12. IX-X ғасырларда Батыс Еуропада атқарған қызметі үшін берілетін жер үлесі:
A) «барщина»
B) «феод»
C) «феодал»
D) «замок»
E) «поместье»
13. Отырар қаласын жаулап алған Шыңғысханның ұрпақтарының бірі:
A) Төле
B) Жошы
C) Сүбедей
D) Шағатай
E) Құлағу
14. Оқиғалардың хронологиялық дұрыс ретін анықтаңыз: 1) Колумбтың Американы ашуы; 2) Тоқтамыс ханның Мәскеуді өртеуі; 3) Романовтардың билікке келуі; 4) Англияда буржуазиялық революцияның басталуы
A) 4,3,2,1
B) 1,3,2,4
C) 3,2,4,1
D) 1,4,2,3
E) 2,1,3,4
15. 1943 жылы Германияға соғыс жариялаған ел:
A) Ирак
B) Түркия
C) Аустралия
D) Марокко
E) Иран
16. Монғолияда социализмнің сталиндік моделін қолдаған:
A) Ю.Цеденбал
B) П.Очирбат
C) Х.Чойболсан
D) Ж.Батмунх
E) Сухэ-Батор
17. 1923 жылы Түркия мемлекетінің астанасы көшірілген қала:
A) Анкара
B) Стамбул
C) Салоники
D) Измир
E) Трабзон
18. 1990 жылы тамызда Кувейтті басып алған мемлекет:
A) Иран
B) Сирия
C) Египет
D) Ирак
E) Алжир
19. Монғол халқының КСРО-ға көрсеткен көмегі
Елде кеңес армиясының жауынгерлеріне сыйлық жинау науқаны басталып, ол тез арада кең қанат жайды. Небары екі-үш айдың ішінде көптеген сыйлық жиналып, 1941 жылдың қарашасында,майданға алғашқы сыйлық тиеген эшелондар жөнелтілді... МХРП Орталық Комитетінің Пленумы (1941 ж. қарашада) КСРО-ны қорғау қорына қаражат жинау және кеңес армиясының жауынгерлеріне сыйлық жинауды одан әрі дамытуға шақырды. Монғол халқы бұл үндеуді қызу қарсы алды.
1943 жылы 12 қарашада Мәскеуге таяу жерде маршал Чойбалсан бастаған арнайы делегация кеңес жауынгерлеріне монғол еңбекшілері жинаған қаражатқа соғылған «Революциялық Монғолия» атты танк колоннасын тапсырды. Машиналарының қабырғаларында «Чойбалсан», «Хатан-Батор Махсаржаб», «Арахангай» деген жазулары бар танк колоннасы КСРО қарулы күштерінің құрамына еніп, 44-гвардиялық Бердичев танк бригадасын құрды. Бұл бригада жауынгерлерінің даңқты әскери жолы Берлинде Рейхстаг түбінде аяқталды. Жауынгерлік ерлігі үшін бригада 7 орденмен, оның ішінде МХР-дың Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталды. МХР еңбекшілері өз қаржыларына «Монғолия араты» атты авиация сатып алып, Қызыл армия жауынгерлеріне сыйға тартты. 1944 жылы Кеңес Армиясына сыйлық ретінде МХР-дан оның солдаттары мен офицерлеріне 10 мың жылқы, 127 вагон азық-түлік, киім-кешек т.б. жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: |