Қалау құрылымдарын, таңдау құрылғыларын, алғашқы түрлендіргіштерді таңдау және монтаждау
Температураны кедергі термотүрлендіргіштерімен өлшеу металдар мен жартылайөткізгіштердің қасиеттерін температураны өзгерте отырып, өзінің электр кедергісін өзгертуге негізделген. Егер кедергі термотүрлендіргішінің электр кедергісі Rt мен оның t температурасы [яғни Rt=f(t) – градустелген сипаттамасы] арасындағы тәуелділік белгілі болса, онда Rt-ні өлшей отырып, жүктелген ортаның температурасының мәнін анықтауға болады.
Термотүрлендіргіштер –260-тан +1100 0С-ға дейінгі аралықтағы температураны сенімді түрде өлшеуге мүмкіндік береді. Кедергі термотүлендіргішінің металды өткізгіштерге бір қатар талаптар қойылады, олардың негізгісі болып градустелген сипаттаманың тұрақтығы, сонымен қатар кедергі термотүрлендіргіштерін жасап шығаруды өзара алмастырылуын қамтамасыз ететін оның өнімділігі жатады. Негізгі емес қатарына, бірақ талаптарды қанағаттандыратындарға Rt=f(t) функциясының сызықтығы, электр кедергісінің температуралық коэффициентінің мүмкіндігінше жоғарғы мәні, үлкен салмақты кедергі мен материалдың жоғары емес құны жатады.
Зерттеушілермен металл таза болған сайын, ол көрсетілген негізгі талаптарға сонша үлкен дәлдікте жауап береді және R100/R0 қатынасы мен (мұндағы R0 менR100 – 0 мен 100 0С-қа сәйкес металдың электр кедергілері) мәндері сонша үлкен болатыны айтылған. Сондықтан да металдың тазалық дәрежесін, сонымен қатар онда механикалық кернеулердің бар болуын R100/R0 мен мәндерімен сипаттау қабылданған. Металдың механикалық кернеуін оны күйдіру жолымен алу кезінде көрсетілген сипаттамалар берілген металл үшін өздерінің шекті мәндеріне жетеді.
Манометрлік термометрлердің жұмыс істеу қағидасы температура өзгерген кезде көлемі тұрақты болатын сыйымдылықтағы (ыдыс) жұмыс затының қысымның өзгеруіне негізділген.
Манометрлік термометрлермен температураны мына аралықта өлшейді: -120+600С. Түтікшелі серіппесі бар манометрлік термометр: 1 – термобаллон; –капиллярлы түтікше; 3 – түтікшелі серіппе; 4 – ұстағыш; 5 – жетектеме; 6 – сектор.
Жұмыс затына байланысты манометрлік термометрлердің үш түрі болады:
газды, аспаптың барлық жүйесі газбен толтырылады. Жұмыс заты ретінде азот, гелий, аргон қолданылады.
сұйықты, аспаптың барлық жүйесі сұйықтықпен толтырылады. Жұмыс заты ретінде полиметилсилоксан сұйықтықтары (сынап - -300С-тан 6000С-қа дейін, ксилол - -400С-тан 2000С-қа дейін) қолданылады.
конденсатты, мұнда термобаллонның бір бөлігі ғана төменгі температурада қайнайтын сұйықтықпен, ал қалған кеңістігі осы сұйықтықтың қаныққан буымен толтырылады. Терможүйе ацетонмен, метил хлоридімен, пропиленмен, фреонмен толтырылады.
Барлық түрдегі манометрлік термометрлердің құрылыстары бірдей. Олар көрсеткіш, өздігінен жазатын және жанаспалы болып бөлінеді. Барлық түрдегі манометрлік термометрлердің негізгі қателігі қалыпты жағдайдағы шкаланың максималды мәнінен құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |