25
батареяның қорабын ашуға болмайды. Ашқан жағдайда батареяның
қорабының ішіндегі гелеоға ұқсас электролиттер терінің химиялық
күюіне әкеледі;
жұмыс жасау мерзімі біткен батареяларды жою ауыр металлдарды
жою ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
1.7 сурет – Аккумуляторлық батареяның қуаты таусылғандағы сипаттамасы
Аккумуляторлық батареяның ең маңызды сипаттамалары төмендегілер
есептеледі: сиымдылығы, салмағы, кернеу, өлшемі, бағасы, рұқсат етілетін
қуатының таусылу межесі, жұмыс жасау уақыты, ПӘК, жұмыс жасау
температурасының диапазоны, рұқсат етілген токтың заряды мен разряды.
Аталып өткен сипаттамалардың барлығын өндіруші белгілі бір температурада
береді, көбінесе 20 мен 25 арасында болады температура. Осы аталған
кернеуден өзгерсе аккумуляторлық батареяның сипаттамалары жаман жаққа
қарай өзгереді.
Аккумуляторлық батареяның кернеуі мен сиымдылығы АБ-ның атауына
кіреді. Мысалы: RA12200DG -
кернеуі 12 вольтты батарея және сыйымдылығы
200 ампер
сағат, гелийден жасалған, терең разрядтанады. Демек батарея
тұтынушыға 10 сағаттық разряды кезінде мына көлемде энергия береді 12 х
200 = 2400 Вт
сағ. Ток мөлшері жоғары болса және разрядталуы тез болса
аккумуляторлық батареяның сиымдылығы азаяды. Ток мөлшері аз болса
аккумуляторлық батареяның сиымдылығы әдетте жоғарылайды. Осы
сипаттамасын аккумуляторлық батареяның разрядтылық графигінен көруге
болады.
Батареяда сақталатын энергияның көлемі аккумуляторлық батареяның
сиымдылығы деп аталады. Ол ампер-сағатпен өлшенеді. Сиымдылығы 100
А
сағ болатын аккумуляторлық батарея жүктемеге 1 А токты 100 сағат ішінде
26
береді немесе 4 А токты 25 сағат ішінде береді және т.с.с. Егер разрядтық ток
жоғарыласа аккумуляторлық батареяның сиымдылығы төмендейді. Нарықта
батареяның сиымдылығы 1-2000А
сағ арасында болатын аккумуляторлық
батареялар сатылады.
1.8 сурет – Қуаттану және қуатсыздану графиктері
Аккумулятордағы кернеу негізгі параметр болып саналады, өйткені сол
арқылы батареяның күйі мен зарядталғандығы жайлы ақпарат алуға болады.
Зарядталғандағы және разрядтанғандағы, ток жоқ кездегі кернеулер әртүрлі
болады. Аккумулятордың зарядталғандығын есептеу үшін оның кернеуін
есептеу керек.
Зарядталудың дәрежесі көптеген жағдайларға байланысты болады, оны
тек арнайы зарядты құрылғылар анықтай алады. Көптеген күн
батареяларының басқару құрылғыларында батареяның зарядталғандығын
реттейтін бөлімі бар. Зарядталғандығының деңгейін анықтау үшін екі амалды
қолдануға болады:
Аккумулятордағы кернеу амалы. Бұл әдістің дәлдігі төмен, бірақ оған
тек
қана
сандық
вольтметр
керек.
аккумуляторлық
батареяның
зарядталғандығының кернеуі әр батарея үшін әртүрлі. Аккумуляторлық
батарея ескірген сайын кернеу төмендейді.
Электролиттің тығыздығы амалы. Бұл амал тек қана сұйық электролиті
бар аккумуляторлық батареяларға арналған. Оны өлшеу үшін ареометр
пайдаланылады.
Аккумуляторлық батареялардың негізгі сипаттамалары 1.4 кестеде
келтірілген. Аккумуляторлық батареяның зарядталу дәрежесін батареядағы
кернеу мөлшерін анықтау үшін арнайы құрылғыларды пайдалануға болады.
Осы кесте арқылы аккумуляторлық батареяның зарядтану және разрядтану
деңгейлерін бақылап отыруға болады.
27
1.4 кесте – Аккумуляторлық батареяның сипаттамалары [11]
Зарядталу дәрежесі
Батарея 12В Батарея 24 В
Электролиттің тығыздығы
100
12.70
25.40
1.265
95
12.64
25.25
1.257
90
12.58
25.16
1.249
85
12.52
25.04
1.241
80
12.46
24.92
1.233
75
12.40
24.80
1.225
70
12.36
24.72
1.218
65
12.32
24.64
1.211
60
12.28
24.56
1.204
55
12.24
24.48
1.197
50
12.20
24.40
1.190
40
12.12
24.24
1.176
30
12.04
24.08
1.162
20
11.98
23.96
1.148
10
11.94
23.88
1.134
1.9 сурет – Аккумуляторлық батареяның жұмыс істеу уақыты
Аккумуляторлық батареяның жұмыс жасау уақытын жыл немесе ай
арқылы есептеген дұрыс емес. Аккумуляторлық батареяның жұмыс жасау
уақыты зарядталу және разрядтану циклінің санына және орналастыру
жағдайына байланысты болады.
1.1.3 Инверторлар
Инвертор (латынша іnverto – аударамын, өзгертемін):
1)
радиотехникада
–
шығыс
электр
сигналдары амплитудасының өзгерісі, полярлығы немесе фазасы кірісіндегіге
қарағанда қарама-қарсы болатын электр тізбегі немесе электрондық құрылғы.