Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет54/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66

133 
 
Берілген бөлім бойынша зерттеу нәтижелерін жинақтай отырып, келесідей 
қорытынды жасауға болады:  
1 .  Екі  уәждемелер  бойынша  үш  жоғары  оқу  орындарының  барлығында 
«өзін жақсы сезіну», «салауатты өмір салты менің өмірімнің ажырамас бөлігі» 
көрсеткіштерінің айқындылығы басым екендігі анықталған. Бұл уәждемелердің 
жоғары  айқындылығы  өзін  жақсы  сезіну  мен  салауатты  өмір  салтына  деген 
өзіндік  қажеттіліктерін  қанағаттандыруды  білу  үшін  дене  шынықтыру-
сауықтыру  қызметі  саласындағы  маркетингті  оқыту  қажеттігіне  көбірек 
итермелейтін болады.  
2.  Алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тәжірибе  мен  заманауи  ғылыми-
педагогикалық, арнайы әдебиет сараптамасы көрсеткеніндей, дене шынықтыру 
мен  спорт  саласында  осы  кездері  маркетингтік  қызметті  үйрету  мен  спорт 
маркетологтарын даярлауға деген негіздемелі сұраныс пайда болды.   
3 . Жиырма тұлғалық факторлардың он бесі бойынша эксперименталды топ 
студенттері  және  менеджерлер  мен  маркетологтар  тобы  айқындылық  деңгейі 
бойынша іс-жүзінде ұқсас, бұл дегеніміз, студенттердің тәжірибелік тобы өзінің 
тұлғалық  қасиеттері  бойынша  спорт  маркетологы  кәсіби  қызметінің 
біліктіліктері  мен  дағдыларын  меңгеру  бойынша  оқыту  экспериментіне 
таңдалынып алынуы мүмкін екендігі көрсетілген. 
4 .  Тест  кешендерінің  көмегімен  айқындалған  жеке  тұлғаның  қасиеттері 
спорт  маркетологы  кәсіби  қызметі  талаптарына  сай  келеді  және 
эксперименталды  топ  студенттерінің  тұлғалық  саласының    менеджерлер  мен 
маркетологтардың  жеке  басылық  саласымен  ұқсастығының  арқасында  (20-дан 
14  фактор  бойынша)  бұл  қасиеттер  маркетолог  кәсібін  оқыту  тиімділігін 
біршама  деңгейде  анықтауға  болатын  релевантты  модельді  сипаттама  ретінде 
қарастырылуы мүмкін.  
5 .  Зерттелінушілердің  курсты  өткенге  дейінгі  және  одан  кейінгі  жауап 
сараптамасының  нәтиежелері  бойынша  курсты  оқыту  жеткілікті  дәрежеде 
тиімді  болды  есептеуге  негіз  бар.  Барлық  6  сұрақ  бойынша  қайта  сұраунама 
жүргізілген  кезде  сауалнама  үдерісіне  жай  түрде  көзқарас  болғанына  қарамай 
сенімді  сипатты  оң  өзгерістер  айқындалды.  Жалпы  алғанда,  курсты  өткізу 
спорт маркетологы қызметі туралы кәсіби көзқарасты кеңейту мен тереңдетуге 
біршама ықпал етті деп айтуға болады.  
6 . Эксперименталды топта спорт маркетингі саласындағы тиімді қызметке 
арналған  қажетті  тұлғалық  қасиеттерді  дамыту  элективті  курсты  оқыту 
барысында жеткілікті дәрежеде сәтті жүрді.  
 
 
 
 
 
 
 


134 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Зерттеу  барысында  жасалған    теориялық  талдаулар  мен  алынған 
тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстар  негізінде  төмендегідей  тұжырым 
жасауға болады: 
1. 
Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі  саласындағы  маркетинг  
мәселесінің зерттелу деңгейі анықталды.  
2. 
«Маркетинг»,  «дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі»,  «дене 
шынықтыру-сауықтыру  қызметі  саласындағы    маркетинг  бойынша  дене 
шынықтыру  және  спорт  мамандарын  даярлау»  ұғымдарының  мәнін 
нақтыланды:  
Маркетинг - сатып алушыға  құндылық болып табылатын адамдардың дене 
жаттығуларымен  және  спорт  түрлерімен  шұғылдануға  деген  сұраныстарын 
қанағаттандыруға 
арналған 
әлеуметтік-мәдени 
жаңашылдықтардың 
кіріктірілген технологиясы ретінде.  
 Дене 
шынықтыру-сауықтыру 
қызметтері–тұрғындардың 
түрлі 
топтарының  денсаулығын  нығайтуға,  эмоционалдық  күйін  жақсартуға,  жұмыс 
қабілеттілігін  арттыруға,  сұраныстарын  қанағаттандыруға  арналған  түрлі 
әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет формаларының жиынтығы.  
Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі  саласындағы  маркетинг  бойынша 
дене  шынықтыру  және  спорт  мамандарын  даярлау  –  тұлғаның    дене  бітімін 
жетілдіру  мен  салауатты  өмір  салтын  ұстануына  ықпал  ететін  дене 
шынықтыру-спорт    ұйымдарының  нарықтық  қызметінің  стратегиясы  мен 
тактикасын меңгеру жүйесі.  
3.  Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі
 саласындағы маркетинг бойынша 
дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың құрылымды-мазмұндық 
моделінің  құрамына  мақсатты,  мазмұнды,  ұйымдастырылған-әдістемелік  және 
нәтижелі-критериалды бөлімдер енеді. 
 Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі  маркетингі  бойынша  болашақ
  дене 
шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың компоненттері, критерийлері, 
көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды. 
4.  Теориялық,  психологиялық  және  әдістемелік  бөлімдерден  тұратын 
«Дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің маркетингі» кешенді бағдарламасы.  
«Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі»  элективті  курсы  –  дене 
шынықтыру  бойынша  педагогтарды  даярлауға,  қайта  даярлауға  және 
біліктілігін арттыруға арналған  өзіндік дербес пән ретінде айқындалды.  
Зерттеу  нәтижелерін  саралай  келе,  дене  шынықтыру-сауықтыру 
саласындағы  маркетинг  бойынша  дене  шынықтыру  және  спорт  мамандарын 
даярлау мақсатында төмендегідей әдістемелік ұсыныстар берілді: 
-  Қазақстан  Республикасы  дене  шынықтыру  салалы  ЖОО  дене 
шынықтыру-сауықтыру  саласындағы  маркетинг  бойынша  дене  шынықтыру 
және спорт мамандарын даярлауға кіріскен тиімді, бұл әсіресе қазіргі нарықтық 
қарым-қатынас жағдайларында өзекті бір мәселе болып отыр; 


135 
 
-  Жоғары  оқу  орнының  оқу  жоспарына  таңдау  құрылымы  ретінде  біз 
құрастырған  «Қазақстандағы  және  шетелдердегі  дене  шынықтыру-сауықтыру 
қызметі  маркетингінің  негіздері»  атты  элективті    курсты,  сонымен  қатар 
зерттеу барысында жинақталған материалдарды пән мазмұнына енгізу; 
- ЖОО-ның  институт    көлемінде  дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі 
саласындағы  маркетинг  бойынша  дене  шынықтыру  және  спорт  мамандарын 
даярлау мәселесі төңірегінде оқытушыларға арналған семинарлар мен дәрістер 
циклін ұйымдастыру; 
- сонымен қатар, зерттеу нәтижесі ретінде баспадан шыққан еңбектер:  
- « Қазақстандағы және шетелдердегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметі 
маркетингінің негіздері» элективті  курсы; 
-  «Дене  шынықтыру  мен  спорт  маркетингінің  негіздері»  электронды 
оқулық. 
- «Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі маркетингі: теория мен әдістеме» 
оқу-әдістемелік құралы;  
- «Қазақстандағы және шетелдердегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметі 
маркетингінің  негіздері./  Основы  маркетинга    физкультурно-оздоровительных 
услуг в Казахстане и  за рубежом./ Marketing fundamentals of health and fitness 
services in Kazakhstan and abroad» әдістемелік құралы үш тілде; 
-    «Менеджмент,  маркетинг  в  образовании  и  спорте:  в  схемах,  рисунках, 
таблицах»  жоғары  оқу  орнының  біртұтас  педагогикалық  үдерісінде 
пайдалануға  ұсынылған оқу-әдістемелік құралы. 
Зерттеу  жұмысымызда  осы  мәселелер  толық  шешімін  тапты  деуге 
болмайды.  Келешекте  зерттеу  мәселесі    жоғары  оқу  орындарындағы  дене 
шынықтыру  және  спорт  саласында  білім  алушы  студенттердің  менеджерлік 
әлеуетін дамытуды  қарастыру болып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау