40
ақы, сату көлемі, шығарылатын бөлім және басқадай бағалы заттар туралы
ақпарат сақталуы мүмкін, т.б. Егер тұтынушы МБ-нан мәліметтерді оқығысы
келсе, онда ол SQL көмегімен МББЖ-ге өтініш жібереді. Мәліметтерге өтініш
жіберу және нәтиже алу процесстері МБ-на өтініш беру деп аталады.
Сондықтан, SQL құрылымдық өтініш тілі деп аталады.
SQL қызметтері
1. Мәліметтерді ұйымдастыру. SQL тұтынушыға мәліметтерді көрсету
құрылымын өзгертуге және МБ элементтері арасындағы қатынастарды
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2. Мәліметтерді оқу. SQL тұтынушыға МБ-ғы мәліметтерді оқуға және
оларды пайдалануға мүмкіндік береді.
3. Мәліметтерді өңдеу. SQL тұтынушыға МБ-н өзгертуге мүмкіндік
береді. SQL өтініштері арқылы оған (МБ-на) жаңа мәліметтерді қосуға бар
мәліметтерді жаңартуға немесе жоюға болады.
4. Қол жеткізуді басқару. SQL көмегі арқылы тұтынушының
мәліметтерді оқу және өзгерту мүмкіндіктерін шектеуге және оларды рұқсат
етілмеген жағдайда қол жеткізу мүмкінжіктеріне қорғауға болады.
5. Мәліметтерді бірлесе пайдалану. SQL бір біріне кедергі жасамау
үшін, бір мезгілде (параллель түрде) жұмыс істеген тұтынушылардың
мәліметтерді бірлесе пайдалануын йымдастыру
6. Мәліметтердің бүтіндігі. SQL МБ-н бүтндігін сақтай отырып,
келісілмеген өзгертулерден немесе жүйенің істен шығуынан туындайтын
мәліметтердің бұзылуынан сақтайды.
Осылайша, SQL МББЖ-ге әсер ете алатын жеткілікті әрі қуатты тіл.
SQL МББЖ-ң ажырамас бөлігі, әрі ол тұтынушымен МББЖ арасын
байланыстыратын құрал сайман.
5 сұлба Құрылымдық схема
1 - пішін генераторы;
41
2 - есептеу генераторы;
3 - интерактивті өтініштер құрайтын модуль;
4 - қолданбалы программа;
5 - клиенттік қолданбалы программа.
МБ-ң ядросы МББЖ-ң жүрегі тәріздес болып табылады. Ядро дискіден
мәліметтерді физикалық түрде оқылуына және мәліметтерді дискіге
жазылуына, және мәліметтерді физикалық құрылымдауға жауап береді. Ода
басқа ядро басқа есептеу жүйесінің және тұтыушылар қосымшасынан МББЖ-
нің басқа бөліктерін (генератор, т.б.) туындайтын SQL өтініштерін
қабылдайды.
Схемада көрсетлігендей SQL көп қызметтер атқарады:
1. SQL интерактивті өтініштер тілі. Тұтынушылар экранда мәліметтерді
көрсетуге арналған және оқуға арналған интерауктивті бағдарламаларға SQL
бұйрықтарын енгіеді. Бұл арнайы өтініштерді орындайтын ыңғайлы тәсіл.
2. SQL МБ-н бағдарламалайтын тіл. МБ-на қол жеткізу үшін
бағдарламашыға өз бағдарламаларына SQL бұйрықтарына орындалады. Бұл
тұтынушылар жазған бағдарламаларында да, мәліметтердің қызмет
бағдарламаларында да қолданылады.
3. SQL – МБ-н басқаратын тіл. Мини компьютерде де, үлкен ЭЕМ-де де
МБ-н басқарушы мәліметтерге қол жеткізуді басқару үшін және МБ-ң
құрылымын анықтау үшін SQL тілін қолданады.
4. SQL
клиент-сервер қосымшасын жасайтын тіл. Персоналды
компьютер бағдарламаларында SQL бірлесе пайдаланылатын мәліметтер
сақтайтын МБ-ң серверімен бірге локальді, жергілікті торап арқылы байланыс
ұйымдастыру үшін қолданылады.
5. SQL мәліметтер базасын орналастыратын тіл. Орналастырылған МБ-н
басқару жүйелерінде SQL арқылы өзара әсерлесетін бірнеше есептеу
жүйелеріне мәліметтерді орналастыру көмектеседі. Әрбір жүйенің
бағдарламамен қамтылуы мәліметтерге қол жеткізуге өтініштер жібере
отырып, SQL-ді қолдану арқылы басқа жүйелермен байланыс жасау.
6. SQL МБ-ң шлюз тәріздес тілі. Әртүрлі МББЖ бар есептеу
тораптарында біртүрлі МББЖ-мен екінші түрлі МББЖ-мен байланыстыруға
мүмкіндік беретін шлюзді бағдарламаларда SQL тілі қолданылады.
Сондықтан, SQL адамдарға, бағдарлама және ЕЖ-де реляциялық МБ-ғы
ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін пайдалы әрі қуатты құрал сайман.
SQL ерекшеліктері
1. Нақты МББЖ-ден тәуелсіздігі
2. Бір есептеу жүйесінен екіншіге ауыстыру мүмкіндігі
3. Стандарттың бар болуы
4. Реляциялық негіз
5. Арнайы интерактивті өтініштер орындау мүмкіндігі
6. Бағдарламалы түрде МБ-на қол жеткізуді қамтамасыз ету
7. Мәліметтерді әр түрде көрсету мүмкіндігі
8. МБ-ң жұмыс істеуге арналған толық мәнді тіл
42
9. Мәліметтерді динамикалық түрде анықтау мүмкіндігі
10. Клиент-сервер архитектурасын қолдану мүмкіндігі
SQL өтініштері
SQL-де барлық өтініштер бір бұйрықтың негізінде құрастырылады. Ол
бұйрықтың құрылымы қарапайым, бірақ өте күрделі есептеулерді және
мәліметтерді өңдеуді орындау үшін оны кеңейтуге болады. Бұл бұйрықтың
аты SELECT.
1. SELECT
Мәліметтердің артықтығын жою SELECT DISTINCT
2. Шартты түрде таңдау - WHERE
Реляциялық операторларды қолдану {=,
,
,
,
,
}
3. BOOL операторын қолдану {AND, OR, NOT}
4. Арнайы операторларды қолдану {IN, BETWEEN, LIKE, IS NULE}
IN – берілген мәліметтерге ие болуға мүмкін немесе мүмкін емес
жиындарды толық анықтайды.
BETWEEN
-
жиындар элементтерін атап көрсетудің орнына
шекараларды шығарып береді. BETWEEN (алғашқы мәні AND соңғы мәні).
LIKE – операторында екі түрлі шаблон қолданылады. ( ‘ _ ’, ‘ % ’ ). ‘ _ ’
– кез-келген бір белгіні ауыстырады, ‘ % ’ - кез-келген ұзындығы бар белгілер
тізбегін ауыстырады.
5. Агрегаттық қызметтері {COUNT, SUM, AVG, MAX, MIN}
COUNT - өтініш арқылы таңдап алынған жолдар саны немесе баған
мәні.
SUM – берілген бағанның таңдап алған мәндерінің арифметикалық
қосындысы.
AVG – берілген бағанның таңдап алған мәндерінің орта арифметикалық
шамасы.
MAX – берілген бағанның таңдап алған мәндерінің ең үлкені.
MIN – берілген бағанның таңдап алған мәндерінің ең кішісі
6. Сұрыптау
Бағандар жиынын бірінің ішінде басқасын реттеуге болады және әрбір
баған үшін өсетін немесе кемитін сұрыптау тізбегін беруге болады. Егер
ештеңе айтылмаса, онда өсетін сұрыптау тізбегі қолданылады. Реттеуге
ORDER BY бұйрығы қолданылады. Ол шығыс мәліметтерін таңдап алынған
бір немесе бірнеше бағандардың мәніне сәйкес реттейді.
7. Бір өтініште кестелер жиынын қолдану
8. Өтініштерді ішке салу
SQL бір өтінішті екіншінің ішіне салуға мүмкіндік береді. Мұны басқа
өтініште орналастыру предикаты ішіне тағы бір өтінішті орналастыру арқылы
жасауға болады.
ASC (өспелі)
ORDER BY
DESC (кемімелі)
Достарыңызбен бөлісу: |