Документ: Қр денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мин. 2015. 28. 05 №407 БҰйрығына



жүктеу 463,06 Kb.
бет1/3
Дата05.02.2018
өлшемі463,06 Kb.
#8734
түріРегламент
  1   2   3

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИН. 2015.28.05 № 407 БҰЙРЫҒЫНА

Дата: 08.02.2017 19:29:27


ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.26.02. № 152 бұйрығымен мемлекеттік қызметті көрсету регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің 2015 жылғы

28 мамырдағы № 407 бұйрығына



5-қосымша

 

 



«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу»

мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

(2016.26.02. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекiтiлген «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі - әлеуметтік төлемдер) тағайындау рәсімін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:

еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына (егер жүгінген сәтте адамға жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылу жағдайына, жұмысынан айырылу жағдайына (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтамасы болған кезде), жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлем тағайындау үшін - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;

жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі - медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) арқылы;

жұмыссыз мәртебесін алған кезде жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін - Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) арқылы;

жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

әлеуметтік төлемді тағайындау үшін Мемлекеттік корпорация, МӘС бөлімшесі, ЖАО арқылы жүгінген жағдайда - Мемлекеттік корпорация арқылы;

әлеуметтік төлем тағайындау үшін портал арқылы жүгінген жағдайда - портал арқылы жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз және (немесе) электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

Мемлекеттік корпорацияда - әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама;

порталда - жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрде.

 

 



2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

 (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы



 

5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.



6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:

1) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің маманы екі жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосуға негіз болған кезде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне отыз жұмыс күніне аспайтын мерзімге қайтарады. Егер отыз жұмыс күні ішінде құжаттар ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады;

ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін қажеттілігіне қарай бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы хабарлай отырып, уәкілетті мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып, ЭЦҚ арқылы куәландырады;

әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады;

2) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосуға негіз болған кезде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;

ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін қажеттілігіне қарай бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы хабарлай отырып, уәкілетті мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып, ЭЦҚ арқылы куәландырады;

тағайындауға негіз болмаған кезде ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып, куәландырады;

қабылданған шешімді автоматты режимде Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жібереді.

ЭЦҚ-мен куәландырған кезде әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне автоматты түрде жіберіледі.

Әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.

7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

 

 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін


қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері:



көрсетілетін қызметті берушінің маманы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қатысады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:



көрсетілетін қызметті берушінің маманы екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

 

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен, көрсетілетін қызметті берушімен,



ЖАО-мен және МӘС бөлімшесімен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ

ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

 

10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:



1) Мемлекеттік корпорацияда «электронды кезек» тәртібінде, кедергісіз қағидат бойынша;

2) МӘС бөлімшесінде алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде;

3) ЖАО-да алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

11. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға, МӘС бөлімшесіне, ЖАО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдайтын маман:



1) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне тиісті әлеуметтік төлемді тағайындау немесе төлеу фактілерінің болуына сұрау салуды қалыптастырады;

2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;

3) жұмыс орнынан әлеуметтік қатер басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы анықтамада (анықтамаларда) көрсетілген аударылған әлеуметтік аударымдар сомаларының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушысының орташа айлық табысы туралы анықтамада көрсетілген нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

Деректер сәйкес келмеген немесе толық сәйкес келмеген жағдайда Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ай сайынғы табыстар бойынша анықталған айырмашылықтарды жұмыс берушіде нақтылау үшін ұсынылған құжаттарды әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген өтініш берушіге қайтарады.

4) тиісті ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі - АЖ):

 «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

 «Еңбек нарығы» ААЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы бойынша;

 «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» АЖ-ға жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы және куәландыру жүргізу және мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтама бойынша;

 «Е Қорғаншылық» АЖ-ға балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы анықтама бойынша;

 «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы анықтама бойынша;

 «АХАЖ» АЖ-ға баланың (балалардың) туу туралы куәлiгі не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме бойынша сұрау салуды қалыптастырады;

4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;

5) құжаттардың сканерлеу сапасын және электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;

6) өтінішті тіркейді;

7) МӘС бөлімшесінде, ЖАО-да көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын, Мемлекеттік корпорацияда - тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған немесе әлеуметтік төлем тағайындауға құқығы болмаған жағдайда МӘС бөлімшесі, ЖАО, Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Өтінішті МӘС бөлімшесі, ЖАО қабылдаған кезде әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішенде ЭЦҚ расталған көрсетілетін қызметті алушымен түпнұсқасы ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмесін қоса алғанда өтініш пен құжаттардың топтамасынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректерден тұратын электрондық өтінімді Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің электрондық іс макетін қалыптастыратын маманы құжаттардың толық топтамасымен, оның ішінде МӘС бөлімшесінен немесе ЖАО-дан келіп түскен өтінішті қабылданғанан кейін екі жұмыс күні ішінде:

1) көрсетілетін қызметті алушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтаманы қалыптастырады;

2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін және әлеуметтік төлем мөлшерінің есептеуін қалыптастырады;

3) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді.

12. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорация филиалы екі жұмыс күні ішінде:



1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын және есептеу мен рәсімдеудің дұрыстығын қарайды және тексереді;

2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жібереді.

13. Электрондық іс макетіне қосымша құжаттар қосу қажеттілігі себебімен көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:



электрондық іс макетін қалыптастыратын маман:

1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабардар етеді;

2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде екі жұмыс күні ішінде:

көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;

электрондық іс макетін және электрондық шешім жобасын жете рәсімдейді, сканерленген құжаттардың сапасын, әлеуметтік төлем мөлшерін есептеудің, электрондық шешімнің жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді;

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорация филиалы бір жұмыс күні ішінде:

1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;

2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жібереді.

14. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі өтініш берушіні бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылдаған шешім туралы:



өтініш беруші өзі келген кезде әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны табыстау;

өтініш берушінің ұялы телефонына sms хабар жіберу арқылы хабардар етеді.

15. Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) мен ЭЦҚ-сы болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде беруге мүмкіндігі бар. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері:



1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН мен парольдің көмегімен порталға тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт - ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

4) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;

5) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), ауданның коды бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесін автоматты түрде айқындау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу;

6) 2-шарт - көрсетілетін қызметті алушының деректерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тексеру;

7) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін енгізу процесі;

9) 6-процесс - көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3-шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;

11) 7-процесс - көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті алу үшін сұрау салуды куәландыру және порталда көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - ЕДБ) және «Қазпочта» акционерлік қоғамына жіберу;

13) 4-шарт - көрсетілетін қызметті алушы банк деректемелерінің ЕДБ-да ЭҮТШ арқылы тексеру;

14) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерінің расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

15) 10-процесс - қызметті көрсету үшін электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы мемлекеттік органның ААЖ-ға жібереді;

16) 5-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің порталдан келіп түскен электрондық құжатты (сұрау салуды) қызметті көрсету үшін талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

17) 11-процесс - орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

18) 12-процесс - электрондық құжатты мемлекеттік органның АЖ-да тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдау туралы хабарламаны жіберу;

19) 13-процесс - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметтің нәтижесін (жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген хабарламаны) электрондық құжат нысанында алуы. Тағайындау және тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаларға осы Регламентке тиісті 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының графикалық нысандағы диаграммалары осы Регламентке 3-қосымшада көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

 

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер



жағдайларына әлеуметтік төлемдер

тағайындау: еңбекке қабілеттілігін

жоғалту, асыраушысынан айырылу,

жұмысынан айырылу, жүкті болу мен

босануға байланысты табысынан айырылу,

жаңа туған баланы асырап алуға

байланысты табысынан айырылу, бала бір

жасқа толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылу»

мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне

 1-қосымша

 

 



Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін
қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің
(іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы

 


Іс-қимыл (жұмыстар барысының, ағынының) №

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы

Іс-қимылдардың (процестердің, рәсімдердің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамасы

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім)

Орындау мерзімдері

Келесі іс-қимылдың нөмірі

1

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы

Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау

1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;

2) Электрондық іс макетін жете рәсімдеу қажет болған жағдайда, электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтару

2 жұмыс күні

2

2

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау

1) Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау;

2) Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға жіберу;

2) Электрондық іс макетін жете рәсімдеу қажет болған жағдайда, электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтару

2 жұмыс күні




 

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер



жағдайларына әлеуметтік төлемдер

тағайындау: еңбекке қабілеттілігін

жоғалту, асыраушысынан айырылу,

жұмысынан айырылу, жүкті болу мен

босануға байланысты табысынан айырылу,

жаңа туған баланы асырап алуға

байланысты табысынан айырылу, бала бір

жасқа толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылу»

мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне

2-қосымша

 

 



Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы
№ _________ хабарлама

 

_____________________________________________________________________



(төлемнің түрі)

20___ жылғы «___» _________

Азамат (ша) _________________________________________________________

 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)



Туған күні 20 ___ жылғы «__» ____________

20__жылғы «__» __________ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы №_______шешім

Тағайындалған сома 20__ жылғы «____» ____________ бастап

______________________________________________________________ теңге.

 (сомасы жазбаша)



_______________________________________________________________ тағайындаудан тас тартылды.

негіздеме (себебі көрсетілсін)

Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды

_____________________________________________________________________

           (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

 

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына



әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке

қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу,

жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты

табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға

байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа

толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу»

мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне

3-қосымша

 

 



Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының графикалық нысандағы
диаграммалары


 



 

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер



жағдайларына әлеуметтік төлемдер

тағайындау: еңбекке қабілеттілігін

жоғалту, асыраушысынан айырылу,

жұмысынан айырылу, жүкті болу мен

босануға байланысты табысынан айырылу,

жаңа туған баланы асырап алуға

байланысты табысынан айырылу, бала бір

жасқа толғанға дейін оның күтіміне

байланысты табысынан айырылу»

мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне

4-қосымша

 

 



жүктеу 463,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау