Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66

39 
 
әлеуметтік-педагогикалық 
және 
әлеуметтік-мәдени 
салаларын 
айқындайтындарын  атап  көрсетеміз  және  оларды  маркетинг  қызметінің 
дәстүрлі бөлімдеріне сай келтіреміз:  
1. Аналитикалық қызмет: 
а)  «дене  шынықтыру  және  спорт»  саласы  нарығының  әлеуметтік-
педагогикалық және әлеуметтік-мәдени контексін зерттеу: 
-  тұрғындардың  тіршілік  бейнесі  мен  салтының  сараптамасы,  дене 
шынықтыру-спорт  ұйымның  шынайы  және  потенциалды  клиенттерінің  жеке 
басылық дене мәдениеті қалыптасқандығы деңгейін бағалау;  
 
 
 
Сурет 1  - «Маркетинг» көпастарлы  ұғым  
 
-  тұрғындардың  дене  жаттығуларымен  және  спортпен  шұғылдануы 
кезіндегі түрлі топтарының сұраныстары мен талаптарын зерттеу; 
б)  дене  шынықтыру-спорттық  ұйымдардың  ішкі  ортасына  сараптама 
жүргізу  –шұғылданушылардың  шынайы  және  әлеуетті  сұраныстарын 
қанағаттандыруға  деген  ұжымның  материалдық-техникалық  мүмкіндіктері, 
психологиялық және педагогикалық даярлығы. 


40 
 
2. 
Жасампаздық  қызмет    -  жаңа  немесе  ұсынылатын  дене  шынықтыру-
спорттық 
жұмыстың 
түрлі 
тұтынушылар 
тобы 
өкілдерінің 
қызығушылықтарына,  сұраныстары  мен  мүмкіндіктеріне  сай  берілетін 
бағдарламаларын жасау және осы бағдарламаларды тұрғындармен жүргізілетін 
жұмыс практикасына енгізу. 
3. 
Қалыптастырушы  қызмет  – дене  жаттығулары  мен  спортпен  белсенді 
шұғылдануға  деген  тұрақты  қызығушылық  қалыптастыру,  валеологиялық 
құндылықтар мен спорт құндылықтарын топтастыру, салауатты өмір салтының 
тұлғалық моделін қалыптастыру.   
4. 
Басқару  мен  бақылау  қызметі  –  дене  шынықтыру-спорттық  жұмыс 
бағдарламаларының 
(дене 
шынықтыру-спорттық 
жұмыс 
сапасының 
мониторингі)  ұйымдастырылуы  арқылы  жүзеге  асырылатын  сапа  мен 
бәсекелестікті  басқару;  шұғылданушылардың  жеке  басының  денелік  даму 
деңгейінің, 
денелік 
даярлығын 
және 
денелік 
мәдениет 
деңгейнің 
қалыптасқандық дәрежесін бақылау.  
Келтірілген қызмет  құрамынан көріп отырғанымыздай, дене шынықтыру 
саласының  маркетингі  дене  шынықтыру-спорттық  ұйымдардың  сыртқы  және 
ішкі  ортасының,  тұтынушылардың  және  ұйымның  өзінің  уәждемесін  қоса  
сараптамасынан,  нарықтық  және  дене  шынықтыру-спорттық  қызмет 
бағдарламасынан,  олардың  жүзеге  асырылуынан,  осы  жүзеге  асырылудың 
бақылауынан, осы іс-әрекеттер мен нәтижелерінің бағалануынан құралады. Бұл 
деген  сөз,  маркетингте  басқарудың:  сараптама,  бағдарламалау,  жүзеге  асыру 
және  бақылау  сияқты  негізгі  қызметтерінің  ретті  жүзеге  асырылу  логикасы 
енгізілгендігі.    Мұның  барлығы  өзінің  белсенділігін  дене  шынықтыру 
саласында  айқындайтын  маркетинг  субъектісі  қызметінің  қарастырылған 
фукнционалды  мазмұнымен  бірлестіріле  маркетингке  тұтынушылардың  дене 
шынықтыру  және  спорт  саласындағы  сұраныстары  мен  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға  арналған  әлеуметтік  басқарудың  түрі  ретінде  анықтама 
беруге,  дене  шынықтыру-спорт  ұйымдардың,  қоғамның  және  мемлекеттің 
нарықтық  қызметтерінің  барлық  қатысушыларының  көзқарастарын  сақтауға 
мүмкіндік береді. 
Бәсекелестік  ортада  сәтті  қызмет  көрсету  үшін,  ең  алдымен  нақты 
қызметтер  өндірісі  бағытталатын  нарықтың  мақсатты  бөлімін  анықтап  алу 
қажет.  Нарықтық  бөлім  жалпы  мінездемесі,  сұраныстары,  ұқсас  сатып  алушы 
іс-әрекеті мен тұтыну қасиеті бар сатып алушылар тобынан тұрады. 
Қызмет  көрсету  нарығы,  ережеге  сай,  географиялық,  демографиялық, 
әлеуметтік және іс-әрекетті бөлімдерге бөлінеді. Тиімді бөлімдерге бөлу сатып 
алушыларды  бөлімдерге  нәтижесінде  ұқсас  қасиеттердің  барынша  көп  саны 
алынатындай  етіп  топтастыруға  (бұл  жердегі  бөлімдер  арасындағы 
айырмашылық  айқындалатындай  етіп)    мүмкіндік  береді.Тұтынушылардың 
сұраныстарын  анықтай  отырып  және  оларды  мақсатты  нарық  бөлімдеріне 
топтастыра отырып, қызмет, орын, алға жылжу, баға сияқты төрт түрлі негізгі 
элементтерден құралатын маркетинг кешенін жасап алу қажет. 


41 
 
«Қызмет көрсету» – әрбір қызмет тұтынушыларға маңызды айырмашылық 
бере алатындай қызметтердің сипаттамасын, басымдылықтарын және олардың 
жетілдірулерін  қарастыратын  маркетинг  кешенінің  элементі.  Тұтынушыларға 
қызмет көрсету – қызмет көрсетудің маңызды саласы, жиі бәсекелес фирмалар 
бірдей  қызмет  көрсеткен  жағдайларда  жүзеге  асырылудың    қомақты  көлемі 
қызметі  бойынша  бәсекелестердің  қызметінен  тиімді  айырмашылығы  бар 
фирмаға беріледі. 
«Орын» –    тұтынушыларға  қызмет  көрсетуді  (бөлу  мен  қызмет  көрсету 
жолдары) жүзеге асыру үдерісін қарастыратын элемент. Бизнестегі басты нәрсе 
-    түсім.      Өнім  алуға,  еңбекақыны  төлеу  және  басқа  да  шығындарға 
жұмсалатын  құралдары  қызметтің    жүзеге  асырылуынан  түсім  алғаннан  кейін 
ғана  мүмкін.  Әрбір  өндірісте  қызмет  көрсетуді  жүзеге  асырудың  тиімді 
жоспары жан-жақты қарастырылуы қажет.  
«Алға  жылжыту»  –  ұсынылатын  қызметтердің  басымдылығы  туралы 
клиенттер мен тұтынушыларға дұрыс хабарландырылуы, сараптамаға салынуы. 
Өндірістің,  оның  қызметтерінің,  шығармашылық  брендтерінің  оң  имиджін 
жасау.  Нарықтағы  қызмет  көрсету  саласын  жарнаманы  қолдана  отырып, 
тұтынушылармен  тұрақты  байланыста  болып,  арнайы  бағалар  бойынша  жаңа 
ұсыныстарды жүзеге асыра отырып брендтің оң имиджін күшейтуге болады, ал 
бұл  өз  кезегінде  өткізу  көлемін  арттыруға  және  мол  табыс  алуға  мүмкіндік 
береді.  
«Баға» –  көрсетілген  қызметтің  бағасын  (құнын,  тарифін)  дұрыс  анықтау 
жолын қарастырады. Өндірістер қызметке тек шығынның орнын толтыру үшін 
емес,  сол  бойынша  оны  нарықта  жүзеге  асыруға  болатындай  етіп  бағалар 
бекітуі  қажет.  Көрсетілетін  қызметке  өндірістің  стратегиялық  мақсаттарына 
сай,  қызметтің  тіршілік  циклін,  тапсырыстар  портфелінің  ерекшеліктерін, 
жүзеге  асырылудың  қажетті  көлемдерін  және  өндірістің  нақты  нарықтағы 
бағаны бекіту үлесін есепке ала отырып бағаны бекіту қажет.  
Жоғарыда  аталған  факторларды  есепке  ала  отырып,  қызмет  көрсетуді 
барлық  қатысушылар  үшін  бір  жағдай,  құнды,  эмоционалдық  тұрғыдан  бай 
және белсенді құбылыс ретінде қарастыру қажет. Дене шынықтыру жүйесінде 
қызмет  етуші  маркетингтің  сыртқы  ортасының  сараптамасы  оның  нарықтық 
орта немесе нарық сияқты маңызды құрылымының қарастырылуынсыз мүмкін 
емес.  
Нарық  дегеніміз  өндірілген  өнімнің  жүзеге  асырылуы,  оны  жасаушы 
еңбектің  тиянақты  танылуы  орындалатын  алмасу  саласындағы  әлеуметтік-
экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы [171]. Кеңінен қарастырғанда, 
нарық  дегеніміз  экономикалық  тұрғыдан  еркін  сатушылар  мен  сатып 
алушылардың арасындағы алмасу саласы [123,с. 44-45]. 
Дене  шынықтыру  және  спорт  саласында  қызмет  етуші  нарық  деп  дене 
шынықтыру  және  спорт  саласындағы  нақты  әлеуметтік-мәдени  қызметтердің 
жүзеге  асырылу  саласы  деп  анықтауға  болады.Дене  шынықтыру  және  спорт 
саласындағы  нарықтың  бірқатар  ерекшеліктері  бар.  Олардың  басым  бөлігі 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау