37
Осы түсініктрге сәйкес мәліметтерді көрсту деңгейі үш деңгейде
ажыратылды: сыртқы, концептуалды, ішкі.
Сыртқы көрсету – қоланушылар және бағдарламашылар пакеті жағынан
мәліметтерге сұрауларды көрсетеді (схема бөлшегімен көрсетіледі).
Концептуалды көрсету – қаралып отырған бағдарлама қамту үшін
об ектілер жиынтығы, олардың қасиеттері және өзара байланыстары
бейнеленеді (Схемамен беріледі).
Ішкі көрсету кезінде мәліметтері физикалық зердеге орналастыруға
керек талап тілектерге қажет барлық параметрлер: мәліметтер алатын зерде
көлемі, қол жеткізу тәсілдері, индекстеу жолдары, қолданатын кілттер т.б.
(мәліметтерге талап-тілектер).
Мәліметтердің негізгі модельдері
Мәліметтердің үш моделі бар:
1. Реляциялық
2. Иерархиялық
3. Тораптық
1. Реляциялық модельде об ектілер қатынас түрінде, ал олардың
қасиетттері атрибут ретінде көрсетіледі. МБ-ның схемасын қатынастар
жиынтығы ретінде келесі түрінде көрсетуге болады:
R
1
(A
11
,…., A
1n
)
R
2
(A
21
,….., A
2n
)
…………………
R
n
(A
n1
,……, A
nn
)
R
i
= қатынас (об ект)
A
ij
-атрибуттар
Қатынас дегеніміз келесі шарттар орындалатын кесте
1. Атрибуттарға есім берілген және олардың құрылымы біртекті
(ФИО,группа, ..)
2. Жолдың реттілігі маңызды емес
3. Атрибуттың реттілігі маңызды емес
4. Қайталанатын жол болмауы тиіс
Қатынастарда атрибут саны әртүрлі болуы мүмкін. Егер барлық
атрибуттарға мағына берілген болса, онда қатынас санын немесе экземплярын
аламыз.
Бір атрибуттың мағыналар жиынтығын домен деп атайды, бір жолдың
мағыналар жиынтығын кортеж деп атайды. Қатынастың дәрежесі –
атрибуттар саны. Қатынастың қуаты – жазба сандарын айтады.
Реляциялық модельдің жақсы жақтары: мәліметтерді көзбен көретіндей
көрсету, қарапайымдылық, математикалық аппараттың бар екендігі
(реляциялық алгебра).
Кемшілігі: біраз МББЖ-де қатынастар көлмі үлкен болғанда өңдеу жай
жүреді.
2. Иерархиялық модельде мәліметтер қатаң түрде анықталған деңгейде
көрсетіледі. Жоғарғы деңгейде әруақытта түбір деп аталатын бір түйін
38
болады. Әрбір түйінде одан туатын көптеген түйіндер болуы мүмкін. Бірақ,
(түбірден басқа) өзінен тарайтын бір түйін болады. Деңгейдің ішінде және бір
деңгейді аттап өтетін байланыстарға тиым салынады.
Түйіндер арасында аралық байланыс 1:1,
:1 болуы мүмкін.
:
байланыс іске асырылмайды. Түйін дегеніміз – об ектіні барлық
байланыстармен суреттеу. Ізденіс кезінде қайсыбір түйінге назар аудару үшін
мәліметке кірер жол тек әрқашан түбір түйін арқылы өтетін және жолдың
бойы түйінге дейін анықталған болуы керек. Қайсібір түйінді жою
операциясын орындау кезінде төмендегі информация жойылып кетуі мүмкі.
Қайсібір түйінге жаңа мағыналар берген кезде оларды қатаң анықталған өз
орнына қою керек немесе иерархияның өзі түйіндердің бағынатындығын
көрсету керек.
Иерархиялық модельдің жақсы жақтары: 1:
аралық байланыстың
көрсету мүмкіндігі, мәліметтердің көзбен көретіндей анық көрсетілуі,
мәліметтердің тәуелсізік деңгейлерінің анықталуы.
Кемшілігі:
мәліметтер
құрылымын
көрсету,
яғни
МББЖ
бағдарламалаудың қиындығы, мәліметтерді енгізу және жою операциясының
орындаудың қиындығы.
3.
Тораптық модельдің нағыз жалпы түрі. Мұнда об ектілер
арасында байланыс кез-келген түрде болуы мүмкін:
2 сурет Тораптық модель
Тораптық модельдің жақсы жақтары: жалпы түрдегі модель, жою, енгізу
операциясын орындаудың жеткілікті түрі, өйткені мәліметті көрсету және
байланыстырды көрсету ажыратылған,
байланыстардың іске асырылуы.
Кемшілігі: мәліметтерді көрсету қиындығы, яғни МББЖ бағдарламалар
комплексінің күрделілігі.
Реляциялық алгебра
Сәйкесті қатынастар деп – бірдей дәрежесі және тиісті атрибуттары бір
типті қатынастарды айтады. 8 операциялары бар. Олар екі сыныпқа бөлінеді:
теориялық көпшілік операциялар, арнаулы реляциялық операциялар.
Теориялық көпшілік операцияларға жататындар:
1) қатынастардың бірігуі (біріктіру) операциясы
2) қатынастардың қиылысуы
3) айырымын алу
4) декарттық көбейту
Арнаулы реляциялық операцияларға жататындар:
1) бөлу
39
2) қосу
3) проекция
4) шек қою
Біріктіру операциясы сәйкестілі қатынастарға орындалады. Нәтижелік
қатынасқа бірінші қатынастың барлық жазбалары және екінші қатынастың
жетіспейтін жазбалары кіреді.
Қиылысу операциясы сәйкестілі операцияларға орындалады. Нәтижелік
қатынасқа бірінші қатынастан екінші қатынаста бар жазбалар ғана кіреді.
Айырымын алу тек сәйкестілік қатынастарға орындалады. Нәтижелік
қатынасқа бірінші қатынастың екінші қатынаста жоқ жазбалары кіреді.
Декарттық көбейту кез-келген қатынастар бойынша орындалады.
Нәтижелік қатынастың дәрежесі берілген қатынастың дәрежелерінің
қосындысына тең, ал қуаты берілген қатынастың қуаттарының көбейтіндісіне
тең.
Бөлу кез-келген қатынастарға орындалады. Нәтижелік қатынасқа шартта
тексеріп жүрген атрибуттардан басқа бірінші қатардың барлық атрибуттары
кіреді жән жазбалар ретінде екінші қатынасқа қойылған шарттар бір мезгілде
орындалған жазбалар кіреді.
Қосу берілген қатынастарда бірдей атрибут болуы керек. Нәтижелік
қатынасқа берілген атрибуттың бәрі кіреді.
Проекция R берілген қатынас, R
H
=R[L] – нәтижелі қатынас.
Шек қою нәтижелік қатынасқа 2 қатынасқа қойылған шарттарды
орындайтын 1-ші қатардың жазбалары кіреді.
2.2 SQL тілі – мәліметтер базасының негізгі тілі
SQL тілінің таралуының жылдам өсуі қазіргі компьютер өндірісінің ең
маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы бірнеше жылда SQL
мәліметтер базасының бірден бір жалғыз әрі негізгі тілі болып қалыптасты.
Бүгінгі күнде SQL персоналды компьютерде үлкен ЭЕМ- дерде жұмыс істйтін
жүзден астам МББЖ-нің қолдануына мүмкіндік жасап отыр. SQL
компьютердің МБ-дағы мәліметтерді өңдеу және оқу үшін арналған құрал-
сайман. SQL МБ-ң реляциялық түрімен жұмыс істейді.
4 сұлба SQL жұмысының схемасы
Осы схемаға сәйкес есептеу жүйесінде маңызды ақпаратты сақтайтын
МБ бар. Егер есептеу жүйесі бизнес төңірегіне таяу болса, онда МБ-да еңбек
Достарыңызбен бөлісу: |