Дипломдық жобада ақпараттық жүйе архитектурасы, ДҚ құрылымы және



жүктеу 0,69 Mb.
Pdf просмотр
бет12/23
Дата25.12.2017
өлшемі0,69 Mb.
#6099
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

 

42

 



 

Техника  қауіпсіздігі  бойынша  нұсқауды  өткен  азаматтар  ғана  жұмысқа 

жіберіледі. Жобаланатын учаскеде келесі нұсқаулар қаралады: 

–  кіріспе  нұсқаулар  қызметкерлерді  техника  қауіпсіздігімен,  өндірістік 

санитарлықпен,  ішкі  еңбек  тәртіп  ережелерімен  және  негізгі  заңдылықпен 

таныстыру  үшін  өткізіледі.  Бұл  нұсқауды  жұмысқа  қабылданған  адамдарға 

мамандығына,  квалификациясына,  біліміне,  лауазымына  қарамастан    еңбек 

қорғау инженері 2 сағат көлемінде жүргізеді; 

–  арнайы мамандық үшін ЕҚ нұсқауы жұмыс орнында арнайы өткізіледі. 

Ол әр қызметкермен жеке өткізіледі; 

–  ағымдағы  нұсқау  жоғары  қауіпті  өндіріс  жұмысында  өткізеді,  кіру 

рұқсат наряды тіркеледі; 

–  қайталама  нұсқау  барлық  қызметкерлермен  квалификациясына 

байланыссыз өткізіледі. 

Бұл  нұсқау  жарты  жылда  бір  рет  өткізіледі  және  топтық  болуы  мүмкін 

немесе  техника  қауіпсіздігі  бұзылған  кезде  жеке  әңгіме  ретінде  өткізіледі; 

жоспарсыз нұсқау, техника қауіпсіздігінің нұсқауы өзгерген кезде өткізіледі. 

Еңбек  қорғау  заңдылығын  қадағалау  Госнадзордың  техникалық 

инспекторы өткізеді. 

Бөлмеде келесі құрал-жабдық қолданылады: 

1. Дербес компьютер-3 дана 

Құрылғының техникалық сипаттамалары: 

–  Toshiba  dx2300  IntelCore  i8  4200/8Gb/120Gb/Trio/Win8  дербес 

компьютері; 

–  25" LG LI720 0.3dpi мониторы; 

–  Мөлшерлер1200x750x1150 мм (дербес компьютер+үстел); 

–  Электрлік  қоректену  көзі:  айнымалы  кернеу  220-250  В,  50  Гц  жиілігі, 

қуаты 400 Вт. 

2. Сплит-жүйе плазма LG S 12 LHК – кондиционер, қуаты 3.5 кВт. 

 

К е с т е   5.1 − Микроклимат параметрлерінің қалыпты нормалары 



Жыл мезгілі 

Жұмыс 


категориясы 

Температура, °С 

Ауа қозғалысының 

жылдамдығы, м/с 

Салқын 

I а 


18-26 

0,1 


Жылы 

I а 


20-30 

0,2 


 


 

43

 



 

 

 



5.1-cурет

 – Офис жоспары 

 

мұндағы  



1 - кондиционер;  

2 - орындық; 

3 - үстел және ДК;  

4 - есік; 

5 - терезе. 

Операторлар бөлмесінің микроклиматтық шамалары: жыл мезгілінің суық 

кездерінде ауа қозғалысының жылдамдығы және салыстырмалы ылғалдылығы 

0,1 м/с, 60%, ауа тепературасы 18–26ºС шамасында болады. 

Ал  жыл  мезгілінің  жылы  кездерінде  ауа  қозғалысының  жылдамдығы 

және салыстырмалы ылғалдылығы 0,2 м/с, 60–70%, . Келтірілген шамалар адам 

организміне  ыңғайлы  нормаларға  сай  келмейді.  Сондықтан  операторлар 

бөлмесінде ауаны кондицианерлеу мәселесі қарастырылған. 

Адамның  электр  тогынан  зақымдану  ықтималдығына  әсер  ететін  біздің 

бөлмеміздің класын анықтайық:  

-  едендер  бір  қабатты  поливинилхлоирдті  антистатикалық  линолеуммен 

қапталған, сондықтан ол ток өткізбейтін болып табылады;  

-  ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығы  60%-дан  аспайды,  сондықтан 

бөлме құрғақ; 

-  ауа температурасы Цельсий бойынша плюс 30 градустан аспайды; 

-  адамның бір уақытта бір жақтан жермен байланысы бар технологиялық 

жабдықтардың корпустарымен және басқа жерлендірілген бөліктермен, екінші 

жақтан  электр  жабдықтарының  металл  корпустарымен  немесе  ток  өткізуші 

бөліктермен  жанасу  мүмкіндіктерінің  болмауы  (кернеу  1000В  мәнінен 

аспағандықтан сымдардың өте жақсы изоляциясында); 

-  химиялық белсенді заттар жоқ.   



 

44

 



 

ГОСТ  12.1.013-78.ССБТ  сәйкес  осы  бөлмені  маңызды  қаупі  жоқ  бөлме 

ретінде классификациялауға болады.  

Біздің  жағдайымызда  электр  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  ГОСТ 

12.1.030-81  бойынша  жерлендіру  мүмкіндігін  қарастыру  қажет.  Біздің 

жағдайымыздағы  кернеу  -  220В,  сондықтан  жерлендіру  мен  нөлдеу 

міндеттелмейді, бірақ ұсынылады.   

Құрылыс  конструкцияларын  дайындау  үшін  кірпіш,  темір  бетон,  әйнек, 

металл  және  басқа  жанбайтын  материалдар  қолданылады.Сонымен  қатар 

жанбайтын  материалдардан  жасалған  қоршаулар  түріндегі  өртке  қарсы 

өткелдерді ескеру қажет, олар біздің офистің бөлмелері арасында орнатылады. 

Ғимараттарда өрт крандары дәлістерде, баспалдақ торларында және кіре беріс 

аумақтарында  орнатылады.  Дербес  электрондық  есептеуіш  машинаны  

қолданушылар  бөлмелерінде,  архивте  және  қосымша,  қызметтік  бөлмелердегі 

өртті өшіру үшін су қолданылады. Дербес электрондық есептеуіш машина бар 

бөлмелерде, 

ақпаратты 

тасушыларды 

сақтау 

бөлмелерінде, 



қымбат 

құрылғыларды бұзу немесе толықтай істен шығару қаупінен бақылау-өлшеуіш 

жабдықтары бар бөлмелерде суды қолдану тек кейбір жағдайларда ғана рұқсат 

етіледі,  мысалы  өрт  қауіпті  ірі  көлмеде  болғанда.  Бірақ  судың  мөлшері 

минималды  болуы  және  дербес  электрондық  есептеуіш  машинаны,  дыбыстық 

құрылғыларды брезентпен немесе матамен жауып судан қорғау керек.    

Барлық бөлмелерді стационарлы автоматты өрт өшіргіш қондырғылармен 

жабдықтау  қажет.  Ауа  құрамындағы  оттегіні  тез  азайтатын  от  өшіргіш  газбен 

бөлмені  бірден  толтыруға  негізделген  өртті  газбен  өшіру  қондырғыларын 

қолданған тиімдірек болып табылады.   

Зиян  химиялық  заттардың  деңгейін  нормалау.  Бөлмені  ластау  көздері 

сыртқы  ортаның  және  ғимараттың  құрылыс  материалдарынан,  жиһаздардан, 

киімнен,  аяқ-киімнен  бөлінетін  жүздеген  әрекеттесулердің  зиян  заттары  және 

адамның биоактивті әрекеттесулері (антропотоксиндер) болып табылады.  

Бөлменің  сыртқы  ортаның  зиян  заттарымен  ластануын  қарастыра 

отырып,  ең  алдымен  ғимараттың  орналасқан  орнын  ескеру  қажет,  біздің 

жағдайымызда  ол  автострадаға  жақын  орналасқан.  Бөлмеге  сыртқы  ортадан 

келетін  жиі  ластағыштар  көміртек  оксиді,  азот  диоксиді,  күкірт  диоксиді, 

қорғасын, шаң және тағы басқалары болып табылады.  

Құрылыс конструкциялары бөлменің радон 

 және  торонмен  ластануын 

көзі болып келеді, сонымен қатар ең көбірек концентрация нашар желдетуі бар 

бетоннан жасалған үйлерде кезедеседі.  

Жиһаз,  киім  және  аяқ-киімдер  минералды  талшықты,  көмір  сутегісі, 

полиэфир  қара  майы  және  тағыбасқа  зиянды  заттары  бар  шаңды  бөледі. 

Биоктивті  әрекеттесулердің  ең  маңыздысы  көміртек  диоксиді,  күкірт  сутегісі 

және тағы басқалары болып табылады. 

Дербес  электрондық  есептеуіш  машина  қолданушысының,  оператордың, 

жұмыс  орнындағы  шу  көздері  –  сөйлесіп  тұрған  адамдар,  сыртқы  ортаның  – 

компьютердің,  принтердің,  желдеткіш  қондырғының  шуы  болып  табылады. 




жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау