71
132-сурет 133-сурет 134-сурет
Берілген операция тышқанның оң батырмасын шерту арқылы ашылатын
жанама меню арқылы да орындалады. Пішінді үзуді аяқтау үшін, оны
ерекшелеп, жаңа түйінді жылжыту арқылы қисықты үземіз (136-сурет).
135-сурет 136-сурет 137-сурет
Пішінді тұйықтау үшін екі түйінді біріктіру қажет. Берілген операцияны
бірнеше тәсілмен орындауға болады. Бірінші тәсіл: екі ақырғы түйіндерді
ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі (138-сурет) Join Two Nodes (Екі түйінді
біріктіру) батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде екі түйін бірігіп біреуге айналады
(139-сурет).
138-сурет 139-сурет
72
Бейнелерді құрып болғаннан кейін, әрбір бӛлек енгізілген бейнені
топтастырып бір бейнеге келтіруге болады. Ол үшін әуелі
батырмасы
арқылы барлық құрастырылған бейнелерді ерекшелеп аласыз да, атрибуттар
тақтасында орналасқан Топтау (Группировать)
батырмасын басасыз. Ал
егер де тағы да ӛзгерістер енгізгіңіз келсе топтаудан алып тастай аласыз. Ол
үшін Топтауды алып тастау (Разгруппировать)
батырмаларын
қолданасыз.
« М е д а л ь о н » с у р е т і н с а л у
Эллипс
құралын пайдаланып шеңбер сызыңыз.
Еркін форма (F5-"свободная рука") құралын пайдаланып, «Лавр» жапырағы
формасын салыңыз.
Оны белгілеп алып,
градиент(F11- градиентная заливка)
батырмасын басып, жапырақты «
gold
» түсімен бояңыз.
Лавр жапырағы алтын түске боялған соң, оны белгілеп алып, Правка
→
Копировать
және Правка → Вставить командасын орындап, жапырақ
кӛшірмесін алыңыз. Оны белгілі бағытқа бұру үшін суретке барып тышқанды
екі рет шертіңіз. Қалауыңызша жапырақты бұрыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет
орындаңыз.
73
Пайда болған гүл шоғын толық белгілеп алып, Изменение → Группировать
командасын орындаймыз.
Екінші дәл осындай гүл шоғын алу үшін, белгілеп кӛшірмесін алыңыз
Оны қарама-қарсы бағытта бұру үшін
Қасиеттер панеліндегі бұру
батырмасын басыңыз
Шеңбердің ішкі бӛлігіне заливка жасаймыз. Заливка түсі алтын түспен болуы
қажет.
Құралдар қатарындағы
мәтін енгізу батырмасын таңдап, қаріп ӛлшемін
120 пт қойып, Қалың қою түрін таңдап «KZ kazakstan» сӛзін жазыңыз.
Оны Шеңбер ішіне орналастырыңыз.
Практикалық тапсырма №3. Мәтін және контурлармен жұмыс
Бағдарлама мәтіндік процессор мүмкіндіктеріне ие. Дегенмен, мәтіндік
редакторлардың барлығы бірдей CorelDRAW сияқты, мәтінге әр түрлі фильтр
мен эффектілерді қолдана алмайды.
Бағдарламада мәтіннің екі түрі пайдаланылады: кӛркемдік және жай.
Кӛркемдік мәтін тақырыптарды безендіру үшін немесе мәтінге арнайы
эффектілерді қолдану қажет болғанда пайдаланылады, себебі мұндай мәтінді
жеке векторлық объект ретінде ӛңдеуге болады. Сондай-ақ, мәтіндік
ақпараттың кӛлемі үлкен болған кезде мұндай мәтінмен жұмыс жасау қиын
болады. Ол үшін мәтіннің басқа типі – жай мәтіннің блоктары пайдаланылады.
Құжатқа мәтінді енгізу
CorelDRAW
құжатына мәтінді енгізу үшін Text (Мәтін) құралы
пайдаланылады (140-сурет). Оның кӛмегімен жай мәтінді жекелеген рамада,
кӛркемдік мәтінді енгізуге болады.
140-сурет
74
Жай мәтінді жекелеген рамкада қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Қолайлы масштабта құжат бетінің қажетті орнын таңдап алыңыз.
2. Саймандар панеліндегі Text Tool (Мәтін) белгісін таңдаңыз немесе F8
пернесін басыңыз. Тышқанның кӛрсеткіші тӛменгі оң бұрышында А әрпі бар
крест түріне айналады.
3. Тіктӛртбұрышпен қоршалған рамка (141-сурет) жасаңыз. Ол үшін мәтіндік
блоктың басы орналасатын нүктеде тышқанды шертіңіз де, тышқан
батырмасын жіберместен курсорды диагональ бойынша жылжытыңыз. Тышқан
батырмасын жіберсеңіз рамканың айналасында ерекшелену маркерлері пайда
болады, ал ішінде мәтінді енгізу курсоры пайда болады.
4. Пайда болған рамкаға пернелер тақтасынан мәтін енгізіңіз.
5. Text → Edit Text (Мәтін → Мәтінді редактрлеу) командаларының кӛмегімен
немесе қасиеттер панелінің (142-сурет) оң бұрышында орналасқан Edit Text
батырмасын шерту кезінде ашылатын, Edit Text (Мәтінді редактрлеу)
диалогтық терезесінде мәтіннің үлкен блоктарын енгізу қолайлы болып
табылады. Сондай-ақ Ctrl+Shift+T пернелерінің комбинацияларын пайдалануға
болады.
6. Мәтінді енгізуді аяқтағаннан кейін Pick сайманын таңдап алыңыз немесе
пробел пернесін басыңыз.
141-сурет
142-сурет
Жекелеген қатарға кӛркемдік мәтінді қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Қолайлы масштабта құжат бетінің қажетті орнын таңдап алыңыз.
2. Саймандар панеліндегі Text Tool (Мәтін) белгісін таңдаңыз немесе F8
пернесін басыңыз. Тышқанның кӛрсеткіші тӛменгі оң бұрышында А әрпі бар
крест түріне айналады.
3. Тышқанды шертіңіз. Таңдап алынған жерде мәтінді енгізу тігінен
жыпылықтаған курсор пайда болады.
4. Шақыру процедурасы жоғарыда келтірілген Edit Text диалогтық терезесінің
кӛмегімен немесе пернелер тақтасынан мәтінді енгізіңіз.
5. Кӛркемдік мәтінді енгізіп болғаннан кейін Pick сайманын немесе пробел
пернесін басыңыз. Мәтін қатарының айналасында ерекшелену маркерлері
пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |