25
2.3 SQL көмегімен мәліметтер қорын басқару
2.3.1 Реляциялық мәліметтер қоры
Реляциялық МҚ – ол жолдар мен бағандардан тұратын екі өлшемді
кестеде сақталатын байланысқан ақпарат. МҚБЖ терминінде жазу деп
аталатын әрбір жол мәліметтердің қандай да бір ерекшелігіне сәйкес келеді.
Өріс деп аталатын кестенің әрбір бағаны мәліметтердің әрбір типінің мәнінен
тұрады. Олай болса, реляциялық МҚ негізі ақпараты бар екі өлшемді кесте
болып табылады.
Бірақ МҚ бір кестеден тұратын реляциялық МҚ сирек кездеседі.
Мәліметтермен күрделі және қуатты операцияларды өрнектеу үшін өзара
байланысқан ақпаратты фрагменттері арасындағы байланысқа байланысты.
Жүйенің максималды иілгіштігін қолдау үшін кестенің жолдары арнайы ретпен
орналаспауы керек. Реляциялық МҚ жүйелерінде ақпаратты реттейтін қуатты
функция бар.
Жолдардан айырмашылығы, кестенің өрістері реттеледі және оларға ат
беріледі. Яғни, кестенің әрбір бағанының ерекшеленген аты болуы керек.
Әдетте SQL бірден көп қолдаушылары бар компьютерлік жүйелерде
жұмыс істейді, сәйкесінше оларды өзара ажырату қажеттілігі туады. Әдетте
мұнда жүйеде әрбір қолданушының хұқын тексеру коды болады.
Компьютермен сеанстың басында қолданушы жүйеге өзінің арнайы
ID(идентификатор) айтып кіреді. Кірудің ID-ін пайдаланатын кез-келген
адамдар саны, жеке қолданушы болып табылады.
Көптеген SQL орталарындағы әрекеттер арнайы идентификаторлармен
сәйкес рұқсат етілген. Кесте немесе басқа объект толық билігі бар қолданушыға
тәуелді. Және де қолданушыда объектілермен әрекеттер жүргізу артықшылығ
бар. Төменде келтірілетін мысалдарда кез-келген қолданушының әрекеттер
жасауға артықшылығы бар деп санаймыз.
2.3.2 Ұсыныстармен жұмыс
Ұсыныс (VIEW) мәліметтер қорының объектісі. Онымен жұмыс
қарапайым кестемен жұмыстан өзгешеленбейді. Ұсыныстардың кестелерден
айырмашылығы келесіде. Мәліметтер қорының қарапайым кестелері
мәліметтерден тұрады. Ұсыныстар мәліметтерден тұрмайды, ал олардың
мазмұны басқа кестелерден таңдалынады (немесе басқа ұсыныстардан).
Ұсыныстар тұжырымдалатын кестелер (немесе ұсыныстар) базалық кестелер
(немесе базалық ұсыныстар) деп атау қабылданған.
Шындығында ұсыныстар әрбір хабарласқан сайын орындалатын сұраныс
болып табылады. Әрбір уақыт мезетінде осы сұраныстың орындалу нәтижесі
ұсыныс мазмұны болып табылады. Ұсыныстың базалық кестесіндегі
мәліметтерді өзгертсе ұсыныс мазмұны да өзгереді.
26
Ұсыныс мазмұнын өзгертсе, осы ұсынысты құруда негізге алынған кесте
мазмұны да өзгереді. Төменде ұсыныстың тұжырымдалу процесінің схемасы
2.1-суретте көрсетілген:
2.1-сурет – Ұсыныстың тұжырымдалу схемасы
Ұсынысты пайдалану кесетені пайдаланудан өзгешеленеді. Ұсыныс-
тардан мәліметтерді таңдау қарапайым кестедегі сияқты орындалады. Сондай-
ақ ұсыныстың мәліметтермен басқару операцияларына рұқсат етіледі, бірақ ол
мұнда кейбір шектеулер болады.
Ұсыныстар кестелерден айырмашылығы дискілік кеңістіктен орын
алмайды (немесе дәлірек айтсақ, ұсыныс алатын дискілік кеңістік өте
кішкентай-тек сұранысты сақтауға қажеттілері).
Ұсыныстар көбінде екі жағдайда қолданылады:
– мәліметтерді қорғау мақсатында,
– қорытынды мәліметтерді тұжырымдау үшін.
Бірінші жағдайда ұсыныстар бүкіл кестеден емес, тек кейбір өрістеріндегі
ақпараттарды беру үшін қолданылады.
Ұсыныстарды құру.
Ұсыныстарды құру үшін CREATE VIEW операторы пайдаланылады.
Ұсыныс бір немесе бірнеше ұсыныстар негізінде құрылуы мүмкін. Ұсынысты
құрудың операторының типтік синткасисінің түрі келесідей:
CREATE VIEW ұсыныс_аты AS
Кесте
Мәліметтер
SQL
сұраныс
Ұсыныс
Сұраныс негізінде
кестедегі мәліметтерді
көрсетеді
27
{таңдау операторы}
Ұсыныс құрылған соң онымен ұсыныс аты ретінде берілген аты бар
қарапайым кесте сияқты жұмыс істеуге болады. Қандай да бір өзгешелігі топтау
сөйлемі бар ұсыныстар. Мұндай ұсыныстар үшін мәліметтер таңдауда
ешқандай шектеу жоқ, бірақ оларға мәліметтерді басқару операторын
қолданбайды.
Ұсыныстарды жою.
Ұсыныстарды жою DROP VIEW операторының көмегімен орындалады,
оны шақырғанда RESTRICT және CASCADE параметрлері көрсетілуі мүмкін.
Бұл параметрлер басқа ұсыныстар және/немесе шектеулер сілтелетін
ұсыныстарды жою кезіндегі әрекеттерді анықтайды. RESTRICT вариантын
падаланғанда, бұл жағдайда қате туралы хабарлама шығарылады, және жою
орындалмайды. Егер CASCADE режимі пайдаланылса, онда DROP VIEW
операторының орындалуы, базалық ұсыныстардың және шектеулердің
жойылуына әкеледі.
DROP VIEW операторының типтік синтаксисі келесі түрде болады:
DROP VIEW ұсыныс_аты [RESTRICT | CASCADE]
2.3.3 Сақталатын процедуралар, оларды құру, орындау және жою
Сақталатын процедуралар (Stored Procedure) - олар байланысқан SQL-
операторларының топтары. Сақталатын процедураларды пайдалану мәліметтер
қорымен жұмыстың қосымша икемділігін қамтамасыз етеді, өйткені сақталатын
процедураларды орындау SQL жеке операторлар тізбегінен әлдеқайда
қарапайымдау.
Сақталатын
процедуралар
орындалудың
жоғары
жылдамдығын
қамтамасыз ететін мәліметтер қорында компиляцияланған түрде сақталады.
Сақталатын процедураларға кіретін параметрлер ала-алады, қосымшаға
мәндерді қайтарады және қосымшадан шақырылады.
Сақталатын процедураларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары
келесіде қорытындыланады:
– сақталатын процедуралар логика бөлігін мәліметтер қорының серверіне
шығаруға мүмкіндік береді. Ол ақпараттық жүйенің мәліметтер қорының
клиенттік бөлігінен тәуелділігін әлсіретеді;
– сақталатьын процедуралар жобаның модульдігін қамтамасыз етеді.
Олар бір мәліметтер қорына хабарланатын клиенттік қосымшалар үшін жалпы
болады, ол кодтың қайталануын болдырмайды және қосымша өлшемін
кішірейтеді;
– сақталатын
процедуралар
қосымшалардың
бәрге
жүруін
оңайлатады:процедуралар жаңартқан кезде өзгерулер автоматты түрде барлық
қосымшаларда бейнеленеді;
– сақталатын процедуралар ақпараттық жүйенің жұмысының тиімділігін
арттырады:олар клиентпен емес, желілік трафикті төмендететін сервермен
орындалады;