Дипломдық жұмыстардың үлгі тақырыптары және оларды жасауға арналған әдістемелік нұсқаулар 050905 Єлеуметтік



жүктеу 272,71 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі272,71 Kb.
#6389
түріДиплом




Методические указания




Форма ФСО ПГУ 7.18.2/07


Бекітемін ФЖжӨ деканы

___________ Ж.Т. Сарбалаев

200 __ ж. «___» _______
Ќ±растырушылар : Булекбаева С.Е., Ксембаева С. К.
Психология жєне педагогика кафедрасы

Дипломдық жұмыстардың үлгі тақырыптары және

оларды жасауға арналған әдістемелік нұсқаулар

050905 Єлеуметтік ж±мыс мамандыѓы

Кафедра мәжілісінде ұсынылды ж. Хаттама №

Кафедра меңгерушісі _____________ Кертаева К.М

Филология , журналистика және өнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды “ ж. Хаттама №



ОӘК Төрайымы ____________ Е.Н. Жуманкулова


форма

Методические

указания ФСО ПГУ 7.18.2/05
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститеті
Психология және педагогика кафедрасы

Дипломдық жұмыстардың үлгі тақырыптары және

оларды жасауға арналған әдістемелік нұсқаулар

050905 Әлеуметтік жұмыс

Павлодар


Кіріспе


  1. Дипломдық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар

Дипломдық жұмыс университеттегі оқу процессінің қорытынды кезеңі және мамандандыру пәндерімен бірге түлектердің біліктілігін анықтайды.

Дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарын жетістікпен орындаған студенттер жіберіледі.

Дипломдық жұмыстарды студенттер жоғары деңгейдегі ғылыми және педагогикалық білікті оқытушылардың жетекшілігімен кафедрада орындайды.

Түлектердің біліктілік жұмысы – ол материалдарды өз бетімен ғылыми мазмұндау; сонымен қатар, проблеманы теориялық айқындау мен практиканы талдауды бірге жүргізе алуларын көрсету

Түлектердің біліктілік жұмысының мақсаты:

1. Мамандық бойынша.теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту, кеңейту, тереңдету және ол білімдерін ғылыми және практикалық мәселелерді шешу кезінде пайдалана алу.

2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өздігінен орындау дағдыларын дамыту, практикалық мәселелерді шешу кезінде эксперименттік әдістерді игеру.

3. Студенттерің мекемелерде, ұйымдарда, кеңес беру орындарында жұмыс жасауға дайындығын анықтау.




  1. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары

Дипломдық жұмыстардың тақырыптары өзекті, практика мен ғылымның барлық талаптарын ескеретін болуы керек. Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын кафедрада анықтайды. Студенттер дипломдық жұмыстың тақырыбын өздері таңдап алады, өздерінің тақырыптарын ұсынуға да болады, бірақ ол тақырыпты зерттеудің қажеттігін негіздеу керек.

Тақырып таңдау кезінде студент оқытушылардан немесе кафедра меңгерушісінен кеңес ала алады. Тақырыпты таңдап алғаннан кейін студент кафедра меңгеушісінің атына сол тақырыпты бекіту туралы өтініш жазады. (Қосымша А).

Кафедра отырысында дипломдық жұмыстардың тақырыптары мен студенттердің ғылыми жетекшілері бекітіледі. Ол кезде студенттердің тілектері ескеріледі, әсіресе, егер олар белгілі оқытушының жетекшілігімен бұрын зерттеу жұмыстарын жүргізген болса.

Бекітілген тақырыптар мен ғылыми жетекшілері көрсетілген, кафедра меңгерушісінің қолы қойылған студенттер тізімі факультет деканатына және факультеттің Әдістемелік кеңесіне жіберіледі.




  1. Кафедрада дипломдық жұмысты дайындау барысын бақылау.

Тақырыбын бекіткеннен кейін студент диломдық жұмысының жоспарын, ретін, дайындау мерзімін ғылыми жетекшісімен келіседі.

Дипломдық жұмыстың жетекшісі:

1. Студент ұсынған дипломдық жұмыстың жұмыс жоспарын бағалайды және түзетулер енгізеді, жұмысты бөлімдерге, параграфтарға бөлуге көмектеседі, жұмыс көлемін, алғашқы түрде тексеру мерзімін анықтайды.
2. Студенттің ғылыми әдебиеттерді, әдістемелік аппараттарды таңдау негіздерін тексереді, олардың ең қажеттілерін анықтауға көмектеседі, студенттерді толық библиография жасауға, ғылыми зерттеу жұмыстарын, практиканы жүргізуге және т.б. бағыттайды.

3. Кеңес беру күндері, қажет болған жағдайда одан да жиірек жұмыс барысы, кездескен қиыншылықтар туралы студенттермен әңгімелеседі.

Кафедрада ғылыми жетекші студенттің дипломдық жұмысын орындау барысын тыңдауына болады. Осы жағдайлы қажет болған уақытта студент кафедра отырысына немесе кафедра меңгерушісіне әңгімеге шақырылады.


  1. Дипломдық жұмысты дайындау

Дипломдық жұмысты жазу студент орындау керек:

  • Берілген проблема бойынша белгілі әдебиеттерді, олардың теориялық

және практикалық аспектілерін жан-жақты оқып білу;

  • Тақырып бойынша ғылым психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді

талдау;

- Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, практикады жүзеге асуын ескере отырып, зерттеу нәтижесін жалпыламалау;

- Осы проблемаға сәйкес өзінің жеке пікірін, ғылыми позицияларын, өз көзқарасын құрастыру;

- Зерттелген проблема бойынша жеке тұлғаға, ұжымға өзінің ұсыныстарын және нұсқауларын құрастыру.




  1. Дипломдық жұмыстың құрылымы және мазмұны

Дипломдық жұмыстың құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:

- титульды бет;

- тапсырма;

- аннотация (үш тілде: мемлекеттік, орысша, ағылшынша)

- мазмұны;

- белгі шарттарының, символдардың, өлшемдердің, терминдердің тізімі;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар (қажет болған жағдайда);

Титульдық бетте:

ВУЗ реквизиттері, факультеттің және кафедраның атауы, дайындық бағыты, дипломдық жұмыстардың тақырыптарының аттары, жұмыс авторының аты-жөні, курсы, оқу формасы, ғылыми жетекшісінің лауазымы, ғыыми дәрежесі, аты-жөні, «қорғау күні», «бағасы» графалары, қорғау орны және жылы (қосымша Б).

Дипломдық жұмыстың мазмұны кіріспеден бастап жұмыстың бөлімдерінен, қосымшалардан турады, әр бөлімнің басталған бетін көрсету керек.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, оның практикада және педагогика мен психология ғылымындағы маңызы, осыған байланысты тақырыпты таңдау себептері; тақырыптың әдебиеттердегі басылым деңгейлері, негізгі ғалым-зерттеушілердің аты-жөні; студенттің алдына қойған мақсаты мен міндеттері көрсетіледі..

Негізгі текст параграфтарға бөлінген бірнеше бөлімдерден тұрады. Оларда тақырыптың мәселелері көрсетіледі. Бөлімдер мен параграфтардың көлемдері бірдей болғаны дұрыс.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесі көрсетіледі, жалпылама түрде түйіні мен ұсыныстар беріледі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі текстіде келтірілуіне байланысты алфавит ретінде құрастырылады (қосымша В).

Қосымшада автор дайындаған кестелер, графиктер, схемалар жән басқа материалдар орналастырылады.

Дипломдық жұмысты жазу – студенттің жүйелі, қомақты түрде, жоспарға сәйкес тақырып бойынша ғылыми концепцияларды, зерттеу практикасын талдай отыра, негізгі мәліметтерді мазмұндауы, ол студенттің проблеманы түсіуін және бағалауын, оларды шешу үшін жасаған ұсыныстарын көрсетуі.


6. Дипломдық жұмыстың көлемі. Құрастырылуы. Қорғау реті.

Дипломдық жұмыстың көлемі 1,0 интервал арқылы басылған, 70 беттен кем емес, компьютермен терілген текст болуы керек.

Жұмыс А-4 қағазында басылады. Беттердің параметрі: жоғарғы жол -1,5 см, төменгі жол -1,5 см, оң жақ – 1,0 см, сол жақ -2,5 см.

Студент текстіні толық, жан-жақты тексеруі керек, себебі жіберілген қателіктер үшін өзі жауапты. Көп қателері бар жұмыс қорғауға жіберілмейді.

Дипломдық жұмыста беттерді жалпы номерлеу қолданылады. Бірінші бет – титульді бет, екінші – жұмыстың атауы, кіріспе, әрбір бөлім жеке, қорытынды, библиография, қосымшалар жаңа беттерден басталады. Текстіде бөлімдердің, параграфтардың атауы толық жазылады. Бөлімдердің атаулары үлкен әріптермен (литерлермен) жазылады. Студенттің қолы библиографияның немесе қосымшаның соңғы бетіне қойылады.

Дипломдық жұмыс арнайы папкаға салынады немесе түптеледі. Дайын түрінде кафедраға беріледі. Жұмысқа қойылатын талаптар орындалмаған кезде, ғылыми жетекші жұмысты студентке қайтарады, аяқталмаған жұмыстың бағытын көрсетеді. Егер, ғылыми жетекші дипломдық жұмыс қорғауға жіберіледі деген түйінге келсе, онда жазбаша түрде жұмысқа пікір дайындайды.

Студент, пікірден басқа, жұмысқа рецензия алуы керек. Осы кафедраның оқытушылары, университеттің басқа кафедраларының немесе басқа ЖОО-ның оқытушылары, жеткілікті біліктілік деңгейі бар осы саладағы практикалық қызметкерлер рецензент бола алады.

Пікір мен рецензияда жұмыстың жетістіктерімен қатар, оның кемшіліктері де көрсетіледі, жұмыс деңгейі туралы жалпы қорытынды жасалады, нақты баға қойылуы мүмкін.

Пікір мен рецензия алынғаннан кейін жұмысқа өзгертулер енгізілмейді.

Дипломдық жұмысты қорғау кестеге сәйкес емтихандық комиссияның отырысында ашық түрде жүргізіледі.



Қорғау реті:

- жұмыстың негізгі мазмұны, өзінің түйіндеуі және ұсыныстары туралы қысқаша (7-10 мин) баяндама.

- емтихандық комиссия мүшелерінің, басқа қорғауға қатысып отырғандардың студентке сұрақтары және сұрақтарға жауаптар.

- рецензенттің сөзі немесе оның рецензиясын тыңдау.

- сұрақтың мәні бойынша басқа адамдардың пікірлерін тыңдау.

- студенттің қорытынды сөзі, ол пікір мен рецензияда айтылған сыңдарға өзінің көзқарасын баяндайды.



Бағалаудың критериялары:

- оның ғылыми деңгейі, тақырыптың сұрақтарын көрсете алу деңгейі, практикалық, кәсібилік іс-әрекеттердегі маңызы;

-психологиялық-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді, практика материалдарын қолданулары;

- тақырыпты зерттеуге шығармашылық икемі;

- ғылымилығы, негізділігі, қорытындыларының дұрыстығы;

- мазмұндау стилі;

- безендіру тиянақтылығы;

- жұмыс мазмұнында және қорғау барысында көрсеткен кәсібилік дайындығының деңгейі.



Дипломдық жұмыстардың тақырыптары:

1 блок

  1. ХХ ғасырдың ортасындағы әлеуметтік жұмыстың даму ерекшеліктері

  2. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтілік парадигмалары

  3. Әлеуметтік жұмыс практикасындағы әлеуметтік-педагогикалық теориялар

  4. Кәсібилік әлеуметтік жұмыстың тарихи аспектілері

2 блок

  1. Бейімделмеген жеке тұлға әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде

  2. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік қауіпсіздігі

  3. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың моделі

  4. Қазақстан Республикасындағы жастардың әлеуметтік саясатының дамуы

  5. Болашақ әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби-этикалық нормасының қалыптасуы

  6. Павлодар аймағындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі түрлері

  7. Әлеуметтік қызметкерлердің деонтологиялық дайындығының қалыптасуы

3 блок

  1. Егде жастағы адамдар мен мүгедекткрге әлеуметтік көмек көрсетудің ерекшеліктері

  2. Көпбалалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету

  3. Еріксіз қоныс аударушылармен жұмыстың түрлері мен әдістері

  4. Жұмысқа қабілетті адамдардың арасындағы жұмыссыздық проблемаларын шешу.

  5. Жұмыссыздарға әлеуметтік-психологиялық көмек

  6. Мүмкіншіліктері шектеулі балалардың әлеуметтік-педагогикалық мәселелер кешені

  7. Мүгедек-балалардың әлеуметтенуінің психолого-педагогикалық ерекшеліктері

  8. Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету

  9. Жетім балаларға әлеуметтік көмектің мәні мен мазмұны

4 блок



  1. Қаңғырушылықтың әлеуметтік-экономикалық факторлары

  2. Орнықты тұратын жері жоқ адамдарға көмек көрсетудің мемлекеттік шаралар жүйесі

  3. Пенитенциарлық мекемелердегі әлеуметтік көмектің мазмұны

  4. Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету ұйымдары

  5. Мүмкіншіліктері шектеулі адамдарды әлеуметтік және тұрмыстық оңалту

  6. Жастардың әлеуметтік емес мінез-құлықтарының алдын алу

  7. Тұратын жеріне байланысты білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің іс-әрекеттерінің түрлері

5 блок

  1. Жыныстық қатынасқа мәжбүрлікті бастан кешірген әйелдерге әлеуметтік көмек

  2. Зорлықтың әртүрін көрген әйелдерді оңалту

  3. Әскери қызметкерлердің және олардың отбасыларының әлеуметтік-психологиялық проблемалары

  4. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстың әлеуметтік педагогикалық әдістері

  5. Суицид қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік проблемасы ретінде

  6. Жастар арасындағы суицид фактысының алдын алу бойынша әлеуметтік-психологиялық жұмыс

  7. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік зейнеткерлік саясаттың перспективасы


Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:


  1. Агафонов А.Н. Социальная работа: введение в специальность – Караганды, 2004.

  2. Бербешкина З.А. Этика социального работника // Теория и практика социальной работы: проблема, прогнозы, технологии – М. 2002.

  3. Агафонов А.Н., Менлибаев К.К. Социальная работа с мо­лодежью: Учебное пособие. -Караганда, 2003.

  4. Кожамкулова Л.Г. Социальная работа города: принципы и направления. - Алматы, 2003.

  5. Кертаева Ғ.М. Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. Алматы,2002

  6. Кертаева Г.М., Боталова О.Б. Организация психолого-педагогических исследований. Павлодар, 2008

  7. Козлов А.А., Иванова Г.Б. Практикум социального ра­ботника. - М., 2001.

  8. Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. -М., 2003.

  9. Пфейфер Н.Э., Бурдина Е.И. Развитие просвещения в Павлодарском Прииртышье. Алматы,2004

  10. Социальная работа. /Под ред. В.И.Курбатова. -М., 1999.

  11. Социальная работа: теория и практика. / Под ред. Е.И. Холостовой, А.С. Сорвиной. -М., 2001.

  12. Технология социальной работы. / Под ред. И.Г.Зайнышева. -М., 2000.

  13. Технологии социальной работы: Учебник. / Под ред. Е.И. Холостовой. -М., 2001.

  14. Территориальные социальные службы: теория и практи­ка функционирования.-М., 1995.

  15. Технологии социальной работы в различных сферах жизнедеятельности /Под общей ред. профессора П.Д. Пав ленка. - Учебное пособие. - М., 2004.

  16. Технологии социальной работы / Под ред. Чернецкой А. А. Учебник. - Р/н/Д., 2006.

  17. Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной рабо­ты.-М, 2001.

  18. Холостова Е.И. Социальная работа с пожилыми людь­ми.-М.,2002.

  19. Холостова Е.И., Дементьева Н.Ф. Социальная реабили­тация. -М., 2002.

  20. Холостова Е.М. Социальная работа. -М., 2004.

  21. Костина Е.Ю. История социальной работы. Владивосток, 2003

  22. Лозовская Е.Г. Новак Е.С., Краснова В.Г. История социальной работы в России. Волгоград, 2001

  23. Карякина О.И., Корякина Т.Н. Основы реабилитации инвалидов. Волгоград, 1999

  24. Краснова В.Г. Педагогические аспекты в социальной работе. Волгоград, 2004



Қосымша әдебиеттер:

  1. Авдеев В. Психотехнология решения проблемных ситуа­ций.-М., 1994.

  2. Гуслякова Л.Г., Кувшинникова В.А., Синцова Л.К. Сбор­ник задач и упражнений по социальной работе. - М., 1994.

  3. З.Баймагамбетов С.З. Современная социально-культурная политика Республики Казахстан, разработка, реализация, проблемы. -Астана, 2001.

  4. Леонова А.Б., Кузнецова А.С. Психопрофилактика стресса. -М., 1993.

  5. Фирсов М.В., Шапиро Б.Ю. Психология социальной ра­боты. Содержание и методы психосоциальной практики -М.,2002.

  6. Соловьев В.С. Оправдание добра//Соловьев В.С. Соч.: В 2 т.

  7. Энциклопедия профессионального образования. В трех томах/Научн.ред. С.Я. Батышев. – Т.1.

  8. Кузнецова М.В. «Молодая семья и ее социальная защита в современном обществе. Социальная работа с семьей» М.: 1995

  9. Альперович В.Д. Геронтология. Старость. Социокультурный портрет. Учебное пособие. – М., 1998.

  10. Грачев Л.К. Программа работы с семьями, имеющими детей-инвалидов. – М., 1992.

Интернеттегі ақпарат көздері:

  1. htt: //rbip.bookchamber.ru

  2. htt://www.hrm.re/db/b2

  3. htt://www.auditoriumru/books

  4. htt://www.libcsu.ru/news

  5. htt://www.psycheya.ru/lib/met_us.1/html

  6. htt://netoteka/ru/cgi-bin/teka.pl/event/content_id

жүктеу 272,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау