, параметрлерін сол
Достарыңызбен бөлісу: |