Јдістемелік ўсыныстарєа жјне нўсќауларєа, јдістемелік ўсыныстарєа, јдістемелік нўсќауларєа арналєан титул параєы



жүктеу 182,5 Kb.
Дата01.04.2020
өлшемі182,5 Kb.
#29380
түріНұсқаулар

Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Механика және мұнайгаз ісі кафедрасы

5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығының студенттеріне


Машиналар мен механизимдер теориясы пәнінен оқу үшін арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстарды және нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды, әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_________ Пфейфер Н.Э.

2010 ж. «___»________



Құрастырушы: __________ аға оқытушы Сарымов Е.К.

Механика және мұнайгаз ісі кафедрасы

5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығының студенттеріне


Машина мен механизимдер теориясы пәнін оқу үшін арналған

Әдістемелік ұсыныстар

2010 ж. «___»______ кафедра отырысында ұсынылған № _______ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Мустафин А.Х.

(қолы)
Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2010 ж. «__» __________ № ____ хаттама

ОӘК төрағасы ____________ Ахметов Ж.Е. «___»________2010ж.

(қолы) (күні)



ҚҰПТАЛҒАН:

ЖжӘҚБ бастығы _________ Варакута А.А. «___»__________ 2010ж.

(қолы) (күні)
Университет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«___» ______________ 2010ж. № _____ хаттама.


1 Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны

1.1 Пәнді оқыту мақсаты Жалпы инженерлік цикл үшін негізгі пәннің бірі- механизмдер және машиналар теориясы (ММТ) болып табылады. "Механизмдер және машиналар теориясы" пәннің мақсаты - машина жасаудан басқа бағытта маманданатын инженерлерді механизмдер мен машиналар схемасын зерттеуді оқытып, заманымыздың талабына сай және машиналар мен механизмдерді, автоматтандырылған жүйелер немесе роботтарды өз өнеркәсіп салаларында тиімді пайдалана білетін мамандар дайындау және қамтамасыз ету болып табылады.

1.2 Пәнді оқып білу міндеттері


ММТ пәннің міндеті - механизмдердің негізгі түрлерінің құрылымы, қатаң және серпімді звенолы механизмдердің кинематикалық және динамикалық сипаттамалары, механизмдердің талапқа сай параметрлерін анықтау тәсілдері,машина мен адамды дірілден қорғау әдістері және машиналар мен механизмдерді басқару жүйесі туралы білім беру.

"Механизмдер және машиналар теориясы" төмендегі оқу пәндеріне сүйенеді: жоғары математика, физика, теориялық механика, есептеу техникасы мен программалау.

ММТ-ы пәнінен білім алғандар механизмдердің негізгі түрлерін, олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын білуі керек; жекелеген механизмдердің жұмыс істеу жүйесін және олардың машинадағы бір-бірімен байланысын түсінуі керек; соңғы жетістіктегі есептеу техникасын қолдана отырып механизмнің берілген кинематикалық және динамикалық қасиеттері бойынша кинематикалық және динамикалық өлшемдерін анықтай білуі керек; машиналардың кинематикалық және динамикалық өлшемдерін анықтайтын жаңа құралдармен таныс білулері керек.

2 Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны

2.1 Дәріс сабақтарының мазмұны


Дәріс сабақтарының мақсаты, механизмдердің негізгі түрлерінің құрылымы, қатаң және серпімді звенолы механизмдердің кинематикалық және динамикалық сипаттамалары, механизмдердің талапқа сай параметрлерін анықтау тәсілдері,машина мен адамды дірілден қорғау әдістері және машиналар мен механизмдерді басқару жүйесі туралы білім беру.

Пәннің мазмұны логикалық аяқталған материалды қамтитын бөлімдермен тақырыптарға арналған (бөлінген).

Тақырып 1 Жалпы мағлұматтар

Роль машиностроения в осуществлении научно-технического прогресса. Основные задачи в области создания новых механизмов и машин. Содержание дисциплины и её значение для инженерного образования. Связь теории механизмов и машин с другими областями знаний. Роль отечественных и зарубежных ученых в создании научных школ. Перспективы развития науки о механизмах и машинах. Основные проблемы в теории механизмов и механике машин.

Тақырып 2 Механизимлердің құрылысы

Машиналар мен механизмдер теориясының негізгі түсініктері. Машина. Механизм - ол көліктік және басқа машиналардың негізгі механизмнің буыны. Кинематикалық тізбек, кинематикалық жұп. Кинематикалық жұптардың топтастырмасы. Механизмдердің еркіндік дәреже саны. Қеңейтілінген механизмнің координаттары. Басты буындары. Механизмдердің анализ және синтез құрылымдары. Иінді механизмдердің құрылымдық топтарын қабаттастыру әдісін қалыптастыру. Жергілікті артық байланыстардың құрылымдары. Механизмдердің оптималды құрылымымен синтездеу және контурлардың артық байланыстары.

Тақырып 3 Кинематикалық механизмдерді зерттеу

Механизмдердің байланыстары және беріліс функциялары, кинематика буындарының кіруі мен шығуы. Жазықтағы иінді механизмдердің кинематикалық сипаттамасының анықтамасы үшін векторлық тұйық контурлар әдісі жұдырықшалы және күрделі тісті механизмдердің, кинематикалық иінді зерттегенде жылдамдықтар мен үдеулер жоспарының әдістері.

Тақырып 4 Механизмдердің күштік есебі

Механизмнің құрылымдық топтар және статикалық шартының анықталуы. Механизмдердің күштік есептеуінің аналитикалық әдісі Н.Е.Жуковский теоремасы бойынша теңгеруші күштерді анықтау.

Тақырып 5 Динамикалық механизмдерді зерттеу

Машина мен механизмдерге әсер ететін күштер мен оның сипаттамалары. Механизмдердің қозғалыс тәртібі. Механизмнің динамикалық үлгісі. Иінді күшті және күшті келтіру. Келтірілген иінді инерция күші және келтірілген масса. Буынның динамикалық үлгісінің энергия (қайрат) мен иінді күш түрлері және механизмнің қозғалыс теңдеуі (энергетикалық және дифференциалды түрде).

Тек қана механизм күшіне тәуелді, жүктемелі күштер, механизм жылдамдығының өзгеру заңы. Жүктемелі күштер мен иінді күштер механизмінің жылдамдығының өзгеруі, ол механизмнің күші мен жылдамды заңымен тәуелді.

Тақырып 6 Машиналық агрегаттың және оның қозғалысының статикалық сипаттамасы

Машинаның орташа жылдамдығы мен бірқалыпсыз коэффициентінің жалпы қойылу міндеті. Механизмнің қозғалысының бірқалыпсыз коэффициенті мен келтірілген күштермен, келтірілген инерцияның иінді күштерінің арасындағы қатынас. Энергомасс диаграммасымен маховиктің иінді күш инерциясын анықтаймыз. Иінді күш теңдеулерінен маховиктің иінді күш инерциясын анықтаймыз. Тәуелді жылдамдыққа, иінді күш қозғалуына байланысты маховиктің иінді күш инерциясын анықтайды.

Тақырып 7 Механизмдерді статикалық және динамикалық теңестіру, айналу массасын теңестіру

Теңгерілмейтін мехизмдер мен оның түрлері. Статикалық теңестіру, иінді күшті теңестіру, ротордың бірқалыпсыздығы және оның түрлдері. Жобалау кезінде роторларды динамикалық теңгеру. Ротордан жасалған статикалық және динамикалық теңгерулер.

Тақырып 8 Үйкелес және тозу, механизмдердің механикалық ПӘК – і

Табиғи үйкелес күш. Сыртқы және ішкі үйкелестер. Тыныштық, текселу,

үйкелес жылжу. Үйкелес күш әсерімен кинематикалық жұптарға күштің әсері. Кинематикалық жұптардың ілгерлемелі, айналмалы үйкелісі. Жоғарғы кинематикалық жұптардың үйкеліс жылжуы мен үйкеліс теңселуі. Механикалық ПӘК. Типтік механизмдердің ПӘК – ін анықтау.

Тақырып 9 Төменгі кинематикалық жұптарының механизмдерінің синтезі

Мақсатты функциялардың шектелу және толықтыру шартының синтезі. Механизмдердің синтез кезені мен кіруінің және шығуының параметрлері. Қысымның мүмкіндік бұрышының әсерімен механизмнің берілген күйінің шығу және кіру буындарының синтезі. Төрт буынды механизмде кривошиптің болу шарты. Механизмнің жетекші буынының орташа жылдамдығының коэффициентінің өзгеруінің синтезі.

Тақырып 10 Цилиндрлік тісті беріліс

Жалпы мағлуматар пен топтастырмасы. Жалпы ілінісу теоремасы. Тісті

доңғалақтың геометриялық элементтері. Эволвенттік іліністің касиеттері мен элементтері. Ілініс доғасы, ілініс бұрышы және қосарласу коэффициенті. Кедергілі пішінді кинематикасы. Ішкі ілініс тісті берілістің ерекшеліктері. Рейкалы ілініс. Тістердің пішіндерінің кесілуі. Цилиндрлік түзу тісті ауықты тісті берілісінің геометриялық есебі. Цилиндрлік қисық тісті берілістердің кинематика мен геометриясы. Новиков берілістері және оларды қолдану өлнесі.

Тақырып 11 Кеңістіктегі тісті беріліс

Жалпы мағлумат. Шошақ берілістің кинематика мен геометриясы.

Жүргізі әдісімен шошақ тісті доңғалақты кесу. Шошақ доңғалақта винттік жіне бұрыштық тістерді қолдану. Қырықаяқты берілістің ілінісінің түсініктемесі. Глабоидны қырықаяқты берілістің ілінісу ерекшеліктері.

Тақырып 12 Көпбуынды тісті механизмдер

Қысқа іліністі тізбектелінген тісті доңғалақтар қатары. Паразитті

дөңгелектерде қоғамайтын остерде бар тісті берілістерді тісті доңғалақтар қатары. Планетарлық тісті механизмдер. Беріліс қатынасындағы планетарлық механизмнің графикалық және аналитикалық әдісі. Планетарлық механизмнің сателлиттер санын және тістер санын таңдау. Тістік дифференциалдық механазмдер. Тұйықталған дифференциалдың санысыз берілістері.

Тақырып 13 Жұдырықты механизмдердің синтезі

Жұдырықшалы механизмдердің түрлері мен тағайындауы. Шығу буыны

қозғаласының заңдары және олардың механизмнің жобалау кезені міндет тәсілдері. Қысым бұрышы мен механизмнің өлшеміне және сенімділігіне әсер ететін күш. Механизмнің өлшеміне сүйене жіберілген қысым бұрышын және дөңестік пішінін анықтайды. Жетектегі буынның берілген қозғалыс заңы бойынша жұдырықшаның координатасының пішінін анықтайды. Итергіш роликтің өлшемін таңдайды. Ауыстыратын механизмдер. Жоғарғы кинематикалық жұптың итергіштің үдеуленген қозғалысы жағдайындағы күштін тұйықталуын қайтамасыз ету. Роликтің теңселу шарты.


Тақырып 14 Машиналардың активті дірілі мендірілден сақтау, өндірістік жұмыстар мен манипуляторлар

Діріл қимылының анализі. Тербеліс көзі және дірілден қорғау объектісі. Техникалық объектке механикалық жер етуі. Дірілден қорғаудың негізгі әдістері. Бір еркіндік дәрежелік дірілден сақтау жүйесі. Динамикалық тербелістің өтуі. Тұтқыр және құрғақ үйкелістермен тербелістің жұтылуы. Өндірістік жұмыстар мен манипуляторлар түрлері. Кинематикалық тізбектің манипуляторлық құрылымы. Манипулятордың кинематикалық жұптарының орналасуы оның әсері.




2.2 Пәннің жаттығу бөлімінің мазмұны


Жаттығу сабақтарының мақсаты дәрістік сабақтарда алынған білімдерді нығайту, тереңдету және кеңейту; есептерді шығару дағдысын студенттерге дарыту және машықтандыру.

Тақырып 2 Механизимлердің құрылысы

Иінді, тісті, тісті – иінді, жұдырықшалы, құрама механизмдер, манипуляторлар. Механизмдердің құрлысы және олардың топтастырмалары. Кинематикалық жұптар. Механизмнің жылжу дәрежесі анықтау.

Тақырып 3 Кинематикалық механизмдерді зерттеу

Механизмдердің байланыстары және беріліс функциялары, кинематика буындарының кіруі мен шығуы. Жазықтағы иінді механизмдердің кинематикалық сипаттамасының анықтамасы үшін векторлық тұйық контурлар әдісі жұдырықшалы және күрделі тісті механизмдердің, кинематикалық иінді зерттегенде жылдамдықтар мен үдеулер жоспарының әдістері.

Тақырып 4 Механизмдердің күштік есебі

Механизмнің құрылымдық топтар және статикалық шартының анықталуы. Механизмдердің күштік есептеуінің аналитикалық әдісі бойынша теңгеруші күштерді анықтау.

Тақырып 7 Механизмдерді статикалық және динамикалық теңестіру, айналу массасын теңестіру

Жобалау кезінде роторларды динамикалық теңгеру. Ротордан жасалған статикалық және динамикалық теңдеулер.

Тақырып 12 Көпбуынды тісті механизмдер

Қысқа іліністі тізбектелінген тісті доңғалақтар қатары. Беріліс қатынасындағы планетарлық механизмнің графикалық және аналитикалық әдісі.

2.3 Зерттеу жұмысының мазмұны


Зертханалық жұмыстардың мақсаты конструкция металлындағы машиналардың типтік бөлшектері мен түйіндерін зерттеу, оларды сынау әдістерін игеру, олардың жұмысын және есептеу әдістерін зерттеу, есептеу тәуелділітерін эксперименттік тексеру, кейбір типтік түйіндердің конструктивтік шешімдерімен тәжірибеде танысу.

Тақырып 2 Механизимдердің құрылысы

Иінді, тісті, тісті – иінді, жұдырықшалы, құрама механизмдер, манипуляторлар. Механизмдердің құрлысы және олардың топтастырмалары. Кинематикалық жұптар. Механизмнің жылжу дәрежесі анықтау.

Тақырып 7 Роторларды динамикалық балансиралау

Роторларды динамикалық балансиралау эдістерді зерттеу. Буынның динамикалық үлгісінің энергия (қайрат) мен иінді күш түрлері және механизмнің қозғалыс теңдеуі (энергетикалық және дифференциалды түрде) есептеу.

Тақырып 8 Эвольвентті тісті профильдерді оқу құралдарының көмегімен орау әдісі арқылы тұрғызу.

Ішкі ілініс тісті берілістің ерекшеліктері. Рейкалы іліністі зерттеу. Тістердің пішіндерінің кесілуі. Цилиндрлік түзу тісті ауықты тісті берілісінің геометриялық есебі.

2.4 СӨЖ мазмұны


СӨЖ мақсаты студенттердің өздігінен курстың жеке тарауларын және белгілі көлемдегі үй жұмысын орындау.

(жалпы орта білім негізіндегі күндізгі оқыту формасы)


СӨЖ мазмұны





СӨЖ түрі

Есептің формасы

Бақылау түрлері

Сағат көлемі

1

2

3

4

5

1

Дәрістік сабаққа дайындалу

Конспект

Сабаққа қатынасу

30

2

Тәжірибелік сабаққа дайындалу, үй жұмысын орындау

Жұмыс дәптер

Сабаққа қатынасу

10

1

2

3

4

5

3

Зерттеу жұмысына дайындалу

Конспект

Сабаққа қатынасу

2,5

4

Зерттеу жұмыстарды дайындалу және корғау

Отчет

ЗЖ корғау

2,5

5

Аудиториялық сабақта қарастырылмаған материалдарды оқу

Конспект

Конспектті тексеру

5

6

Кұрстық жұмысын орындау

Есеп

КЖ қорғау

5

7

Межелік бақылауға дайындық




РК 1, РК 2

Межелік бақылауға дайындық




Барлығы

75



Студенттердің өздігінен оқуына арналған тақырыптар
Тақырып 2

- Иінді механизмдердің құрылымдық топтарын қабаттастыру әдісін қалыптастыру. Жергілікті артық байланыстардың құрылымдары. Механизмдердің оптималды құрылымымен синтездеу және контурлардың артық байланыстары.

Әдебиет: [3] стр. 11-23.

Тақырып 3

Жазықтағы иінді механизмдердің кинематикалық сипаттамасының анықтамасы үшін векторлық тұйық контурлар әдісі жұдырықшалы және күрделі тісті механизмдердің, кинематикалық иінді зерттегенде жылдамдықтар мен үдеулер жоспарының әдістері.

Әдебиет: [3] стр. 27-53.

Тақырып 4

Механизмдердің күштік есептеуінің аналитикалық әдісі Н.Е.Жуковский теоремасы бойынша теңгеруші күштерді анықтау.

Әдебиет: [1] стр. 51-53.

Тақырып 5

Тек қана механизм күшіне тәуелді, жүктемелі күштер, механизм жылдамдығының өзгеру заңы. Жүктемелі күштер мен иінді күштер механизмінің жылдамдығының өзгеруі, ол механизмнің күші мен жылдамды заңымен тәуелді.

Әдебиет: [1] стр. 151-153.

Тақырып 6

Энергомасс диаграммасымен маховиктің иінді күш инерциясын анықтау. Иінді күш теңдеулерінен маховиктің иінді күш инерциясын анықтау. Тәуелді жылдамдыққа, иінді күш қозғалуына байланысты маховиктің иінді күш инерциясын анықтайды.

Әдебиет: [1] стр. 154-169.

Тақырып 7

Теңгерілмейтін мехизмдер мен оның түрлері. Статикалық теңестіру, иінді күшті теңестіру, ротордың бірқалыпсыздығы және оның түрлері. Жобалау кезінде роторларды динамикалық теңгеру. Ротордан жасалған статикалық және динамикалық теңгерулер.

Әдебиет: [3] стр. 141-143.

Тақырып 8

Жоғарғы кинематикалық жұптардың үйкеліс жылжуы мен үйкеліс теңселуі. Механикалық ПӘК. Типтік механизмдердің ПӘК – ін анықтау.

Әдебиет: [1] стр. 51-53.

Тақырып 9

Қысымның мүмкіндік бұрышының әсерімен механизмнің берілген күйінің шығу және кіру буындарының синтезі. Төрт буынды механизмде кривошиптің болу шарты. Механизмнің жетекші буынының орташа жылдамдығының коэффициентінің өзгеруінің синтезі.

Әдебиет: [1] стр. 351-353.

Тақырып 10

Кедергілі пішінді кинематикасы. Ішкі ілініс тісті берілістің ерекшеліктері. Рейкалы ілініс. Тістердің пішіндерінің кесілуі. Цилиндрлік түзу тісті ауықты тісті берілісінің геометриялық есебі. Цилиндрлік қисық тісті берілістердің кинематика мен геометриясы. Новиков берілістері және оларды қолдану өлнесі.

Әдебиет: [1] стр. 241-258.

Тақырып 11

Шошақ берілістің кинематика мен геометриясы.

Жүргізі әдісімен шошақ тісті доңғалақты кесу. Шошақ доңғалақта винттік жіне бұрыштық тістерді қолдану. Қырықаяқты берілістің ілінісінің түсініктемесі. Глабоидны қырықаяқты берілістің ілінісу ерекшеліктері.

Әдебиет: [1] стр. 258-356.

Тақырып 12

Беріліс қатынасындағы планетарлық механизмнің графикалық және аналитикалық әдісі. Планетарлық механизмнің сателлиттер санын және тістер санын таңдау. Тістік дифференциалдық механазмдер. Тұйықталған дифференциалдың санысыз берілістері.

Әдебиет: [3] стр. 151-153.

Тақырып 13

Қысым бұрышы мен механизмнің өлшеміне және сенімділігіне әсер ететін күш. Механизмнің өлшеміне сүйене жіберілген қысым бұрышын және дөңестік пішінін анықтайды. Жетектегі буынның берілген қозғалыс заңы бойынша жұдырықшаның координатасының пішінін анықтайды. Итергіш роликтің өлшемін таңдайды. Ауыстыратын механизмдер. Әдебиет: [4] стр. 95-126.

Тақырып 14

Динамикалық тербелістің өтуі. Тұтқыр және құрғақ үйкелістермен тербелістің жұтылуы. Өндірістік жұмыстар мен манипуляторлар түрлері. Кинематикалық тізбектің манипуляторлық құрылымы. Манипулятордың кинематикалық жұптарының орналасуы оның әсері.


Әдебиет: [3] стр. 250-267.


    1. Кұрстық жұмысын мазмұны

Механизмдер мен машиналар теория теориясы бойынша курстық жоба

ЕСКД талаптарымен безендірілген А1 форматында сызылған 2 беттен тұрады, және оған қажет графикалық салулар мен шығарулары және есептеу-түсіндіру қағазы А4 форматынан тұрады.Курстық жобаның тапсырмасы қандай да бір машинаға немесе құрылғыш жүйесінде жиналған механизмдердің негізгі түрлерін зерттеу және жобалауды құрастырушы комплекті болып табылады. Ол тәлімгер оқитын мамандықты құрастыру керек. Курстық жобаның тапсырмасын оқытушы береді. Курстық жоба теориясы механиканы оқығаннан кейін орындалады. Курстық жобаны орындау кезінде тәлімгер нақты есептерді шығаруда қорытынды теориясын және қолданудағы негізгі жағдайлары бойынша практикалық дағды қалыптастыру. Орындалған курстық жобаны оқытушы рецензиялайды және оны қорғау керек. Курстық жоба дифференциалдық бағамен бағаланады. “Механизмдер мен машиналар теориясы” курсын оқу кезіндегі оқу процесінің негізгі бөлігі болып табылады, және тәлімгерді құрылымдық даярлауда негізгі болып саналады.Бұл курстың жұмыстың орындалуында ол тәлімгерлерді инженерлік жұмысты орындауда жауапкершілікпен қарауға, және техникалық әдебиеттерді ГОСТ-тарды, таблицаны пайдаланудың тәсілін үйретіп, дағдыға рационалды болуға тәрбиелейді.
2.4.1 Кұрстық жұмысының жобалаудың графикалық бөлімнің мазмұндамасы

– Иінді механизмді динамикалық талдау.

– Планетарлық механизмнің кинематикалық сызба-нұсқасын жобалау және эвольвентті іліністің суретің тұрғызу.

Графикалық жобалау жеке А1 форматында ЕСКД-нің талаптарына сәйкес

салынады. Сызбада барлық көмекші сызбаларды сақтап, сәйкес жазбаларын және алынған масштаб коэффициентінің өлшемдері мен жазу. Әрбір жобаланған беттің негізгі жазбасы болуы керек.А4 форматты қағазының келесі жағын; сол жағынан 20 мм, оң жағынан 5 мм орын қалтырылып, сиямен түсіндірмелі хаттама жазылады. Барлық беттер нөмірленеді. Есептік түсіндірменің титул беті, кафедрада берілген тапсырма, есептің әрбір бөліміне, сандарына, шығарлынуына қысқаша түсініктеме жазылып, соңында қолданған әдебиеттермен мазмұны жазылады. Барлық негізгі математикалық тәуелділіктер, сандық мағыналары жалпы түрде жазылып, соңғы қорытындысы өлшем бірліктерімен көрсетілуі керек. Қайталан балы есептеулерде, формулаларды жазып, ал қорытынды шыққанын таблица үлгісінде толтыру.

Кұрстық жұмысың бетінің мазмұндамасы

Бет 2. Иінді механизмнің динамикалық анализі.

Механизмнің берілген қалыптағы буынның бұрыштық үдеуің анықтау.

Ол үшін механизмнің орналасуынын жылдамдықтар жобасының сызба нұсқасын салу. Массалар центірінің үдеуін және буынның бұрыштық үдеуін анықтау.

Буынның инерциялық салмағын анықтау.

Берілген механизмдер үшін масштабымен алынған құрылым топтарын сызып және буындарына қойылған күштерді көрсету.

Күштер жобасы әдісі арқылы барлық кинематикалық қатар механизмдердің реакциясын анықтау.

Күш жобасы және Н.Е. Жуковскидің жұдырықшалы әдісімен келтірілген буын механизімінен теңгеруші моментті табу.

Бет 3. Эвольвентті іліністің суретін салу.

Планетарлы механизмнің кинематикалық сызба нұсқасын жобалау.

Өстестігін, көршілестігін біле отырып планетарлы механизмді доңғалақтарға z >17 және нөлдік доңғалақ екенің ескере отырып құраушы тістер санын таңдап алу.

Бастапқы диаметірін санап, планетарлы механизмнің екі жобасы, шеңберде жылдамдықтарының тарау суретімен сызба нұсқасын салу.

Қатарлас эвольвентті доңғалақтың пішінін стандартты құрал рейкасымен кесілген қозғалмайтын өсімен сыртқы іліністің геометриялық есептемесін орындау. Рейканың ығысу коэффициентін таңдау кезінде тістін кескіш түбінің болмауын қамтамасыз ету. Бір қалыпты ілінісуде жалғасқан доңғалақтың ығысу коэффициенті бойынша бірдей, таңбасы бойынша қарама қарсы, ал өс арасында аралық ығысу коэффициенті жеке алдын ала табылған қажет ығысу коэффицинтінің қосындысын қамтамасыз етуін ескеру керек.

Сыртқы іліністің суретін тұрғызу. Әр бір доңғалаққа үш тістін, сызық және ілініс доғасын, тіс пішінен кескіндеп, салыстырмалы сығанау коэффициентін анықтап және тістер пішінінің салыстырмалы сырғанауының суретін салу. Іліністі салу масштабы осы сызбаға тіс биіктігі 60 мм-н аспайтындай алынады. Рейканың өлшемі тұрғызылған және тілінген доңғалақ рейкалы іліністін суретін тұрғызу.
2.4.2 КЖ жұмысың орындалу графигі




КЖ

бөлімі


Үй жұмысың бөлімнің мазмұны

Орындалу уақыты

1

КЖ 1

Механизимдердің құрылымдардың анализі

1-4 апта

2.

КЖ 2

Механизимді берілген мәліметтермен синтездеу

4-8 апта

3

КЖ 3

Кривошиптің 8-түрлі орналасу жобасын және оған сәйкес бұрылған жылдамдықтардың жобасын салу.

8-10 апта

4.

КЖ 4

Механизмнің орналасуынын жылдамдықтар және уделерді жобасының сызба нұсқасын салу

10-11 апта

5.

КЖ 5

Механизимді күштік талдауы

12 апта

6.

КЖ 6

Тісті берілісті геометриялық есебі

13 апта

7.

КЖ 7

Планетарлық редукторды есептеу

14 апта

8.

КЖ 8

Сыртқы іліністі сызу

15 апта

9

КЖ 9

Сызу:

- азғантай дөнгелекті және рейка ілінісуы ;

- планетарлық редукторды.

Жұмысты қоргау және есептік–түсініктеме жазбаны құрастыру



15-16 апта



Әдебиет

Негізгі

  1. И.И. Артоболевский «Теория механизмов и машин. –М., 2003 г. – 683 с.

2. С.А. Попов, Г.А. Тимофеев «Курсовое проектирование по теории механизмов механике машин». –Москва, 2002 г. – 362 с.

3. К.В. Фролов «Теория машин и механизмов», для вузов –М., 2008г. – 421с.



Қосымша

4. Баранов Г.Г. Курс теории механизмов и машин– М., 2004 г.-327 с.

5. Гавриленко Г.С. Теория механизмов – «Высшая школа», 2008 г. -544 с.

6. Кожевников С.Н. Теория механизмов и машин. – М., 2002 г.-576 с.



7. Левитский Н.И. Теория механизмов и машин– М.: Наука, 2001 г. -489 с

8. Попык К.Г. Динамика автомобильных и тракторных двигателей. – М.: Высшая школа, 2001г. – 173 с.
жүктеу 182,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау