46
6 сұлба Мәліметтер құрылымы
Кез келген басқа физикалық жазылымдарға көрсеткіштер арқылы қол
жеткізуге болады. Бұл іс жүзіде көрсетілген физикалық жазылымда адресі
болып табылады.
Физикалық жобалау кезеңінде шешілетін есептер:
- физикалық жазылымның конструкциясын жасау;
- физикалық жазылымды орналастыру;
- қол жеткізу тәсілдерін таңдау;
Физикалық жобалаудың конструкциясын жасау: негізінде физикалық
жазылым жоспарлау кезінде логикалық модель ішінде жасалынған логикалық
жазу құрылымына арқа сүйейді. Зердені үнемдеу үшін кодтауды және
мәліметтерді тығыздауды қолданылады. Кодтау дегеніміз – мәліметтерді
өңдеу немесе жіберу кезеңінде қателіктерді табу немесе түзету мақсатында
мәліметтерді нормалды немесе қысқартылған форматтарға аударуға
мүмкіндік беретін кең тәсілдер сыныбы. Тығыздау тәсілі мәліметтер алатын
зерде көлемін әжептеуір қысқартады, және оларды өңдеуді жылдамдатады.
Мәліметтерді тығыздау тәсілдері:
- абривиатураларды қолдану;
- нольдерді басу (жою);
- шаблондарды пайдалану;
1. МБ іске асыру деп МБ-ң жұмысқа кірісуін және 4 басты нәтижелері
негізінде МБ-н және бағдарлама пакеттерін жасауды айтады.
2. МБ қолдау және оның қызметін талдау. Жүйенің мәліметтерін
жинақтау және статистикалық өңдеу үшін пайдаланады. Бұл ақпарат
тұтынушылар қажеттілігінің негізі қай дәрежеде екенін көрсетеді және де
келешекте жүйені қайта қарау үшін оның кемшілік тұстарын көрсетеді. МБ-
ны қолдау жүйелерді істен шығарудан немесе құртылған жүйеден соң жүйенің
тимді түрде қалыпқа келуін және оның бір тұтастығын қамтамасыз ету үшін
керек.
3. МБ-ң бейімделуі мен түрлндірілуі. Түрлендіру мен бейімделу
дегеніміз – жүйенің жұмыс туралы тұтынушылар пікірлерін талдаудан кейін,
жаңа қажеттіліктер пайда болу мүмкіндіктерін құрыстырғаннан кейін іске
асырылған жобаға өзгерістер енгізу. Бұл кезеңің мақсаты МБ өзгерістер енгізу
арқылы және МБ-н қайта ұйымдастыру арқылы жұмыс істеп тұрған жүйнің
қызметін жақсарту.
47
SQL (Structure Query Language) – сұранымдардың құрылымдық тілі. Осы
тіл кестеде сақталынатын байланысқан ақпараттар жиыны болатын
мәліметтердің реляциялық қорын құруға және жұмыс жасауға мүмкіндік
береді.
Осы жағдайда әртүрлі компьютерлік ортадаларда қолдануға болатын
стандартты тілді құру қажетті болды. Стандартты тіл бұйрықтардың бір
жиынын білетін қолданушыға оларды ақпаратты құру, табу, өзгерту және
жіберу үшін қолдануға мүмкіндік берді. Қолданушыға қандай да бір жеке
компьютерде, желілік жұмыс станцасында немесе әмбебап ЭЕМ-да жұмыс
істеп отырғаны бәрі бірдей. Компьютерлік технологияға тәуелсіз
болғандықтан және реляциялық МҚ-ң технологиясынын аумағындағы
көшбасшыларының қолдауымен SQL тілі негізгі стандартты тілі болады.
Сондықтан, кезкелген мәліметтер қорымен жұмыс істегісі келген адам SQL
тілін білуі қажет.
SQL тілі реляциялық мәліметтер қорында мәліметтермен қүрделі
әрекеттер орындауға, мәліметтер қорының құрылымын анықтауға және
көпшілік қолданатын ортадағы мәліметтерге кіру құқығымен басқаруға
арналған. Сондықтан, SQL тіліне құрамдық бөлімі ретінде:
- мәліметтермен күрделі әрекеттер тілі (Data Manipulation Language,
DML)
- мәліметтерді анықтау тілі (Data Definition Language, DDL)
- мәліметтерді
басқару тілі (Data Control Language, DCL)
қарастырылған.
Бұл жеке тілдер емес, бір тілдің әртүрлі бұйрықтары. Осындай бөлу осы
бұйрықтардың әртүрлі қызметтік тағайындалуы үшін жасалынған.
Мәліметтермен күрделі әрекеттер тілі DML мәліметтер қорында
мәліметтермен қүрделі әрекеттер орындауға қолданылады. Ол 4 негізгі
бұйрықтардан тұрады:
SELECT (таңдау)
INSERT (енгізу)
UPDATE (жанарту)
DELETE (жою).
Мәліметтерді анықтау тілі DDL мәліметтер қорының құрылымы мен
оның құрылымдық бөлімдерін – кестелер, индекстерін, триггерлерді және
сақталынатын процедураларды құру және өзгерту үшін қолданылады. Оның
негізгі бұйрықтары:
CREATE DATABASE (мәліметтер қорын құру)
CREATE TABLE (кестені құру)
CREATE VIEW (виртуальды кестені құру)
CREATE INDEX (индексті құру)
CREATE TRIGGER (триггер құру)
CREATE PROCEDURE (сақталынатын процедураны құру)
ALTER DATABASE (мәліметтер құрын өзгерту)
ALTER TABLE (кестені өзгерту)
48
ALTER VIEW (виртуальды кестені өзгерту)
ALTER INDEX (индексті өзгерту)
ALTER TRIGGER (триггерді өзгерту)
ALTER PROCEDURE (сақталынатын процедураны өзгерту)
DROP DATABASE (мәліметтер қорын жою)
DROP TABLE (кестені жою)
DROP VIEW (виртуальды кестені жою)
DROP INDEX (индексті жою)
DROP TRIGGER (триггерді жою)
DROP PROCEDURE (сақталынатын процедураны жою).
Мәліметтермен басқару тілі DCL көпқолданушы ортадағы мәліметтерге
кіру құқығымен басқаруға қолданылады. Ол 2 негізгі бұйрықтардан тұрады:
GRANT (құқық беру)
REVOKE (құқықты қайтарып алу)
Қолданушы интерфейстің көрінісінен SQL бұйрықтарының екі түрі бар:
- интерактивті SQL;
- кіріктірілген SQL.
Интерактивті SQL арнайы утилиттерде (WISQL немесе DBD типті)
қолданылады, олар арқылы интерактивті режимінде SQL бұйырықтарын
қолданып сұранымдар енгізіледі, орындалу үшін олар серверге жіберіледі
және нәтижесі қажетті терезеде алынады. Кіріктірілген SQL қолданбалы
пакеттерде қолданылады, олар арқылы серверге сұранымдар жіберіледі және
алынған ңәтижелер өнделінеді.
Реляциялық операциялар. Мәліметтермен күрделі әрекеттер тілінің
бұйрықтары.
Мәліметтермен күрделі әрекеттер тілінің ең маңызды бұйрығы ол
SELECT бұйрығы. Реляциялық мәліметтер қорының негізгі операцияларынан
бастайық. Олар:
- таңдау (Restriction)
- проекция (Projection)
- жалғау (Join)
- біріктіру (Union).
Таңдау операциясы арқылы бір кестенің барлық жазбаларды немесе
жазбалардың бөлігін алуға мүмкіндік береді
SQL мәліметтерді өңдеу және оқу үшін арналған құрылғы болып
табылады. Ол компьютердің мәліметтер базасында орналасқан SQL – бұл
сұраныстың тілінің құрылымдығқ атының қысқаруы. Атына сәйкес SQL тілі
қолданушы мен мәліметтер базасының ара қатынас ұйымдастыуда
қолданылатын программалау тілі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |