Көп жылдық
|
14,3
|
20,3
|
24,0
|
26,8
|
24,7
|
19,0
|
13,4
|
2007 жыл
|
16,3
|
20,7
|
26,2
|
28,6
|
26,0
|
19,8
|
14,3
| Жауын – шашын мөлшері |
Көп жылдық
|
42,0
|
22,0
|
8,0
|
3,0
|
3,0
|
3,0
|
13,5
|
2007 жыл
|
9,4
|
31,0
|
1,1
|
-
|
2,0
|
19,0
|
14,3
|
2.1. Зерттеулерді жүргізу жағдайлары, сызбасы мен әдісі
Зерттеулер Шардара ауданы Достық елді мекенін аймағында жүргізілді. Тәжірибені жүргізген жылдағы метеорологиялық жағдайларды сипаттайтын мәліметте 2-кестеде келтірілген. Кестеден күріштің қалыпты өсіп дамуына сол жағдайлардың қолайлы болғандығын көруге болады. Тәжірибе үшін далалы-батпақты тұздалмаған топырақты М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасының күріш егістік аймағынан алды. Оның агрохимиялық сипаты 2-кестеде көрсетілген. Ол құрамындағы гумус пен азоттың көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Құрамында жылжымалы фосфор мен калийдің жеткілікті болуына байланысты, топырақты осы қоректік элементтермен орташа қамтамасызданған топыраққа жатқызуға болады.
Кесте - 2 Далалы-балшықты топырақтың агрохимиялық сипаты
Гумус %
|
Азот
|
Фосфор
|
Калий
|
Жалпы
|
Аммиакты топырақ мг/кг
|
Нитратты топырақ мг/кг
|
Жалпы %
|
Жылжымалы топырақ мг/кг
|
Жалпы %
|
Ауыспалы топырақ мг/кг
|
3,0
|
0,18
|
12,8
|
30,0
|
0,09
|
22,3
|
1,62
|
170
|
Кесте – 3 Күріштің вегетациялану кезеңіндегі метерологиялық шарттардың сипаты
Айлар
|
Ауаның температурасы, 0С
|
Эффект суммасы
|
Тиімді температураның қосындысы 0С
|
Жауын шашын суммасы, мм
|
Орташа
|
Көпжылдықтардың ауытқулары
|
Максималді
|
Минималді
|
Мамыр
Маусым
Шілде
тамыз
|
21,7
24,8
25,2
24,6
|
+2,7
0,0
-1,5
-0,1
|
38
37
40
40
|
8,0
8,0
13,0
12,0
|
362,0
444,0
471,0
452,6
|
16
8
2
0
|
Вегетациялық периодтағы барлығы
|
|
|
|
|
1729,6
|
|
Тәжірибеге «Авангард» сортындағы күріш алынды. Авангард сортындағы күріштің вегетациялық кезеңі 118-110 күн. 1982 жылдан бастап Казақстанда аудандастырылған. Оның өнімділігі жоғары (80-90 ц/га).
Вегетациялық тәжірибе көлемі 10 кг болатын ыдысқа келесі сызба бойынша абсолютті құрғақ топырақпен жүргізілді:
Бақылау (тұздалмаған топырақ)
0,05% Cl бар топырақ (хлорлы фон)
0,05% Cl + N бар топырақ
0,05% Cl + P бар топырақ
0,05% Cl + NP бар топырақ
Тәжірибе алты рет қайталанды. Ыдысты толтырарда егінге дейін 15 күн бұрын қажетті тұздылық типімен дәрежесін жасап алу үшін химиялық таза NaCl тұзының қажетті мөлшерін септі. Азотты тыңайтқыш ретінде мочевина Co(NH2)2 мен қос суперфосфатты Ca(H2PO4)2∙H2O қолданылды. Тыңайтқышты күріш еккенге дейін 1 күн бұрын ыдысты толтыру кезінде енгізеді. Абсолютті құрғақ 1 кг топыраққа кететін азоттың мөлшері 0,20 г/кг, ал фосфордікі 0,16 г Р2О5 болды.
Егіс егуді алдын ала суға малынып, тұқымды жарып шыққан дәндермен жүргізді (35 дана ыдыс). Ыдыста өсімдіктің биіктігіне қарай 5-7 см су қабатын ұстап тұрды. Көгендеу фазасынан бастап әр бір ыдыста 20 өсімдіктен, вегетацияның соңында 9 өсімдіктен қалдырды.
Вегетация кезінде тәжірибеде фенологиялық бақылау мен биометрлік анализдер жүргізілді. Күріш өсімдігінің негізгі даму фазалары басталған күндерді белгіледік, олардың биіктігін өлшедік, жанама өсінділердің мөлшерін есептедік. Даму фазалары бойынша күріштің вегетативті салмағының жиналуын анықтадық. Сағақтану және гүлдену фазаларында жапырақтың құрамындағы минералды азот пен фосфорды анықтадық. Ол В.В.Церминг пен К.П.Магницкийдің лабораториясының көмегімен жүргізілді. Фиксациялаудан кейін жапырақтағы жалпы және ақуызды азоттық, валдық фосфордың құрамы анықталды. Пісу кезеңінен бастап күріш өнімінің құрылымын анализдедік. Өнімді вегетацияның соңында есептеді. Далалы-балшықты топырақтың агрохимиялық сипатын анықтау үшін Тюрин бойынша гумустық құрамын, Неслер реактивінің көмегімен аммиакты, Гранвальд-Ляжу бойынша нитратты, Мальцевой-Гриценко бойынша валдық азотты, фосфорды және калийді анықтадық (анализдедік). Өсімдікті көгерту Мальцевой-Гриценко әдісі бойынша жүргізілді, одан кейін жалпы азотты коельдаль аппаратының көмегімен, ал фосфорды калориметрлік әдіспен анықтадық. Ақуыздың азотты Барнийейн бойынша анықтадық.
Күріш дәндерінің өнімін А.В.Соколовтың математикалық әдісімен анықтадық.
3. Экспериментальды бөлім
3.1 Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың әсері
Фенологиялық бақылаулар бойынша күріштің өсуіндегі ерте фазаларында мочевинаның және қос суперфосфаттың оң әсері анықталды. Бұтақтану фазасында күріш өсімдігіне азот жетіспегендігін байқауға болады: жапырақтардың ашық-жасыл түсі, жанама өсінділердің болмауы. Хлорлы тұздылықта өсімдік аласалау болады, бірақ жапырақтың түсі қанық әрі қою болады. Хлор ионының кері әсерінің белгілері өсімдік жапырақтарының бірінші яруста құрғауынан байқалады.
Өсімдіктің жағдайы азот пен фосфорды енгізген кезде жақсарғанын көруге болады. Бұл екеуін бірге қолданған кезде өсімдіктің сыртқы көрінісі әдемі болып көрінеді.
Бұтақтану фазасында жағдайы қанағаттанарлықтай болады. 0,05% бақылаушы өсімдіктің енгізген кезде ол аздап нашарлады. Мочевинамен қоректенген өсімдік тұзды фонға қарағанда өзінің қою-жасыл түсімен және жақсы шоқ түптілігімен ерекшеленеді. Хлорлы тұзды топыраққа фосфорды енгізгенде күріш өсімдігінің жағдайы аздап жақсарды, бірақ бұл кезде азоттың тапшылығы орын алады. Азоттың немесе фосфордың біреуін енгізгенге қарағанда екеуін бірге қолдану жақсы нәтиже берді. Ол өсімдіктің жақсы өсіп дамуынан байқалады.
4-кестеде келтірілген фенологиялық бақылаулардың мәліметтері күріш өсімдігінің өсіп дамуы өсіру жағдайына, әсіресе минералды тыңайтқыштарды беруге және топырақтың тұздылығына тәуелді екендігін көрсетеді.
Бұтақтану фазасында бақылаушы нұсқадағы өсімдіктің биіктігі хлорлы тұздалған топырақтағыға қарағанда 1 см-ге биік болады. Мочевинаны енгізген кезде анық биіктігі 3-8 см болады. Фосфорды қолданған кезде ол 26 см-ге, ал оларды бірге қолданғанда 41 см-ге тең болған.
Мочевина өсімдіктің биіктігімен қатар күріштің дамуына да жақсы әсерін тигізеді. Қос суперфосфат жанама өсінділердің қалыптасуына ықпал етпегенімен, азот фонында олардың санының көбеюіне әсер етті.
Бұтақтану фазасынан бастап күріштің қарқынды өсуін байқауға болады (4-кесте). Бұтақтану фазасынан түтіктенуге дейін бақылаушы өсімдіктің биіктігі 23 см-ден 42-43 см-ге дейін өзгерген. Фондармен салыстырғанда, тыңайтылған нұсқалардың ішінде азотты және азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өсуге жақсы әсер берген. Күріш өсімдігінің өсіп дамуына тұздар мен тыңайтқыштардың әсер етуінің аталған заңдылықтары вегетацияның соңына дейін сақталған. Күріш өсімдігінің ең биік ұзындығы азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды бірге қолданған кезде байқалады.
Мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыштарын күрішке берген кезде трубалану-гүлдену фазасына дейін жанама өсінділердің саны артқан (бір өсімдікке 3,5-4,0 дана)
Кесте – 4 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізуге байланысты күріш өсімдігінің өсіп дамуы
-
Нұсқалар
|
Күріштің даму фазалары
|
Бұтақтану
|
Түтіктену
|
Гүлдену
|
Пісу
|
Бақылаушы (тұздалмаған топырақ
0,05 % Cl- топырақ
0,05 % Cl- +N топырақ
0,05 % Cl- + Р топырақ
0,05 % Cl- + NP
|
24
23
38/2,5
26
41/3,0
|
43
42
66/3,0
45
72/3,5
|
51
49
74/3,5
52
80/4,0
|
65
63
84
69
88
|
Кесте – 5 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізуге байланысты күріш өсімдігінің вегетациялық салмағының жиналу динамикасы
-
Нұсқалар
|
Күріштің даму фазалары
|
Бұтақтану
|
Түтіктену
|
Гүлдену
|
Бақылаушы (тұздалмаған топырақ
0,05 % Cl- топырақ
0,05 % Cl- +N топырақ
0,05 % Cl- + Р топырақ
0,05 % Cl- + NP
|
2,3/0,7
2,2/0,5
14,2/3,6
3,0/0,9
17,0/3,8
|
14,0/4,7
12,5/4,0
121,8/30,1
418,9/5,0
132,8/34,6
|
24,0/6,9
18,0/6,0
156,5/46,8
37,5/7,8
167,7/50,0
|
4 және 5 - кестеде келтірілген мәліметтер көрсеткендей, топырақтың тұздануы тек өсуін ғана тежеп қоймай, күріш өсімдігінің вегетациялық салмағының жиналуына да кедергі жасайды. Ол бұтақтану фазасынан байқалады. Сонымен, бақылаушы нұсқада бұл фазада 10 шикі өсімдіктің салмағы 2,3 г тең болды, топырақта 0,05% Cl- болған кезде 2,2 г тең болды.
Тұзды топырақта минералды тыңайтқышты қолданған кезде күріш өсімдігінің вегетациялық салмағы артады. Оның жиналуына мочевина жақсы әсер етеді, хлорлы тұздылық кезінде 10 шикі өсімдіктің салмағы 14,5 г құрады. Азотқа қарағанда фосфор күріш өсімдігінің вегетациялық салмағын аздап арттырады. Мочевина мен қос суперфосфатты бірге қолданған кезде өсімдік көп салмақ берді.
Бұтақтану фазасынан трубалану және гүлдену фазасына ауған кезде күріш өсімдігінің вегетациялық салмағы (интенсивті) қарқынды жиналғаны байқалды.
Гүлдену фазасында мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыш енгізген кезде 10 дана күріш өсімдігінің шикі вегетациялық салмағы сәйкесінше 156,5 және 167,7 г құрайды.
Сонымен, топырақтың хлорлы тұздануы күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмағының жиналуына кері әсер етті. Минералды тыңайтқыштар қосқан кезде олардың биіктігі, биосалмағы, әсіресе жанама өсінділердің саны артады. Мочевина қос суперфосфаттан гөрі жақсы әсер береді, ал екеуін бірге қолданғанда әсер оданда жақсы болады.
3.2 Күріштің азотпен, фосформен қоректену диагностикасы және олардың күріш дамуының негізгі фазаларында жапырақтарындағы құрамы
Өсу нәтижесінде күріш өсімдігінің азотпен қоректену диагностикасы үшін құрамындағы аммиакты Церлин лабораториясының көмегімен және нитраттарды Магницкий әдісі бойынша анықтадық. 5-кестеде келтірілген мәліметтер, күріш өсімдігінің өсу нүктесіндегі аммиактың құрамы олардың даму фазасы мен қоректену шарттарына байланысты екендігін көрсетеді. Бұтақтану фазасында аммиактың мөлшері көп болды, ол бақылауда және тұзды фонда өсімдікте 10 мг/кг болған, бұл Церлинг шкаласы бойынша 5 баллға сәйкес келеді. Визуальді бақылауға сәйкес аммиактың көрсетілген мөлшерінде өсімдіктің өсу нүктесінде азоттың жетіспеушілігі байқалады.
Мочевинаны қосқан кезде өсу нүктесінде аммиактың концентрациясы жоғарылаған. Сонымен, азотты және азотты-фосфорлы тыңайтқыштар мен қоректенген өсімдіктің барлығында бұтақтану фазасында аммиактың құрамы 8 баллға сәйкес келген (75 мг/кг сок).
Оның мұндай құрамы хлорлы тұздалған топырақта өсімдіктің қалыпты өсіп дамуына мүмкіндік береді. Бұтақтану фазасынан трубалану және гүлдену фазасына өткенде мочевинамен тыңайған нұсқаларда аммиактың құрамы төмендейді.
6 -кестедегі мәліметтерден, күріш жапырақтарынан жасалған соктағы нитраттардың құрамы күріштің азоттық қорегін сипаттамайтығын көруге болады. Өйткені, ол өте төмен болды және күріштің даму фазасы мен азотпен қамсыздануына тәуелді емес еді.
Күріш жапырақтарынан жасалынған соктағы фосфордың құрамы минералды тыңайтқыштарды енгізу және оны өсіру шарттарына тәуелді. Бұтақтану, трубалану және гүлдену фазасында бақылаушы өсімдіктің жапырақтарындағы минералды фосфордың концентрациясы 80 мг/кг сокқа тең болады (Магницкий бойынша 3 балл). Хлорлы тұздылық оның құрамына әсер етпеген. Мочевинаны қос суперфосфатты бір жақты енгізген кезде күріш жапырағынан жасалған соктағы минералды фосфорды құрамы екі тыңайтқышты бірге қолданғандағыдай артты.
6 және 7 -кестедегі мәліметтерде салыстырғанда, күріштің өсу нүктесіндегі азоттың концентрациясы мен жапырақтағы жалпы азоттың проценттік құрамының арасында тура коррелятивті тәуелділік бар екендігін көруге болады. Мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыштарды қолданған кезде жалпы азоттың құрамы артты. Бұтақтану фазасында бақылаушы өсімдіктің жапырағында ол 2,45% хлорлы тұздалған топырақта – 2,47% тең болады. Мочевинаны хлорлы тұздалған топыраққа енгізген азоттың құрамы 2,75% дейін жоғарлады. 8 -кестеде келтірілген мәліметтерден күріш жапырақтарында ақуыздың азот көп болыа табылады.
Азотқа қарағанда, күріш жапырағындағы минералды (Магницкий бойынша) және жалпы фосфордың құрамдарының арасында корреляциялық тәуелділік байқалады. Бұл күріштің фосформен салыстырмалы түрде жоғары қамсыздануына байланысты. Бұтақтану фазасында бақылаушы өсімдіктердің жапырақтарында 0,98% жалпы фосфор болады, хлорлы тұздалған топырақта ол 0,93%-ға дейін төмендеді. Қос суперфосфат жеке қосылғанда да, мочевинамен бірге қосқанда да жапырақтың құрамындағы фосфордың пайызын 1,08-1,12%-ға жоғарылатты, ол бұтақтану фазасынан трубаның гүлдену фазасына дейін төмендеді. Толық пісу фазасында сабандағы фосфордың құрамы төмен болды.
Сонымен, күріш өсімдігінің азотпен қоректену диагностикасы үшін аммиакты Церлинг лабораториясының көмегімен өсу нүктесінде анықтаған қолайлы. Оның нәтижелері бойынша қажетті жағдайда азотты тыңайтқыштармен қоектендіруге болады.
Күріш жапырақтарынан жасалған шырындағы нитраттың құрамын анықтауға Магницкий әдісімен вегетациялану кезеңінде күріштің азотпен қамсыздану дәрежесін орнату үшін жарамсыз.
Бірақ Магницкий бойынша жапырақтық диагностика күріш өсімдігінің вегетация барысында азотпен қамсыздану дәрежесін жақсы көрсетеді. Тұздалған топырақта жалпы азоттың құрамының аздап жоғарылауы күріш жапырағындағы ақуыздың емес азоттың көбеюіне болып табылады. Мочевинаны және азотты-фосфорлы тыңайтқыштарды енгізгенде азотты заттардың, сонымен қатар ақуыздың үлестері жақсы жоғарылайды. Топырақтың хлорлы тұздануы жалпы күріш жапырақтарындағы және сабандағы фосфордың пайызын аздап азайтады, қос суперфосфат пен азотты-фосфорлы тыңайтқышты ұолданғанда оның құрамын арттырады. Олардағы фосфордың концентрациясы бұтақтану фазасынан гүлденуге дейін азайып отырады.
Кесте -6 Күріш жапырақтарынан жасалған шырындардағы аммиактың, нитратты азоттың және фосфордың топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізуге байланысты құрамы.
Нұсқалар
|
Күріштің даму фазалары
|
Бұтақтану
|
Түтіктену
|
Гүлдену
|
Аммиак
|
Азот нитраты
|
Фосфор
|
Аммиак
|
Азот нитраты
|
Фосфор
|
Аммаик
|
Азот нитрты
|
Фосфор
|
Бақылау (тұздалмаған топырақ)
0,05 % Cl- топырақ
0,05 % Cl- +N топырақ
0,05 % Cl- + Р топырақ
5. 0,05 % Cl - + NP топырақ
|
5/10
5/10
8,75
5/10
8/75
|
1/100
1/100
1/100
1/100
1/100
|
3/80
3/80
3/80
4/160
4/160
|
5/10
5/10
6/25
5/10
6/25
|
1/100
1/100
1/100
1/100
1/100
|
3/80
3/80
4/160
4/160
4/160
|
5/10
5/10
6/25
5/10
6/25
|
1/100
1/100
1/100
1/100
1/100
|
3/80
3/80
4/160
4/160
4/160
|
Кесте – 7 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізудің күріш жапырағындағы және сабанындағы азот мөлшеріне әсері.
Нұсқалар
|
Күріштің даму фазалары
|
Бұтақтану
|
Түтіктену
|
Гүлдену
|
Толық пісу
|
жалпы
|
ақуызды
|
Ақуызды емес
|
жалпы
|
ақуызды
|
Ақуызды емес
|
жалпы
|
ақуызды
|
Ақуызды емес
|
Жалпы (сабанда)
|
1.Бақылаушы (тұздалмаған топырақ)
2.0,05 % Cl- топырақ
3.0,05 % Cl- +N топырақ
4.0,05 % Cl- + Р топырақ
5. 0,05 % Cl - + NP топырақ
|
2,45
2,47
2,75
2,41
2,72
|
2,09
2,05
2,22
2,03
2,33
|
0,36
0,42
0,53
0,38
0,39
|
2,00
1,97
2,30
1,95
2,35
|
1,70
1,63
1,89
1,66
1,95
|
0,30
0,34
0,41
0,29
0,40
|
1,65
0,70
1,85
1,61
1,84
|
1,38
1,35
1,39
1,35
1,40
|
0,27
0,35
0,46
0,26
0,44
|
1,38
1,47
1,78
1,44
1,70
|
Кесте – 8 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізудің күріш жапырағындағы және сабанындағы фосфор мөлшеріне әсері.
-
Нұсқалар
|
Күріштің даму фазалары
|
Бұтақтану
|
Түтіктену
|
Гүлдену
|
Толық пісу
|
1.Бақылаушы (тұздалмаған топырақ)
2.0,05 % Cl- топырақ
3.0,05 % Cl- +N топырақ
4.0,05 % Cl- + Р топырақ
5. 0,05 % Cl -+ NP топырақ
|
0,98
0,93
0,93
1,08
1,12
|
0,88
0,82
0,81
0,99
0,90
|
0,75
0,72
0,69
0,81
0,77
|
0,42
0,33
0,35
0,50
0,45
|
3.3 Күріш өнімі мен оның құрылысына топырақ тұздылығының,
азотты және фосфорлы тыңайтқыштың әсері.
Тұздану мен минералды тыңайтқыштардың әсері күріш өнімінің құрылымында анық көрінеді, оны 9 -кестеде келтірілген мәліметтерден көруге болады. Құрамында 0,05% CI бар топырақтағы өсімдік оның ең төменгі көрсеткіштерімен сипатталады. Бақылаушы өсімдіктерге қарағанда олар сіпсебасының ұзындығы, дәнділігіне және 1000 дәннің салмағы жөнінен артта қалады. Егер бақылаушы нұсқада сіпсебастың ұзындығы 12,5 см, дәлдігі 62 дана дән және 1000 дәннің салмағы 28,4 г болса хлорлы фонда олар сәйкесінше 11,8 см, 54 дана және 27,8 г тең болды. Оған қоса хлор бос дәнділіктің санын арттырады. Бақылаушы нұсқада ол 23%, ал хлорлы фонда - 28% құрады.
Хлорлы тұздалған жапыраққа азотты және фосфорлы тыңайтқышты енгізгенде күріш өнімі құрылымының барлық көрсеткіштерін жоғарлатты. Азотты тыңайтқышты бір жақты қолданғанда басты сіпсебастың ұзындығын 14,5 см-ге дейін ұзартты, бұл кездегі ондағы дәннің саны 76 дананы құрады. Қос суперфосфаттың әсері мочевинаға қарағанда әлсіздеу, ал екеуін бірге қолданғанда олар үлкен мәнге ие болады.
Тұздалған топырақтарда бос дәнділікті төмендетуге минералды тыңайтқыштардың алатын орны зор. Мочевина мен суперфосфаттың біреуін қолданғанда ол 12 және 18%-ға дейін, ал бірге қолданғанда 11% дейін төмендеді.
Күріш өсімдіктерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – шоқтүптілігі, ол оның өніп-өсу шарттарымен тығыз байланысты. Топырақ кедей болған жағдайда өсімдіктерде жанама өркендер өспеді. Мочевинаны қосқаннан жанама өркендердің саны артты. Хлорлы тұздалған топырақта бір өсімдікке 3,5 дана жанама өркендер келеді, оның 2,5 данасы өнімді болады. Фосфорлы тыңайтқыштар күріш өсімдігінде жанама өркендерді өсірмеді. Бірақ, оның мочевинамен біршге қосқан кезде жанама өркендердің, әсіресе, өнімділердің саны артқандығы байқалды.
Тұзды топырақ жағдайында күріш өсімдігінің өнімділігі негізгі сіпсебастағы дәндердің салмағының азаюымен кеміп отырды (8-кесте). 0,05 CI- 0,91 бар топырақта өсірілген өсімдікте өнім аз болды. Мочевинаны қосқан кезде негізгі сіпсебастағы дәндердің салмақтарының артуымен қатар жанама өркендердің салмағы да артты. Хлорлы тұздылықтағы топырақта мочевинаның өзін қосу нұсқасында басты және жанама сіпсебастардың салмағы сәйкесінше 1,57 және 3,04 г/өсімдікті құрады. Фосфор басты сіпсебастағы дәннің салмағын арттыруға аз үлес қосты.
Мочевина мен қос суперфосфатты бірге қосқанда дәннің салмағы артты. Тұзды топырақта толық құнды дән алуда минералды тыңайтқыштардың маңызы зор. Олар 1000 дәннің салмағын арттырады. Минералды тыңайтқыштарды бірге қолдану нұсқасында салмағы көбірек болды – 30,3 г.
10 -кестеде келтірілген мәліметтерден, күріш дәндерінің өнімділігі топырақтың тұздылығы мен минералды тыңайтқыштарды қолдануға байланысты екендігін көруге болады. Бақылаушы нұсақад 10,7 г/ыдыс алынды. Хлорлы тұздылық жағдайында, ол 8,2 г/ыдысқа дейін төмендеді (23%). Топырақтың тұздылығы жоғары болғанда, күрішке себілген минералды тыңайтқыштардың тиімділігі жоғары екендігі анықталды. Мочевинаны тұздалған топыраққа қосқанда күріш өнімін бірден жоғарылатты – 41,5 г/ыдыс немесе бақылауға қатысты 28,8%. Фосфорлы тыңайтқыштардың тиімділігі азотты тыңайтқыштарға қарағанда төмендеу. Ол бақылаушы өсімдіктің өнімін 22% дейін жоғарлатты. Азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды бірге қолданған кезде тиімділігі артты. Бұл кезде бақылаушы және тұзды топырақтағы күріш дәндерінің өнімділігі сәйкесінше 344 және 478% өсті.
Кесте -9 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізудің күріш өнімінің құрылымына әсері.
Нұсқалар
|
Басты сабақтың ұзындығы
|
Басты сағақтағы дәннің саны
|
Бос дәнділік
|
Жанама өркендердің саны, дана
|
Дәннің салмағы, г
|
өнімді
|
өнімсіз
|
Басты сағақ
|
Жанама сағақ
|
1-ші өсімдік
|
1000 дана
|
1.Бақылаушы (тұздалмаған топырақ)
2.0,05 % Cl- топырақ
3.0,05 % Cl- +N топырақ
4.0,05 % Cl- + Р топырақ
5. 0,05 % Cl - + NP топырақ
|
12,5
11,8
14,5
12,5
15,8
|
62
54
76
62
79
|
23
28
12
18
11
|
-
-
2,5
-
3,0
|
-
-
1,0
-
1,0
|
1,19
0,91
1,57
1,44
1,82
|
-
-
3,0
-
3,45
|
1,19
0,91
4,61
1,44
5,27
|
28,4
27,8
30,1
28,9
30,3
|
Кесте – 10 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізуге байланысты дәнінің өнімділігі
Нұсқалар
|
өнім, г/ыдыс
|
Бақылаудағы қосымша және төмендеу
|
Фонға өнімнің қосылуы
|
г/ыдыс
|
%
|
г/ыдыс
|
%
|
1.Бақылаушы (тұздалмаған топырақ)
2.0,05 % Cl- топырақ
3.0,05 % Cl- +N топырақ
4.0,05 % Cl- + Р топырақ
5. 0,05 % Cl - + NP топырақ
|
10,7
8,2
41,5
13,0
47,4
|
-
-2,5
30,8
2,3
36,7
|
-
-23
288
22
343
|
-
-
33,3
4,8
39,2
|
-
-
406
59
478
|
Достарыңызбен бөлісу: |