Электр тізбегін жинау.
Зертханалық тәжірибе басында, оқушылардың сұлба жинау да, оқуда, аспаптар мен құралдарды қолдануда, тәжірибесі болмаса, оларды қолдануда ұзақ уақыт кетеді.
Құралдар мен аспаптарды, құрылымдық сұлбада қалай көрсетілсе, дәл сонымен сәйкес келетіндей етіп қою керек. Есте сақтауға оңай болуы үшін, әрбір құралдың қасында бекітілген белгісі бар, өлшенген шамасы көрсетілген арнайы тілікшеде жасаймыз. Индуктивті орауыштың, трансформатордың, электрқозғалтқыштарының тагнитті өрісі дәлдік өлшеулерге қатысы болмаса, өлшешіу аспаптарды өріс көзінен алысқа орналастырамыз.
Тізбекті жалғыз адам жинау қажет, ал бригаданың қалған мүшелері оны қадағалап, керек сымдарды алып беріп , ұсақ жүктемелерді орындайды.
Негізгі күшті тізбекке бір түсті сырдарды қолданамыз. (ваттметрді және ваттметрдің параллель орамаларын – келесіне қосу керек). Сымның түсін, басқа әдіспен жасауға болады, бірақ таңдап алынған жүйе –нақты, тез, жеңіл және қателіксіз тізбекті жинау керек. Ережеге сүйенсек, әрқашан тізбекке қосқан кезде қандай да бір элементтің кірісін оның сол (жоғарғы) клеммасы десек, онда шығысын оң (төменгі) деп есептеуміз. Бұл ереже кқп жағдайда қателікті азайтады және тізбекті тексеруді қысқартады.
Сонымен, қорек көзінің оң клеммасынан бастаймыз, бір элементті екінші элементті бір-біріне кезекпен электр тоғының жолын салып және көздің сол клеммасына келетіндей етіп жалғаймыз. Тұрақты ток көзінің оң қыспағын, магнито электрлік және электронды жүйелі аспапта көрсетілген оң қыспаққа жалғау керек. Ең бірінші тек қана басты, күшті бөлігін, содан кейін параллель тармақтарды; (егер олар сұбада болса) жалғаймыз. Әлсіз нүктелі вольтметрдің тармақтарын, вольтметрдің параллель орамаларын, осциллографты және т.б. соңынан жинаймыз.
Тізбекте қателіктердің болуы кей кездерде қайғылы оқиғаларға да әкеліп соқтырады, сол себептен, жинаған тізбекті мұғалімге көрсету керек.
Электротехникалық зертханада жұмыс істеу кезіндегі негізгі қауіпсіздік техникасы ережелері.
Электр қондырғыларын құру ережелеріне сәйкес, жоғары қауіпсіз орындарда ток соғу, теориялық электротехника зертханасына жатады; 42В дейінгі кернеу қауіпсіз саналады. Адам денесінің кедергісі негізінен, тері кедергісі болып саналады және ол 200 – 500 Ом тең болады. Ылғалды немесе жарақатталған тері кедергіні 600 – 800 Ом дейін төмендетеді; денсаулықтың жалпы жағдайы және нерв жүйесі де, үлкен рөл атқарады. Сол себептен, адамға көрсетілген, жақсы жағдайда тұрған кернеуде, 0,1 – 0,3мА ток өтеді. 50мА ток күші жарақат тудыруы мүмкін, ал 100мА - өлім қаупіне де жеткізеді. 50мА төмен ток күші де, қол терісін күйдіруі және токөтер бөлігі жұмылып қалуы және ол кезде қолды ашу мүмкін болмайды да, ток денеге өтуі мүмкін екенін ескеру қажет.
Кейбір зертханалық жұмыстарда 127В немесе 220В кернеу қолданылуы мүмкін, сондықтан, негізінен сақтық шараларын сақтау қажет.
Қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері төменгідей болмақ.
1. Тізбекті жинамас бұрын, ажыратқыштың сөніа түрғанын тексеру керек.
2. Жөнделмеген клеммалар бар аспаптар мен бүлінген оқшауламалы сымдармен, бүлінген реостаттар мен, шам қысқыштары мен және тунеблерлермен қолдануға болмайды.
3. Конденсаторды жалғамас бұрын, анық қасқыштарын өткізгішпен жауып, шамамен разнедтау қажет.
4. Жиналған тізбекті оқытушы тексеруі тиіс және оның рұқсатымен тізбекті қосуға болады.
5. Тізбекті қоспас бұрын, ешкім оның жамаңаш токөтпе бөлігіне тиіспеуін қадағалау керек.
6. Барлық керек ауыстырып қосу үшін, тек сөндірілген кернеуде істеу қажет. Тізбектегі әрбір өзгеруден мұғалім хабардар болуы тиіс.
7. Зертханалықтың басты таратылу қалқанында қандай да бір ауыстыруларды оқушылардың өз бетінше жұмы істеулеріне рұқмат етілмейді.
8. Электроқозғалтқыштарымен жұмыс істеген кезде, әрқашан, шаш, киімнің бөлігі, айналмалы бөлікке түсіп кетпеуін қадағалау қажет.
9. Егер жұмыс кезінде қандай бір ақау байқалса, нәтижесінде түтін шыққан болса, спецификалық иіс немесе өткізгіштер қыйсайып кетсе, онда тезірек кернеуді сөндіріп, мұғалімге айту керек.
10. Егер кім де-кім кернеу астына түссе, және оның токөтпе бөлігінен өзі шыға алмаса, онда оны ысыруға тырыспаңыз – онда өзіңіз токқа түсуіңіз мүмкін. Тезірек кернеуді сөндіріңіз. Болған жағдайды мұғалімге ескертіңіз
11. Оқушыларды зертханалық жұмысқа – осы ережелермен танысқан жағдайда рұқсат етіледі, және ол арнайы журналда тіркелуі қажет.
Зертханалық жұмыс №1
Конденсаторлардың жалғануын зерттеу
Жұмыстың мақсаты – Конденсаторлардың жалғануын зерттеу. Оқушылар тізбек жинауда жалпы мәлімет алулары тиіс.
Жұмысқа дайындық.
1. Электр тізбегі – белгілі мақсатта өзара жалғанған, электр тогы өтетін элементтер жиынтығы. Электр тізбегінде энергияның түрленуі болады: механикалық және химиялық электрлікке ауысады, ал электрлік – жылулыққа, жарықтыққа, механикалыққа және т.б. Тізбек құрамына электр энергиясының көздері, тұтынушылар, жалғану сымдары, басқару аппараттары, электрөлшеуіш аспаптар және түрлендіргіш құрылғылар т.б. жатады.
Электр тізбегі – тармақталған және тармақталмаған болады.
Түйін деп – екі немесе одан да көп сымдардың жалғанған жерін айтады.
Тармақ деп – екі түйінмен қоршалған, қозғалыста ток күшінің мәні бірдей болатын, тізбектің бөлігін айтамыз. Барлық элементтер тізбекте шартты белгілермен көрсетіледі.
2. Электр тізбегі, міндетті түрде электр энергиясының көзінен тұрады. Кейде сұлбада электр энергиясының көзі көрсетілмейді., бірақ, тізбек қоректенетін, электр торабының клеммалары белгіленеді.
Қалалық электр торабы, 127 В және 220 В айнымалы кернеулі болады, сондықтан, кей кезде кернеу реттегіші қолданылады. Ол зертханалық автотрансформатор (ЗАТР). Оның орама мен оның қозғағышын ысырсақ онда шықпа кернеуін 0 ден 250 В дейін өзгертуге болады.
Егер зертханалық жұмыста тұрақты кернеу қажет болса, онда аккумулятор немесе түзеткіш қолдануға болады. Соңғы жағдайда ЗАТР қолдансақ, тұрақты реттегіш кернеу алуға болады.
Зертханалық жұмыста кернеу үш фазалық жүйелері де қолданылады.
3. Электр энергиясының тұтынушысы ретінде шоқтану шамын және реостатты (электр энергиясы жылу энергиясына, жарық энергиясына айналады) қолдануға болады. Реостат кедергісін қозғағыш арқылы 0 ден максимумға дейін реттеуге болады. Әрбір реостаттың кестелігінде номиналды кедергі және номинал ток күші көрсетіледі. Кедергінің әрекет етуші мәні, екі қабырғасынан да 10-20%-ға номинал мәнінен ерекшеленеді. Шам цоколінде көрсетілген номинал қуат, сол сияқты әрекет етуші мәнінен ерекшеленеді.
Шоқтану шамынан реостат құруға болады, оларды параллель жалғасақ ондай реостатта шам көп болса, оның кедергісі аз болады. Кедергіні реттеу тек қана сатылы болады, ол шамды реостаттың көп қажетсіздігінен болады.
Конденсаторды батереяяға параллель жалғайды және жүктеме ретінде қолданады. Қаншалықты батереяда конденсатор көп болса, соншалықты оның сыйымдылығы да көп болады.
Ең маңызды тұтынушы – индуктивті орауыш болып саналады. Орауышты ферромагнитті өзекшеге қатысты орын ауыстырып, индуктивтілікті өзгертуге болады. Қаншалықты орауышта орам саны аз болып өзекшеден алыс орналасса, онда оның индуктивтілігі де төмен болады.
4. Асқын жүктемеден және қысқа тұйықталудан қорғау үшін, автоматты ажыратқыш немесе балқымалы сақтандырғыштар қолданылады. (зертханалық жұмыс сұлбаларында олар көрсетілмейді). Олар қысқа тұйықталу болғаннан кейін 100 секундтан кейін тізбекті ажыратады. Бұл уақыт аралығында тізбектің элементтері күйіп жетіспейді.
5. Электр тізбегін зерттеп, тексеріп отыратын көптеген электрөлшеуіш аспаптары бар. Оқу зертханасында оның тек аз ғана түрін қолданылады. Оның ішінде: амперметр, миллиамперметр, вольтметр, ваттметр және т.б. Аспаптар қалқанды және ауыспалы болады. Олар айнымалы және тұрақты токты өлшеу үшін қолданады. Олар көпшекті және біршекті болуы мүмкін және олардың әр түрлі ерекшеліктері де болады.
Өткізгіштегі зарядты қанша есе арттырсақ, онда өрістің әрбір нүктесіндегі кернеулігі де сонша есеге артады. Олай болса, бірлік зарядты шексіздіктен өткізгіштің бетіне алып келу үшін істелген жұмыс және оның потенциалы еселеп артады. Сонымен оқшауланған өткізгіш үшін: .
Мұндағы пропорционалдық коэффициент С өткізгіштердің электр сиымдылығы деп аталады, ол . Сонымен, сиымдылық сан жағынан өткізгіштің потенциалын бір өлшемге арттыруға қажетті зарядқа тең. Сиымдылықтың өлшем бірлігі: Фарада (Ф) деп аталады.
Оқшауланған өткізгіштердің сиымдылығы аз болады. Практикада өткізгіштерді өзін қоршаған денелермен салыстырғанда шамалы потенциалы бола тұрып, шамасы едәуір зарядтарды жинақтайтын қондырғылар қажет болады. Осындай қондырғыларды конденсаторлар деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |