Дипломдық жоба Шымкент қ. «Лада-Сервис»


Табиғатты қорғау бойынша іс-шаралар



жүктеу 4,7 Mb.
бет34/37
Дата25.05.2018
өлшемі4,7 Mb.
#17766
түріДиплом
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

7.3. Табиғатты қорғау бойынша іс-шаралар
Атмосфералық ауаның тазалығын норманың шегінде ұстап тұру үшін автопаркта вентиляциялық және технологиялық тастандыларды алдын ала тазалап, сонан соң барып оларды атмосферада сейілдіреді. Атмосфераға тасталатын зиянды заттардың шектік-мүмкін мөлшері МЕСТ 17.2.3.02-78 талаптарына сәйкес болуы керек. Осы кезде атмосфераның жерге жақын қабатындағы зиянды заттардың концентрациясы шектік мүмкін мәннен аспауы тиіс.

Автотранспорт кәсіпорнының қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету үшін табиғатты қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілу керек. Кәсіпорын айналасында ені 50 м-ден кем емес санитарлық қорғаныс аймағы болуы тиіс. Осы аймақты ағаштармен, бұталармен көгалдандыру керек, бұл ауаны оттегімен байытуға, көмірқышқыл газының жұтылуына, ауаның шаңнан тазаруына, шуды төмендетуге және микроклиматты реттеуге мүмкіндік береді.

Автомобильдерге ТҚК мен АЖ орындау кезінде атмосфераға тасталатын зиянды зат мөлшері көп жағдайда технологиялық процестің жетілдіру деңгейінен және жоғары технологиялық жабдықты қолданудан байланысты болады. Сондықтан да зиянды заттардың тасталуын төмендетудің ең маңызды бағыттарының бірі автомобильдердің ТҚК мен АЖ технологиясы мен ұйымдастырылуын экологиялық қауіпсіз және қалдықсыз технологияны қолдану арқылы жетілдіру болып табылады.

АТК-да бензинді қозғалтқышы бар автомобильдерді пайдаланылған газдарындағы СО мен СН мөлшері бойынша экологиялық бақылаудан өткізеді. Осы мақсатта газоанализаторлар кеңінен қолданылуда. Автомобильдермен тасталатын зиянды заттардың мөлшерін комплекстік бағалау үшін автомобильдің нақты қозғалыс жағдайын ұқсататын жүрістік циклдер жасалған. Сынақтар жүгіртпе барабандары бар стендте жүргізіледі.

Санитарлық нормалармен өндірістік бөлмелердегі ауаның құрамындағы зиянды заттардың шектік- мүмкін концентрациясы тағайындалған. Осы талаптар орындалу үшін ТҚК мен жөндеу аймақтарын құйылып-сорылатын вентиляциямен қамтамасыз етеді, КҚК және ТҚК толассыз желілерінде конвейерлерді пайдаланады.

Бір автомобильді жуу кезінде ағын суларға 5-10г май мен отын және 10-15 кг лай түседі. Мұнай өнімдерінің ағын сулармен бірге табиғи су бөгендеріне түспеуі үшін жуу орындарын лай тұндырғыштармен және май мен бензин ұстағыштармен жабдықтайды. Бұдан басқа, автомобильдердің жууы суды қайталап қолданумен ұйымдастырылады және топырақтың беткі қабатына ластанған суларды жібермейтін іс-шаралар қарастырылады.

Топырақтың өндіріс қалдықтарымен ластануын төмендету үшін оларды арнайы кәсіпорындарда қайта өңдеп, әрі қарай пайдаға жарату керек.

8. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
8.1.Күрделі салымдарды есептеу
Қосынды күрделі салымдар [2]:

К = Соб + Сдм + Стр + Сстр (8.1)

мұндағы Соб – сатып алынатын жабдықтың құны, тенге;

Сдм – жабдықты орнатуға кететін шығындар, тенге (жабдықтың

құнынан 5-15% алынады);

Стр – жабдықты тасымалдауға жұмсалатын шығындар (жабдықтың құнынан 5% алынады), тенге;

Сстр – құрылыстық жұмыстардың құны, тенге.

Құрылыстық жұмыстар жобамен қарастырылмаған, сондықтан олардың құны нөлге тең. Жобаланған стендтің құны шамамен 54000 теңгені құрайды.

Жабдықты сатып алуға, жет.кізуге және орнатуға жұмсалатын күрделі салымдарды арнайы смета (кесте 8.1.) бойынша анықтаймыз.

Кесте 8.1




Жабдықтың атауы

Са-ны

Бір жабдық құны, тенге

Жалпы құны,

тенге


Сдм,

тенге


Стр,

тенге


1. Жылжымалы домкрат

1

7500

7500

750

375

2. Көтергіш

1

150000

150000

15000

7500

3. Гайкабұрауыш

1

70000

70000

7000

3500

4. Агрегаттарды ажыратуға және орнатуға арналған көтергіш механизм

1

54000

54000

5400

2700


5.Май төгуге арналған воронка

1

3000

3000

300

150

6. Слесарлық қысқыш

1

3000

3000

300

150

7. Динамометрлік кілт

1

1000

1000

100

50

8. Рульдік басқаруды тексеруге арналған аспап

1

2000

2000

200

100

9. Автомехник құрал-сайман жинағы

1

3000

3000

300

150

10. Агрегаттарды тасымалдауға арналған арба

1

7800

7800

780

390

Барлығы:




301300

301300

30130

15065

К = 301300 + 30130 + 15065 = 346495 тенге.


8.2. Жұмыстардың өзіндік құнын есептеу

8.2.1. Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы

Негізгі еңбек ақы қоры [2]:

З0 = Сч × Рт × Фт × Кпд, (8.2)

мұндағы Сч – орташа тарифтік ставка , тенге;

Фт – жұмыс уақытының жылдық қоры, сағ;

Рт – учаскедегі жұмысшылардың саны;

Кпд = 1,1 – премия мен қосымша ақыны ескеретін коэффициент.
З0 = 90 × 2 × 2070 × 1,1 = 409860 тенге.

Қосымша еңбек ақы қорын келесі өрнекпен анықтайды [2]:

Здп = З0 × Пдп /100, (8.3)

мұндағы Пдп – қосымша еңбекақы пайызы (АТК мәліметтері бойынша 7%).

Здп = 409860 × 7 /100 = 28690,2 тенге.

Әлеуметтік салық бойынша еңбекақыға қосымша сома:

НЗ = Зобщ. × 0,26 , (8.4)

мұндағы Зобщ. – еңбекақының жылдық қоры, тенге.

Зобщ. = З0 + Здп. (8.5)

Зобщ = 409860 + 28690,2 = 438550,2 тенге,

НЗ = 438550,2 × 0,26 = 114023 тенге.

1 жұмысшының айлық орташа еңбекақысы:



Зм = , (8.6)

Зм = = 23024 тенге.
8.2.2. Материалдар мен қосалқы бөлшектер
Материалдар мен қосалқы бөлшектердің құнын 1000 км жүріске келетін шығындар нормасы негізінде анықтаймыз [2]:

Нм (з.ч.) = , (8.7)

мұндағы – норматив бойынша материалға (қосалқы бөлшекке) кететін шығындар нормасы, тенге /1000 км ;

К1 – пайдалану жағдайының категориясын ескеретін коэффициент.

Нм = 7,6 ×1,2 = 9,12 тенге /1000 км;

Материалдар мен қосалқы бөлшектердің құнын мына формуламен анықтайды [2]:



, (8.8)

мұндағы – автомобильдердің жылдық жүрісі, км;

См = = 103026,8 тенге;

жүктеу 4,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау